Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аналарға сыйлық

Материал туралы қысқаша түсінік
мерекелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аналарға сыйлық»


Мақсаты:
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші балалар, бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесіне сыйлық дайындаймыз. Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, арналған, сыйлықтармызды жасауға кірісеміз.

Өлең жолдарын оқу
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Тәрбиеші: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар аналарға қандай сыйлық сыйлауға болады. Балалардың жауабы Гүл

Тәрбиеші Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін мынандай әдемі гүлді жасаймыз. Мен сендерге көмектесемін. Сосын сол гүлді аналар мерекесіне сыйға тартамыз. Гүл туралы тақпақты кім айтады.

Жансая біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күнні бір бірден, Аналарға сыйлаймыз

Тәрбиеші Аналарың сендерді қалай еркелетеді.

Балалар аналарының қалай еркелететіндігі жайлы жарыса айтты. Күнім, айым, қозым, ботақаным, құлыншағым.

Тәрбиеші дайын үлгідегі қиылған гүлдің күлтешелерін таратып береді, Балалар желім жағу арқылы мұқият жапсырады.

Айбар

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.


Алдияр Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.


Ойын:»Кім тез гүл тереді?»
Шарты: гулдерді түстеріне қарай жинау

Балалар жасаған жұмыстарын қалай жасағандары жайлы айтып әңгімелеп береді



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі