Менің Анам – әлемдегі ең жақсы адам!
1 жүргізуші: Наурыз күні – Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні,
Анасыз жан туған жоқ, жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім, сендер мұны!
2 жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты әжелер, Асыл аналар, қыз – қызғалдақтар, қонақтар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан, бүршік жарады. Біздің де асыл аналарымыз барлық қиындыққа төзеді. Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
1 жүргізуші: Құрметті Ата- аналар көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналарға арналған «Менің Анам – әлемдегі ең жақсы адам!» атты байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділдікпен баға берер аруменен әкеге
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ ару мен әкесін таңдап бүгін алуға, - деп бүгінгі байқауымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық.
2 жүргізуші: Мың бұралған арулар әкелерімен
Келеді ортаға толқып , тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,
(Барлық қатысушыларды атымен шақырамыз)
1 жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарымен таныстырып кетейік:
-
Реттік санын таңдау (әкелерімізбен ару қыздарымыз үстелге жақындап өз реттік сандарын таңдап алады.)
-
«Сәлем сөздің атасы...» деп аталады, әр топ өзін таныстырады.
-
«Зерделінің ойы озық...» яғни сұрақ - жауап. (әкелерімізбен ару қыздарымыз қойылған сұрақтарға жауап береді)
-
«Өнерлі өрге жүзер....» (әкелеріміз бен ару қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді)
-
«Дәм – думан....» (алдын ала үйден дайындалып әкелінген тағамның құрамын айту)
-
«қыздарға әсемдік жарасады.....» (сән үлгісі, ару қыздарымыз сән үлгісін көрсетеді, шарты әкелері киінуге көмектеседі)
-
Өз қолдарыңызбен жасалған сыйлықтарыңызды аналарыңызға табыстайсыздар. (бұл үйге берілген тапсырма болатын)
2 жүргізуші: Ал енді, Ару қыздарымыз өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алсын. (қыздарымыз үстелге жақындап реттік нөмірлерін таңдайды)
1 жүргізуші: 1бөлім – Өнер қуып арулар әкесіндей
Бір басына өнерлері жетер дейміз
Балабақша арулары әкесімен
Таныстырып өздерін өтсе дейміз,- ару қыздарымыз бен әкелеріміз өздерінің реттік нөмірлері бойынша өздерін таныстырады.
Асыл аналар! Мінекей сіздер әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді.
Ән: Ақ мамам.
2 жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніміз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,- дей келе сұрақ – жауап 2ші бөлімін бастаймыз. Сұрақтар:
Қыздарымызға : 1. Анаңның шашының түсі қандай? (мамаларын тұрғызып шашын қарау)
2. Анаңның есімі (аты) кім? (мамасын тұрғызып есімін сұрау).
Әкелеріне қойылатын сұрақтарды үстел үстіне қоямыз, әкелері барып таңдап жазылған сұрақтарға жауап береді.
-
Жолдасыңыз қандай түсті ұнатады?
-
Жолдасыңыз қандай жыл мезгілін ұнатады?
-
Жолдасыңыз қандай тағамды ұнатады?
-
Жолдасыңыз қандай әндерді тыңдағанды ұнатады?
-
Жолдасыңыз қандай жанрдағы киноларды ұнатады?
-
Жолдасыңыздың бос уақытындағы хоббиі?
-
Жолдасыңыз қандай әшекей – бұйымдарды жақсы көреді?
-
Жолдасыңыздың бойындағы қандай қасиеттері ұнайды?
-
Жолдасыңызды қалай еркелетесіз?
-
Сізге айтпай өзіне ұнайтын бір әшекей – бұйымды кредитке алды, сіз оны көріп қойдыңыз байқамай, сіз не айтасыз, көзқарасыңыз?
1 жүргізуші: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- деп кезекті балаларымыз дайындаған тақпақтарға береміз.
Ерқанат: 8 Наурыз 2018 жыл көктемі
Қыстың кетті аязының өктемі
Мерекеңіз құтты болсын, аналар
Күндей болып, жарқыраңдар көктегі
Жангелді: 8 Наурыз тамаша күн
Аналар күні ерекше күн
8 Наурыз құтты болсын
Наурыз ай құт әкелсін
Қайрат: Ақ сүтін берген анашым
Ақылды менің данашым
Өзіңдей жанды әлемнен
Қайдан табамын анашым
Нұртілек: Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде
Хамза: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімді
Арнадым саған бәрінде
Али: Анашым аяулы адам сен едің
Серігі болған біздердің
Түн ұйқысын төрт бөлген
Қамқоршым менің анашым
2 жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреулер ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәуге алуға
Әке мен қызы аянбай жан салыпты, - дей келе 3 бөлім, өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1 жүргізуші: Балаларымыздың дайындаған әніне кезек берейік
Ән: Сағындым әже.
Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгереді бір өзі,- аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді. Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар. Анасы пантомимомен конвертте берілген тапсырманы бейнелейді, ал балалар қандай қимыл екендігін табулары керек.
2 жүргізуші: 4 бөлім «Ас – адамның арқауы» деп аталады, үйден дайындап әкелген тағамның құрамымен таныстырады.
1 жүргізуші: Келесі кезекті біздің қыз балаларымыз дайындаған мерекеге арналған тақпақтарына берейік:
Ясмина: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейміз сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Баян: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Зере: Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды
Назерке: Анашым жан анам
Балдан тәтті бал анам
Үйге келсең мақтанам
Құшақ жая қарсы алам
М. Жасмин: Менің әжем сымбатты
Әжем маған қымбатты
Құрт пен майын жинайды
Бізге оны сыйлайды
К.Жасмин: Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанда барамын
Жансая: Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің анам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
Алияна: Мені жақсы көреді
Күндей күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Айгерім: Айналайын ақ анам
Мейірімді көздерің
Маған енді дәреже
Күнім деген сөздерің
2 жүргізуші: ендігі кезегімізді биге берейік, ұл балаларымыз арнайы дайындаған
Би: Жігіттер биі.
1 жүргізуші: 5 бөлім. Қыздарға әсемдік жарасады
Ай көркі биіктетер аласаны
Арман мен қиялдан жаратылған
Қыз ару қалар мәңгі биіктікте,- дей келе отырып, ару қыздарымыздың дайындаған сән үлгісін тамашалайық. Әкелеріміз ару қыздарымызды сән үлгісіне дайындағанша, ұл балалаларымыздың мерекеге дайындаған тақпақтарын тамашалайық.
Алдияр: Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген анашым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
А. Рауан: Мен үшін не керек, бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде
Шын сағынып қаласың
И. Амир: Ана – пана
Ана – дана
Өмірді әкелетін
Ана ғана
Р. Рауан: Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ анам
Асфендияр: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден
Аналарға сыйлаймыз
Ерназар: Менің анам ардақты
Алтыннанда салмақты
Жақсы көріп баласын
Мәпелейді анашым
Ерасыл: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
2 жүргізуші: 6 бөлім. Соңғы бөлімде біз әкелерімізбен ару қыздарымызға үйге тапсырма бергенбіз, аналарына дайындаған тосын сыйларын сыйласын. (нөмір бойынша ретімен сыйлықтарын табыстайды).
Енді ұл балаларымыз аналарына арналған сыйлықтарын сыйласын.
1 жүргізуші: Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда, - дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. (Әділқазылар ару қыздарымызбен әкелерімізді номинация бойынша марапаттайды)
2 жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
1 жүргізуші: Қош болып тұрыңыз көріскенше, осымен сайысымыз аяқталды.
2 жүргізуші: Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік, көріскенше күн жақсы болсын!
№ 21 ЖОББМ
Байқаудың тақырыбы:
«Менің Анам – әлемдегі ең жасы адам»
Дайындаған шағын орталық тәрбиешілері: Лукпанова К.Б
Аубакирова Ш.А
Орал 2018 жыл

Ыдыс жуып жатқаныңызды көрсетесіз.
Сыпырып жатқаныңызды көрсетесіз
Кір жуып жатқаныңызды көрсетесіз
Тамақ пісіріп жатқаныңызды көрсетесіз
Үтіктеп жатқаныңызды көрсетесіз
Еден жуып жатқаныңызды көрсетесіз
Ұйықтап жатқаныңызды көрсетесіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Анам - әлемдегі жақсы адам!

шағым қалдыра аласыз