Материалдар / Әңгіме " Бақыт үшін күрес "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әңгіме " Бақыт үшін күрес "

Материал туралы қысқаша түсінік
әңгіме - әдебиет саласындағы барлық оқырманға, әдебиетшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2021
369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақыт үшін күрес

Бөлмеге кіре беріп ем"шамды сөндірші"-деді.Қос төсектің әбден суыған бір шетіне келіп қисая жата кеттім. Екеуіміз төсектің екі шетіне әрі қарап теріс бұрылып жаттық. Үнсіздік.Ішімнен дұға оқып енді көзімді ұйқыға іле беріп ем:"Тыңдашы,мен кетем " деді. Жүрегім селк ете қалды.Мен баяғыдан күткен секемнің расталғаны қынжылтты...

Біз суынғалы бірнеше жылдың жүзі болды.Ләм-мим деп аузымды ашпадым.Ендігі ойым ішіме біткен мына шарананы қалай жетімсіретпесем екен деген ой ғана. Әлде алдырып тастайын ба ? Е құдай,не деп кеттім.Аузым жазықты. Алдыңғы үшеуі сыйған жерге бұл да сыйады.Кетсе кете берсін.Тіс жарушы болма." Балаға бола қалдым"дегенді естігім келмейді.Жоқ !Айтуға болмайды.Барсын деген ойлар жан -жағымнан миымды айналдырып жіберді. Ендігі төсекте жатқаным абыройдан,намыстан жұрдай етіп оның алдында жығып беретіні рас,бола берсін баяғы жас күнімдегідей аймалап ,иіскеп,құшырлана құшағына кіргім келді.Бірақ бұның бәрі бекер екенін білдім.Қой намысымды таптатпайын деген оймен төсектен тұрғаным сол ғана еді,көзім қарауытып,маңайымдағының бәрі төңкерілгендей болғаны сол-ақ, еденге гүрс ете түстім... "Мама"деген ұлымның шар ете қалған дауысы алыстап барады,алыстап барады...

Денем селкілдеп келеді.Цемент дәліздің еденін қырнаған дөңгелек дыбысы анық естіледі.Төбемнен төнген жарық шамдар.Бірінен соң бірі ілесіп мені тұңғиыққа тартып барады.Көзімді бір ашып,жұмдым."Тездетіңдер,уақыт тығыз,бәрі дайын ба ?"деген дыбыстар үдеп барады."Әй,бұ қайссың,не болды?"деп айқайлаған сияқты едім.Ешкім естімеді.Сол селкілдеген қалпы бір тар бөлменің ішіне кіргізді.Әлсіз қолыма қалам тықпалап"қол қой" деді.Бірдеңені түрткен болдым."На счет три,раз,два,три" аспанға көтергендей болды.Денем дел-сал,жанымда аппақ киген біреулер менің үш баладан қалған сомадай денемді қасапшының алдындағы ет сияқты үстелдің үстіне итере салды."Асылым,үш рет терең дем аламыз.Бір,екі,үш"Бітті.Терең ұйқыға кеттім.

Рахатын-ай, талайдан бері бұлай тәтті ұйқыға кетпеп едім.Мыналар кім өзі,менің шаршағанымды қайдан біліп жүрген?.. Аппақ кеңістікте қалықтап келем.Осындай әдемі түсті ешқашан көрмеп едім.Әлгі жерде марқұм әжем отыр.Аппақ жерге от жағып:"Уф,уф"деп отты көсеумен түртіп отыр.Басымды солға бұрсам атам тұр.Ілкім әрі қарасам,әкем тұр.Мәссаған қандай керемет талайдан бері сағынып жүрген жақындарымның бәрі осында.Аяңдап басып апамды құшақтай беріп ем:"Кет дедім ғой мен саған,немене келдің?"деп қатулы қабағын ашар емес.Мен жалпақтап:"Апау,әбден сағынып келсем,мұның не ?деп ренжіп қарағаным сол-ақ,қолындағы көсеумен ал сабасын...

Құлағыма:"Пульс появился,молодец, еще раз"Денем селк ете түсті.Кеудем ашып барады.Тамыр-тамырымды сырқыратқан аурудан"ааа"деген ащы дауысым әлсін-әлсін шықты.Көзімді ашсам үстімнен шашы селдір,қиық мұртты көк киген біреу төніп тұр..."Я тебе покожу,умерать она собралась,не смей"деп тістеніп кеп аузыма бір жіңішке шлангты әкеп қыстырып кетті.Денемнің бәрі бүкіл аурухананның системасын тастайтын жер таппағандай системаның жіңішке шлангтары."Әй,не болды,біреуің тым болмаса айтсаңшы" деп айтып жатқан сияқты ем,ешкім естімейді...

О тоба!Әлсіреген денемді енді біреу сілкілдетіп жатыр.Ешкім ауыз ашып не болғанын айтар емес.Кенет есіме жүктілігім түсті.Әлсін басымды көтеріп көзімді төмен түсірдім.Қарыннан төмен жатырдың жоғары жағында бинтпен үстінен жапсырмамен жапсырылған үлкен ұзыннан ұзақ тілік тұр.Қолымды икемге келтіріп,үстінен сипап көрмек болдым.Тарамыстай тартылған қолымды денемнің сау тамтығын қалдырмай селкілдетіп уқалап жатқан екі жігіттің біреуі шап берді.

-Болмайды.Отаның орны ашылып кетуі мүмкін.Абай бол!-деді.Анадан тумай жалаңаш денем алпамсадай екі жігіттің уқалауына көнбегендей икемге келер емес.Дым сезбеймін.Әшейінде қысқа көйлек кигенде оңдырмай осып салатын Мұраттың жұдырығы есіме түсті.Шіркін..." Тізеден кидің, кіміңе ырбиып жүрсің сен"деп бүктеліп жатып қалғанша тепкінің астынан алушы еді. Осы жолы да есімнен танып құлағанда әдеттегідей құлап жатқаныма қарамай тепкіледі ме ?Білмеймін. Ішімдегі балаға бірдеңе болғанын бірден сездім...

Есіктен манағы қиық мұрт дәрігер келді.

-Пришла в себя,мы тебя чуть не потеряли.Но все прошло успешно.Но жаль одно.Детя мы не смогли сохронить.Ты уж прости.Стоял вопрос ребром ,ты или твой ребенок"- деді.

Е,жаратқан!Өзің бердің,өзің алдың. Ендігіде балапандарымның қамын ойлауым керек.Мұрат кететін болса жұмыс керек.Ішім қан жылап тұрса да,осыларды ойлап еңсемді көтерейін дедім.Денемнің сау тамтығын қалдырмаған әлгі екеу, ахылап,үхілеп кереуеттің аяқ жағында тұрған орындыққа отыра кетті...Екеу ара ымдасып қояды.

"Ырыққа көнер емес,бел -омыртқаны УЗИға түсіріп көрсін деп жазып қойшы"-деді.

Бала күнімнен әр сөзге жүйрік ойлы боп өскен мен, әлгінің бел -омыртқа деген сөзі сап ете қалды.Құлағам шыңылдап,жүрегім айнып лоқси бердім..."Асылым,тұру керек.Жүру керек.Сорлаған балапандарым- ай,бүкіл салмақ өздеріңе түседі -ау!Жоқ !Асылым,тұру керек"...Ызаға булыққан жас көмекейіме тығыла берді.Екі көзімнен сорғалап тоқтар емес...Өз-өзіме ызаға булыққанымнан ерінімді шайнап тастаппын.Кенет екі ұртыма жылымшыған қанның дәмі келді.Әлгі екеудің біреуі "дәрігер,тез келіңіз,пациенттің аузы қан"деп сыртқа жүгіре жөнелді...

"Ты что творишь?Хочешь за такие не адекватные выходки приямо отсюда попасть в психушку.Тебе еще детей поднимать, вон они в коридоре сидять вторые сутки ждуть когда мать глаза откроет.Ты что себе губы искусала а?"- деп манағы қиық мұртты дәрігер мені сілкіп-сілкіп қалды. Екі медбике келіп екі жағымнан төсектен бір жамбасқа аударып жатқызып инені кірш еткізді. Мен"фффыф"деп тыжырына қалдым. "Сергей Алексеевич, она чувствует "деп көзі бадырайып медбике қыз маған қарап тұр.

-Это очень прекрасно,но время надо ,ждать надо"-деді.Екіншісі келіп шайнап тастаған ерініме зеленка жағып,жапсырмамен таңып қойды.Көз көнешіктей ісіп кеткен болса керек.Қабағым түсіп түксиіп төмен түскен көздің маңайының етін жауып тастаған сияқты болды...Бойымды тіктеп көтеріп артыма сүйемелдеп жастық қойды.Сол екі ортада қиық мұрттың "дети ждут"дегені есіме түсті де әлгі дерігерге айтып шақыртпақ болдым.Дауысым қырнап әзер шықты.Ол құлағын аузыма тосап тыңдамақ болғанмен көнешіктей болып ісіп кеткен ернімнің ісігінен сөзімді ұғар емес.Ымдап қолыммен көрсеттім.Бойларының биіктігіне қарай қолымды сатылап төмен түсірдім де "один,два,три"-деп саусағымды бүктеп кеудемді ұстадым.

-А,понял,дети ,щас позову старшего -деді де шығып кетті.

Қайран балапандарым-ай,аналарының мұндай дәрменсіз қалде жатқанын көрсе шошып кетер -ау, бірақ Жалғасым мықты азамат болып келеді.Қайта көрсін,жүрегі қатайып тез ширайды деген бір ессіз ой келді санама...

Тұла бойым тұңғышым есіктен кіре бере көп шлангтың астында таңулы жатқан мені көріп,өңі қашып кетті де,тәлтіректеп есікке қайта шегінді.Аналарының осындай бейқам кейпінде жатқанын алғаш көруі.Состиып тұрып қалды.Жаныма кел деп белгі беріп қолымды былғадым. Жалғас аяңдап кеп қасыма отырды.Мен бойымдағы бар күшімді жинап:"Үйге,балаларға, әкеңе ие бол"-деп қатты,анық айттым.Жалғасым бәрін естіді.

-Иә,мама сен тек жазыл,қалғанын уайымдама бізде бәрі жақсы өзім қараймын"-деді."Все долго нельзя выходи,завтра придешь"- деп қиық мұрт дәрігер Жалғасымды шығарып жіберді.

Есікке қарай салы суға кетіп бара жатып,түрі түтігіп кеткен ұлымды көріп жүрегім шым ете қалды."Асылым,сен қайтсеңде тұру керексің,қаршадай баланың мойнына бәрін қалай арта салып осылай былжырап жатпақсың ба ?Жоооқ!Болмайды!Көтер еңсеңді"-деген ой ішімді жегідей жеп бара жатты...

Басымды теріс бұрып жатқаным сол еді. Палатаға сау етіп бес -алты ақ халатты дәрігер кіріп келді.Манағы қиық мұртты сөз алып:"Она укол чувствует значить есть надежда.Я думаю провести консилиум не помешает-деп әлгі 5-6 әріптесіне қарады.Олар біраз тұрды.Ренген қортындысын бірінен соң бірі алып жарыққа көтеріп нұсқап қарап бірдеңені талқылап жатты.Медицина тілін түсінбесем де екі көзім олардың мимикасында болды.Бір кезде барлығы есікке қарай беттеді.Артында ең соңғы кетіп бара жатқан біреуі келіп:"Қорықпа қарындасым,сендей жас, сұлу келіншектің қор болып қалуына жол бермейміз"Ертеңнен бастап жаңа бағытты жаттығуға кірісесің"-деп шығып кетті...

Дуалы аузыңнан айналайын, ағатай құлдығың болайын,мені тұрғызшы орнымнан. Е,Жаратқан ием жар бола гөр. Жүрегіме үлкен үміт сыйлаған сенің өмір бойы тілеуіңді тілеп өтем деген менің үнсіз жанарыма өшпестің үміті қайта оралды...

Ендігі асыға күткенім ертеңгі кездесу еді.Тағдырыма кезіккен қатыгездікпен тікелей бетпе-бет шайқастың бетін ашу.Ашық шайқасқа шығу күтіп тұр еді...

Таңғы сағат сегіз. Палатаға 7-8ақ халатты дәрігер кіріп келді. "Асылым Айдарханова,сіз бе ?- деп кешегі көзі мейірімге толы,маған үлкен үміт сыйлаған дәрігер мен жатқан кереуеттің жанына отырды. "Асылым,сіз қорықпаңыз,біз қазір біраз жаттығуға сіздің аяғыңызды икемге келтіруге тырысамыз.Қорықпаңыз біз осындамыз"- деді де сол аяғымның тобықтан төмен тұсын ақырындап солға,сосын оңға бұрды.Түк сезе қоймадым.Бір кезде тізеге дейінгі тірсекті көтерді. Қолының жоғары көтерілгені сол -ақ,құлындағы дауысым құраққа шықты.Жаным көзіме үйілді.Шыдатпай барады.Қайтейін бар күшіммен қалай шыққанын байқамай қалдым.Бақ ете қалдым.Қақ алдымда тұрған жастау біреуі менің ащы дауысымнан шошып кетті-ау деймін, селк ете түсті.Ол селкілдемек түгілі қалшылдап қалсын оған қарар менде дәрмен жоқ ,жаным шығып барады. Екі көзімді тарс жұмып алдым.Ащы тер қыстап,қансорпам шықты...

"Хорошо,очень хорошо,работаем " деп кешегі үміт сыйлаған дәрігер аяғымды орнына қойды.Қатты батқан аурудың зіңі өн бойымнан өтіп кетті.Бірақ әлгі дәрігерге қарасам,өмірге деген құлшынысым артады.Оны көрсем өзімнің тағдыр атты тәлкекке ашық шайқас ашқаным бірден есіме түседі.Іштей оған "Үміт" деген ат қойып қойдым.Шын есімін мен үшін білу маңызды емес еді.Себебі,ол менің жаңа өмірге деген мақсатым еді...

Күн артынан күн толып, менің "Үміт "атты мақсатыма ай толды. Әлгі дірігерді көргенде өмірге деген бір сәт болсын құлшынысым күн арта, арта түсті.Ол да менің айтқанын екі етпей орындаған тіл алғыштығымды жақсы көріп күнде бір жақсы жетекші сөз айтып мені тік тұрып жүріп кету деген арманыма жетелей берді,жетелей берді...

Араға алты ай салып мен ауруханадан шықтым.Қайда барам?..Не де болса үйге баруға бекіндім...Балдақпен аяңдап басып жүрсем де арасында арбаға да жүгінуге тура келді.Тез шаршауға болмайтын болғандық оған да көндім.

Көлік кеп есік алдына тоқтады.Қасымда елбек қағып жүгіріп жүрген Жалғасым ғана."Әкең қайда?"-деп сұрауға балама алты ай ішінде дәтім бармады.Үйде бар болса алты айда бір келер еді ғой.Демек,шынымен кеткені ғой.Әйтпесе,баяғы мен сүйген Мұрат болса бір рет болса да келер еді.Тым болмаса бір рет...

Үйге балдақпен кірген мені көрген балапандарым жүгіріп есік алдына шықты...Менің де қозыларымның үрген торсықтай аман -есендіктерін көріп,көңілім орнына түскен болды.Мен "Үміт" деп атап алған дәрігерімнің шын есімі -Асқар екен.

Асқар ағам қасыма еріп үйге менімен бірге келді.Үйге келсем "қайран шеше -ай"енем отыр.Ұлы кетті, ол отыр.Маған әшейінде тік қарап тымырайып алатын енем,еңсесі түсіп кеткен,қасыма кеп:"Ақтай көрген ақ бөкенім-ай,ендігі менің ұлым да,қызым да сенсің"деп еңіреп қоя берді...Екеулі келін мен ене өкіріп тұрып көрістік...Еңірегендегі етегі жасқа толы қарт шешенің сағын сындырғым келмеді."Апа,болды жыламаңыз.Енді бұл үйден тек қуаныштың көз жасы ағады "дедім.Бұл менің өзіме берген уәдем еді...

Бәріміз апам асқан етті жеп, бір дастарқанның басына мәре-сәре болып отырдық.Бұл талайдан бері сағына күткен күлкі еді...

Кешкісін көзіме ұйқы тығылса да,дөңбекшіп ұзақ жаттым.Таң ата көзімнің ілінгені сол -ақ,есікті біреу өктем,бар күшімен тасырлатып қақты.Жалғасым ұшып түрегеліп есікке барып:"Бұл кім?"-деді.Артынан аяңдай менде келдім.Есікке тақалғаным сол-ақ, тарс еткен мылтық дыбысы есіктің тұтқасын жұлып түсті.Оқ жанай барып қабырға мен шкафтың ортасына тірелді.Есік қисаң етіп ашылды."Жалғас кет"-деп бар дауысыммен айқай салдым.Бұл мылтықтың дыбысын мен жақсы білетін едім.Мұраттың мылтығы.Аузымды жинап үлгергем жоқ.Мұратым есікті теуіп кіріп, удай мас қалпында тәлтіректеп әзер тұр.Көп ойлануға уақыт жоқ.Балапандарым шошып,шыңғырып жылап қоя берді."Е,Алла не сені,не тап қазір мені алар" деген ой үстімнен тастай су құйғандай болды.Не де болса,кезеулі мылтықты балдақты тастай сап шап бердім. Екеуіміз мылтықты екі жаққа тартқан қалпы алыса кеттік...

Кеудемді Мұраттың бойындағы алып күш жаншып барады.Ойым не болса да мылтықтан айырылмау.Үйдің іші азан-қазан айқай шу.Енем байғұс :"Таста мылтығыңды" деп зар илеп жатыр. Жауқазын мен Айменім қорыққанан түпкі бөлменің пердесінің артына бірақ тығылды. Шүріппенің тұсын не де болса Мұратқа ұстатпау.Егер босатар болсам бітті.Не ол,не мен !!! Іштей "Асылым,жина бар күшіңді!"деп өзімді қайрадым.Тұруға шама жоқ.Аяқ жарамайды.Бұл мас,не де болса айналдырып әкеп бар салмақпен басып алу.Бірақ құлай жаншып барады.Қылқынуға айналдым.Сол кезде марқұм Есен ағамның "Асылым,қара күштің иесі боласың -ау сен,болбыраған бойың болмаса,нәзіктіктен алыссың ба ,қалай"деп мырс етіп күлетіні бар еді.Бізді өзара күрестіріп те қоятын.Мен жеңіске жетіп,кенже сіңілімді шыбынша шырылдатып басып жатып алатын едім.Қайран ағам,мәз болатын.Кейін қыз болып бой түзеген соң,сызыла созылған талдырмаш қызға айналдық.Бұл күресті ұмытып айнаға қарап,опа-далапқа ұмтылдық...

Енді міне сол күшті қайта еске түсірмесем болмайтын сәт сияқты... Іштей:"Бір,екі,үш"деп ауаны ішіме тартып, күш алып:"Я аруақ"деп бар дауысыммен айқай салдым.Жартылай икемге келмейтін аяғымды сүйрете барып кеудеммен Мұратты төңкеріп түсіп астыма салдым."Жалғас жіп әкел"- деп енемнің даусы саңқ ете қалды. Үшеулеп жүріп удай мас Мұратты байлап тастадық.Баламның қол -аяғы дірілдеп,әкесін байлап жатып жылап жүр.Мылтыққа тас жабысқан қарулы қолын босатар емес.

-Мұрат деймін,босат,біреуді жазатайым қыласың -деп үстінде жаншыған қалпы мылтықты тартып алдым."Уф"деп демімді босата беріп ем:"Асылым сен бе ?-деп есін енді жинағандай,шыныға айналған жанарынан ашу,ызаны байқадым.

-Сен сал боп қалып ең ғой. Қайдан жүрсің менің үйімде,кет!-деді.

-Шыда,таң атсын кетем,бұдан әрі шыдау мүмкін емес.Балалардың жүрегінен жүрек қалған жоқ -дедім.

-Иә,кет мен жас қатыным,Дилярамен тұрам.Үй менікі -деді.

-Иә,сенікі қазір аптығыңды бас. Қалағаның болады,болды жат тыныш- деп босағанда байлаулы жатқан Мұраттан аяғымды салақтатып барып алшақтай бердім.

-Өй бейшара,сал қатын.Менің өмірімді ойран етпексің ғой.Енді жетпегені сал қатын бағу еді...Құры, қараң өшкір!дегенде мен оның ешқандай да мас емес,мені үйден шығарудың амалымен істеген әрекеті екеніне көзім анық жетті...

Бұрын біреулерден "оқытып алыпты" ."Дуалапты"дегенді естігенде сенбеуші едім.Рас сияқты ма ,білмеймін...Әйтеуір кезінде үш жыл артымнан жүгірген Мұратты мүлде танымадым.Құдды біреу оның жүрегін суырып алып, орнына тас салып қойғандай.Жансыз механизм сөйлеп жатыр...

Біздің айқай шуымызды естіп,көрші-қолаңда жүгіріп келді.Артынан полиция да келді. Мұраттың қолын кісендеп алып кетті.Бұрында ұрып -соққанда араша түсіп алып қалушы едім.Менің де жүрегім әбден қатайыпты.Оны әкетіп бара жатқанда қайран шешесі шырылдап жүгіріп жүрді.Мен қайырылып қарамадым да...Маған не болған?..

Ертеңінде Мұраттың жездесі ортаға кісі салып оны шығарып алды.Шыққанын естіген соң,балаларымды жинап кетуге бел байладым.Балдаққа сүйеніп үйден шығайық деп жатсақ,біреу есік қақты.

-Бұ кім?дедім. Есік ақырын ашылды да,арғы жағынан өзім сияқты орта жастағы келіншек өктем басып кірді...Танымаймын.

-Асылымсың ба?деді.

Иә,мен

-Мен Диляра,естіген шығарсың.Сен балаларыңды ал да үйді босат.Мен Мұратпен тұрам...-деді.

Тас керең болғырдың құлағы осындай арсыздықты көруге,естуге расымен мені қиғаны ма ?Көзім қарауытып,қаным басыма бірақ атқыды.Нағыз қызылкөз бұқаға айналдым...

Ішімнен ызаға қатты булықтым. Әлгі әйелдің шашын жұлып қолына ұстатқым келді.Соңғы 5жылда көрген барлық бейнетімнің өшін алатын сәт қайта айналып келмейтінін жақсы білдім.Тістеніп барып,ернімді ішіме жымқыра тартып тұрдым да, өзімді сабырға шақырдым...

Артымда аңтарылып тұрған Жалғасым менің реакциямды анық бақылап тұр еді. Іштей:"Сап;сап көңілім,бұл арсызбен арсыз болатын болсам,менің аналығым,мәдениеттілігім қайда қалады.Сабыр Асылым,балапандарың мен өзіңе деген Алланың көзі түзу болсын."өзімді әзер ұстадым. Ол да бір бетпақ екен.

-Босат! мен оның ендігі әйелі,нақсүйері де мен!-деп тепсініп қояды.

-Әрі кет жолдан,Пәтшақар! Бір құдайға тапсырдым,сендерді!-дедім.Ышқынған жастың арасынан шыққан әлсін сөзім осы ғана болды...

Сыртқа шыққан соң: "О ез сорлы, өз үйіңнен өзің сорлап кетіп барасың,тым болмаса,ана албастының шашын жұлып ұстатып кетуге де жарамадың.Сенің мәдениет саласында істегеніңді кім біліп жатыр.Өз абыройыңды таптаттқаннан басқа түк бітірмедің.Ынжық неме"-деп өзімді қайрап келем, еңіреген ызаның жасына тұншыға,балапандарыма естірмейін деп қыстыға,ышқына жыладым...

Аяңдап басып аялдамаға да жеттік.Қолымызда ала дорба толы киім.Менің екі қолымда екі балдақ.Қолымда бар-жоғы он мың теңге. Ұшарымызды жел,қонарымызды сай білердей кейіпке өзіммен қоса баларандарымды түсіргеніме қатты өкіндім.Бірақ,күнде айқайдың астында өлгенше ,осылай өлген өлім әлдеқайда абыройлы ма ?..деп қалдым.Тым болмаса намысыңды,бойыңдағы күш-қуатыңды қайрап өлесің ғой.Ол да күрескен тағдырдың өлімі -адал өлім!Күнде жеген тепкіден өлген өлімнен абыройлы ма ,адал ма,қайдан білейін.Әйтеуір "осы жол дұрыс" деп ішкі тінім сыбырлап тұрды...

Ала дорбамды арқалап ,үш баламды жетектеп әпкемнің үйіне келдім. Бауыр деген жанашыр ғой шіркін,кел-келдеп үйіне кіргізіп алды. Ас суымды беріп,"қорықпа "деп демеп те қойды. Обалы керегі не,бір айға жақын бақты.

Үміт-Асқар ағам келгенде жағдайды жасап бәйек қақты.Бірақ,әпкемнің мойнында үш баламен қашанғы жатпақпын.Мен жұмыс табуға бекіндім.Менің қолымнан не келеді?..Қатты ойландым.Ештеңе келмейді.

Кеңседе мақала жазып, кітапқа рецензия жазғаннан басқа түк бітірмеппін -ау!О сорлы басым,елдің сенің қолыңнан келеді деп 5-10тиынға қажетті қағаздарын жаздырып алғандарына мәз болып отыра беріппін ғой.Кезінде елдің дипломдық жұмысын да ,ғылыми жобасында жазып жүрген мен үшін енді оның құны көк тиын болды...Бір тірі жан жұмыс ұсынар емес.Аяғым сау кезде зырылдап жүгіріп жүріп клиентті өзім табатын едім.Қазір кімге қоңырау шалсам да әуелі бишара-ай деп менің өткенімді қозғап жылайды,жылатады.Ішім түгелімен ізіліп түсіп енді аяп жұмыс беріп қалар деп үміттенген уақта "әзірге жұмыс жоқ" деп жылы итеріп қоя салатын болды.Қайтып қоңырау шалғанда тұтқаны алмайтын болды.Өстіп біртіндеп "Өлләхи , өлердей доспын.Сыйластығым түзу" дегеннің талайы кетті.Шынайы қиындық енді туындағанын мен енді сезе бастадым...

Бір күні әпкем жұмысынан келіп бұлқан-талқан болып ыдыс аяқты тасырлата бастады.Оның үстіне іздегенге сұраған менің Айменім оның кенже қызымен ойнап жүріп таласып қалады.Өкіріп жыласын кеп.Оны көрген әпкем:"Келімсек қаңғыбастар,бәле болдыңдар ғой.Қашан кетесіңдер!"деп қатты-қатты айқайлап жіберді.Оның ойы менің естігенім керек еді. Мен естідім...

Амал нешік.Бұл жерге де сіңбедік.Кету керек болды.Баяғы көріп алған Үміт-Асқар ағама қоңырау шалдым...Көмек сұрадым.

"Асылым уайымдамаңыз,қазір келіп алып кетем,пәтер де қарастырып қойдым"-деді.

Көп күттірген жоқ .Тез келіп бізді алып кетті.Кетерімде әпкеме рақыметімді айтып кешірім сұрадым.Ол тымырайған қалпы тырысты да қалды...Мен бұдан әрі қалуға болмайтынын біліп шығып кеттім.

Іші мұнтаздай жиналған екі бөлмеге келдік.Жаңа ғана жинап қойғаны көрініп тұр.Дәрігерім бәрін реттеп жүгіріп жүр. "Асылым,бұл менің марқұм анамның пәтері еді. Қазір қаңырап бос тұр. Сіз балаларыңызбен тұра беріңіз."-деді. Мен аяңдап жүріп пәтердің ішін аралап шықтым.Ішінде тек таза өнердің исі есіп тұр еді... Залдың қабырғасында габиленнен тоқылған сурет ілулі тұр.Ана бір жылдары габилен өнері туралы материал жинағанда біраз зерттеумен айналысқаным есіме түсті.

-Сіздің анаңыз кім еді?-дедім

-Анам әлемге әйгілі габилен суретші Гулчахра Иматова- деді ол.

-Ал Асылым, сіз жайғаса беріңіз мен екі күннен кейін келемін -деді Асқар.

Мен екі күн бойы әлгі пәтерді аралап қарай бердім. Тоқыма кергіші,бізі, ұстаған жіптері құдды бір жаңа ғана қойып кеткендей болды.Қатты қызықтым. Қолыма жіпті алып бізбен дайын кергішті қапсыра айналдырып тоқуға ұмтылдым...Бір сабақ,екі сабақ,он сабақ тоқыдым.Өзімше бір суреттің нышаны көрінгендей болды.Менің беріліп алғаным сонша тоқтамай "бір нәрсе шығарайыншы" деп тоқи бердім.Тоқи бердім...

Таң ата қарасам иттің құлағына ұқсас бірдеңе тоқып шығыппын. Қайбір гобелен тоқыды дейсіз. Қойды ауылда жүргенде апамның үйреткен ілме тоқуы ғой. Бір үйдің бес қызы отыра қалып жүн түтіп "мұрындарыңнан моншақ түседі" дегенге сеніп өліп -өшіп жүн-жүн болып түтіп отырушы ек. Апам марқұм: " Ііі аз қалды" деп түтілген жүнімізді басып-басып қалатын да қолымызға қылшықты қойдың жүнін тағы ұстататын. Ақыры аяғы жалығып, тырым-тырақай қашатынбыз. 7-8 оқып жүргенімді гүл тоқып үйрену үйірмесіне қатысып, шалып тоқуды үйренгенім бар. Екі ай барып, Шығыстың қақыраған суығы басталғанда сорлап ол үйірмем де жабылып қалды. Болды одан әрі ол үйірмеге аяқ басып бармадым. Жалпы тігін, ине ұстау деген дүниеден бар болмысым осы ғана.

Манадан тоқыдым дегенім өтірікке шын жанасатын шығар. Себебі, гобелен тоқымақ түгілі ине ұстап білмейтін мен үшін бұл жай ғана жан тыныштығын іздеген ермек қана. Әлгі иттің құлағы құсаған тоқыма сымағымды тамашалап қарап қоямын. Апам көрсе "Пішту" деп күлер ме еді. " Боқтың иісі мұрныңа бармайды" деп іс тігуден қашқанымызды ұрсып отыратын. Мына иттің құлағын көрсе бетін шымшыр ма еді?.. Қайтер еді?.. Әлде бұл менің тыныштық іздеген жанымның күйі екенін білер ме еді.. Білер еді... Үйдегі баланың да, немеренің де кенжесі мен, апама қатты еркелеп расы керек ырбиып өстім. Шолжаңдатып менің айтқанымды екі етпей орындайтын. Алдыңғы өзімнен үлкендері менің ырбиған мінезіме іштей ызалынып отыратын. Ал әпкелеріммен жеке қалғанда, шымшып, мытып, жанымды шығаратын. Мен жарықтық тағы ырбиып, өкіріп жылайтынмын. Оны апама айтып беріп, апам оларға ұрысса мен сонда ғана жылағанымды қоятын едім... Қашан ұрсады деп күтіп, жүретін де кездерім болатын... Сөйтіп, апамның нәски, құлақшын тоқығанын еркеліктің астында ғана үстіртін қарап өскен мен үшін мынадай ит құлақты шедевр тоқу керемет болып көрінді өзіме. Таң атқалы бері жаңағы кілең көк жіптен ғана тоқылған өнерімді жаралы жаныма медеу еткендей қарай бердім. Әлде сол бір бақытты шақтарымды аңсағаным ба ?.. Кім білсін?.. Әйтеуір ішімді осы бір тыныштық жылытып сала берді...

Асқар ағамыз түс ауа қолында екі пакет азық - түлігі бар артынып- тартынып келді. Өз қолымда көк тиын болмаған соң қатты қысылдым. Жалғанда кісі қолына қаратпасын деуші едім... Дәрмен нешік?.. Қарамақ түгілі өзіммен қоса бала-шағаммен мойынына екі аяғымды салбыратып асылып алғандай болдым.

Асылым, қысылмаңыз, кейін аяққа тұрып кеткенде мен сіздің қолыңыздан ыстық шай ішермін -деді.

Мен сізден қатты ұяламын -дедім.

Адамның күні адаммен, Асылым ! Онда тұрған ештеңе жоқ.

Қарымын қалай да болса қайтарамын- деп жалпақтағаннан басқа не қалды менде.

Әкелген азық-түлікті тоңазытқышқа салып жайғастыра бастадым. Ол қонақ бөлмеде отырған. Бір кезде : " Асылым мынаны кім тоқыды"- деді. О тоба, тағы не бүлдірдім. Ренжитін болды -ау анасының соңғы жұмысын тиісіп нем бар еді. О, қара басқан қу құдай! - деген ой менің өн бойымнан тыз етіп өте шықты. Басымды төмен түсіріп: " Мен" дедім.

Асылым, мұныңыз тамаша- деп Асқар ағам қуанды.

Қалайша, несі тамаша ? -дедім

Мен анамның еңбектерін шетелге сатып өздері қомақты ақшаға қарық болған біраз суретшілерді танимын. Бір кішкене ойланды да – соларға қоңырау шалып анамның шәкірті оның жұмысын аяқтайды келесі айдың 29-на көрме ашыңдар - деп айтамын.- деді. Мен сасып қалдым.

Асқар, қайдағы шәкірті ? Ұят болатын болды ғой. - деп аузымды жинап үлгерген жоқпын, қалта телефонын ала салып біреуге қоңырау соғып бастады. Әңгімесі қызу жүріп жатты . Мен ол әдемі шүйіркелесудің аяқталуын күтіп отырдым. Тұтқаны қойды да:

Асылым, мен сізге бір құпия ашайын. Менің анамды Гүлчахра Иматова еткен біздің отбасы ғана білетін құпия бар. Соны ашайын - деп суырмада бір ескі көнетоз шытқа оралған дәптерді алып шықты. Дәптердің әбден тозығы жеткен. Үлбіреп тұр. Әр бетінде гобелен тоқудың үлгісі ретінде мен танымайтын өзге тілде ілмек түрлері жазылған. О тоба, осындай да үйрету болады екен.

Менің анама, италияндық бір суретші жас кезінде беріпті. Осы әдісті қолданып анам, талай көрмелерде өз орнын алған еді. Әрине тоқыма тоқу өнері ғана емес. Оған ерекше талғам да керек қой. Бірақ бұл тоқыма әдісі көне суретшілердің табылмай жойылып кеткен жалғастырушысы тек менің анам ғана болған тоқыма үлгісі еді. Енді міне сіздің қолыңызға түсті - деді.

Ішінің барлығы тоқыма ілмек түрлері. оюлап, тіктеп бүріп, шалып, тоқу түрлері анық көрсетілген. Ескі майлы бояумен көрсетіп бояп та қойыпты. Мен бір қазына тапқандай қуандым.

Менің анам, бұл дәптерді 60 жыл қолданды. 20 жасында қолына түскен екен. Енді міне сіз осыны үйреніп алып анамның өте сирек кездесетін ісін жалғастырасыз, мені ең қуантатыны сол -деді Асқар ағам. Қолыма түскен дәптерді құдды бір құран оқығандай аса бір үлкен құрметпен абайлап алдым. Олай етпеске болмас еді. Күлдіреп тұрған парақтары үгітіліп кете ме деген қауіп те пайда болды. Сол күні ол дәптерді ашуға дәтім бармай үстелдің үстіне қойып қойдым да айналып қарап -ақ отырдым.

Ертеңінде әр бетін ашып, өзіме пайдасы тиер -ау деген беттерін ашып қарамаққа бекіндім. Барлық бетін бір ашып қарап, жауып қойдым. Себебі, түк түсінер емеспін. Қайта аштым. Тілін түсінбеймін. Бірақ тоқыма ілмегіне қарасам, далалық біздің тоқымамызға ұқсайтын сияқты. Тек ілмек алу үлгісі керісінше. Міне ғажап! италиялықтар бұны аса үлкен құпия деп атадан балаға мирас етіп қалдырған- мыс. Ал біз ол тоқымамен күнделікті байпақ, шұлық т.б. заттарды тоқиды екенбіз. Өзіміздің бар дәстүрді қолдана алмай жүргенімізді ойласам жаным ауырады.

Асқар ағамыз күнде келіп менің жайымды тексеріп беріп, кетіп отырды. Жаттығуларды да көбейтіп, күшейте түсті. Соның арқасында бір айда балдақты тастап, таяққа сүйеніп көрмеге де қатысуға әлім жетті. Арасындағы бір ай уақытты гобелен тоқуға арнаған едім. Әуел басындағы көк итті қайта тоқыдым. содан соң Асқар ағамыздың ақылымен "Гүлчахра Иматованың ізімен" атты сериялы тоқыма суреттер туындады . Оңай соққан жоқ. Асқар ағамыз арасында суреттен дәріс беретін біраз суретшілерді шақырды. Мен кәдімгі кәсіби сабақ алдым. Көрме болатын күні Асқар ағамның анасын сыйлайтын өңшең қазақтың өнерпаздары жиналды. Италиядан екі қонақ келіпті. Ағамыз құшақ жая бәрін қарсы алды. Мені елдің бәріне таныстырып шықты. Ал менің бәрінен бұрын қорқып бара жатқаным "бездарность" деп бетіме лақтырама деп қорықтым. Дегенмен ,бәрі ойдағыдай аяқталды. Көрмеден қомақты қаржы түсті. Біраз бөлігін ұйымдастырушылар алды. қалғанын менің алдыма әкеліп үйіп төге салды.

Міне, Асылым қалған ақша осы. Етегім толы ақшаны жинай алмай қалдым. Арасында доллар да бар. Мынау сіздің еңбегіңіз. Өстіп ақша табамыз-деді. Осындай жетістікке жеттім деп қуанып үйге келсем. Ұлым еңсесі түсіп кеткен. Қабағы тұнжырап отыр.

Балам не болды?- дедім. Жалғасым үндеместен бір тілім қағазды қолыма ұстатты. Көзім қарауытып барып оқыдым.

" Сотқа шақырту " деп жазылып тұр. Көзімді төменірек салдым. Мұрат жіберіпті... Мен мелшиіп отырдым да қалдым. Жадырап келген көңілім қара түнектей басылды да қалды... Осыны да көру менің басыма жазған екен. Енді "ажырасқан қатын" атанатын болдым. Қоғамның мұндай адамға қарайтын көзқарасы да мүлде басқа екенін мен жақсы білетін едім... Әттең, қу өмір...

Ажырасу жайлы ойлар мені бұрын да қатты толғантатын. Тіпті қорқатынмын да мен үшін ажырасу "болды, бітті, өлдім болып көрінетін. Сырттан ажырасқан біреулерді көрсем, шошитынмын. Әлгіні аяп, кейде мүсәпір сияқты да қараған күнім болды. Алла аузым жазықты. Бірақ бұл Рас еді. Сырттай ажырасқан әйелдерге қарап, оны батыр есебінде санайтынмын. Себебі, өз басым қанша қорлық көрсем де, ондайға бармайтындай болып көрінетінмін. Міне, өз басыма да келді...

Осыны ойлап жатып ұйқым шайдай ашылып кетті. Бір кезде Мұрат екеуіміздің алғаш кездескен күніміз есіме түсті. Алматының 28 панфиловшылар паркіндегі үлкен дің ағашқа ойып жазған есімдеріміздің астына " Мәңгі біргеміз " деп жазған жазу да әлі күнге дейін со қалпында тұр. Бірақ уақыт пен пенде атаулының өмірге деген көзқарасы мен сыйластығы ізім-ғайып жоқ болады деп кім ойлаған. Алғаш келін боп босағаны аттағанда, енемнің "осы орамалды басыңнан тастама сен енді келін болдың" дегенде жастықпен "шашымды сәндемеймін бе " деп ренжігенім де есімде... Қайран, шіркін балалық -ай, алғаш перзентімді қолыма алғанда ұстай алмай енемнің алдына тастай салғаным да есіме түсті. Қарқылдап күліп еді сонда " ей бала-ай, саған баланың не керегі бар"– деп, енді бүгін қарасам осының бәрі өткінші өмір екен. "Өмір жалған"– деген осы шығар... Он алты жыл өмірім көз алдымнан қас қағым сәт болып өте шыққандай...

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!