Материалдар / Ана тілі- жүрек үні.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана тілі- жүрек үні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тәжірибе алмасу үшін қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
432
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары



Мектеп: №11 жалпы білім беру орта мектебі.

Мерзімі: 06.04.2018 ж

Мұғалiмі: Избасар Қ. А

Сынып: 8 «А» Оқушылар саны: 28 № 31 Тақырып: Ана тілі- жүрек үні.

Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, әдептілік.


Мақсаты: Оқушыларға ананың өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орнының маңыздылығын ұғындырып және ана тіліміздің қоғамдығы рөлін түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға әлемдігі барлық жақсылық пен игі істердің ен асыл сезімдердің барлығы ана махаббатынан тараитығын түсіндіру;

Дамытушылық: Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір — құрмет сезімдерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(Белсендіргіш тақта, жүрекше стикерлер, топқа бөлуге арналған көрнекіліктер, аудиожазба, бейнежазба, кітап, дәптер, қаламдар, түрлі түсті қағаздар)


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, өзін-өзі тану сабағының «5-Т» ережесін қайталау. Топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.)

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз.

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге, барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзді ашуға болады. Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.

  • Тыныштық сәтінен алған әсеріміз қандай?

  • Қандай сезімде болдық?

2. Үй тапсырмасын тексеру

  • Ұлағатты сөздер жазып, мағынасын түсіндіру.


7 мин

3. Дәйексөз.


Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
(Н. Назарбаев)

      • Ұлдарға хормен оқыту

      • Қыздарға хормен оқыту

      • Хормен оқимыз

      • Дәптерлеріңе жазып алыңдар

      • Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер

      • Оқушылардың жауабы негізінде қорытынды жасау

Адамның бойына ана сүтімен бірге сіңген, мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ұлы дәстүр – анаға деген махаббат. Осы белгілі жәйді қайта – қайта айтудан, жастардың құлағына құя беруден жалықпаймыз. Үлкендердің жағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзіне кейінгілерге табыс етуін арман етеміз.


4 мин

4. Әңгімелеу.

«Ананың тосыннан қойған сұрағы» әңгіме.

Бірде анасы ұлдарына былай депті:

Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер?

Осы сұрақ жөнінде әр топ ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.

Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.

Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.

Ал кенже баласы былай депті:

Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.

Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.

  • Анасы неліктен балаларына тосыннан сұрақ қойды?

  • Балаларының бойынан қандай қасиеттерді көре алдыңдар?

  • Өз өмірімізде Анамызды немесе отбасы мүшелерімізді ренжітіп қойған сәттеріміз болды ма?

Бейнебаян «Ана махаббаты»

12 мин

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

1-топ. Ана тілінің құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер? Қазіргі кездегі Ана тіліміздің рөлі қандай? Постер қорғау.

2-топ. Ана тілі жүрек үні тақырыбына өлең шығару.

3-топ. Жағдаяттарды талдау.

4-топ. Ана тілі жүрек үні тақырыбына сәйкес мақал-мәтел, ұлағатты сөздер жазып, мағынасын түсіндіріп беру.

10 мин

6. Топпен ән айту

Ана - Аке

Жанашырым - ана, дара шыңым- ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың- әке, шырағымсың.


Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.


Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке


Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.


Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.


Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке


Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.


Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке




3 мин

8. Үй тапсырмасы.

Ана өмір тірегі. (Ж. Дәулетбек)

2 мин

9. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

- Балалар, Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар

Рисунок 10

2 мин



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!