"Ана тілі және отбасы" байқауы
Тақырыбы: «Ана тілі —мереке , отбасым-береке»
Мақсаты : Қазақ халқының салт - дәстүрін құрметтеп, қадірлеу ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу. Келешек ұрпақты дәстүрімізге сай тәрбиелеу.Өзге ұлттың мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлау шығармашылығын арттыра отырып, тілге деген құрмет көрсету. Ата - бабамыздан келе жатқан қазақ халқының дәстүрлерін көрсете отырып, сол арқылы қазақ тілінің дамуына, көркеюіне ат салысу. Балаларды ата - бабамыздан келе жатқан қазақ халқының дәстүрлерін көрсете отырып, сол арқылы қазақ тілінің дамуына, көркеюіне ат салысу. Балалардың ана тілінде таза сөйлеуін көркемсөз мақал - мәтелдерді жатқа айтуға тәрбиелеу.
(ән күй )
Тұсаукесер өткізу: Эргешова Л
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды
Би : 8- сынып қыздары орындауында
1-Жүргізуші: Көктем мерекесі жүректерге нұр сепкен ,
Маңдайынан сүйіп жатыр гүл көктем .
Шуағымен бақытыммен кең далама ,
Көптен күткен келіп жетті гүл көктем.
-Армысыздар! Құрметті қонақтар бүгін біздің мектебімізде тіл мерекесіне арналған «Ана тілім-мереке, отбасым-береке» атты тақырыпта мереке өткелі отыр. Мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші: «Тәрбие тілден басталады » дейтін халқымыз ана омырауынан ажырамаған кезден -ақ бөбегін ана тілінің ақ уызы мен ауыздандыра бастайды . Ана тілі адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани қуаты , күрестегі қуаты.
Құрметті қонақтар №111 Маншук Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі дүбірлі тойымызға қош келдіңіздер!
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй .
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй
- деп Абай атамыз айтқандай балалардың орындауында Ән:
1-Жүргізуші: «Балаңа басқұр калдырғанша, тозбас дәстүр калдыр» деген бабаларымыз. Аузынан інжу- маржан сөз төгілген шешен билер , акын - жазушылар бәріде ғасырлар бойғы халықтың салт - дәстүрімен жалғасып келе жатқан үрдісі екені даусыз.
2-Жүргізуші: -Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі .
Байқалып тұр қазақтың батыр үні ,
Салт - дәстүрдің жаңғырып жатыр үні.
Дәстүрді жалғастыру жалғасады,
Осы той одан әрі жалғасады.
Салт-дәстүрлер және спорттық ойындар: Арқан тарту, күрес, тоғызқұмалақ
"Жеті ата"
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл
– қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан
тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті
атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке - шешесі, ата - әжесі
үйретіп, жаттатуға
тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз
алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады.
Қазақтар негізінен жеті атаны былайша
таратады:
1.
Бала.
2.
Әке.
3.
Ата.
4. Үлкен
ата.
5.
Баба.
6. Түп
ата.
7. Тек
ата.
Сондай - ақ, адамдар атасынан төмен қарай
атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере,
шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат,
туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.
Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы
алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке
ие.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы,
темірқазығы. Сол себепті ата - бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген:
жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті
атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып
кеткен. Қазақтар бала,
немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп
те атайды.
Әке - бала -
немере - немелтай - шөбере - шөпшек - немене. Екі немереден
туғандар бір біріне - Бел немере, Немелтайдан туғандар - Жүрежет,
Шөбереден туғандар Туажат, Шөпшектен туғандар - Жұрағат, Неменеден
туғандар - туыс ағайын.
Балалар: -Ата бата беріңіз
-Ал қарақтарым қолдарыңызды жайыңдар, бата берейін.
Ата батасы:
Сұрасаң бата
берейін,
Үстем болсын
мерейің.
Ықыласпен қол
жайсаң,
Ақ тілекті
төгейін.
Дастарханың мол
болсын,
Абыройың зор
болсын.
Үйдің əрбір
бөлмесін,
Мол қуаныш
кернесін.
Ұл мен қызың ер
жетіп,
Білімге құлаш
сермесін.
Туған - туыс,
жекжатың,
Жаманшылық
көрмесін.
1.Жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенде
О,бұл сөздер сүйектен өтер демде,
Тоқталамыз енді біз, ал, халайық
Қаннатты сөз макал мен - мәтелдерге.
1. Өткір тіл - дарын.
Ұзын тіл - жаза.
2. Тіл тиексіз.
3. Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.
4. Ынтымак бар жерде, береке бар,
Бірлік бар жерде, тірлік бар.
5. Көз жетпеген жерге, сөз жетеді.
6 Сөз сүйектен өтеді,
Таяк еттен өтеді.
7. Ана - тілің - абыройың,
8. Тіл бар жерде - өмір бар.
9. Тілі байдың елі бай.
10. Туған жердей жер болмас,
11. Туған елдей ел болмас.
12. Жалкаудың екі досы бар,
Бірі - ұйкы, бірі - күлкі.
13. Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нан береді.
14. Ашу - дұшпан,
Ақыл - дос.
Акылыңа ақыл қос.
15. Ілім - бұлак,
Білім - шырак.
16. Бас кеспек болсада,
Тіл кеспек жоқ.
2-Жүргізуші: тыйым сөздер жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірге халкымыз теріс қылық мінезге де тиым салған.
Үлкенді сыйлап жастарым
Жарык етер аспаның
Қазағымның ұл-кызы
Түсінсін сөздің астарын
Тыйым сөздер адамда әдептілікке, қарапайымдылыққа, имандылыққа тәрбиелейді.
5. Тыйым сөздер:
-
Бос бесікті тербетпе.
-
Суға түкірме.
-
Есікті керме.
-
Үйді айнала жүгірме.
-
Нанды бір қолмен үзбе,
-
Нанды лақтырма.
-
Ақты төкпе.
-
Тұзды баспа.
-
Шашыңды жайма.
-
Бетіңді баспа
-
Тізеңді кұшақтама
-
Итті басынан теппе
-
Итке ожаумен ас құйма
-
Кісі ақысын жеме
-
Үш күн айтта кір жума
1-жүргізуші: кезекті өлеңдерге берейік
Өлеңдер:
Мәртебем тілім мерейім,
Гауһардан жырын терейін.
Қазақтың тілін күн етіп,
Халқыма қайта берейін.
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек - ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сагат сайын саулыгыңды тілеймін.
Сенсіз мынау керегі не ғаламның.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді кұрметте.
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым,
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.
Өсірген - ой білімді,
Сүйемін туған тілімді,
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең ұғуды.
Ән
2-Жүргізуші: Ертегіні сахналау:
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар.
Би
1-Жүргізуші:
Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім.
Тербетсін шаттық әні қазақ жерім.
Той бастаған қадамың кұтты болсын!
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.
Жүргізуші:
Әрбір тілде, сөйле әлемді таң кылып,
Қазақ тілін білмеу кандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Осымен тіл мерекесіне арналған байқауымыз аяқталды. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін.
Бүгінгі «Ана тілі —мереке , отбасым-береке» бйқауымызды қорыту үшін сөз кезегін құрметті қонақтарымызға берсек
№111 М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
"Ана тілі және отбасы" байқауы
Шымкент 2023ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана тілі және отбасы

шағым қалдыра аласыз