Анаға қарап қыз өсер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анаға қарап қыз өсер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ананың қызына беретін үлгі - өнегелері туралы түсіндіру; ананың «бесік жыры» арқылы қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анаға қарап қыз өсер


Мақсаты: Ананың қызына беретін үлгі - өнегелері туралы түсіндіру; ананың «бесік жыры» арқылы қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету.

Өтетін түрі: сырласу

Құрметті Аналар, ұстаздар, қадірменді сұлу да, әсем арулар « Анаға қарап қыз өсер » атты сырласу кешіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз-ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде-ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен. «Қыз өссе – елдің көркі» деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баланы аялап, мәпелеп, ерекше құрметтеп, оның нәзік те, ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз.

Кештің беташарын «Сіңліге сыр» атты өлеңмен ашсам деймін.


Кешіміздің барысы:

  1. «Біз екеуміз бірге » жаттығу

  2. Баяндама «Қыз баланың жыныстық жетілуі және жеке гигиенасы» мектеп мед бикесі

  3. «Тәрбие бастауы - Ана» (аналармен сырласу)

  4. «Мен саған сенемін»жаттығу

  5. «Сынып жетекші - екінші ана» (сынып жетекшілермен ой бөлісу)

6. Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)

Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.

1-ші бөлім «Біз екеуміз бірге » жаттығу анасы мен кызы үйде бірігіп не істейтіндерін айтады мыс: Біз екеуміз бірге тамак жасаймыз, сырласамыз т.б 2-ші бөлім Баяндама 3-ші бөлім «Тәрбие бастауы - Ана» (аналармен ой бөлісу) «Ей ,өмір, неткенсоншажылдамедің?! Кеше ғана мен сабақ тыңдап едім Балалығыма тымды ойып жазған Парталарым орнында тұрма менің ? Жас талдар жапырақ жайғасын

Естілмей кетті — ауертектер,

Парталасқыздар қайдасың

Қайда екен ,қара тентектер» демекшісіздер де бала болдыңыздар, бой жеткен болып бой түзедіңіздер , сіздердің алған тәлім — тәрбиелеріңіз, киім киістеріңіз , жүріс- тұрыстарыңыз қандай еді , қазір — ХХІ ғасыр айырмашылық өте көп , бұған не дер едіңіздер ?

Аналардың пікірі :

4-ші бөлім «Мен саған сенемін» жаттығу

Анасымен қызы бір-біріне қарай отырып анасы қызына сенім білдіретін сөздер айтады

5 -ші бөлім. Сынып жетекші -екінші ана. (ой бөлісу)

«Көп ойлап бұрынғыша бала жайын,

Жүрсіз бе , сау – саламат  жан апайым ,

Тек сізге  арнап сәлем жолдаушы бұл

Өзіңіздің қолда өскен құралайың» демекші бүгінгі кешімізге 5-8 сынып қыз балаларының сынып жетекшілері қатысып отыр

Сынып жетекшілер қыздарын жекелеп мінез – құлқын , жүріс- тұрысын айтып өтсе

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-
дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.

6-шы бөлім «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу)

1. Жанұядағы саған ең жақын жан кім? Неліктен?

2. Анаңмен сырласасыңба, жеке басыңнын сырын ашасың ба?

3. Өзіңді толғандырып, жауабын шешімін таппай жүрген сұрақтарыңа анаңнан ақыл-кеңес сұрайсың ба?






Қорытынды

«Өткен  уақыт  өлшенетін аралығын

Ғылым үшін жоқ сенің жаңалығың,

Сенде жатқан жалғыз –ақ қазына бар

өзіңде өткен ол – менің балалығым»

деп отырып , «Анаға қарап қыз өсер» атты кешімізді аяқтаймыз . Келелі ой – пікір бөлісіп ,ойларыңызды айтқандарыңызға рахмет.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1751
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі