Материалдар / Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. 1 сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. 1 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2023
368
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:

«Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ

Бөлім:

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Педагогтің Т.А.Ә.:

Маратов Нурбек Шалкарулы

Күні:

04.10.2023

Сынып:

5 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

Оқу мақсаты:

5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Андронов мәдениеттінің деректерін түсінеді

Көпшілігі: Беғазы-Дәндібай мәдениеттінің деректерін түсінеді

Кейбірі: Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің айырмашылықты түсінеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

төмен

Бағалау критерийлері:

1. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында сабақ тақырыбы бойынша тарихи дереккөзді сыни талдауға бағытталған сұрақтарға жауап береді

2. Тақырыпты түсінуге арналған сұрақтарға «шеңберге жиналған уақыт» әдісі арқылы жауап береді.

3. Оқушылар сабақтың соңында өздерінің түйінді сөздерін айтады.

Құндылықтарға баулу:


Тарихи ойлау дағдысы:


Концепті:

Ұқсастық пен айырмашылық



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру

кезеңі


Қызығушылықты ояту


5 минут





3 минут




Үй тапсырмасын сұрау мақсатында сабақ тақырыбы бойынша тарихи дереккөзді сыни талдауға бағытталған сұрақ (тар):


1.Қоланы жасау үшін қандай металлдар қажет?

2.Мыс кенінің ежелгі орталығы болған қала?

3.Адамдар алғашқы металл түрін- мысты игере бастаған дәуір?


Сөзді тап:

«Қола дәуірі»

Оқушылар 1 параққа қойылған сұрақтардың жауабын жазып, тапсырады



Карточкада сөз беріледі. Бір оқушы бір карточканы алып, онда жазылған суретті сыныпқа дене қимылдары арқылы көрсетеді. Оған сөйлеуге болмайды. Ал оқушылар жүргізіп тұрған сөзді табулары керек

Әр сұраққа 2 балл

Жалпы 3 балл














Мақтау: «Жарайсыңдар!»

Конспект

тақта

Сабақтың ортасы



Жаңа сабақ


3 минут










Жаңа тақырып

22 минут



























































7 минут

Тарихи дереккөзді зерделеу және талдау арқылы тақырыпты түсінуге бағытталған тапсырма:


«Андроновтықтардың қоғамдағы өзгерістері немен байланысты?» Пікір-талас





Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен орындары, зираттар, суреттер т.б. археологиялық ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет Еуразиядағы ең ірі қола мәдениеті. Андронов ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск ауылының маңынан табылған.

Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік-батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150-ге жуық қабірі, 30-дай елді мекен тұрағы бар.

Елді мекендері; Алексеевка, Ұралысай, Тастыбұлақ, Түгіскен кесенесі, Ертіс, Бұқтырма, Күршім өзендерінің аңғарларындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай таулы аймақтарында және т.б.

Жер тесемен өңделгендіктен, сол кездегі егіншілік «теселі егіншілік» деп аталады. Көбінесе бидай, тары өсірілген.

Қола дәуірінде қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Ол көбінесе әйелдердің кәсібі болған.

Ыдысты жасау әдістері:

1.Таспалық әдіс;

2.Қалыпқа салып пішіндеу әдісі.

Бұл әдістер б.з.б 17-11 ғғ қолданылған. Ыдысқа салынатын өрнектер: шаршы, үшбұрыш т.б.

Кен өндіру әдістері:

1.Опыру әдісі;

2.Отпен үгіту әдісі;

3.Үңгіп қазу әдісі.

Андроновтықтар өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай маңындағы елді мекендерден табылды.

Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер.

Тұрғын үй аумағы: 100-400 м². Жертөле тереңдігі 1,5 м.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б 10-8 ғғ. Ескерткіштері: Ақсу-Аюлы 2, Ортау 2, Байбала 2, Бесоба, Бұғылы 3.

Аумағы: Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ дала.

Бұл соңғы қола мәдениеті

Барлық ескерткіштердің іргелері 0,8-1,2 м тереңдікте көмілген.

Үйлері шаршы түрінде болған 9,6*9,6м 6*6м.



1 Тапсырма:

Шеңберге жиналған уақыт

Мұғалім сабаққа қатысты 5 сұрақ қойып, оқушылардың қолына зат ұстатады.

1.Қола дәуіріндегі мәдениеттер?

2.Қола дәуірінің жылдары?

3.Андронов мәдениетінің Қазақстан аумығның қай аймағын молынан қамтып жатыр?

4.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің үйлері қандай фигураға ұқсас болған?

5.Андронов мәдениетінің үйлері қандай фигураға ұқсас болған?





Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Тақырыптың не туралы болады екенін болжайды




Оқушылар мұғалімді тыңдап, конспектелеп отырады.




















































Оқушылар ол затсыз сөйлей алмайды. Тек сол зат жеткен уақытта сұраққа жауап береді. 3 секунд ішінде жауап беруі тиіс


















Мақтау: «Жарайсыңдар!»
































































Әр сұраққа 3 балл


Сабақтың соңы


Қорытынды



Ой толғаныс



Рефлексия


5 минут





5-5-1 . Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады.

Оқушылар өздерінің түйінді сөздерін айтады

1 балл


Үй тапсырмасы:

Андроновтықтардың қандай кәсіппен айналысқанын және қандай баспаналарда тұрғанын анықтаңдар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!