Ананың аялы алақаны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ананың аялы алақаны

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

4/03/2018

Тақырып: 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер! 
2-жүргізуші: 
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға 8 сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады. 
1-жүргізуші: 
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

2-жүргізуші: 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Сансызбаев Диастың орындауында «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: 
Әлемдегі ең ақылды, дана боп, 
Нұрын шашар жақсыларға пана боп. 
Кім-кім болсын сені алақанында, 
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 
2-жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған, 
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған. 
Бұл сезімге ие болған барша жұрт, 
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды өлеңдерін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: 
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.

2-жүргізуші: 
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
1-жүргізуші: 
Қамымды ойлар күн- түні,
Анам- менің көктемім.
Ақтай алсам, үмітін,
Арманыма жеткенім

2-жүргізуші: 
Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға 8 сынып оқушыларының аналарын шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).
1-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Хор

1-жүргізуші: 
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
2-жүргізуші: 
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
1-жүргізуші: 
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
2-жүргізуші: 
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
1-жүргізуші: 
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы

Флешмоб.

1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін аналарымызға береміз.
2-жүргізуші: Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1-жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-саболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!







Screenshot_2018-05-08-20-25-37.png





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2018
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі