«Ана тілі аруы- 2024»
мектепішілік байқауы
Мақсаты:
Өскелең ұрпақты ұлтжандылық,
Отансүйгіштік қасиеттеріне тәрбиелеу; Ана тілінің мәртебесін
асырып, туған тілге деген құрметін арттыру; Халықтық педагогикалық
ұғымдарын пайдалана отырып, ұлттық дүниетанымын кеңейту; Қазақ
қыздарының бойындағы ізгі қасиеттерімен қоса сөз саптау мәнері мен
шешендік дәстүрін дәріптеу;
Барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі.
-Ана тілін ардақтаған, ұлтын
ұлықтаған, Ұлы даланың ұлдары мен қыздары!
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
-Бүгінгі «Ана тілі аруы -
2024» мектепішілік байқауына хош
келдіңіздер!
-Құнды сөздің
құдіретіне бас иіп, сөз өнерінде де талғампаздық таныта білген
бабаларымыздың бүгінгі ұрпаққа қалдырған басты байлығы, мол мұрасы
– Ана тіліміз. Дана тіліміздің қаймағын бұзбай келер ұрпаққа аманат
етіп қалдыру мына біз бен сіздің міндетіміз. Сонымен бірге «Қыз -
қонақ», « Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген
мақал – мәтелдер бекер айтылмаса керек. ««Ана тілі аруы -
2024»байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару
қыздарымыздың бойынан байқап, көру. Олай болса, байқауымызды ашық
деп жариялаймыз.
Байқауға төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс
болайық:
1.
2.
3.
-Байқауға 8-10-
сынып оқушы қыздары қатысады. « Ана тілі аруы - 2024» байқауының
шарттарымен таныс болыңыздар. Байқаудың шарты 6 бөлімнен
тұрады.
1.
Таныстыру 2. Білімділер сайысы
(қазақ тілі, әдебиетінен сұрақтар) 3. Көркем сөз оқу (Ілияс, Сәкен,
Бейімбет, Махамбет, Бердібек Соқпақбаев шығармалары бойынша ) 4.
Мақалды жалғастыр (Тіл, сөз өнері жайлы мақал- мәтелдер) 5.
Жаңғырған салт -дәстүрлер (туыстық атаулар, әдет -ғұрып, салт-
дәстүрлер туралы білімдері тексеріледі ) 6. Өз
өнері
-Енді ортаға
аруларымызды шақырайық.
8 А сыныбы- Қапбар
Зере 8 Б сыныбы – Ғабдулла Кәусар 9- сынып – Бердекешова Әсел 10 А
сынып- Қайырбекова Анелья 10 Б сынып – Ізбасқанова
Аймирас
(қыздар жеребе
таңдайды )
ІІ. Негізгі
кезең
Өнер қуып арулар өтер
деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
Бәске түскен арулар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін
Таныстырып өздерін
Тамылжыта сөздерін – байқауымыздың алғашқы шарты таныстыру кезеңі.
/Мұнда қыздарымыздың киім киісіне, жүріс – тұрысына, өзін ұстауына,
сәлем беруіне назар аударылады. /
(Қыздар ретімен шығып өзін таныстырады. )
Білім деген -биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген-
ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деген өлең жолдарымен
екінші «Білімділер» сайысын бастаймыз. Шарты: аруларымыз кезекпен
қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бес сұраққа жауап береді. Әр
дұрыс жауап бес ұпаймен есептеледі.
8-
сыныпқа
1.Етістік сөйлемде көбіне қандай сөйлем
мүшесінің қызметін атқарады?
(баяндауыш)
2. Антоним дегеніміз не? (мағыналары бір –
біріне қарама қарсы
сөздер)
3. Тіл білімінің тіл дыбыстарын зерттейтін
саласы қалай аталады? (фонетика
)
4. «Батыр Баян» поэмасының кейіпкерлерін ата
( Абылай хан, Баян, Ноян, қалмақ қызы
)
5.
“Зар заман”
атауын әдеби термин ретінде алғаш рет кім ұсында (М. Әуезов
)
1.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге
бөлінеді? (4 )
2. К.рделі сөздерге мысалдар
келтір
3. «Қорқыт ата» кітабының неше нұсқасы бар?
(2 )
4.Махамбеттің ең жақын досы (Исатай
)
5. «Жау тылындағы бала» повесінің авторы (
Қасым Қайсенов )
9-сыныпқа
1.Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата
(Қиысу, матасу, меңгеру, қабысу,
жанасу
2.Әдеби тіл нормаларын ата ( фонетикалық,
морфологиялық, тарихи-дәстүрлі
)
3.«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қандай
ырым туралы айтылады?
(Аққуға
кезенерде ырым жасап, Тым құрыса саусағыңды қанаттың
ба?)
4.«Құтты білік»
дастанынынң кейіпкерлерін ата
(Әділет
бейнесі-Күнтуды, Бақ-дәулет бейнесі-Айтолды. Ақыл-парасат
бейнесі-Өгдүлміш. Қанағат-Ынсап
бейнесі-Одғұрмыш.)
5.Төле би неге ердің бақыты әйел
деді?
10-сыныпқа
1.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
дегеніміз не? (жай сөйлемдерінің мағынасы бір-біріне қарама қарсы
болып келеді )
2.Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
қандай?
3.«Ұлпан» романындағы Есенейдің екі ұлына не
болды? ( шешек ауыруынан қаза
тапты)
4.Абай Құнанбайұлының бір өлеңін жатқа
айт.
5.Әлихан Бөкейханның «Елдің тұрмысын, тілін,
мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды» деген пікірін
сипаттап түсіндір.
Ендігі кезек көркем
сөз оқуға беріледі . Арулар Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,
Бейімбет Майлин, Махамбет Өтемісұлы, Бердібек Соқпақбаев
шығармаларының бірін мәнерлеп жатқа айтуы
керек.
«Мақал- сөздің
мәйегі», «Мақал- тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» сондықтан да
әр қазақтың баласы мақал- мәтелдерді жатқа біліп, оны орынды жерде
қолдана білуі керек. Келесі бөлім «Мақалда жалғастыр» деп аталады.
Тіл, сөз өнері жайлы мақал- мәтелдердің басы айтылады, арулар
жалғасын айтуы керек.
1.Ең тәтті де тіл, ... (ең ащы да
тіл.)
2. Тіл – қылыштан ... (да
өткір.)
3. Өнер алды – ... (қызыл
тіл.)
4. Тіл тас жарады .. (Тас
жармаса, бас жарады)
5. Бас кеспек болса
да, …
(Тіл кеспек
жоқ)
6. Ашуың келсе, қолыңды
тарт,...
(Айтпас жерде тіліңді
тарт)
7. Сөйлей-сөйлей шешен болар, ...
(Көре-көре көсем болар)
8. Тіл қаруы — сөз,... (Сөз
қаруы — ой)
9. Жақсы байқап сөйлер,
,,,(Жаман шайқап
сөйлер)
10. Сөз сүйектен өтеді,
...
(Таяқ еттен
өтеді)
Қазақтың түрлі -
түрлі дәстүрі бар Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауабын таба ма
екен арулар Сол себептен қоятын сұрақтар бар,- деп, «Жаңғырған салт
–дәстүрлер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде арулардың туыстық
атаулар, әдет -ғұрып, салт- дәстүрлер туралы білімдері тексеріледі
.
-
Жеті атаны
ата
-
Жігіттің үш жұртын
ата
-
Көрімдік пен байғазының қандай
айырмашылығы бар?
-
Ерулік беру деген
не?
-
Жылу жинау туралы не
білесің?
-
Бата беру
туралы
-
Ұдыстың ұлы күні қазақ халқы
дәстүр бойынша не істейді?
-
Жиен қарындас деген
кім?
-
Бөле деген
кім?
-
Ат тергеу деген
не?
«Өнер десе өртеніп жанып
тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып
тұрар.
Бүгінгі "Ана тілі
байқауына
Арулар аянбай – ақ жан салыпты-деген өлең жолдарымен, арулардың
өнерін тамашалайық және әділ бағасын
берейік.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты? Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дегендей байқауды қорытындылап,
жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз
береміз.
Жеңімпаздарды
марапаттау.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер балаң, байтақ далаң
тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!