Аналар мерекесі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аналар мерекесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке- Аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс-әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Аналар мерекесі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға көктем мезгілінде болатын алғашқы

мереке- Аналар мерекесі туралы түсінік беру.

Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу.

Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі

іс-әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін

дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көктем мезгілінің суреті, аналар мерекесі туралы суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қуанамын менде,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

  • Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Бәріңе сәттілік тілеймін!

Балалар бойына жиналып бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.

Ұйымдастыру-ізденістер

Кіріспе бөлім.

а) Балалардан тақтаға көктем мезгілінің бірнеше суреттерін іліп, жылдың қай мезгілі екендігін сұрау. «Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген

сұрақ арқылы балаларға жауаптарын дәлелдету.

Сұрақ-жауап:

  • Көктемде неше ай бар?

  • Қай айдан басталады?

  • Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

ә) Балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап,толықтыру.

Негізгі бөлім.

а) Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.

Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

ә) Сурет бойынша жұмыс.

Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі- халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

«Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салады.

б) Ғ. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттату.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Шартылдайды- сартылдайды, тарсылдайды.

Қып-қызыл отпен белгі- бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.

Өпкен жел- бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

Дидактикалық ойын: «Көктемгі гүлдер»

Ойын шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттайды. Мысалы: бәйшешек,

қызғалдақ, сарғалдақ.

г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.


Сұрақтарға жауап береді.












Мұқият тыңдайды.




Аналар мерекесі туралы түсінік алады. Суреттер бойынша танысады.




Тапсырманы орындайды.


Өлеңді жаттайды.


Сөздердің мағынасын түсінеді.




Ойын ойнайды.

Рефлексивтік-түзетушілік.

Қорытынды.

а) « Өрік ағашы» әңгімесін оқып беру.

ә) «Кімнің дауысы, табайық!» ойынын ойнату

Балаларға ана туралы жаттаған өлең тақпақтарын айтқызу.

Мадақтау.

Балалар сабаққа белсенді араласады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Аналар мерекесі туралы біледі.

Түсінігі: Аналарға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, көмектесу жайлы түсінеді.

Көрсете білу: мақал-мәтел, өлеңдер жаттайды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2018
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі