Аналар асыл жандар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аналар асыл жандар

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым педагогтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аналар асыл жандар .

Тәрбиеші:- Сегізінші март келді
Жанға ләззат ап келді
Қуанышты күндермен
Құттықтаймыз сіздерді
Аналарға мың алғыс!
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар!
Сіздерді 8-Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Әсемай
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Аналардың мерекесін біз бастайық
Көздеріңнен көрем шаттық арайын
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың!
Асылхан
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шатық ұлассын!
Салтанат : Білесің бе, Асылхан! Ана-деген керемет асыл жан. Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып, шырын беретін!
Асылхан : Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып беретін. Ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін, жылы-жылы сөздер айтады.
Салтанат: Ән демекші, бүгінгі мерекемізді әнмен бастасақ, өалай қарайсың.
Асылхан: Әрине, дұрыс айтасың! Сүйкімді аналарымызға «Анашым», әнін арнайық.
Қабыл алыңыздар!
1. Ән «Анашым» (Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың).
Тәрб: Жарайсыңдар балалар! Ал енді аналарымызға жырдан шашу шашайық!
Тақпақтар: Бекнұр , Айсұлу , Шоқан
Бекнұр
Гүл-гүл жайнап әріміз
Кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз
Айсұлу
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз
Шоқан.
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым

Тәрб: Жарайсыңдар балалар! Ал енді кезекті тобымыздың мың бұралған бишілеріне берейік.

Би: «Андижанский» ұлдар тобы.
Тәрб: Жарайсыңдар балалар! Кезекті және балаларымыздың аналарын мадақтайтын тақпақтарына береміз.
Тақпақтар: Ақгүлім, Санжар, Дәулет.
Ақгүлім
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі
Анасыз жоқ бір күнің
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Жырдың сұлу шоқ гүлін

Санжар
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Өлең айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын

Даулет
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Тәрб: Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз, құрметті де, ардақты әжелерімізді де ерекше атап құттықтаймыз «Қариясы бар үйдің- қазынасы бар»- деп халқымыз сыйлап құрметтеген әжелерімізге арнап жырдан шашу шашайық. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Тақпақтар: Әділет, Ақерке, Жанерке.

Әділет,
Мейірімді, сымбатты
Қадірменді қымбатты,
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер! Ол-АНА
Ақерке
Менің әжем, гүл әжем
Шуағы мол, нұр әжем
Анам үшін, мен үшін
Нағыз Ана тілі әжем
Жанерке
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем менің өйткені
Өте жақсы көреді

Тәрб: Жарайсыңдар! Ал енді өздеріңізге арналған «Әжетайым-әжешім» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Әжетайым-әжешім»

Тәрб: Балалар Қараңдаршы бізге қонаққа Көктем келіпті (көңілді муз. ойналады) Көктем ортада билеп балаларды мерекесімен құттықтайды.
Тәрб: Сәлеметсіңбе Көктем!
Көктем: -Сәлеметсізбе! Мен сіздерді Көктем мерекесімен құттықтаймын!
Тәрб:-Мерекелі Көктем айы біздің балабақшаға қош келдің! Сен неге мұңайып тұрсың!
Көктем:- мен өз бақытымды іздеп келген жанмын.
Тәрб:- Эхэ, э,э,э бақыт іздеп жүрмін дейсің бе!
Көктем:- Ия бақыт іздеп
Тәрб:- Көктем сен бақыт дегенді өалай түсінесің!
Көктем:- Мен бақыт дегенді, қуанышты өмір, мерекелік көңіл, ән мен би деп түсінемін!
Тәрб:- Ән мен би дедің бе, Ендеше сенің тілегіңді орындамасақ болмайды. Қабыл алыңыздар кезекті биге береміз.
Би : «Құстар биі»
Тәрб:- Жарайсыңдар қыздар! Талаптарыңа нұр жаусын!
Көрдіңіздер ме, көктем бақыт дегенді осылай түсінеді екен, ал біз ата-анамыз қасымызда аман болып, күліп жүруін еш қашан ауырмауын қалар едік. Қабыл алыңыздар!
Тәрб:- «Көрініс»-« Үш қыз.»
Тәрб:- Әрине біз де өмірлеріңіздің бал арасындай тату-тәтті өтуін тілейміз.
Тәрб: -ойын «Тостақанға ұн ішінен кәмпит алып баласын тауып жегізу»
Тәрб: -Жарайсыздар, көп рахмет сіздерге!

Тақпақтар: Сымбат, Санжар, Мерей.

