Аналар мерекесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша музыка жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

музыка жетекшісі: Қадыр Жандос Қадырұлы


Тақырыбы: Аналар мерекесі

Жүргізуші: Қымбатты аналар! Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы ағаларымыздың, апа, сіңлілеріміздің төл мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз! денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілейміз! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін, сіздер қашанда өздеріңізді сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар. Бүгінгі бізбен өткізетін сәттеріңіз сіздерге көңіл күй сыйласын!


Енді құрметті қонақтар сіздерді құттықтауға ортаға ұл-қыздарымызды шақырамыз.

Мерекелік музыка ойналып, залға қолдарына бір гүлден ұстап, ұлдар билеп кіреді. Артынан қыздар шығып музыка ырғағымен ұлдармен жұптасып билейді.

Жүргізуші: Тілекті ағытып тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айын.

Ортаға үш тәрбиеленуші шығады үш тілде айтып;

бала;Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар!

Ақ жаулықты әжелер, асыл, да аяулы аналар, бақшамыздың ұстаздары, ару қыздар! сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

тақпақ

бала;...білесің бе, ана деген керемет асыл жан. Менің анам қалағанымды алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып шырын береді.

2 бала: ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Жүргізуші: Кәнекей,ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әсем әнмен бастайық.

Ән « »

1 бала: Әйбат анам, әй анам,

Жұлдыз анам, ай анам.

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

2 бала: Жамандықтан қорғаған,

Жақсы жолға баулыған.

айналайын ақ мамам,

Жырым осы сыйлаған.

3 бала: Еркелеймін шаттанам,

жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетінен сүйейін,

Келші, келші ақ мамам.




4 бала: Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

5 бала: Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп жанасың.

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймыз анашым!

Көрініс: «Немересі мен әжесі» жайлы

қыз: Жүрегім кім менің?

ұл: мен

қыз: Тірегім кім менің?

ұл: мен.

қыз: жаным кім менің

ұл: мен.

қыз: сәнім кім менің

ұл: мен.

қыз: ботақаным бағлан қозым,

не деген тәтті баласың,

Ой. қарғам менің!

ұл: жоқ, әже, қарға мен емес!

Жооқ қарға болмаймын!

Қарға қарқ-қарқ етеді.

Алысқа ұшып кетеді. қасында боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

ұл:Жақсы көрем әжемді мен, ертегі айтып беретін.

Құлыншағым, құлыным деп, майдайымнан сүйетін.

-Әже, Алла деген кім?

қыз: Алла деген тәңірін не сұрасан беретін.

Тәңірімнен сұраймын мен шапағатыңды төкші деп,

Осы отырған бәрімізге бақытты өмір берші деп.


бір бала Асыл, әже , мақтанышым менің

қонақ болып отыр, міне төрімде

Өзіне арнап балдай тәтті үніммен

ән салатын кезім келді менің де.

Ән Әже

Жүргізуші: Ақ жаулықты әжелерімізге аранп өлең жырларымызды айтып берейік.

6 бала: Әжем менің ақ әжем,

Аппақ әжем пәк әжем

Басқалардай емессіз

Сүйкімдісіз ақ әжем.


7 бала: Еркелесем «күнім» дейді

Ұрысқаны білінбейді

Маңдайымнан иіскеп мені

«Құлыншағым», күнім дейді.

8 бала: Әжетайым, әжетай

Сені жақсы көремін

Саған өлең тақпақтар

Жатқа айтып беремін.

9 бала: Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

10 бала: Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тіл әжем!


Би

Жүргізуші: Балалар «қыз өссе елдің көркі» деп, халқымыз тегін айтпаған. расында да қараңдаршы біздің қыздар қандай әдемі, Сүйкімді! Қыздарға арнап өлең жырдан айтып берейік.

11 бала: Біз қыздарды тыңдаймыз

Итеріп қумаймыз

Бұрымынан тартқылап

Біз тентектік қылмаймыз.

12 бала: қыздар айтса ұғамыз

жолды беріп тұрамыз

бақшаға олар келгенде

Алдарынан шығамыз.


Ойын

13 бала: Тыным таппай күнімен,

Ұйқы көрмей түнімен

Бар тірлігін тындырып

бірге ойнайды менімен.

14 бала: Қайдан біле берейік

Көп тірліктің жайын біз

Қандай жұмыс болса да.

«Ана» үшін дайынбыз.

15 бала: қыз болсам ғой қиналмай,

кірін жуып берер ем

Шай қайнатып, бала ойнатып

Үйін жинап жүрер ем.

Ойын Ананың көмекшілері

Жүргізуші: Залымыз қандай әдемі

бақшамыз да тамаша!

Көңілді бір би билеп

Қуанайық балаша

Ортаға бишілерімізді шақырайық.


Би Ча-ча-ча

Жүргізуші: Қандай бала болмайық

анамызға дәріміз

Көтерсінші көңілін

Ән салайық бәріміз.


Ән Көктем

Ойын Көңілді аналар

Би

тақпақтар

16 бала: Құшағына кіргенде

жылынамын бір демде

Не жетеді көзіне

Мейірімді күннен де

Үн қатасын бал тілімен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын, анашым

Сегізінші наурызбен!


Ән

17 бала: кір түсірмей жағама

шашымды да тарайсың

бақшаға мен барарда

мейірлене қарайсың.

тау қопарылып тас, тасты үгіп

Тұрғыздың сен не қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен Ана!


Балалар: Жүрегінде махаббат

Тілегінде мархабат

Еркелеткен біздерді

Анамызға мың алғыс!

Жүргізуші: Бүгінгі айтылған ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалған ән сіздерге арналады. Бүгін сіздерге арналған « Анамызға мың алғыс!» атты ертеңгілігіміз аяқталды! Кездескенше күн нұрлы болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі