Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

АНА ТІЛІ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

АНА ТІЛІ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ


Уразбекова Гульнара Худайбергеновна

Балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірме жетекшісі



Бөлім

Тіл және қарым-қатынас

Педагогтің тегі, әкесінің аты

Уразбекова Гульнара Худайбергеновна

Күні

26.10.2023ж

Топ: І

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ана тілі – ұлт байлығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Оқушыларға ана тілінің қадір қасиетін біліп, тілдің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын үйрету. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлін айқындау.

Сабақтың мақсаты

Мемлекеттік тілге құрметпен қарауды, қадірлеуді ұғындыру. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзінің мағынасын ұғындыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру










Өткен білімді еске түсіру



























Жаңа білім





І Тыңдалым


ІІ Айтылым

















































ІІІ Оқылым



































Сергіту сәті












IVЖазылым








Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын қадағалау


Психологиялық ахуал қалыптастыру


«Кубик» әдісі


Сәбіздер арқылы топқа бөлу



«Аквариум» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау



«Қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би»

1.Орта жүздің биі Қазыбек бидің шыққан тегі?

2.Кіші жүздің биі Әйтеке бидің шын аты кім?

3.Ұлы жүздің биі Төле би қай өңірде дүниеге келді?

4.Жалаңтөс батырдың ұрпағы қай би?

5.Төле би неше жасында дүниеден озды?


Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен (кэшбек) таныстыру

Видео «Қазақ ойшылдары тіл туралы»

Сұрақ-жауап

1.Бұл ойшылдардың ортақ ойы қандай?

2.Ана тілі туралы тағы қандай нақыл сөздер немесе мақал-мәтел білесіңдер?

3.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

4. «Тіл- халық қазынасы» дегенді қалай түсінесіңдер?


Мұғалім сөзі

Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Қадыр Мырза Әлиев:

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – деп бекерге айтпаған.

Тіл байлығы әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына жол бермеу керек. Біздің ана тіліміз көркем тіл, шексіз бай тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтерумен бірдей десек қателеспеген болармыз. Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,- деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.


Мұзафар Әлімбаевтың «Ана тілі» өлеңі

Ана! - десем ана тілі ойға оралар.
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл
Олжам да қанжығама байлап алар.

Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең,
Неше миллион інжу-маржан шамамен?!
Қанша гүлден - қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен?!

Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:
Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!

Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,
Өміршең өзіміздің тілден таптым.
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.


Мәтін бойынша сұрақтар «Ара» әдісі бойынша өтеді

1.Мәтін не туралы

2. Мәтін қандай үлгіде жазылған?

3. «Ана» сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

4.Өлеңнің авторы кім?

5.Өлеңде қандай еркелету сөздері бар?

6.Өлең қай ұйқас түріне жазылған?


«Пицца» әдісі

1.Еңбек түбі – береке

2.Ас атасы нан

3.Семіздікті қой көтерер

4.Кітап алтын қазына

5.Еңбек етсең емерсің

6.Алтынды тот баспайды

7.Шәкіртсіз ұстаз тұл

8.Ұрлық түбі қорлық

9.Отан оттан да ыстық

10.Өз елім өлең төсегім


«Полиглот» ойыны. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші көп тіл білу білімділіктің жемісі.





Сәлемдеседі

Кезекші топты түгендейді

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, ортаға кубик лақтырады.

Оқушылар сәбіздерді таңдау арқылы топқа бөлінеді


Оқушылар бұрынғы білімдерін пайдалану арқылы сұрақтарға жауап береді




















Оқушылар видео материалды мұқият тыңдайды



Оқушылар слайдта көрсетілген сұрақтарға жауап береді







Оқушылар мұғалімін сөзін мұқият тыңдайды



































Оқушылар кезекпен өлеңді оқиды





















Екі оқушы ортаға шығып араның екі жағындағы жіпті ұстайды. Сұрақтың жауабын кім бірінші табады, сол жіпті тартады. Сұрақтың жауабын білмеген оқушыны ара шағады


Балаларға бір тілім пицца бөліктері таратылады. Әр бала мақал құрастыра отырып, өзінің пиццасын жинақтауы қажет

Оқушыларға бір сөз айтылады соның орысша және де ағылшынша баламасын тауып нетбукка жазу қажет




Мадақтау










Бағалау «Бас бармақ»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12