жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
АНА ТІЛІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ - ЛАТЫН ЖАЗУЫНА КӨШУ
АНА ТІЛІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ - ЛАТЫН
ЖАЗУЫНА КӨШУ
Ана тілімзді жаңғыртудың басты көрсеткіші-латын жазуына көшу! Бұл мәселе бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Елбасы Н.Ә. Назарбаев бұл туралы 2006 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан– 2050»Стратегиясында да айтқан болатын.Президентіміз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» қатысты мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін айтып өткен болатын. Бұл қазіргі өмір талабы. Әрине, осы мәселеге байланысты айтылып жатқан пікірлер де әртүрлі. Бірақ еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуге тиіс. Себебі латын қарпі адамзаттың дамуындағы ең мықты жазудың бірі. Ол ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі.
Әліпби қай заманда да тұтастай халықтың рухани бет-бейнесі, алдағы дамуының сауаттылық айнасы, өркениет көшіне ілесудің керуенбасы болып келген. Сондықтан өткен ғасырдың басында алаш қайраткерлері, оның ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақ» деп айтып кеткен. Яғни біртуар тұлғаның сол кездің өзінде «заманындағы өнер құралдарын орнатуға қолайлы болуы керек деген» сөзі бүгінгі ХХІ ғасырда да өзінің өзекті күйінде тұр. Жаһандану заманында латын графикасы жалпақ әлемнің жазу-сызуына негіз болған әліпбиге айналды және ақпараттық жаңа технологияға сай, ең икемді, ақпараттық алыс-беріске ықшам әрі қолайлы екенін танытып отыр. Сол себепті латын графикасы негізіндегі төл әліпбидің заманауи ақпараттық технологияларға, дәлірек айтсақ, компьютерге икемді болуына, оны жұртшылықтың тез игеріп кетуі¬не жағдай жасау ең басты мақсаттардың бірі.Бүгінде жаңа ұлттық әліпбиіміздің халқымызға мейлінше тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету, әліпби реформасын жазу реформасына айналдырып,тіліміздегі ақтаңдақтардың орнын толтыру біздің алдымыздағы елеулі міндет.
Қазақ терминологиясының қордаланған мәселелері көкірек көзі ашық көпшіліктің көкейкесті сауалдарының бірі. Бұл мәселенің баспасөз беттерінде көп жазылып, жоғары мінбелерден сыналуы халқымыздың тіл мәдениетін көтеруге игі ықпалын тигізетіні хақ.
Жалпы елімізде 1926-1940 жылдары латын графикасы қолданыста болған.Біздің көне мұраларымыздың көбісі араб және латын графикаларымен жазылған. Мәселен, әйгілі Гомер шығармалары, шығыс медицинасында Ибн Синаның трактаттары латын тілінде болған. Ал, бүгінгі компьютер заманында әлемнің 70 проценті латын әрпін қолданып отыр. Айталық, әзірбайжандар 1992 жылы 1-сыныптарда оқытуды латын әліпбиінде бастаған екен. Түркіменстан Президенті 1993 жылы латын әліпбиіне көшу жөнінде жарлық шығарып, тек 1995 жылы ғана латын әліпбиінің жаңа нұсқасын қабылдаған. Сөйтіп, 2000 жылдан бастап қолданысқа енгізген.Өзбекстан мемлекеті әлі күнге дейін латын мен кириллицаны қатар қолданып жүр.Демек,жер шарының көптеген елдерімен рухани байланысқа түсу мүмкіндігі бар. Түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетін түсінуге де қолайлы. Латын графикасы мен әлемнің кез-келген елімен жылдам әрі тез хат алмасуға болады. Мысалы, Қытай, Моңғолия, Германия елдеріндегі қандастарымыз кириллицадан көрі латын графикасына жақын. Әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық технологиядан инновациялық өнеркәсіп саласында тек қана осы латын тілін қолданып отырғандығын ескерсек, Елбасы бастамасымен бастау алып отырған бұл реформа – тарихи маңызы бар стратегиялық қадам.
«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек»,—деген Елбасының сөздері латын әліпбиіне көшу туралы дау-дамайға нүкте қойғандай болды.
Сонымен, әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз? Тарқатып көрейік:
Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бір ізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына,ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді;
Өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені, бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Моңғолияда өмір сүретін қандастарымыз–кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз–төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін Алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат -хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу орындары аралық келісім-шарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас студенттерімізді оқыту барысында көріп жүрміз. Яғни, латын әліпбиі–әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі.
Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік. Мәселен, Алаш арыстарының латын әліпбиімен жазылып , жарияланған қаншама еңбегі көпшіліктің кәдесіне асырылмай, іздеушісін күтіп жатқаны жасырын емес.
Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткіземіз.Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни, ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу,бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу бүгінгі жас ұрпаққа көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.
Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын «Kazakhstan» деп емес, «Qazaqstan» деп жазған болар едік.
Латын графикасын қолдану өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабылдайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады : Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір– ömir, тағысын тағы.
Қазір қолданылып келе жатқан көзіміз де, құлағымыз да әбден үйреніскен кирилл жазуы аса жетілген, кемел еместігін қазақ сөздерінің орфографиясына, орфоэпиясына келгенде анық байқадық. Жазуда қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бағынбайтын жат тіркестер, көпшілік үйреніп кеткенімен, кірме сөздердің орыс тілі заңдылықтары негізінде жазылуы, басы артық ь, ъ таңбалары, в, ф, ц, щ, ю, я әріптері, тағы басқа қиындықтар кездесуде.
Бүгінгі ұрпақ дыбыстардың тіркесу заңдылығына, дыбыс үндестігіне мән бермей, жазудың жетегінде, әріптің негізінде сөйлеп , тіліміздің ең басты ерекшелігі болып табылатын , мыңдаған жыл бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан үндестік заңдылығын бұзып, артикуляциялық базамызды бүлдіруде.Мысалы, Құнанбай–Құнамбай , көкөніс дүкені – көгөнүс түкөнү, таза ауа–тазауа болып, тіл және ерін үндесіміне бағынып барып дыбысталуы тиіс.
Сөйтіп, орыс жазуына негізделген 42 әріптен тұратын әлемдегі әрпі көп жазуымыздың арқасында әріппен сөйлейтін ұрпақ қалыптаса бастады. Тіл мамандарының таңба басқа, дыбыс басқа болады деген пікірі көп жағдайда ескерілмей келеді.
Қазақ тілінің төл дыбыстарын түгендеп, соған лайықтап таңба санын ықшамдау – қазіргі күннің талабы. Ұлы А.Байтұрсынұлы бастап белгілеп берген қазақ тілінің төл дыбыстарының саны 28 (а, ә, б, ғ, г, д, е, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы, і) десек, осы дыбыстардан бөлек қазақ тілінің дыбыстарын іздеп әуре болмау керек, өзге дыбыс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүрген й, у таңбаларының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі кездесетін езулік, еріндік, үнді [y, w] дауыссыз дыбыстарға жатады: ми [mɪy], қи [qɪy], ти [tіy], ауа [awa], әуе [äwe], су [suw], суы [suwu], у [uw], уық [uwuq], уіл [üwül], күлу [külüw], аю [ayuw], үю [üyüw], тағысын тағы. Мұндай дауыссыз дыбыс орыс тілінде жоқ, ағылшын тілі мен қазақ тілінде бар.
Яғни латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиін жасауда тілдің дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстары мен орыс тілінен кірме дыбыстар жеке-жеке қарастырылып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс.
ХХІ ғасыр–ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу бүгінгі жас ұрпаққа көп қиындық келтірмейді.Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.
Латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.
Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап , қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті Р. Досжан. Қазақ тарихы мен теориясы
2. Мингазов Ш.Р. Доисторические тюрки. В энциклопедии Википедия.
Тема «Тюрки». Режим доступа: ru.wikipedia.org
3.Аманжолов А.С.Генезис тюркского рунического алфавита,А, 2003
4.Барманкулов М.К. Хрустальные мечты тюрков о квадронации. Алматы,
ОФ «БИС», 1999.
5.Сулейменов О.О. Язык письма, Алматы-Рим, RIAL, 1998.
6.Молжігітов С.Қ.,Латын графикасына көшу тиімді,Ана-тілі,№3,№14, 2004

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген