Материалдар / "Анаңның тілі - жүректің үні"

"Анаңның тілі - жүректің үні"

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты. Сайыс сабақ. Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, қастерлеуге және сүюге тәрбиелеу. Ана тілінің маңыздылығын дәріптеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: ........Мектебі: №8 ЖББ орта мектепСыныбы:Сынып жетекшісі: .......Машықкер: .........Сабақтың түрі: Сайыс сабақТәрбие сағатының тақырыбы: Анаңның тілі - жүректің үні!Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп , оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Тәрбие сағатының әдісі: Үш топ арасындағы сайысТәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып бойынша суреттер, тақтаға арналған безендірулер, мақтау қағаздары мен сыйлықтар.І. Кіріспе бөлім:
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Психологиялық дайындық
ІІ. Негізгі бөлім:
  • Тақырыппен таныстыру
  • Өтілетін сайыс жайында түсіндіру
  • Сайысты өткізу
ІІІ. Қорытынды бөлім:
  • Сайысты аяқтау
  • Марапаттау
  • Балалардың сабақ жайлы ойын білу
  • Балармен қоштасу
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабақты өткізетін мен .......................... Ал енді дайын болсаңдар сабағымызды бастайық.





Психологиялық дайындық: Сөзжұмбақты шешейік!
Т







І









Л











1)Күн астында қыраны, Көгімізде желбіреп ол тұрады. Ол не екен балалар? (Ту)

2)Ту, елтаңба, гимн оларды бір сөзбен қалай айтамыз? (Рәміздер)

3)Рәміздердің ішіндегі Ел белгісі ... ол не екен балалар? (Елтаңба)

Тақырыппен таныстыру:

Мұғалім сөзі: Осыдан тура 24 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған екен. Балалар біздің тіліміз қандай тіл? ... өте дұрыс. Бізге тіл не үшін қажет? ...Иә балалар, біз тіл арқылы бір бірімізбен сөйлесеміз, жылы-жылы сөздер айтамыз, өз ойымызды білдіреміз. Біз тек қазақ тілуін білуіміз керек пе? Әлде бірнеше тіл білген дұрыс па? Арине бірнеше тілде еркін сөйлеген дұрыс. Орыс тілі бізге не үшін қажет? Орыс тілі қарым қатынас үшін қажет екен. Ал ағылшын тілі бізге болашақта көп мүмкіндіктер сыйлайды екен. Ал Ана тіліміз қазақ тілін біз қастерлеп, сол туған тілімізді жақсы білуіміз қажет екен.

Өтілетін сайыс жайында түсіндіру:

Сендердің жарысқыларың келеді ме? Онда біз үш топқа бөлінейік. Жарыс үш сайыстан тұрады:

1-сайыс: Мақал сөздің – мәйегі. 2-сайыс: Кім тапқыр? 3-сайыс: Кім білгіш?

Топтардың атаулары:

1-топ: Білгірлер2-топ: Алғырлар3-топ: Тапқырлар

Жарысқа төрелік ететін әділ қазыны сайлап алу.



Сайысты өткізу: Бірінші сайыс «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл сайыста оқушылар қиынды қағаздар арқылы мақалдарды құрайды. Әр топқа төрт мақалдан беріледі. Мақалдар тақырыбы тіл, сөз қадірі жайлы болмақ.1-топқа:1.Тіл - достықтың алтын көпірі.2.Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.3.Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.4. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі -ой өсіреді.

2-топқа:1. Ми ойлағанды тіл тындырады.2. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.3. Тіл ақылдың - өлшемі.4. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

3-топқа:1. Айтпас жерде тілің тарт.2. Ақынның тілі - қылыштан өткір.3. Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.4. Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін.Сергіту сәті: Ал енді балалар бойымызды жазып сергіту сәтін жасайық.Жақсы оқып сабақты,Күнде бестік аламын.Мен оқушы баламын,Мектепке барамын.Екінші сайыстың атауы «Кім тапқыр?» Бұл сайыста оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Қай топ көп жұмбақ шешсе, сол топ көп ұпайға ие болады.Әр топқа үш-үш жұмбақтан жасырылады. 1-топқа:1.Жағалай-жағалай тас қойдым,Жирен атты бос қойдым. (Тіс, тіл)2. Алыстан қарасам аппақ,Татып қарасам тәтті-ақ. (Қант)3. Торы тай, Табанында төрт ай. (Таға)2-топқа1. Үнемі ауызда бұлтыңдайды, Бірақ жұтылмайды.    (Тіл)2. Алдымен де, артымен де жүреді, Еңбекшілін елдің бәрі біледі. (Құмырсқа)3. Аты да көк, Заты да көк. (Аспан)3-топқа1. Екі тақта арасында Қимылдайды қызыл тақта.   (Тіл)2. Өзімнен өзгенің бәрін көрем. (Көз)3. Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ: «Тоқта!» «Жүр!» – дейді. (Бағдаршам)Ойын: Балалар ойын ойнағыларың келеді ме? Ал онда «Кім жүйрік?» ойынын ойнайық. Сендерге таратылған кағаз қиындысынан сурет шығуы кажет. Сурет шығару үшін 3 минут беріледі.

1-топ: Бәйтеректің суреті2-топ: Хан шатырдың суреті3-топ: EXPO-2017 суреті

Үшінші сайыстың атауы Кім білгіш?. Бұл сайыста үш топқа ортақ сұрақтар қойылады. Тотардың жауаптарына орай ұпай саны беріледі.1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)2. Ал, сендер, мемлекеттік рәміздерді білесіңдер ме? (Ту, елтаңба, әнұран)3.Қазақ елі - қандай ел ? (Тәуелсіз, бақытты, кең байтақ жері бар және т.б.)4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? (Қазақ тілі)Сайысты аяқтау:Жарайсыңдар балалар, сендер өздеріңнің АНА тіліне деген сүйіспеншіліктеріңді көрсеттіңдер. Сендер нағыз білгір балалар екенсіңдер. Марапаттау:Ал енді сендердің ұпай сандарыңды білейік. (Қазылар алқасы ұпай сандарын көрсетеді). Келесі сөз қазылар арқасына беріледі.Жарыстың қорытындысы шығарылады. Оқушылар мақтау қағазы мен сыйлықтарға ие болады.

Балалардың сабақ жайлы ойын білу:Сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма? Алдыларыңдағы гүлдерді сабақ бойы көңіл күйлерің қандай болды сол суреттің астына жабыстырыңдар. (парта бойынша кезекпен жабыстырады)Қоштасу:Балалар, осымен бүгінгі сынып сағатымыз аяқталды. Сендер ақылына көркі сай білімды оқушылар екенсіңдер. Сайысымызға белсене қатысқандарың үшін РАХМЕТ. Өзімізге бір қол соғып қояйықшы. Жарайсыңдар! Сау болыңдар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