Сымбат
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Санжар.
Еркелесем, күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп мені
«Құлыншаңым», «Күнім» дейтін
Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісіңді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Мерей
Қуанышта болайық,
Жақсылықты тойлайық
Аналармен қуанып
Асыр салып ойнайық
Тәрб:-
Әсем әнім, сырнайды
Әлем сүйіп тыңдайды
Тамылжытып ән салмай
Күнде думан болмайды демекші кезекті әдемі бір әсем әнге берсек.
Ән: «Анашым» (біздерде ананы сүйеміз).


Тәрб:Жарайсыңдар балалар!
Ал Көктем, көңіл-күйің көтеріліп жүзің нұрлана түскенге ұқсайды ғой.
Көктем:- Ия дұрыс айтасың. Мен өыымен өз кезегімді күттім. Енді әр күн сайын бүкіл дүние жүзіне мейірімділік пен сұлулықты әдемілікті сыйлаймын. Әр күндеріңіз қуанышқа тола берсін.Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрб:- рахмет саған көктем. Ал балалар көктемді біз әнімізбен шығарып салайық.
Ән: «Мереке Көктем»- (Құлпырып қырмен сай сала).

Тәрб:- Балалар бізге есік қағып келген кім екен! Балалар сендер мына қызды танисыңдар ма!
Балалар:- Ия
Тәрб: -Бұл кім өзі!
Балалар- Бұл ертегідегі Қызыл телпек екен.
Тәрб:- Қызыл

Тәрб:- Бұл ертегідегі Қызыл телпек екен.
Тәрб:- Қызыл телпек сен мұнда нағып жүрсің!

Қызыл телпек:- ой мен әжемді мерекесімен құттықтауға бар жатыр едім, бірақ жолда қасқыр кездесіп мені қуып келеді, мен одан қорқып қаашып кеттім.Ол мені жеп қояйын деді ғой.
И,И,И, деп жылайды.

Тәрб:- Қызыл телпек қарағым, сен мұңайма жылама, бізде бүгін үлкен той. Айналаға қарашы сен бүгін тойға келдің ғой, қарашы саған қонақтар қарап отыр ғой.
Қызыл телпек: -Айналаға қарап, ұялып тәрбиешінің артына барып тығылады.
Тәрб:- Қызыл телпек, сен жасырынбай-ақ қой сен әжеңе барғанда қандай сый жасамақшы едің!
Қызыл телпек:- Мен әжеме арнап тақпақ айтпақшы едім.
Тәрб: Ол қандай тақпақ!
Қызыл телпек:- «Менің әжем» деген тақпақ
Тәрб:- Жарайсың Қызыл телпек!
Қызыл телпек сен бізге қосылып біздің балалармен бірге ән салсаңшы!
Қызыл телпек:- Жарайды.
Тәрб:- Ал ендеше әнге кезек береміз.
Ән «Ана мерекесі» (күлімдеген көзі, күннің нұрындай).
Тәрб: Жарайсыңдар балалар!
Қызыл телпек, сен әлі де қорқып отырсың ба!
Қызыл телпек: Ия
Тәрб: Неге!
Қызыл телпек:- Әне анау қасқыр маған қарап тұр ғой, қазір ол маған келеді. Себеттегі әжеме алып бара жатқан тоқаштарды жеп қоятын болды ғой.
Тәрб: -Ой айналайын қорқағым-ау, біз мұнда неге тұрмыз, біз саған көмектесеміз. Балаллар қызыл телпекке көмектесеміз бе!
Балалар:- Ия
Тәрб:- Онда біздің батыр балаларымыз билеп қасқырды бұл жерден қуып шығады. Балалар бірақ абайлаңдар. Өздеріңе зиян жетіп жүрмесін.
Би:- Гамгаммстар биі
Ойын ойналады: Тәрб: -Жарайсың Қызыл телпек, Өркенің өссін! Бақытты бол!
Залға Әсемай мен Нұртас шығады.
Әсемай:- Ана менен баланы айырмасын, Бірі ән де, бірі оның қайырмасы.
Нұртас:- Болғанда әке дәулет, ана-бақыт тағдыр бізді олардан айырмасын!
Тәрб:- Құрметті аналар, қыздар! Міне бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізде соңына таяп қалды.
Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып кешімізді Көктем әнімен аяқтаймыз.
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірлеп
Аналарға сыйлаймыз- деп балаларыңыздың сіздерге арнап жасаған гүлдерін қабыл алыңыздар!
Қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2018
382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі