"Ана тілім-ардақтым"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана тілім-ардақтым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№16 «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы»











3 «Сказка» ересек орыс тобының тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Ана тілім-ардақтым!»















Өткізген: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ә.М.Ыбаева




                Мақсаты: балалардың өз балабақшасы туралы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып тілін дамыту,әңгімелесу,тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер,слайд, музыка

Әдістемелік әдістер:  түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар және балалар! Біздің тобымыздың

«Ана тілім-ардақтым!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың

тіл мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!  Ендеше бүгінгі мерекені

бастау үшін «Қошақан» тобының  кішкене бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.

             Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр,олармен салемдесіп алайықшы.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды бақшамыз.

Қайырлы таң, қонақтар,

Қайырлы таң, достарым!

Балалар, сендер білесіңдер ме біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Біз қандай ұлтқа жатамыз?

Біздің елбасымыз кім екен кім айтат білесіңдер ме?

Біз қай тілде сөйлейміз?

Біздің Қазақстанда тұратын қандай ұлттарды білеміз?

Балалар, бүгін біз тіл мерекесін тойлағалы жатырмыз солай ма,ендеше тіл бізге не үшін керек?

Сөйлеу үшін, қарым-қатынас жасау үшін, бір-бірімізбен сөйлесу үшін керек екен. Бүгінгі мерекеге басқада ұлт өкілдері келу керек еді олар неге кешігіп жатыр екен?

            Кенет ұшақтың дыбысы естіледі.  

             Музыка әуенімен өзге ұлт өкілдері кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сіздер неге кешігіп келе жатырсыздар?

Қонақтар: Сәлеметсіздер ме, ренжімеңіздер біз Қазақстанның әсем қалаларын аралап келе

жатырмыз.

Тәрбиеші: Қанеки келеген қонақтардан қай ұлттың өкілдері екен өздеріннен сұрап көрейікші.

Орыс ұлт өкілі: біз орыс еліннен келдік.

Грузин:ал біз грузинбіз.

Қазақ: ал біз қазақ кыздарымыз,сендердің бауырларыңызбыз.

Тәрбиеші: Қане ендеше келген қонақтарды да бүгінгі мерекені бізбен бірге тойлау үшін орта-

мызға отырғызайық.

Тәрбиеші: балалар.мына суретке назар аударайықшы.

             Суретпен жұмыс.

Билингвалды компанент: Елтаңба-Герб, Отан-Родина, тіл-язык,

Тәрбиеші: Бізге келген қонақтар біздің елдің рәміздерімен, қалаларымен танысты енді олармен бірге Әнұранымызды орындайық!

«Әнұран» орындалады.

Тәрбиеші: Балалар,бізге келген қонақтар біздің тіл мерекемізді тойлап жатқанымызды білу үшін оларға әдемі жыр шумақтарымызды айтып береміз бе?

Дінмұхаммед:

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған

Айбын:

Ана тілім-менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім-демім

Ана тілім-жаным.


Реклама

              Әділет:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Диас:

Бейбітшілік ұраны

Жарқыраған алтын күн

Ән қанаты қыраны

Еркіндігі халқымның.

             Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал енді бізеге келеген қонақтар да мерекеге арнап қандай сый әкелді екен?

Жолсерік: Бізде мерекеге бос келген жоқпыз. Өз ұлттарымыздың биін ала келдік және жыр

шумақтарымызда бар.

Әмірхан:

Дoстық шырағымыз

Достық ұранымыз

Дoстық туымыз

Достық әніміз

Сәуле:

Ана тілім елдігім

Ана тілім ерлігім

Тілді бүгін құрметпен

Тойлап жатыр ел бүгін

Шахмардан:

Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақты тіліңді

Аяна:

Ана тілім тірегім

Ана тілім жүрегім

Қасиетті елімнің

Теңі өзің деп білемін

Диана:

Жаныма қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам

            Жолсерік: Ал енді, биімізді де тамашалаңыздар?

Би: «грузин биі», «орыс биі»

Тәрбиеші: Міне керемет, ендеше бізде қалыспай өзіміздің қлттық ойынымыз «Қыз қуу» ойынын ойнайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, сендерге ойын ұнады ма?

Құрметті қонақтар,сіздерді тағыда тіл мерекесімен құттықтай отырып ертеңгілігімізді

«Дос болайық  бәріміз» әнімен қорытындылаймыз!

Сау саламатта болыңыздар!          

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2024
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі