антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі

Материал туралы қысқаша түсінік
антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Биология, 11 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1-тарау. Молекулярлық биология және биохимия.

Сабақтың тақырыбы:

Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиген мен антидененің әрекеттесуі

Оқу мақсаты:

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру

Бағалау критериі:

Антиген мен антидененің әрекеттесуін түсінеді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс
(1,2 тапсырма)


Жеке жұмыс (3-тапсырма)


Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут





1 мин

Ұйымдастыру

Қайырлы күн, құрметті оқушылар!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Антиген мен антидененің әрекеттесу механизімі

Сіздің білетініңіз:

Антиген мен антидененің әрекеттесуі мен зерттеу әдісі.

Сіздің меңгеретініңіз:

Антидене мен антигендердің арасындағы байланысты.





Презентация Слайд 1




Слайд 2

7-8 минут



1 мин





5 мин







02:30 –

03:00







03:00-04:30








04:00-

05:00

Жаңа сабақ

Антиденелер - организмге антигеннің жауап ретінде плазматикалық жасушалар бөліп шығаратын қан сарысуының нәруыздары

Антиденелердің маңызды әрі ерекше қасиеті – антигенді организмге қалай енсе сол түрде байланыстырады және олардың жою процесін бастайды.

Антиденелердің молекуласы аминқышқылдарынан тұратын төрт полипептидті тізбекті қамтиды. Олардың екеуі ауыр және екеуі жеңіл. Жеңіл және ауыр тізбектер бір-бірімен дисульфидті көпіршелер арқылы байланысады. Жеңіл тізбектер барлық класстар мен ішкі класстар үшін ортақ болып табылады.


Антигендер (antigen; көне грекше: anti — карсы; көне грекше: genesis — шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оған қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер (антиденелер) түзіледі, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер[1]; қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға, адам жұқпалы арулардың қоздырғышымен залалданғанда адам ағзасында оны осы ауру қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер түзіледі.

Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі

Антиденелердің бір антигенді екіншісінен ажырата алатын қабілеті бар.

Олар тек қана өздеріне қарсы жасалған және кеңістік құрылымы бойынша сәйкес келетін антигендермен (кей жағдайларда қоспағанда) өзара әрекеттеседі. Антидененің бұл қабілеті комплементарлық деп аталады.

Антидене (иммуноглобулиндер) -антигеннің әсерінен синтезделетін және арнайы әсер етуші белоктар. Олар өзінің химиялық құрылымына қарай ақ зат, қан сарысуы бола тұрып гликопротеиттерге жатады және полипептидтік тізбек құрайды.

Иммуноглобулиндерді плазмалық жасушалар шығарады. Олар қан сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында болады. Олар 5 топқа бөлінеді.


Серология — иммунологияның бір саласы. Ол антигенмен антидененің организмнен тыс байланысуын және оның биология мен медицинада пайдалану әдістерін зерттейді.

Серологиялық зерттеу. Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен антиденелердің организмнен тыс in vitro өзара әрекеттесуінің нәтижесінен туындайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция жүрмейді. Соңдықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі факторлары деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларды антиген мен антиденеден басқа қосымша факторлар деп аталған комплемент, конглютинин, антиглобулин, т.б. пайдаланылады.
Серологиялық реакциялардың компоненттері өзгермеген /табиғи қалпындағы/, алып жүруші негізге /эритроцит, латекс, декстран, т.б./ жабыстырылған және радиоактивті изотоп, люминисцентті бояу немесе тағы басқалармен таңбаланған болуы мүмкін. Антиген мен антидене қосылғаңда белгілі бір құбылыс байқалады. Мысалы, антигендер жабысып іріміктенеді /агглютинация, преципитация/ немесе ериді /лизис/. Осы құбылыстарды тікелей бақылаумен қатар, бір тектес қос компонентті жарыстырып, бірінің әсерін екіншісі тежеуі арқылы да серологиялық реакцияның нәтижесін бақылауға болады. Мұндай реакциялардың бірінші түрі – тікелей жүретін реакциялар да, екінші түрі – тежелінген реакциялар.

Зерттеудің серологиялық әдісі бірнеше реакциялардан тұрады: агглютинация, тұндыру, комплементті байланстыру, иммунофлюоресценция, имунноферментті және радиоиммунологиялық талдау.

Жаңа тақырыпты меңгеру












Презентация

Слайд







Слайд 4




Слайд 5







Слайд 6


https://www.youtube.com/watch?v=5AXApBbj1ps&list=TLPQMDUwODIwMjCKHAuEtqBS4A&index=5 https://www.youtube.com/watch?v=5AXApBbj1ps&list=TLPQMDUwODIwMjCKHAuEtqBS4A&index=5








Слайд 7






Слайд 8





Слайд 9

































8 минут


03:00-03:30




03:30-03:40




03:30-03:40





03:40-04:40



Тәжірибе

Тапсырма №1 Тапсырма. Кестені толтыр.



Анықтама

Ұғымдар

  1. Қан сарысуының қасиеттерін зерттейтін ғылым




  1. Организмге антигеннің жауап ретінде плазматикалық жасушалар бөліп шығаратын қан сарысуының нәруыздары


  1. Қан сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардң сыртқы қабығында кездеседі



Тапсырма №2. Берілген сурет арқылы антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндір

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру


Дескриптор:

Берілген анықтамаларға сәйкес ұғымдарды ажырата алады.


















Дескриптор:

Антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіреді.


Слайд 10

































3 минут

04:50-05:00


05:00-05:10






05:10-05:20


Бекіту

















Тапсырма №3 Серологиялық әдістің артықшылығы мен кемшілігін анықта (оқулықпен жұмыс).

Зерттеудің артықшылығы

Зерттеудің кемшілігі





Тақырыпты меңгергенін анықтау


Дескриптор:

  • Серологиялық зерттеу әдісін біледі.

  • Артықшылығы мен кемшілігін ажырата алады.

Презентация

Слайд 12















05:50-06:00













Бүгінгі сабақта:


  • Антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндім

  • Иммуноглобулиндердің 5 тобын ажырата аламын

  • Серологиялық зерттеу әдісінің маңызын түсіндім.





Слайд 14














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.00.2023
1697
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі