Материалдар / Аналар күнініне арналған ашық тәрбие сағаты Анашым асыл анам
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аналар күнініне арналған ашық тәрбие сағаты Анашым асыл анам

Материал туралы қысқаша түсінік
Анашым асыл анам аналар күнініе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2019
1941
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ана- тіршілік тірегі

Мақсаты: Анаға деген суйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеуге, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Біз ғана емес қадыр тұтқан балалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар


Кеш жарық қымбатты аналар, арулар және апалар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні де келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбеген. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі мерекелік кешіміз сіздерге арналады.

Десекте уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға “Айгөлек” балабақшасының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Теңіздер тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде - дей отырып балалардың «Ана жүрегі» атты биін қабыл алыңыздар.

Кәусар: Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Айдана:Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақтағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

Інжу: Асыл анам нұр шашқандай келбетің

Сенсіз басып журе аламба жер бетін

Бір қолыңмен бала жатқан бесікті

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің

Ақерке: Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн

Әркім суйер өзінің

Мақтан етер анасын

Айша: Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен

Даниал: Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Нұрымжан: Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан


Сайфулла: Күн нұрындай шуақты

Мейірбанды нұр жүзің

Сау бол әр кез қуатты

Деп тілейді ұл қызың

Ерасыл: Мерекені қарсы алып

Мәз болады барша жұрт

Гүл ұсынып анаға

Бердім өзім ән салып


Ән хор: Топ- топ Балақай

Ән: Ағылшын әні


Жүргізуші: Балалар біз жылдың қай мезгілімен қош айтысып жатырмыз? Бізге қонаққа қай мезгіл келіп жатыр? Ендеше балалар көктем аруды шақырайық.

Көктем ару:

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, Асыр caп тентек жігіт - жел еседі. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, Таң-тамаша дүние жүзге еніпті. Асқар ала таулардан асып әрі, Аяз атаң барады мұз бөрікті. Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы. Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек, Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...

Жүргізуші: Кунінде гүл көктемнің нұрын шашып

Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып

Биімен көрерменді тәнті ететін

Арулар келді міне толқып тасып-деп Қуыршақтар биін қабыл алыңыздар.

Малика: Әр сөзімді жаттаған

Жүрегінде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Шұғыла: Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі

Динара: Ақ жүректе сақтаған

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен суйемін

Келші, келші ақ мамам

Гүлшара: Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Анель: Аналарды суйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз


Жүргізуші: Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен

Өшпес ыстық алаулаған жалынмен-дей келе ортада жігіттердің «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Нұрымжан: Әжем менің ақ әжем

Ешкімде жоқ әжем

Ертегі айтып береді

Маған да сол керегі

Сайфулла: Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа уйретіп

Жамандықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді

Даниал: Менің апам бұл апам

Айтқан сөзі дәл апам

Аман болса көрді

Қызығымды әлі апам

Ерасыл: Мені ертіп жетектеп

Осы күнге жеткізген

Бізді бағып өсірген

Аман болсын жан әжем

Айдын: Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Мейрам күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз




Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда

Сіздер үшін мереке шашулары- дей отырып “Балбөбек” тобымыздың биін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Әр кімніңде өмірден аласы бар

Аласы бар адамның анасы бар

Мерекені құттықтап аналардың

Өнерлерін жодайтын баласы бар-деп қыздарымыздың “Сағындым әже” әнін қарсы алыңыздар.

Ақерке: Тәттілерін сақтайды

Ақеркеме берем деп

Мен тілеймін әрқашан

Әжем аман болсын деп

Малика: Әжемді жақсы көремін

Өлең айтып беремін

Улкен болып өскенде

Бәрін алып беремін


Шұғыла: Жер жүзілік мерекең

Құтты болсын анашым

Өзің бақыт берекем

Мәпелейтін баласын

Інжу: Аман болсын басыңыз

Ағармасын шашыңыз

Шөбере суйіп әлі де

Жүзге жетсін жасызың

Айша: Апам мені айым дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Апам мені күнім дейді

Мени қуансам күлімдейді

Динара: Бізді өсірген апатай

Еңбегіңде зор екен

Құтты болсын апатай

Құтты болсын мерекең

Гүлшара: Менің анам ақылшым

Күн секілді білгенге

Шашырайды шуағы

Үйімізге кіргенде

Айдана: Әжем менің осындай

Шай қайнатып беретін

Әжем менің осындай

Өлең айта білетін

Анель: Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен

Аппақ әжем, пәк әжем

Мейіріммен тербеткен


Жүргізуші: Ержігіттеріміздің «Джельтенмен» биін қабыл алыңыздар!


Балабақшамыздың мың бұралған биші қыздарымыздың «Айгөлек» биін тамашалаңыздар!


Жүргізуші: Ана- барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым

Барша ана құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз

Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар, біздің “Ана- тіршілік тірегі” мерекелік ертеңгілігімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгілде біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концетіміз аяқталды.


Қорытынды құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Бағдатқызы Жібек апайға береміз.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!