Материалдар / Аңыз əңгімелер жинағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аңыз əңгімелер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа қолдануға тиімді аңыз əңгімелер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
6061
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





































«А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ кешені»КММ





















Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Самадинова Бибінұр

















































Мазмұны



  • Ең әдемі гүл....................................................... 3
2. Әкенін қызықты тәжірбиесі............................. 4 3. Асығыс үкім....................................................... 54. Білгеннің пайдасы ............................................ 65. Бос қайық............... ........................................... 76. Табанды бала...................................................... 87. Үш дос.............................................................. . 98. Рахмет,ата!........................................................ 109. Ана қиялы..........................................................1110. Бақша ағаштары................................................12

















Ең әдемі гүл.

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты. Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.



















































































Әкенің қызықты тәжірибесі. Әке мен қызы әңгімелесіп, дерттесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуді білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі бәрін тыңдап болғаннан кейін «Кел қызым, саған бір нәрсе көрсетейін» деп асханаға алып барады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Пеш үстіне бірдей көлемде үш ыдыс қойып, үшеуіне де бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің де астына бірдей мөлшерде от жағады. 













Асығыс үкім.    Бір кісі үйінің төменгі қабатында ағаш шеберлігімен айналысады екен. Есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанында электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де келмейді. Қасарысқандай сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.





























































































Білгеннің пайдасы. Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты: - Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар.



















Бос қайық Бір данышпан өз оқушыларына былай деді: - Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін. Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жақтан бір қайық менің қайығымды соғып кетті.Мен ызаға булығып кеттім. Мен көзімді ашып, менің мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе – бет қалдым. Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу – ыза қыса бастаса, өзімнен – өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық !» деп, сабама түсемін.















































































Табанды балаЕрте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі өліп, жалғыз анасымен қалады.Олар өте жұпыны өмір сүреді. Кейде ішерге астары да болмай қалатын. Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оның мектепке баруға еш мүмкіндігі болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп шешеді. Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп, сіз үйіңізге қызметші адам іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! «Мен еңбегңме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда – санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, маған сол да жеткілікті»,- дейді. Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді. Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім ауық – ауық бай балаларының кітаптарына қарап, кейде мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тасада тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім барлығын үйреніп алады. Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазатынын білмей , басы қатады.Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды. Бір күні өзінің қожайынына келіп, «Мен өз еңбегімнің ақысын сұрайын деп келдім. Егер маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», дейді. Байдың мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.Енді кішкентай Әлім оқитын кітапқа да қол жеткізді. Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп , түнде оқуға тура келді. Оның шамға май алатын ақшасы да жоқ еді. Бірақ Әлім ешқашан мойымады.Жарқырап ай туғанда айдың жарығымен оқып, жазатын. Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.













































































Үш дос Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене – кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгінде Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа: - Ойындарыңа мен де қосылайыншы , - деп өтінді. Қазанқап: - Ойынға қоспаймыз, - деді бірден шешімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін өайтарып тастады. Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді. Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын.Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып, ала жөнелетін – ді. Бұлар үйден шыққан өртті оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа: - Кел! Ойынға сен де аралас, - деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті. – Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады. – Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.Қазанқап қиналып, екі беті қып – қызыл болып: - Самат , кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, - деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

Рақмет, ата! Баламның амандығын біліп, немермді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт – бес жасар шамасындағы қыз тұрды. Қасына келіп: - Бұл жерде неғып тұрсың ?- дедім. – Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой. - Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім? - Гүлнар . - Кімнің баласысың? - Әжемнің баласымын. Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнұрға бердім. - Үйде кішкентай Сая бар . Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп – кішкентай Гүлнардың тәрбиелі , тәртіптілігіне риза болып қоштастым.















































































Ана қиялы. Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі сұрықсыз, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті.Ана өте өнерлі, ісмер болыпты. Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас – суға айырбастап, күндерін көріпті. Аналарының алып келген тамағына мәз болған балаларда уайымсыз өмір кешіпті. Балалар да ер жетеді.Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын. Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді. Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді.Суреттегі әдемі бау – бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін – әлсін қарап таңданады. Суретшінің қиялына дән риза болады.Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады. Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларынвң да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды. – Бізде сондай күнге жетер ме екенбіз?- деп балаларына күрсіне қарады. – Егер бәріміз бірлесіп, жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас, - деп балалары аналарын жұбатқандай болды. Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды.Оқып білім алады. Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады. Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады. Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады. Ана балаларына, өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады. Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады. Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.





















































































Бақша ағаштары. Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуіде егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. – Мына ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі неге қисық біткен деп? – сұрады баласы. – Оның себебі, балам, анау ағашты бағу, қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кеседі. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы. - Олай болса, бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы. - Бағу – қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым: мұнан сенде өзіңе әбірет алсаң болады, сен жас ағашсың, сағанда күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетімен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің , - деді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!