Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана тілім -ардағым!" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым!»

Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Тез ойлап, ұтымды жауап қайтара білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған қанатты сөздер, видео .

Барысы:

Мұғалім сөзі: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Мемлекеттік тіл- менің тілім!» атты айлық аясында ұйымдастырылған

«Ана тілім — ардағым!» атты «Тіл білгірі» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Тақырыпқа байланысты видео көрсету .

Видео не жайлы?

Не түсіндіңдер?

1-жүргізуші: Ойынымыздың бірінші кезеңі «Бәйге». Мұнда сіздерге 10

сұрақ беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң, жауап беру керек. Қолдарыңыздағы жалаушаны бірінші көтерген оқушы жауап береді, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі оқушы жауап беруге болады.

1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

2. «Қызыл» сөзіне сұрақ қой? (Қандай?)

3. Дыбыстар қалай бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)

4. Жуан дауысты дыбыстарды ата? (а,о,ы,ұ)

5. Адамдардың қатынас құралы? (Тіл)

6. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15)

7. «Үш бақытым» өлеңінің авторы? (М. Мақатаев)

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туында нелер бейнеленген? (Ою-өрнек, күн, қыран)

9. Сөз буынға қалай бөлінеді? (Сөзде дауысты дыбыс қанша болса, сонша буын болады)

10. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

Ойынымыздың екінші кезеңі «Мақалдың жалғасын тап».

1. Өнер алды …. (қызыл тіл)

2. Тіл тас жарады….. (Тас жармаса бас жарады)

3. Шебердің қолы ортақ … (Шешеннің тілі ортақ)

4. Тіл қаруы сөз …. (Сөз аруы — ой)

5. Сөз сөзден туады ….. (Сөйлемесе неден туады)

6. Отыз тістен шыққан сөз …..(Отыз рулы елге тарайды)

Ойынымыздың үшінші кезеңі «Әдебиет әлемі». Бұл сайыста сіздерге әдебиеттік оқу пәнінен 10 сұрақ беріледі.

1. «Мен қалай оқуға бардым?» мәтіннің авторы кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

3. «Қартқожа» қай мәтіннің кейіпкері? (Кітап оқу)

4. «Біржан» өлеңінің авторы кім? (Сәкен Сейфуллин)

5. Қадыр Мырза Әли қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1935жылы Батыс Қазақстанда дүниеге келді)

6. Абай атамыз айтқан бес асыл іс? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)

7. 5 дұшпанды ата? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)

8. «Апаның тілін алса егер» өлеңінің авторы кім? (Жақан Смақов)

9. «Не үшін?» өлеңінің авторы кім? (Қадыр Мырза Әли)

10. Ахмет Байтұрсынов қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1873 жылы Қостанай облысында дүниеге келген)

Сайысымыздың төртінші кезеңі. «Мәнерлеп оқу». Сайысымыздың бұл кезеңінде тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу керексіздер.

Қазақ тілі (Әди)

Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
"Ана" деген сүйгендік сөз әм менен

Ана тілің – арың бұл (Нұрай)

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл (Виктория)
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Ана тілі (Зарина)

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

Қорытынды:

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
3351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі