Әңгіме алаңы "Латын әліпбиіне көшу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әңгіме алаңы "Латын әліпбиіне көшу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: "Латын әліпбиіне көшу" әңгіме алаңы.

Сабақтың мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер.

Барысы

І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгін біздің мектепте де бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.

Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбында өткізілгелі отырған ашық алаңымызға қош келдіңіздер.

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрофон»

Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы Сұлтанова Бейбіт апайымыз өз баяндамасын тұжырымдап айтып берсеңіз.



Бейне көрсетілім: "Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы".

Бейне көрсетілім: Қазақ тілін латын әліпбиіне көшу заман талабы.



Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.

І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары:

  1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?

  2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...

ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:

  1. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

  2. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:

  1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

  2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Көрермен не дейді?..

Бейне көрсетілім: "Қазақ зиялы қауымның ой-пікірлері".

Оқушылардың латын әліпбиін меңгеру.

ІҮ Рефлексия. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (қос қолды)

Сол жақ: қолдамаймыз (сол қолды).

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2018
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі