КММ «№19 жалпы орта білім
беретін мектеп»
Ашық сабақ.
Ана
тілі.
Тақырыбы:Күз.
4 «А» сынып
Өткізген:Аманбаева.Г.А
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың
мақсаты:
-
Оқушыларға Абай Құнанбаев
туралы мағлұмат беру. «Күз» өлеңінің
негізгі мазмұнын ашу;
2.
Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен
жұмыс
істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту;
-
Абай өлеңдері арқылы
табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай
білуге
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сайыс
сабақ
Сабақтың типі: жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі: ішінара
іздену әдісі, пікірталас, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Бат»
сергіту
жаттығуы, көрнекілік;
Сабақтың көрнекілігі: Абай
Құнанбаев портреті, тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
-Оқушылардың назарларын
сабаққа аудару;
Ұқыпты –ұтар
Іздеген –табар
Оқыған-озар
Еріншек-тозар.
-Оқушыларды 3 орталыққа
бөлу;
1-орталық. «Сөйлеу» орталығы
2-орталық. «Өнер» орталығы
3-орталық . «Жазу» орталығы
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау;
«Өтірік өлеңдер»
1-орталық «Сөйлеу»
орталығы
-Өтірік өлең дегеніміз
не?
2-орталық «Өнер»
орталығы
Өтірікке байланысты
мақал-мәтелдер айту,
3-орталық «Жазу» орталығы.
Әр түрлі тақырыптарда 1
шумақ өтірік өлеңдер құрастыру;
ІІІ.
Жаңа сабақ.
А) Қызығушылықты
ояту;
-Балалар, суреттерден
жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?
-Күздің
қай кезі суреттелген?
-Қандай жыл мезгілдері
бар?
-Осы
жылдың 4 мезгілі туралы өлеңдер жазған кім?
Ә) Мағынаны
тану;
-Демек, бүгінгі біздің
тақырыбымыз А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңі болмақ.
1-орталық «Сөйлеу
орталығы»
-Абай Құнанбаев кім?
Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын .
таныстыру;
АбайҚұнанбаев қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан
білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп
оқыды.
Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге,
адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге
үндейді.
Абай – ұлы ақын,
ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор.
2-орталық «Өнер»
орталығы
-Абайдың қандай әндерін
білесіңдер?
(Желсіз түнде жарық ай
-әнін орындау)
3-орталық «Жазу
орталығы»
-Абай
шығармалары арқылы өз бойыңа не түюге болады?
(шағын эссе жазу)
1-орталық «Сөйлеу»
орталығы
«Күз» өлеңін оқып түсінігін
айту;
2-орталық. «Өнер
орталығы»
-Өлең мазмұны бойынша сурет
салу;
3-орталық «Жазу орталығы»
-Өлең мазмұны ішіндегі
мағынасы таныс емес сөздерді табу?
Ыс-түтіннің
күйесі
Құрысын заңы-әдеті құрысын
деген мағынада
Күзеу-күзгі қоныс.
Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға
жақындау жайылым таңдап алынады.
«Бат» сергіту жаттығуларын орындату.
Бұл
жаттығудың мақсаты: Абайдың бес асыл ісін саусақтар арқылы
балалардың бойына қалыптастыру.
1-орталық. «Сөйлеу
орталығы»
-Күзеу, қыстау, жайлау,
көктеу деген не?
Қыстау - қазақтың байырғы
қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде
орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады.
Айналасында ор қазылған қора жайлары
болады.
Күзеу-күзгі қоныс.
Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға
жақындау жайылым таңдап алынады.
Көктеу–
көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан
кезінде, көктем айларында
мал жаятын өріс.
Жайлау—
қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы
әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден
тарайды.
2-орталық. «Өнер
орталығы»
- Күзгі табиғатты бейнелеп
беру;
3-орталық. «Жазу»
орталығы
-Күзгі
еңбек туралы жазу;
«САЛЫСТЫРУ»
1-орталық. «Сөйлеу»
орталығы
Б.Тәжімбетовтың «Күзгі
қарбалас» өлеңі мен А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңдерін салыстыру;
2-орталық «Өнер»
орталығы
Өз
бетіңше «Күз» тақырыбына шағын эссе жазу немесе1 шумақ өлең
шығару.
3-орталық. «Жазу»
орталығы
Өлеңдер мазмұны бойынша
қандай мақалдар айтуға болады?
ІҮ.Сабақты
қорыту;
-Балалар, бүгінгі сабақта
қандай өлең өттік?
-Өлең бойынша не
білдік?
«Бүгінгі сабақтан
білгенім»
-Әр оқушы өз ойларын
жазады.
Ү, Үйге тапсырма
-Өлеңді жаттау;
Абай Құнанбаевтың нақыл
сөздерінен кітапша жасау;
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың өздерінің
алдында бағалау парақшасы тұрады,сол бойынша өздерін бағалайды.
Оқушының
аты - жөні
|
Үй тапсырмасын орындауы
|
1-тапсырма
|
2-тапсырма
|
Салыстыру
|
Бағалау
|
|
|
|
|
|
|