"Ана тілім"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ана тілім"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шадыра жалпы орта білім беру мектебі

Тәрбие сағаты









Өткізген: Оразбекова А. Т.



















Күні: 18.09.

Мақсаты: Ана тілінің қадір – қасиетін ұғындыру, ана тілі ақыл – ой дамуының және барлық білімдердің негізі екенін дәлелдей түсіндіру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер: Б. Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту».

Ғ. Мүсірепов «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді».

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

Кіріспе сөз: «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір – қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.

2.Негізгі бөлімнің 1 – кезеңі (Тіл туралы бірнеше мақал – мәтел, нақылдардың мәнін ашу).

«Тіл сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,

Бас та жарар, қадір – құтты өшірер . . . » (Жүсіп Баласағұни).

1 – оқушы: «Тілден қымбат қазына жоқ.»

Ертеде бір қария дүниеден өтерінде ұлына қымбат қалдырғанын айтып кетеді. О дүнилік болған әкесін арулап жерлегеннен кейін, ұлы қазынаны іздеуге шығады. Ауланы, үйді түгел қопарып, әкесі аманаттаған байлықты таппақшы болады. Қарамаған жері қплмай, ауылдың үлкен адамына барып, бар жайды айтады.

  • Балам, босқа әуре болыпсың. Әкең өз ана тілін ерекше қастерлеген, сөзге шешен, дуалы азамат еді. Оның артқыға, ұрпақтарына қалдырғаны құдіретті қызыл тіл болатын. Ел ішіндегі, халық аузындағы сол қазынаны құрметтеуді аманаттаған екен.Өйткені, тілден қымбат қазына жоқ,-депті ақсақал.

2 – оқушы: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Ертеде Шамар және Зұлқаш атты екі адам бір ауылда тұрыпты. Шамар сөзге шебер, пысық жігіт болса керек екен. Ол заманда жер дауы, ру таласы толастаған ба? Бір күні ауыл жігіттері жорыққа аттанып бара жатады.

Сонда Шамар: Басқамыздың аттануымыз дұрыс – ау осы Зұлқаш не бітірем деп бара жатыр екен?-депті. Соны естіген Зұлқаш: Шамар – ау, сені бірнәрсе білетін жігіт пе десем, еш нәрсе білмейді екенсің. Атысып жатқан жау сенің Шамар, менің Зұлқаш екенімді қайдан айырсын? –депті. «Әй, сөз тапқанға қолқа жоқ» деп жігіттер ду күлісіп, атқа қоныпты.

3 – оқушы: «Аңдымай сөйлеген ауырмай өледі.»

Жастайынан тапқыр сөзімен аты шыққан Бөлтірік ақын бірде ауыл аралап жүріп, бір бектің үйіне түседі. Бек Бөлтіріктің киген киіміне тыжырына қарап тұрып, оны бір мұқатпақ оймен:-Е, Бөлтірік, асығып киінген әйелдерше киіміңнің бірі ұзын, бірі қысқа ғой? – депті. Бөлтірік бектің сұрағына шамданбай, сабырлы кейіпте:

-Ай, Беке –ай! Нені сұрайсың. Ұл өскен соң ұл киінді, қыз өскен соң қыз киінді. Мен олармен жарысайын ба? Ұзын болса ұлымдікі, қысқа болса қызымдікі шығар, - деп жауап қатыпты. Бек перзентсіз екен. «Аңдымай сөйлеген ауырмай өледі» деген ғой. Ұялғаннан қып – қызыл болған Бек: - Саған дауа жоқ екен, Бөлтірік , - деп теріс айналып жүріп кетіпті.

3 – оқушы: «Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды».

Әмір темір Үндістанға барған сапарында сол жердің өнерпаздарын шақыртып алып: «Осы шаһардағы асқан бір сазгер бар дегенді үлкендерден естігенмін», - дейді. Шабармандар бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің өнеріне әбден риза болған патша оның есімін сұрайды. Сазгер «Атым – Мемлекет» - деп жауп береді. «Мемлекет те соқыр бола ма екен» - дейді патша жымиып. Сонда зағип сазгер: «Егер мемлекет соқыр болмаса, ақсақты үйіне кіргізбес еді» - депті. Сазгердің сөз тапқырлығына риза болған Темір оған көп сый- сияпат беріп шығарып салады. Атағы жер жарған қаһарлы Ақсақ Темір де аталы сөздің қадірін танып, жүйелі сөзге тоқтай білген екен.

4 – оқушы: «Ең ащы да – тіл, ең тәтті де - тіл».

Ертеде бір бай дос – жарандарына қонақасы бермекші болып, қызметшісіне «Жұрт таңғаларлықтай қонақасы даярла, тағамдарын өте тәтті болсын», - дейді. Қызметшісі базарды біраз аралағаннан кейін, бірыңғай тіл әкеледі де әр түрлі тағамдар даярлайды.

Қонақтар асты сүйсініп жеп, ризашылықтарын білдіреді де тамақтың тек тілден жасалуының сырын сұрайды.

-Мен өз ғұмырымда тілден дәмді нәрсені кездестірмедім. Тіл адамдарды табыстырады, онда ғылымдардың кілті бар, ол – шындық пен данышпандықтың құралы, соның көмкгімен халық оқу оқып, білім алады, өмір шаттығын мадақтайды! – деп жауап береді.

Келесі жолы иесі ең ащы тағамдарды даярлауды ұсынады. Қызметшісі тағы тек тіл тағамдарын даярлайды. Келген қонақтар астың барлығының да өткен жолғыдай тілден даярланғанын біліп, асқа көңілдері онша шаппай қалады. Ал үй иесі ашуланып, қаһарына мініп, қызметшісін аяусыз жазаламақ болады. Осы кезде жалшысы:

-Неге ашуланасыз, мырзам. Өмірде тілден өткен ащы жоқ: Адамдарды қағыстыратын да, ел мен елді жауластыратын да, бәле – жаланың бәрі де осы тілден шықпай ма? Ол – зұлымдық пен өтіріктің, күмән мен күнәнің құралы. Сондықтан да мен сіздің тапсырмаңызды осылайша орындадым, - дейді.

Қонақтар да, үй иесі де жалшы жауабына риза болып, ашуларын қайтарады.

3.Негізгі бөлім:

Ана тілім – әрекетім азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой – санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Қорытындылау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.02.2021
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі