Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана тілің. асылың тілдамыту кур өзгертесы бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарлама 3-4 сыныптың қазақ тілі сабағына арналған факультативтік курс бағдарламасы. Онда бағдарлама мен тарсырмалар ұлгілері де ұсынылып отыр. Тажірибе барысында оқушылар берілген жұмыстарды қызыга отырып орындады. Бұл ұлгі болғандықтан әр мұғалім қалауынша өзгерте алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жылыбұлақ жалпы негізгі білім беру мектебі







«Ана тілің - асылың»



Жалпы негізгі білім беретін мектептің 3-4 сыныптарына арналған тіл дамыту курсының бағдарламасы





Бастауыш сынып мұғалімі: Махамбетова Г.Т.

































Павлодар облысы инновациялық орталық

Бастауыш сыныптар әдістеме бөлімінің меңгеруші әдіскері

Бурунбаева Б.С.





Жалпы негізгі білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған

тіл дамыту курсы бағдарламасы









Авторы: Махамбетова Гүлжанар Тоқтарқызы

























Түсінік хат

Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде жасалды.

Бағдарлама түзуде «Қазақ тілі» пәні ана тілі ретіндегі мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған тұлға даярлауға мүмкіндік туғызатындығы ескерілді. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің маңызының зор екендігі басшылыққа алынды.

Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Өзектілігі;

  2. Мақсаты;

  3. Міндеттері;

  4. Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы;

  5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

  6. «Қазақ тілі» пәні бойынша базалық білім мазмұны;

  7. Күтілетін нәтиже;

  8. Әдістемелік нұсқаулар;

  9. Пайдаланылған әдебиеттер.



Бағдарламада «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушы тілін дамытатын, өздігінен ойлауы мен ой қорытуын жетілдіретін, логикасын ұштайтын, өзіндік шығармашылығын жетілдіретін, теориялық білімін практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін танитындығы тереңдетіліп қарастырылды.















Танымдық бағыт бойынша

  • Әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орны, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету арқылы іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

  • Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ұғындыру;

  • Тілдік материалдар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;



Практикалық бағыт бойынша

  • Оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  • Тіл мәдениетін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу, жазу, талдау жұмыстарының талаптарына сай дағдыларды жетілдіре түсу;

  • Сөйлем әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.



Бұл міндеттердің жүзеге асуы тілдік білімнің әр оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі олардың практикалық іскерлік дағдыларының базасы ретінде қызмет етуіне негіз болады.

































Өзектілігі:

«Қазақ тілі» пәні оқушының сөздік қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін, сөзжасам тәсілдерін игертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі маңызы, рөлі жайында, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады.

Тіл дамыту жұмыстарының ғылыми жүйелі негізде дұрыс жолға қойылуы, оның келешекте дамытылуына, күрделенуіне, ең тиімді әдіс түрлерімен толысуына жол ашады. Бұл –жұмыстың құндылығын, өзектілігін көрсете алады.

Ұсынылып отырған бағдарлама оқытудың коммуникативтік-іс –әрекеттік бағытын жүзеге асыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Әсіресе бұл жүйе әр оқушының ізденісінің шыңдалуына қолайлы жағдай туғызуға бағыттайды.

Мақсаты:

Ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, әдеби тіл нормаларын жетік қолдана алатын, ауызекі сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген дара тұлға

қабілеттерінің дамуына жағдай тудыру.

Міндеттері:

  • Әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орны, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету арқылы, қажетті іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

  • Тілдік материалдар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  • Оқушының сауаттылығын арттырып, әдеби тіл нормаларын жетілдіру.

  • Ауызекі сөйлеу мен жазу, талдау жұмыстарының талаптарына сай дағдыларын жетілдіре түсу.















Күтілетін нәтиже- бағдарламадағы мақсат пен міндеттер жүйесі.

Оқушылардың пән бойынша алған білім-білік дағдылары ғана емес, оларды дұрыс және орында пайдалану арқылы қалыптасып, дамытылатын құзырлылықтары. Себебі оқушы өзіне маңызды проблемаларды шешу үшін алған білімдерін қайда және қашан қолдана алатынын саналы түрде түсінуі қажет. Ол проблеманы шешуге байланысты түрлі көзқарасты, түрлі қатысымды зерделеуі қажет. Ақпаратпен жеткілікті түрде мақсатты бағытта жұмыс істей біледі.

Оқушыны субъект ретінде қарап, оның дамуын үнемі назарда ұстап, әр баланың ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттеріне көз жеткізе отырып, ұсынылып отырған бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырып, күтілетін нәтижеге жетуге болатындығына сенемін.



































«Қазақ тілі» пәні бойынша базалық білім мазмұны

2, 4-сыныптар

(Аптасына үстеме-1 сағат, оқу жылында-34 сағат)

  1. «Тіл және сөйлеу» (2 сағат)

  1. Тіл және сөйлеу туралы ұғымды жетілдіру. Оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру.

  1. Дыбыс және әріп (5 сағат)

Дыбысқа байланысты берілген білімді жетілдіру. Фонетикалық талдау жасау.

Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жіктелуі: а) тіл қатысына қарай жуан, жіңішке; ә) ерін қатысына қарай еріндік, езулік; б) жақтың қатысына қарай ашық, қысаң болып бөлінетіндігі.

Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, буын құрай алмайтындығы. Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай жіктелуі: а) қатаң дауыссыз дыбыстар; ә) ұяң дауыссыз дыбыстар; б) үнді дауыссыз дыбыстар.

Буын. Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық, тұйық, бітеу буындар.

Тасымал. Сөздерді тасымалдау тәсілдері.

Тасымалданбайтын сөздер. Тасымал мен буынның бірлігі және ерекшеліктері.

Үндестік заңы. Буын және дыбыс үндестігінің мәні.

Буын үндестігі. Қазақ сөздерінде буын үндестігінің сақталуы заңды екендігі. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі.

Дыбыс үндестігі. Дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігі. Қатар келген қос дауыссыздардың жазылу емлесі.

Басқа тілден енген сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың аралас келе беретіндігі, буын үндестігінің сақталмайтындығы.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі.

Орфоэпия мен орфография. Сөздерді дұрыс айту мен дұрыс жазудың жағдайлары. Арнаулы сөздіктермен танысу.

  1. Мәтін (3 сағат)

Мәтін туралы ұғымды кеңейту. Тақырыбы, идеясы. Баяндау, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерінің ерекшеліктері. Абзац. Мәтіндегі сөйлемдердің байланысын тану. Әр сөйлемдегі тірек сөздер. Оқушылар шығармашылығы: таңдаған тақырыптарда мәтін құрау.

  1. Сөйлем (5 сағат) Сөйлем туралы танымын кеңейту. А) Сөйлемнің айтылу сазына қарай бөлінуі: хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдер; Ә) Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері; тұрлаусыз мүшелер: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу; Б) бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Жалаң және жайылма сөйлем; құрмалас сөйлем және оның тыныс белгілері;

В) үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау. Сатылай кешенді талдау жасауға машықтану.

  1. Сөз және оның мағынасы (15 сағат)

Сөздің бір мағыналы және көп мағыналы болатындығы; Сөздің негізгі қызметі – атау, яғни, зат, құбылыс, әрекет, сын, сапа, т.б. атауы екендігі. Сөз мағынасы бір-біріне жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, айтылуы мен жазылуы бір, бірақ мағынасы әртұрлі болатындығы туралы түсініктерін кеңейту. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары. Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер) туралы таным. практикалық жұмыстар.

  1. Сөзжасам (2 сағат) Сөз құрамы жайындағы білімін кеңейту. А)Түбір сөз бен туынды сөз; ә) туынды сөз жасайтын жұрнақтар; б) туынды сөз бен түбір сөзді салыстыру; в)қосымшалардың жалғануы; г)қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеріске ұшырауы немесе түсіп қалуы туралы түсініктер (кітап-кітабы); ғ) туынды сөздердің заттың атын, сынын, қимыл-қозғалысын білдіретін сөздер табына қатыстылығы.

  2. Сөз таптары (2 сағат)

Морфология туралы түсінік. Морфологиялық талдау жасау. Сөз таптарын сызбаға түсіру. Зат есімнің тәуелденуі; тәуелдеулі сөздердің септелуі; етістіктің жіктелуі, жекеші, көпше түрде жіктелуі; сын есім, сан есімдердің емлесі; үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш сөздер;





Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын

талаптар

2-сынып оқушылары:

  • Ауызекі және жазба тілді;

  • Буын және дыбыс үндестігін;

  • Мәтіннің түрлерін;

  • Сөйлемнің айтылу сазына қарай түрлері;

  • Сөздің ұқсас, қарсы мәндерін;

  • Зат есім, етістік, сын есім, сан есім сұрақтарын;

  • Мәтіндегі тірек сөздерді табады, олармен мәтін құрастырады;

  • Қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог құра алады;

  • Түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?)

  • Өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;

  • Берілген мәтінге жоспар құрады;



3-сынып оқушылары:

  • Ауызекі және жазба тілді;

  • Буын және дыбыс үндестігін;

  • Мәтіннің түрлерін;

  • Сөйлемнің айтылу сазына қарай түрлері;

  • Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері;

  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табады;

  • Сөздің ұқсас, қарсы мәндерін және әртүрлі мағыналы сөздерді;

  • Зат есім, етістік, сын есім, сан есімдердің түрлері,

  • Мәтіндегі тірек сөздерді табады, олармен мәтін құрастырады. Мәтінге жоспар құрады. Жоспар арқылы м әтін құрастырады.

  • Қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог құра алады;

  • Түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?)

  • Өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;



4-сынып оқушылары:

  • Ауызекі және жазба тілді;

  • Буын және дыбыс үндестігін;

  • Мәтіннің құрылымы мен түрлерін;

  • Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері;

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелері;

  • Жалаң және жайылма сөйлем түрлерін

  • Сөз тіркесін;

  • Синоним, антоним, омонимдерді;

  • Күрделі сөздерді, олардың түрлерін;

  • Сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін біледі;

  • Жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды;

  • Мәтіннен қыстырма сөздерді табады;

  • Сөз таптарын ажыратады, талдайды және оларды топтастырады, өзара салыстырады.

  • Мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрауға дағдыланған;

  • Қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;

  • Түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);

  • Өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;

  • Түрлі жанрда шығарма құрады (әңгіме, хат, өтініш, хабарландыру).







































Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Бастауыш білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет»

білім саласы бойынша оқу бағдарламалары. Астана 2013

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат –Астана.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты .

  2. «Бастауыш білім» журналы

  3. «Шебер-класс» журналы

  4. «Бастауыш сынып начальная школа» журналы

  5. Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе». Алматы – 2005

  6. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2005

  7. Б.б. Жахина «Сөздің лексика-семантикалық тобымен байланыста тіл дамытудың әдістемесі» оқу құралы. Көкшетау-2010

























«Ана тілің - асылың»



Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Ә.Табылдиев

Тіл дамыту – оқыту жүйесінің ең күрделі де маңызды мәселесі. Жүйелі, жан-жақты ойластырылып жүргізілген тіл дамыту жұмыстары арқылы ғана оқушы сөз мағынасын жете түсініп, оны орынды, дұрыс қолдана біліп, ойын дұрыс әрі анық жеткізе білуге жаттығады.

Мектепте өтілетін тілдік материалдардың ауыр-жеңілдігі, күрделілігі негізінде оқушының жас және психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, тілдің ішкі заңдылық жүйесі бойынша оқу материалдары баспалдақты түрде дидактиканың жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай принциптері, жүйелілік принциптері бойынша құрылған.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде тіл білімінің алғашқы танымдары мен кейбір ерекшеліктері туралы мәліметтер алады. Ал лексикалық мәселелерді жүйелі түрде толық оқыту білім берудің орта буынында қарастырылады.

Бастауыш сатыда қазақ тілін оқыту бағдарламасында жүйеленген тақырыптарға сай тіл дамыту жұмыстары мен түрлерін анықтап, оларды ұйымдастыру кезінде қолданылатын ең тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау мақсат етілді. Соның ішінде лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты жүргізілетін тіл дамытуға арналған тапсырмалар үлгісіне көбірек тоқталынды және оны оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесін толықтыратын жұмыс түрлері анықталды. Осы мақсатта жүргізілетін жұмыстардың жалпы білімдік, танымдық, тәжірибелік, тәрбиелік маңызына көңіл бөлініп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

«Ана тілің - асылың» атты тіл дамыту курсының дидактикалық материалдарын даярлауда дамыта оқыту әдісі басшылыққа алынды. Онда ұжымдық оқыту технологиясы, сыни тұрғыда оқыту технологиясы және тірек-сызба технологиялары арқылы қолдау көрсетілді.

Оқушы шығармашылығын жетілдіру, дамыту мақсатында олардың түрлі шығармашылықтары, ойлап тапқандары жинақталды.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде баспасөз -конференция, олимпиада, семинар сабақтар, сайыс, аралас сабақ , бақылау-пысықтау сабақтары енгізілді. Сонымен қатар еркін диктанттар мен деңгейлік тапсырмалардың да оқушы білімін тереңдете түсетіндігіне маңызы зор екендігі ескерілді.

Оқыту әдістерінен: әңгімелесу әдісі, сұрақ-жауап әдісі, проблемалық әдіс, талдау-жинақтау (анализ-синтез) әдістерінің тиімділігі, жүйелілігі ескерілді.

Сонымен, тіл дамыту сабақтарының күнделікті сабақтардан ерекшеліктері:

  1. Сабақ тіл тақырыптары мен тіл дамыту жұмыстарының бірлігінің негізінде жүргізілді.

  2. Сабақ тіл дамыту жұмыстарына бағытталған кешенді жаттығуларды орындау арқылы жүргізілді.

  3. Ұйымдастырылатын сабақ, әдіс-тәсілдер тіл дамыту мақсатына сай таңдап алынды.

  4. Көрнекіліктер (сурет, таблица, карточкалар) пайдаланылды.

  5. Техникалық құралдар қолданылды.

  6. Тіл дамытуға бағытталған сабақ нәтижелерін байқау мақсатымен бақылау жұмыстары жүргізіліп отырылды.

  7. Сабақ бойында оқушылардың танымдық, тәжірибелік қызметі бақыланып, басшылыққа алынып отырылды.

















Д идактикалық материалдар

1. «Қандай сөздер?»

  1. Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар.

  1. П, т,а,к,і ;

  2. л,м,ө,е,б ;

  3. р,т,қ,а,а ;

  4. р,қ,а,а,ғ ;

  5. Е,п,ә,р,т



  1. «Қандай сөздер жасырынған?»

Төмендегі бос торкөздерге жазылмай қалдырылған дыбыстардың әріптерін жазып, сөз құрастырыңдар.

Shape8 Shape7 Shape6 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape1

ы

а

а





Shape17 Shape18 Shape12 Shape11 Shape15 Shape16 Shape14 Shape13 Shape9 Shape10

а

ы

а

ы

2.



3Shape19 Shape21 Shape22 Shape20 Shape23 Shape24 Shape25

е

і

е

.

Shape31 Shape30 Shape29 Shape28 Shape27 Shape26

ы

ы

ы

4.



3. «Аралас буынды сөздер»

Аралас буынды бірнеше сөз жазыңдар.

Буын үндестігі дегеніміз не?

4. «Көкпар»

«Омыртқа», «құмыра» сөздерінен 2 минутта неше сөз құрай аласыңдар?

5. К әрпінен басталып, к әрпінен аяқталған сөз тізбегін құрастырыңдар.

6. Сөзжұмбақтар

Ж-дан бастасаң мүше негізгі.

К-дан бастасаң құрал белгілі.

Д-дан бастасаң да үн,

С-дан бастасаң да үн.

«А»-дан бастасаң теңіз атымын,

«У»-дан бастасаң таудың атымын.

«С»-дан бастасаң балық атымын,

«Қ»-дан бастасаң ай атымын.

«Д»-дан бастасаң бірінші күн,

«Ж»-дан бастасаң бесінші күн.

7.«Қалай оқысаң да солай»

Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да бірдей мағына беретін, басқы және соңғы дыбыстары бірдей сөздерді тауып жаз.

  1. Қ – қ Қ – қ Қ – қ

  2. к – к к – к к – к

  3. н – н н – н н – н

  4. с – с с – с с – с

  5. е – е е – е е – е



  1. «Жоғалған әріптер»

Кө...пе...бек, Нұр...ерім, бөд...не, ашы..ауыз, дөңб...к, жұлд..з

  1. Әріптерінің орындарын ауыстырғанда қандай сөздер шығады?

  1. Қазы - ...

  2. Ескек - ...

  3. Сары - ...

  4. Шырша - ..

  5. Озат - ...

«Үш е»

...е...е...е, ... е...е...е, е...е...е, ...е...е...е.

10. «Әріпті жұмбақтар»

  1. Әрі дауысты, әрі дауыссыз,

Әрі жуан, әрі жіңішке.



  1. Бірі айтылады, естіледі.

Екіншісі жазылады, көрінеді.

  1. Балықшының құралы

Екі әріптен тұрады.

Бір әріпті жалғадым,

Содан тыныс алғаным.



  1. Майда бар да, шайда жоқ,

Менде бар да, сенде жоқ.



  1. Түнде бар да, күнде жоқ,

Теңде бар да, селде жоқ.

  1. Тауда жоқ, сайда бар,

Атта жоқ, тайда бар.

Биеде жоқ,түйеде бар,

Қозыда жоқ, қойда бар.

Жиында жоқ, тойда бар,

Осындай тағы қайда бар?

  1. Егер С-дан бастасаң

Қыз баланың атымын.

С-ны алып тастасаң

Ағаш кесер затыңмын.

  1. Егер Ж-дан бастасаң

Бұйрықтың бірімін.

Ж-ны алып тастасаң,

Жануардың бірімін.

11.«Бәрін білгім келеді!»

Ой сергіту «Иә» немесе «жоқ»

«Иә» – жасыл карточка

«Жоқ» – қызыл карточка

  • Ауызша және жазбаша тіл болады –

  • Тіліміз сөйлемдерден құралады –

  • Алфавитте 42 әріп бар –

  • «Қоян» сөзінде 4 дыбыс бар –

  • Кемпірқосақтың 7 түсі бар –

  • «Ұя» сөзі «иа» арқылы жазылады.

  • Дауысты дыбыстар буын құрайды –

  • Аптада 8 күн бар –

  • «Қарт» сөзінде 2 буын бар –

  • Сөйлем сөздерден құралады –

Мұғалім: 4 қызыл белгі анықталды. Дұрыс-бұрыстығын айтып, түсіндір.

Оқушы:

Мұғалім: дұрыс жауаптар арқылы нені байқадық?

Иә, білімімізді. Нені меңгергенімізді байқаттық.



12.«Әріптерге көмектес»

Мұғалім: Бір күні әріптер серуендеуге шықты. Күн жарқырап тұрды. (Күннің суретін көрсету) Бір кезде бұлт шықты. (Бұлттың суреті) Жаңбыр жауды. Әріптер көк және қызыл қолшатырдың астына тығылды. Қызыл қолшатырға қандай әріптер, көк қолшатырға қандай әріптер тығылар екен?

Оқушылар:

  • Қызылға – дауыстылар, көкке – дауыссыздар.

Тақтаға қолшатырлардың суреті ілініп қойылады.

Б,ж,л,а,е,п,р,н,ұ,ү,ч әріптері шашыраңқы қойылған. Екі оқушы шығып, қолшатырлардың астына орналастырады. Сонан соң түсіндіреді.

Қалған оқушылар өздігінен карточкада орындайды. Тақта арқылы өзін-өзі тексереді.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, әріптердің су болмауына көмектестіңдер!

  1. Санамақ – жұмбақ

«Түбір» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Кекілік» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Мүше» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Төртбақ» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Дербес» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Малты» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Жетік сөзін» алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Сегізкөз» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Тоғызқұмалақ» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?

«Қонақ» сөзін алсаңдар,

Ішінде оның қай сан бар?



Жауабын тапсаң, жарадың,

Онға дейін санадың.

14. Көңілді шумақтар

6 алты

Бала ел с6н баққан

Тепті ұзақ күн 6бақан.

Бөсті бізге 6н тым:

«Тұрмаушы едім қ6рап,

Б6қта көп м6дым:

Жауырыным ж6рап,

Көрінбейтін б6рым».



10 – он

10 бал қоршады

10ыншы вагонды,

Т10 әкеп қарсы алды

Ағайды пог10ды.

Құрметті бұл қ10ақ

Ауылға ж10дағы,

С10арда ол болмақ

Аңшымен с10дағы.

12 әріп, 21 сөз

Shape36 Shape35 Shape34 Shape33 Shape32

у

а

т

а

л



Shape38 Shape37

а

а



Shape43 Shape42 Shape41 Shape40 Shape39

т

о

м

а

р







Мына торкөздер 12 әріп берілген. Сағат тілінің бағытымен жүре отырып, 21 сөз құрау керек. Ол қандай сөздер? Тауып көріңдер.



16. Құпия сөз

Құпия сөзді дұрыс шешсеңдер, еңбекке қатысты мақал шығады.

Shape58 Shape57 Shape56 Shape45 Shape54 Shape51 Shape55 Shape49 Shape48 Shape53 Shape47 Shape52 Shape50 Shape46 Shape44



Shape73 Shape72 Shape64 Shape63 Shape62 Shape61 Shape60 Shape59 Shape71 Shape70 Shape69 Shape68 Shape67 Shape66 Shape65

Құпия сөздің кілті:

Shape74

  • ЕShape77 Shape76 Shape75 - Б - Н - Ө

  • ҢShape81 Shape80 Shape79 Shape78 - К - І - Т













17. «Мақалды тап»

Shape88 Shape87 Shape86 Shape84 Shape85 Shape83 Shape82

ә

і

т

і

с

п

п



Shape89

з



Shape94 Shape93 Shape92 Shape91 Shape90

ә

е

е

д

д

Мына торкөздердегі әріптерді

Shape96 Shape95

а

б

бір торкөзден тастап кетіп оқысаң,

мақалды оқисың.

Shape102 Shape101 Shape100 Shape97 Shape99 Shape98

б

а

л

а

ы

б



Shape103 Shape104

б

а



Shape106 Shape107 Shape108 Shape105 Shape109

л

ы

р

л

а



Shape110 Shape111

о

л





Shape112 Shape113

р

л



Shape116 Shape115 Shape117 Shape114

а

с

а

а





18. «Өзіңді бағала»

Әр партада күннің суреті салынған қағаз жатады. Егер сабақта бәрі түсінікті әрі көңілді болса, күлкінің суреті, ал мәселе туындаса, бұлттың суретін салып қой.

19. «Адасқан әріптер»

Төмендегі мысалдарда қарамен жазылған сөздердегі әріптердің орны қалай ауыстырылған? Бір сөздегі бір әріптің ауысып келуі сөйлем мағынасына қандай әсер етеді екен?

Самал жерге шайқалтып,

Айласына мектептің

Биыл тағы шайқалтып,

Аққайыңдар етпекпін.

Оған бұл құс өткенде

Мұрын төгер қызыл күн.

Келер жыры көктемде

Жұрттың бәрі қызықсын!





20. «н ба, ң ба?»

Shape125 Shape124 Shape118 Shape123 Shape122 Shape120 Shape119 Shape121 Дауыссыз дауыссыз

Үнді үнді

Тіл алды тіл арты

Н-ң әріптері сөздің басында, ортасында, соңында келетін жағдайларға бірнеше мысалдар келтіріп жазыңдар.

  • Сөз басында келетін (немере, ... , ...)

  • Сөз соңында келетін (... , ... , ...)

  • Сөз ортасында келетін (... , ... , ...)

Н-ң әріптерін қатыстырып, мақал-мәтел жазыңдар.



21. «Қызықты елес»



Көп ойлаған бала болады,

Көп ойланған дана болады.

Shape127 Shape126



  • Балалар, мына суретті неге ұқсатасыңдар, елестетіп көрейікші.

Ұқсас заттардың атын жазайық: құс, бұлт, құрт, көбелек, тау, дөң, толқын т.б.

  • Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

  • Осы сөздерді көпше түрге айналдырып жазыңдар.

  • Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Сын есіммен тіркескен сөз тіркестерін жазыңдар.

Мына сызбаны аяқтаңдар:









Shape128

Зат есім



Shape130 Shape129

Shape132 Shape131

Түрлері

Сұрақтарыы



Shape142 Shape141 Shape140 Shape133 Shape139 Shape138 Shape137 Shape135 Shape134 Shape136

Shape146 Shape144 Shape143 Shape145

Shape147 Shape148 Shape149 Shape150

Shape151 Shape152





22. «Тез тауып, бөгелмей айт»

1. Берілген сөздерді пайдаланып, мақалдар құрастырыңдар.

  1. Тозу, азбайды, тозбайды, білім,ақыл

  2. Бесік, жер, туған, алтын.

  3. Алты, төрт, ала, болу, төбе, келу.

  1. Сөз таптарына талдау жасаңдар.

23. «Кім зейінді?»

Көзді жұмып, іштей жазуға дайындаламыз. Сөздер тез оқылады. Оқушылар қаншалықты сөздерді есіне сақтады, қағаз бетіне түсіріп береді. Түгел жазған бала «зейінді бала» атанады.

Болашақ, дала, мезгіл, Астана, Құлагер, ұлан.

Жалпы есімдерді тауып, бір сызықпен, жалқы есімдерді екі сызықпен сызыңдар. Өзіңе ұнаған сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.

24. «Кім шапшаң?»

Мұғалім сұрақтар қояды, оқушылар жылдам жауап береді.

  • Сөз таптарына нелер жатады?

  • Етістік деген не?

  • Етістіктің түрлерін ата.

  • Дара етістік пен күрделі етістіктің айырмашылығы неде?

  • Жалқы есімге мысалдар келтір.

  • Сын есімнің анықтамасын айта ғой.

  • Дара сын есім мен күрделі сын есімдерге мысалдар айт.

  • Сан есімдер қандай болады?

25. «Өлең жолдарын толықтыра аласың ба?»

сShape153 үйемін.

өShape154 леңім.

аShape155 сыр сап

кShape156 елемін.

26. «Анаграмманы шеш»

Қажет сондай құралмын,

Қолыңа жылда мың алдың.

Соңғы екі әріп алмасса,

Баспана болып шығармын.

Анаграммадағы сан есімдерді тауып, күрделі сан есімдерге айналдырып жазыңдар.

Мына сандарды сөзбен жазыңдар.

527 - 2346 –

138 –

27. «Қызықты сөйлем»

Әрбір сөзі бірдей дыбыстардан басталатын сөйлем құрастыру.

3 - 4-сынып үшін 2 – сынып үшін

А ... а ... а ... а ... Б ... а ... а ...

Ж ... ж ... ж ... ж ... Б ... б ... б ...

С ... с ... с ... с ...

Б ... б ... б ... б ...

28. «Баспалдақ»

Кім баспалдақтан сүрінбей жылдам түседі?

Shape158 Shape157

о



Shape164 Shape165 Shape163 Shape162 Shape161 Shape160 Shape159

о

о



Shape170 Shape169 Shape167 Shape168 Shape166

о



Shape176 Shape175 Shape174 Shape173 Shape172 Shape171

о





Shape183 Shape182 Shape181 Shape180 Shape179 Shape178 Shape177

о





29. «Сөз ойла, тез ойла»

А әрпінен басталатын сөздер ойлап жаз. Кім қанша сөз жазады?



Shape185 Shape186 Shape184





АShape188 Shape187

Shape189 Shape190 Shape191











30. «Кім жылдам?»

Сөздердің бірінші және соңғы әріптері бірдей дыбыстардан тұратын сөздер жазыңдар.

Shape193 Shape192

к



Shape196 Shape195 Shape194

к





кShape200 Shape199 Shape198 Shape197

к

Shape210 Shape209 Shape208 Shape207 Shape211 Shape206 Shape205 Shape204 Shape201 Shape203 Shape202

к

к



Shape218 Shape217 Shape216 Shape212 Shape215 Shape213 Shape214

к





31. «Кім алғыр?

Shape228 Shape225 Shape226 Shape224 Shape223 Shape222 Shape221 Shape227 Shape220 Shape219 А Т А Қ Т А С

Shape229 А Ы У Ө Ө Б Т

Shape230 Л Р А С К Е А

Shape231 М А А Н Е А Н

Shape232 Ж Т Ғ Е М Ғ А

Shape233 Е Ы З Н Р А Н

Shape234 З Қ А Қ А Ы Д

Кестеден қала аттары шығуы керек. Қандай қалалар?



32. «Мен қандаймын?»

Өз атың қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтыңдар. Мысалы: Самал – сымбатты. Гүлжан – гүлдей.

33. «Схема арқылы жатқа айту»

Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, схема бойынша жатқа айту. Ескерту: өлең 1,2-ақ рет оқылады.

Өсірген ой-білімді Ө ... О ... –Б

Сүйем туған тілімді. С ... Т ... Т.

Мақсат етем әр сөздің М ... Е ... Ә ... С

Мәнін терең білуді. М ...Т ... Б.



34. «Жалғасын тап»

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып айтыңдар.

  • Өзге елге ұлтан болғанша,

... ... ... ... .

  • Туған жер - ... ... .

  • Көре-көре көсем боласың,

... ............... .

  • Ата-ананың қадірін

...................... .

  • Ұқыптының тоны тозбас,

.................... .



35. «Қай сан?» сөзжұмбағы



  1. ............ ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

  2. ............ түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

  1. .......... саусағынан өнер тамған.

  2. Ер жігіттің ....... сөйлегені – өлгені.

  3. ........... қырлы, .... сырлы.

  4. ............ атасын білмеген – жетесіз.

  5. Білекті ......... жығады,

Білімді ......... жығады.

  1. Жігіттің құны ........ жылқы,

Ары ............ жылқы.

  1. Білгенің ......... ............,

Білмегенің ........... ............ .

  1. .......... теңгең болғанша,

........... досың болсын.

  1. ......... рет өлшеп, ........ рет кес.

  2. Бас ....... болмай,

Мал ........ болмас.

  1. ....... саусақ бірдей емес.

  2. ........ ауыз сөздің

Тобықтай түйіні бар.



36. «Сиқырлы сандық»

Сандықтың ішіне 3,7 сандары жасырылған. Осы сандар туралы не білесіңдер? Мысалы:

  • 3 мақсат, 3 арсыз, ... , ... , ... .

  • 7 керемет, 7 шелпек, ..., ..., ... , ... , ... .

Әрқайсысын жіктеп айтып беріңдер.



37. «Басқаша қалай?»

Төмендегі сөздерді бір сөзбен қалай айтамыз? Ойланып, мағынасын айтыңдар.

  1. Төбе шашы тік тұрды - қорықты

  2. Көз ұшында көрінеді - ...........

  3. Қолды болды - ..........

  4. Жүрек жұтқан - ..........

  5. Қоян жүрек - ............

  6. Көзі іленбеді - ............

  7. Көзге түртсе көргісіз - ...........

  8. Бетінен оты шықты - ..........

  9. Ат құйрығын кесті - ............

  10. Араларынан қыл өтпеді - ..........

  11. Күлі көкке ұшты - ...........

  12. Көз шырымын алу - ..........

  13. Көзді ашып-жұмғанша - ..........

  14. Беті бүлк етпеді - ...........

  15. Ит терісін басына қаптатты - ...........

  16. Ат ізін салмай кетті - .............

  17. Тісіңнен шығарма - .............

  18. Аяғанымды ит жесін - ............ .

38. Әзіл сұрақтар «Мақал – сөз атасы»

Қойылған сұрақтарға мақалмен жауап беру керек.

  • Жыланды інінен қалай шығарады?

  • Қар жана ма?

  • Инемен құдық қазуға бола ма?

  • Аппақ қарға бола ма?

  • Тастың жеңілі бола ма?

  • Кімнің елу құлағы бар?

  • Тауық түсінде не көреді?

  • Білетінің қанша, білмейтінің қанша?

  • Оттан да ыстық болып тұратын не?

  • Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер нелер?

  • Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады?

  • Отқа түсіп күймеуге бола ма?

  • Қарныңды қалай тойғызар едің?

  • Намыстан, қамыстан ажал табушылар.

  • Өрге шыға алмайтын не?

  • Ақыл мен қынаның мекенжайы.

  • Балға тең тәттілер нелер?

  • Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз болады?

Мәтінмен жұмыс 39. «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою»

Тақырып: Дән

  1. Мәтін тексі топтарға тартылып беріледі;

  2. Әр оқушы тексті түсініп оқып шығады; Ескерту: мәтінді түсініп оқып шығуға уақыт беріледі. (1-2 мин) 1-абзац бойынша 3 сұрақ дайындау.

  3. Абзацтар бойынша жұптық сұрақтар:

Shape235 1 №2 оқушыға

Мысалы:

  • Балапан не тауып алды?

  • Ол қандай еді?

  • Ол не деп ойлады?

  1. Shape236 2 №1 оқушыға өзінің дайындаған сұрақтарын қояды.

  2. 2-3 абзацтар да осылайша жүргізіледі.

  3. Мәтін бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Мұғалім әр топқа жақындап, өз қалауынша оқушыларға сұрақтар қояды.

  4. Проблемалы сұрақтарға жауап алу;

  5. Топ мүшелерінің өз ой-пікірлері, ұсыныстары айтылады. Қорытынды жасайды. Эссе де жазуға болады.

Оқушылар еркіндігі, сөз еркіндіктері естен шығарылмауы қажет.

Балапан ауладан дән тауып алды. Ол қайырымды еді. Ешқашан жалғыз өзі ештеңе жеген емес. Барлығын да бауырларымен бөліске салатын. Ол енді дәнге қарады да, ойлады: «Дән өте кішкентай. Оны біреуіміз ғана жеуіміз керек. Дәнді жерге көме тұрайын. Ал өзім тағы да дән іздейін. Сонда барлығымызға дерлік жетеді».

Балапан әрлі-берлі жүгіріп, дән таба алмады. Бұны көрген Тауық-ана былай деді:

  • Дәнің жерде қала берсін. Одан не жасауға болады екен, күзде байқайық.

Күз де келді. Балапан дән көмген жерде ұзын бидай сабағы өсіп тұр. Масағында көп-көп дән бар екен. Олар одан дәмді ботқа пісірді. Ағайынды балапандар тойғанынша жеді.





40.«Тізбектен шығып қалма»

Бастаушы берілген сөздің соңғы буынынан басталатын сөздер тауып, тізбектеп айтып шығуды тапсырады. Балалар отырған қатарымен бірінен соң бірі жалғастырып айта береді. Ол үшін бірінші сөздің соңғы буынынан келесі сөз басталатындай етіп ойлап алған жөн. Ол сөздер көп буынды болып келгені қолайлы. Ойынға қатысушылар өз кезегінде лайықты сөз тауып айта алмаса, тізбектен шығып қалатыны ескертіледі. Мұны жазбаша түрде орындауға да болады.

Мысалы: кітап – тапсырма – маса - ... - ... - ... т. Т

41. Криптограмма

Shape240 Shape244 Shape242 Shape243 Shape238 Shape239 Shape241 Shape237

4

3

2

1





Shape252 Shape251 Shape249 Shape250 Shape247 Shape248 Shape246 Shape245

8

11

6

10

9

7

6

5





Shape260 Shape259 Shape258 Shape257 Shape255 Shape256 Shape253 Shape254

3

13

11



Shape267 Shape268 Shape264 Shape263 Shape265 Shape266 Shape261 Shape262

6

11

10

3

9

14





Shape276 Shape273 Shape274 Shape275 Shape271 Shape272 Shape270 Shape269

6

11

10

6

15





Shape277 Shape278 Shape280 Shape279 Shape283 Shape284 Shape281 Shape282

18

16

17

21

20

19





  1. Егер мына криптограмманы дұрыс шешсеңдер, үй жануарлары туралы мақалды оқуға болады.



42. «Бос уақыт»

Көп нүктенің орнына септік жалғауларын қойыңдар.

Бос уақытың... қалай өткізесің?

Бос уақыт... не істейсің?

Мен спорт... жақсы көремін.

Таза ауа... ойнағанды ұнатамын.

Туристік жорықтар... шыққанды ұнатамын.

Кеш... дейін теледидар көресің бе?

Сабақ... кейін велосипед тебемін.

Үй шаруасы... айналысамын.

43. «Кімнің сөздік қоры мол?»

Неғұрлым көбірек синонимдерін тапқан топ жеңімпаз атанады.

  • Жомарт, ... , ...

  • Сұлулық , ... , ... ,...

  • Әдептілік , ... , ... , ...

  • Халық, ... , ... , ...

  • Үлкен, ... , ... , ... , ...

  • Мансапқор, ... , ...

Осы синонимдерге мысалдар арқылы түсініктеме беріңдер.

Мысалы: жомарт - біреудің сұрағанын бере салатын, қолы ашық адам.

44. Блиц турнир (мақал-мәтел сайысы)

1-топ 2-топ

Байлық – қанағат пен (еңбекте) Есебін тапқан (екі асар)

Берекені көктен тілеме, .... ... ... Оңай олжа ... ...

Алтыныңа сенгенше, ... ... . Ортақ өгізден ... ... ... .

Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, Сауып ішсең мың күндік,

... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Ескі киімді баптағаның - ... ... ... . Есебін тапқан жігітке ... ... ... ... .

Теңге тиыннан ... . Есепсіз дүние жоқ,

қолдағының ... ... .

45. «Қай белгі?»

... белгісі ... белгісі

Мен ... , ... , Мен ... ... ,

Міндетімді түсіндім. Сөйлем соңы- күткенім.

Күрделі ойды көремін, Жағаласып тұрмайиын,

Сөйлем, сөзді бөлемін. Ойды толық тыңдаймын.

Болмаса егер ... , Ой біткенше бағамын,

Жүйелі ой-пікірлер Сосын орын табамын.

Жетпейді де анық боп, Жан-жағыңа алақтап,

Жаңылысар халық көп. Кітаптарды парақтап,

Мен құрмалас сөйлемді Қазір оқып шық, мейлі,

Ажыратам кейде енді. Менсіз ойың бітпейді.

Жөнсіз жерге түспеймін,

Қыруар іс істеймін.

... белгісі ... белгісі

Тосын тиер құлаққа Санаңа тез жеткім кеп,

Неше түрлі сұраққа Сөйлеймін мен екпіндеп.

Үңіліп мен қаламын, Жай сөйлеу жоқ дағдымда,

Нақты жауап аламын. Мағына да бар мұнда.

Толықтаймын еселеп. Қуанып, не ашынып

«Қандай?», «қай?» Сөйлегенге леп берем,

деп жан-жақты Үнсіздікті жек көрем.

Анықтаймын әр затты. Нүкте үстінде тік тұрып,

Мықтылықты ұқтырып,

Шіренемін мен бүгін,

Сондай «тентек» белгімін

46. «ҰЛ» - дан басталатын сөздер

Shape285

ұл



Shape287 Shape286

ұл





Shape290 Shape289 Shape288

ұл



Shape294 Shape293 Shape292 Shape291

ұл



Shape299 Shape298 Shape297 Shape296 Shape295

ұл



Shape304 Shape303 Shape302 Shape301 Shape300

ұл



Shape305

Shape309 Shape310 Shape308 Shape307 Shape306

ұл



Shape314 Shape313 Shape312 Shape311

ұл



Shape316 Shape317 Shape315

ұл





Shape319 Shape318

ұл



Shape320



Торкөздерді «ҰЛ» буынынан басталатын сөздермен толықтырыңдар.

47. Метаграммалар

«Ж»-дан егер бастасаң, «Ж»-дан егер бастасаң,

Інісімін дауылдың. Мен бәйгемін кәдімгі.

«Ж»-ны сызып тастасаң, «Ж»-ны сызып тастасаң,

Мен арбадан табылдым. Інімді мен сағындым.

«Ж»-дан егер бастасаң,

Туыс болып келермін.

«Ж»-ны сызып тастасаң,

Өлең-жырға кененмін.

М.Әлімбай

48. «Кім көбірек айтар?»

Антоним сөздерді көбірек айту керек.

  1. Ақ - ... , үлкен - ... , жуан - ... , келу - ... , мол - ... , қараңғы - ... , қою - ... , келбетті - ... , еңбекқор - ... , баяу - ... , қашық - ... .

  2. Ақыл, бас, көз сөздерімен фразеологизмдерді қолдана отырып, ары қарай өздерің жалғастырып көріңдер. Сөйлесуде дұрыс қолдана білетініңді дәлелдеп, мысалдар келтіріңдер. Мысалы:

  1. Ақылға сыймау. «Бұл өзі ақылға сыймайтын мәселе болды».

  2. Ақылы алтыға, ойы онға бөліну.

  3. Бас десе құлақ деу. .........................

  4. Бас жоқ, аяқ жоқ. ..........................

  5. Бас қату. ..........................

  6. Көз алмау. .........................

  7. Көздің қарашығындай сақтау ...............

  8. Көз жету. ...................

  9. Көз салу. ...................

49. «Мәнісі қалай?»

Төмендегі фразеологизмдердің мәнісін түсіндіріңдер. Ары қарай өздерің жалғастырып көріңдер.

  • Сөз тапқанға қолқа жоқ;

  • Сөз баққан адам;

  • Отқа май құю;

  • Салы суға кетті;



50. «Сен ұстайтын дүниелер»



Ұйқас арқылы шешулерін табыңдар.



Қар түседі қашан Жерге түсккен айдай

Ақ көйлектей жаңа. Секеңдеуі көп-ті.

Жұрттан озып асам, Тура тептім таймай,

Болса астымда ... Ұстап көрші ... .



Дос қылатын өзіңді Қабат-қабат ақ бетті

Тосын-тосын әріпке, Сызған жлдан бап көрді.

Суреттері көзіңді Көк тонға орап әкепті

Табындырар ... . Саған керек ... .



Төксін десең сырлы саз, Кесіп алған қыраттан

Құлағын тек оң бұра. Қурайымның үні ізгі.

Тарта білсең, жұртың мәз ... Кетпес сазы құлақтан,

Қасиетті ... . Бұл не дейсің? ...

51. «Бұл не?»

Өлең ұйқастарын тапсаңдар, үй маңында жүретін жануарлар аттары шығады. Тағы қандай жануарларға ұйқас құрастыра аласыңдар?



Моп – момақан өзі, Сүт сұрайды мөңіреп,

Мөлдіреген көзі, Білмей алыс ұзауды.

«Мә – ә - ә» - сөзі, Сүзісетін көбірек,

Бұл қандай төл? Кім біледі ...



«Абаласа» мүлде, Ащыдан басқа жемейтін,

Жеңетіндей китті! Ыстық шөлде отаны,

Қой күзетсек түнде Шөлдесе су демейтін

Жолдас еттік ... . Кім біледі ...



Мұрны пұшық, Қиқу салып бақырып,

Көзі қысық, Айқайлауды тауыпты.

Өзі пысық, «Қыт - қыт» дейтін шақырып,

Бұл не? ... Кім біледі ...



52. «Ойлан, ізден, тап»

«Сөз тіркестері және тұрақты тіркестер» тақырыбы бойынша жаттығулар үлгісі.

  1. Сөз бен сөз тіркесі дегенді қалай түсінесің? Салыстыру арқылы дәлелде.

  2. Төменде берілген сөздерден сөз тіркестерін жаса.

... айту, ... мақта, ... жазу, ... сыйлау, ... өлке, ... шай.

  1. Зат пен оның сапасы тіркесіп келген сөз тіркестерін жаса.



* * *

Төмендегі тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратып, сөйлемдер құрастырып жазыңдар..

  • Көзді ашып жұмғанша - .................

  • Жұмған аузын ашпады - ................

  • Бармағын тістеді - ................

  • Он саусағынан өнер тамған - ...............

* * *



  1. Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін аяқтаңдар.

Екі көзі төрт ... , он саусағынан ... ... , түн ұйқысын ... ..., қой аузынан ... ... .



  1. Ауыспалы мағынасы бар үш мақал тауып жазыңдар. Ауыспалы мағыналы сөздің тура мағынасына мысал келтіріңідер. Мысалы: Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.



* * *

53. Сөзжұмбақтар

  1. Республикамыздағы бір өзеннің аты «батыр» сөзінің синонимі мен бастағы бір мүше атынан құралған. Ол қай өзен?

  2. Жұмбақ шешуі төрт сөзден құралған. Біріншісі – сарай сөзінің синонимі, екіншісі – астында сөзінің антонимі, үшіншісі – ірі сөзінің антонимі, төртіншісі – тау жынысты қатты зат. Ол қандай жұмбақ?

54. «Отан» мәтел - жұмбағы

Төменде көрсетілген сөздерден қанша мәтел құрастыруға болады?



Отан Ыстық Сатқан



Қадір Отбасы От Үлес

Бұлбұл Ұлы Халқы

Адал Тілегі

Ормансыз Еңбек Жүрегі







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2017
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі