Ана тілі – жүрек үні 4-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана тілі – жүрек үні 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – Ұлы» деп Шыңғыс Айтматов айтқан екен... Сондықтан бүгінгі іс - шарамызды ана тіліне және жалпы тілдер онкүндігіне арнаймыз. 1 - топтың тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс Өз ана тіліміздің құдіреті жайында өлең шығару және сурет салу. 2 - топтың тапсырмасы: Интервью Сұрақтарын оқушылар өздерін дайындап, пән мұғалімдерінен, жоғары сынып оқушыларынан және келген қонақтардан сұхбат алады. 3 - топтың тапсырмасы: Жоба «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (бала тәрбиесінде ана тілін құрметтеу, оны сүе білу және дәріптеу үшін қандай тиімді жұмыс түрлерін жүргізуге болады) Топтар ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды. Рефлексия
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ана тілі – жүрек үні
Мақсаты: Тілдің адамдар арасындағы қарым - қатынастағы, әлеуметтік орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- ана тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ролін түсіндіру;
- оқушылардың жүрегіндегі ана тіліне деген мақтанышы, құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- ана тілін қастерлеп, құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу

Ө. Айтбаев «Ана тілі»
Ана тілі, ана сүтім, арым менің,
Сәулетім, сая бағым, сәнім менің.
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таным менің.

Өзге елмен сен арқылы теңесемін,
Кемеңгер, даналармен кеңесемін.
Ән айтып, өз тілімде сөз сөйлесем,
Шабыттың айдарынан жел еседі, - демекші бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – Ана тілі – жүрек үні (мұғалім оқып бастағанда, баяу әуен қосылады)
І. Қызығушылығын ояту (ассоциация)
«Ана тілі» сөз тіркесіне өз ассоциацияларыңды ортаға салайық, балалар.
Әңгімелесу
1. Неліктен әр халықтың туған тілі «Ана тілі» деп аталады?
2. Жаңа ғасырда ана тіліне қандай талап қойылып отыр?
3. Көптілділік туралы не айтар едіңдер?

ІІ. Мағынаны ажырату
«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – Ұлы» деп Шыңғыс Айтматов айтқан екен... Сондықтан бүгінгі іс - шарамызды ана тіліне және жалпы тілдер онкүндігіне арнаймыз.

1 - топтың тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс
Өз ана тіліміздің құдіреті жайында өлең шығару және сурет салу.
2 - топтың тапсырмасы: Интервью
Сұрақтарын оқушылар өздерін дайындап, пән мұғалімдерінен, жоғары сынып оқушыларынан және келген қонақтардан сұхбат алады.
3 - топтың тапсырмасы: Жоба
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (бала тәрбиесінде ана тілін құрметтеу, оны сүе білу және дәріптеу үшін қандай тиімді жұмыс түрлерін жүргізуге болады)
Топтар ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды. Рефлексия

Мақал - мәтелдер сайысы
Алдарыңызда мақал - мәтелдер берілген, сол мақал - мәтелдерде түсіп қалған сөзді тауып, оны үш тілде айту керек.
1. Ананың сүті бой өсіреді, ананың тілі ой өсіреді.(тіл, язык, language)
2. Өнер алды - қызыл тіл.(қызыл, красный, red)
3. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. (бас, голова)
4. Піл көтермегенді, тіл көтереді.(піл, слон,)
5. Тіл - өмір тірегі. (тірегі, опора,)
6. Ағаш көркі – жапырақ, Адам көркі – шүберек (ағаш, дерево,)
7. Кітап – алтын қазына (кітап, книга, book)
8. Тәтті өмірдің сұрауы қатты (қатты)
9. Дос бергенінің түсіне қарамас (түс, цвет, color)
10. Батар күннің, атар таңы бар (таң, заря)

ІІІ. Ой - толғаныс
Эссе жазу (Әрбір топ мүшелеріне «Ана тілі – жүрек үні» тақырыбына эссе жазу тапсырылады. Содан кейін әрбір топтан бір адамнан шығып, эссені оқиды).
«Галерея саяхат» стратегиясы

Қорытынды
Оқушылар ортаға шығып, Ш. Смаханұлының сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің «Анамның тілі – аяулы үні» атты әнін орындайды.
Өмірге келдім,
Анамды көрдім.
Деді ол: «Жаным»,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай,
Бал тілін, әнін

Қайырмасы:
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – Ай, Күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім.
Тыңдадым сөзін,
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі – аяулы үні.
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Қайырмасы:

Көңілге көрік,
Өмірге серік.
Әсем ән - жыр,
Қайрат, қуатым.
Сөйлесем мыңға,
Өрлесем шыңға,
Анамның тілі –
Асыл мұратым.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі