"Аңдар патшалығы" ұйымдастырылған іс-әрекеті

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аңдар патшалығы" ұйымдастырылған іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу қызметі. Ересек топтарына арналған. аңдар туралы шығармаларды тыңдау, ажырату, дауыстарды жіңішке жуан ажырата білуге тәрбиелеу мақсаттарында ұйымдастырған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


Күні: 14.12.2022 жыл. Тобы: «Күншуақ» ересек тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты: Музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдау, оларды тану дағдыларын қалыптастыру. Жеке және хормен ән айту дағдыларын, таза интонациялауды жетілдіру. Би қозғалыстарын, ойындық-музыкалық әрекеттерді орындауға талпындыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта

Үштұғұрлы компанент: орман-лес -forest

Сөздік жұмыс: көңілді, көңілсіз, жігерлі


БАРЫСЫ


Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды көңілді қарсы алу. Сәлемдесу.

Мотивациялық -қозғаушылық:

Жұмбақ жасыру

Әңгелейді, дөңгелейді ұшқан құстай

Құс десем, 4 аяғы бар,

Елек-селек екі құлағы бар. Қоян

Жақпар тастың астында

Қызыл тонды қыз жатыр Түлкі

Мақұлық бар екен даусы зор

Адамға ұқсап бойы да, аяқ пен қол

Мекені тасбұлақтың төңірегінде

Мынаны тапқан жанның ақылы мол. Аю

Тоң мойынды жуан көк

Желіп, жортып бүкеңдеп

Несібесі даладан

Еңбек қылмай жүрер тек. Қасқыр


  • Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп айтамыз ? (аңдар)

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • Бұлардың барлығы қайда өмір сүреді? (орманда)

  • Дұрыс, олай болса мен сендерді ормандағы аңдардың тіршілігін тамашалауға шақырамын. Комазитор П.Чайковскийдің «Қысқы орман және аңдар» шығармасын тыңдап, тамашалайық.

Музыка тыңдау: «Қысқы орман және аңдар» П.Чайковский

  • Әуеннен нені байқадыңдар?

  • Бұл шығармада әуен біресе жай біресе жылдам орындалып тұр. Ол не себептен екен қалай ойлайсыңдар ?

  • Балалар енді осы орманға саяхатқа барғыларың келеді ме ? (иә)

  • Ендеше орманға барайық, қысқы орманға немен барсақ болады? (балалар көлік аттарын айта бастайды)

  • Балалар, біз шаңғы теуіп барайық.


Ал балалар, балалар,

Саяхатқа шығайық.

Ормандағы аңдарға

Шаңғы теуіп барайық.

Музыкалық-ырғақтық қимыл: «Шаңғышылар»

Тақтадан тиынның суреті көрінеді.

  • Балалар не көріп тұрмыз? (тиін)

  • Ендеше тиінге арнап әнімізді айтып берсек қайтеді?

  • Біз тиын туралы ән жаттаған болатынбыз. Сол әнді орындайық.

  • Ән айтар алдында дауысымызды жаттықтырып алайық.

Дауыс жаттығуы.


Ән айту: «Тиін» А.Тани


  • Жарайсыңдар, балалар! Енді саяхатымызды жалғастырайық. Тақтадан Орманшы атаның суреті шығады.

  • Балалар, бүл кім екен? (орманшы ата)


Орманшы атаның дауысы: Амансыңдар ма, балалар? Менің орманыма қош келдіңдер! Сендердің келгендеріңе қуанып тұрмын. Маған көмектерің тиетін болды.

Мен орман аңдарының дауыстарын ажырата алмай қалдым. Маған аңдардың дауыстарын жуан және жіңішке деп екіге бөліп беріңдерші.


Музыкалық-дидактикалық ойын: «Жуан және жіңішке дыбыстар»


Орманшы атаның дауысы: Рахмет, балалар! Сендердің көмектерің тиді маған. Жолдарың болсын!


Жарайсыңдар, балалар, Орманшы атаны бір қуандырып қойдыңдар!


Балалар, енді ормандаңы жануарлармен бірге би қимылдарын орындайық.


Ырғақты қимыл-қозғалыс: «Отырайық»


Жарайсыңдар! Енді балабақшамызға қайтатын уақыт болды, шаңғыларыңды сайлаңдар, қайттық.


Қорытынды:

  • Балалар, біз қайда бардық?

  • Кімге көмектестік?

  • Балаларды мадақтау, қоштасу.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2022
691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі