Анашым
мерекеңмен!
Жүргізуші:Құрметті аналар,
әжелер,қонақтар! 8- Наурыз аналар мерекесі құтты болсын! Бүгінгі
«Біз көңілді балалар» тобының мерекелік ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Біз ғана
емес
Қадір тұтқан
балалар,
Аналардан туған небір
бабалар
Ана деген тіршіліктің
тірегі
Армысыздар, қасиетті
аналар!
Музыканың ырғағымен
қолдарына шар ұстаған балалар билеп
кіреді.
(биден кейін орындарына
отырады)
Жүргізуші:-балалар, бүгінгі тақырыпқа
байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп
тұр.
Шешуін таба аламыз
ба?
Бала, бала, бала
деп
Түнде шошып
оянған
Түн ұйқысын төрт
бөліп,
Түнде бесік
таянған
Бұл
кім?
Балалар:Ана, ана,
ана.
Жүргізуші: Әрине, бұл біздің
аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға
арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек
берейік.
1-бала: Құшағыңа
кіргенде,
Жылынамын бір
демде
Не жетеді
көзіңе
Мейірімді күннен
де
Үн қатасың бал
тілмен,
Еркелеймін әр күн
мен
Құттықтаймын анашым, сегізінші
наурызбен.
2-бала:Мені жақсы көреді,күндей күліп
келеді
Көп ертегі біледі, маған айтып
береді.
Мен гүлдерді
жұлмаймын,торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Жүргізуші:
Балалар туған күнде,
мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар
салады?
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті
балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні
кірмейді.
(әсем әуенмен залға «Кәмпит
–Ханшайым» кіреді)
-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп
билейді)
Мен
тәттімін,
Балалардың сүйікті
дәмімін,
Мерекенің
сәнімін,
Дастарханның
әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар,
мені таныдыңдар ма? Мен,
«Кәмпит-Ханшайымымын»
Балалар сендер өнерлеріңмен,
білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына
ыдыстағы үлкен кәмпиттерім бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген.
Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей
орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір
балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала
орындайды)
Жүргізуші:-Расында да, бізге
тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп
екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік,
тапсырмаларды орындайық.
1- кәмпиттегі
тапсырма:
«Әже туралы
ән»
Жүргізуші:- Бүгінгі мереке
күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің
қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге
арналады құрметті әжелер.
2- Кәмпиттегі тапсырма
:
Ойын: «Мерекелік үстел
жасау»
Кәмпит
ханшайымы:
Ойын шарты:Ортаға 8 ұл бала
шығады. 2 топқа бөлініп
тұрады.
Бірінші бала алжапқышты киеді,
сыпырғышпен қоқысты жинап,шелекке салады, екінші балаға алжапқышты
береді.Екінші бала дастарханды жаяды.Үшінші бала алжапқышты киеді
де құмырадағы гүлді қояды, ал төртінші бала кәмпит қояды.Осылайша 2
топ бір – бірімен жарысып, аналарына мерекелік дастархан
жаяды.
3- кәмпиттегі
тапсырма:
Көктем келді
жеріме,
Бақ әкелсін
еліме.
Күн күлімдеп
көгімде,
Шуақ шашсын
төгіле.
Би: «Көктем
келді»
4- кәмпиттегі
тапсырма:
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
Бізді ана
қуантып
Ұзақ өмір
сүріңіз.
«Айналайын ақ мамам»
әні
5- кәмпиттегі
тапсырма:
«Мен баламды қалай
еркелетемін?»
Ойын шарты:Ортаға 4 ана
шығады.Олар өздерінің балаларына
қарай жүріп, жылы сөздерін арнап, құшақтайды.Бәрі бір мезетте
айтулары тиіс.
6- кәмпиттегі
тапсырма:
«Жігіттер
биі»
Жүргізуші:
-Әр зат болды
құпия.
Би биледік ән
салдық,
Асыр салып
ойнадық,
Көңілдеріңізді
көтердік.
Соңғы біздің сыйымыз Бұл
әдемі әніміз.
Ән: «Анашым
қартаймашы»
Кәмпит
Ханшайымы:Балалар!Сендер бүгін
тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар!Қонақтарға да
ұнаған сияқты.Сондықтан да менің тәттілерімді қабыл алыңдар!Ал мен
басқа да балабақшаға баруым керек.Сау болыңдар
балалар!
Жүргізуші:
Аялы да, алтын нұрлы
анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге
боласың
Сен асқарсың, сен аспансың
биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп
бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман
болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға
көп-көп рахмет!