«Аналарды біз сүйеміз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Аналарды біз сүйеміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Аналарды біз сүйеміз ! Сөзін ойға түйеміз . Әрқашан біз ардақтап . Әжеге бас иеміз ! Сеннен өскен балалар . Батырлармен даналар . Құттықтаймыз мейраммен , Құрметті апа , аналар !
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Аналарды біз сүйеміз» атты

8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

Аналарды біз сүйеміз !

Сөзін ойға түйеміз .

Әрқашан біз ардақтап .

Әжеге бас иеміз !

Сеннен өскен балалар .

Батырлармен даналар .

Құттықтаймыз мейраммен ,

Құрметті апа , аналар !

Қымбатты да ардақты , аяулы аналар мен құрметті көктемгі құлпырған қыздар !

Гүл көктем ,ару көктем ,күн көктем !

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-Наурыз әжелер , аналар , қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз !

Мына жарық дүниенің мәні де , сәні де сіздерсіздер !

Балалардың сіздерге арналған « Аналарды біз сүйеміз » ертеңгілігімізді

қабыл алыңыздар !

Жүргізуші

Әлпештеген аялаған ,

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамымен құттықтаймын .

Құрметті әжелер , апалар , қыздар бұл ән сіздерге арналады .

Хор : « Анашым » Әні

1.Айналайын анашым ,

Әлемдегі жан асыл

Болса маған не керек ,

Бәрін іздеп табасың

2.Айналайын анашым

Асқар таудай панасың

Күнт көзіндей күлімдеп ,

Құшағыңа аласың

Жүргізуші :

Ақ анашым, аппағым .

Өзің жайлы тақпағым ,

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы –дей отыра сіздерге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар !

Әзима

Мәпелеп мені өсірген ,

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет ,

Сыйлап өтем өмірде

Менің әжем , бұл әже

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әже .



Арман

Аялаған анашым ,

Мәпелеген анашым,

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым .

Расул

Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Еркебұлан

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде .

Сахыналық көрініс : «Көбелек »

Музыка әуенімен көбелек ішке кіріп мына гүлдердің әдемісін ай

исі қандай тамаша керемет .

Жүргізуші :

Балалар бізге көктем айы келіп еді , көбелектер ұшып келіпті .

Көбелек : Сәлеметсіздерме ?

Жүргізуші :Сәлеметсіңбе ! Көбелек ортамызға қош келдің .

Көбелек : Балалар айтыңдаршы бүгін аналарымыздың мерекесі ғой , иә .

Балалар :Иә



Жүргізуші : Бүгін аналарымыздың мерекесі бүгін бізде үлкен той .

Көбелек : Гүлдердің қасына келіп мына гүлдерді аналарға сыйласамба

екен деп гүлдердің жанында жүреді .

Жүргізуші : Көбелек сен өзің де әдемісің , сұлусың , нәзіксің , табиғаттың көркісің .

Көбелек : Мен жалғыз келгенім жоқ сіңілдеріммен келдім , сіңілдерім

маған қарай ұшып келіңдер .

«Көбелек» биі . Қыздар

Жүргізуші :

Наурыздың сегізі ,

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың ,

Анаға айтар лебізі .

Хор : « Ақ мамам »Әні

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау бол ақ мамам

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен 2рет

Би : Гүлдер биі қыздар



Тақпақтар:

Нұрай

Мен анамды сүйемін

Сөзің ойға түйемін .

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін.

Нұрболат

Менің әжем гүл әжем .

Алтын әжем, күн әжем .

Анам үшін мен үшін .

Нағыз ана тіл әжем .

Айшабибі

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз .

Дамир

Бесіктерін әнімен .

Тербетуге аналар

Жасай берсін сәнімен,

Жер бетінде аналар .









Сұлтан

Бала , бала , бала деп .

Мені өсірген анашым

Гүлге толсын құшағың

Бақытты бол анашым .

Жүргізуші :

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін қанекей , көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі .

Қол соғып демеу берер көрермендер .

Би :Ұлдар биі

Хор : «Ақ әжем »

Өзің мені өсірген ,

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе дана әжем !

Шай қайнатып берейін

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін ,

Балдай тәтті бал әжем











Тақпақтар

Болат Кәусар

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап ,

Әдеппен бас иеміз .

Әмина

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін .

Е. Нұрислам

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Өлең айтып бүгін саған .

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Мансұр

Бізді өсірген анашым.

Еңбегіңіз зор екен ,

Құтты болсын анашым,

Құтты болсын мерекең .





Расул

Көктем , көктем , көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Ән мен қарсы аламыз

Көктем, көктем ,көктемде

Күн күркіреп өткенде ,

Нұр жаңбырды тосамыз

Оны да әнге қосамыз .

Көктем , көктем , көктемде

Күн шуағын төккенде

Күлім- күлім қағамыз ,

Ойнап асыр саламыз .

Ән : Ақ мамам Әзима әні

Еркелеймін шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші , келші Ақмамам

Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші келші Ақмамам





Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер .

Күндеріңіз толсын гүлге желекке отбасында болсын ырыс -береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді .

Өмір думан , бақ әкелсін мереке дей отыра бүгінгі мерекеге арналған

Ертеңгілігіміз аяқталды , келіп тамашалағандарыңызға көп -көп рахмет.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.10.2018
996
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі