Антонимдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Антонимдер

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары тапсырмаларымен толық жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жарма ауданы Шар қаласы, Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Калматаева Мадина Нурлановна


Сабақ жоспары

Пән аты: Қазақ тілі

Сыныбы: 5

Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: антонимдерді мәтін құрамынан таба білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың тіл байлығын дамытудың нәтижесі арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық: оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдануына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: жаңа материалды таныстыру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау,сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемде

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 80,82,86 - жаттығулар

2. Синонимді оқу

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Тақтаға жазылған мысалдар арқылы түсіндіру.


    1. Жылы менен суықтың бәрін көріп,

Қайран көңіл қайыспай қайрат кетті.

(Абай)

  1. Көз қорқақ,

Қол батыр.


  1. Білген адам тауып айтады,

Білмеген адам қауып айтады.


  1. Арық айтып, семіз шық.


  1. Ақылсыз адам айқайлай келеді,

Жан-жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жай, жай келеді.

Жан-жағын байқай келеді.


  1. Оқушыларға лингвистикалық білім беру.

Мағыналары бір-біріне қарама- қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: үлкен – кіші, суық-жылы, ескі-жаңа, қатты-жұмсақ т.б.

Антонимдер мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағына бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көрсетуге болады:


Антонимдер Болымды – болымсыздық мағыналар


жақсы – жаман жақсы –жақсы емес

ал – бер ал –алма

сулы – құрғақ сулы -сусыз

көңілді - қапалы көңілді –көңілсіз



Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі (образды) түрде жеткізудің де оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер жарыса қолданылады. Бұл ойды тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізуде антонимді қолдануды ұтымды тәсіл екендігін танытады.



ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс.

87 – жаттығу

Мәтінді көшіріп жазыңдар.

Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зор екендігіне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді! Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.


Мәтіндегі тірек сөздерді тауып, астын сызыңдар.

Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимдерін тауып жазыңдар.

«Қандай әсем сөйлейді!» деген сөз тілдің қандай сипатына байланысты айтылып тұр?


88 – жаттығу.

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.


Рух күші адамды жеңілмейтін етеді: жүректілік – бейнелеп айтсақ, адам ізгілігінің жанары. Жүректі адам ізгілік пен зұлымдықты көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен де сезінеді. Ол қайғы, қасірет, адам намысын қорлау сияқтылардың жанынан енжар өте алмайды.

Ер балалардың күші, шымырлығы – ізгілік дәні себілетін топырақ. Ізгілік күшті, батыл, ер жүректі болғанда ғана нәтижелі болады.


Мәтінге ат қойыңдар, тақырыптың мазмұнымен байланысын байқаңдар.

Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке-жеке топтастырып жазыңдар.

Синонимдерді қатар, бірге қолданудың мәні неде деп ойлайсыңдар? Олардың біреуін ғана қалдырып оқып көріңдер, сөйлемдегі ой өзгере ме?

Адам бойындағы ең асыл қасиет деп нені атар едіңдер?


89 – жаттығу. Құпия, жас, шық, үйір, тіл, ер сөздерінің омонимдес, синонимдес,антонимдес сыңарларын тауып жазыңдар.


Үлгі: Құпия, жасырын, жабық, жұмбақ, белгісіз, т.б. – синоним; құпия – жария – антоним; омоним сөз жоқ.


90 – жаттығу. Шумақтарды оқып, әр шумақтан түсінгендеріңді әңгімелеңдер.


Рубаилар


Күннің әні – сәулесі,

Жердің әні – жемісі.

Ездің әні - әуресі,

Ердің әні – жеңісі.

***

Ауру әлек салған соң,

Уайымға түсесің.

Жаның тәтті болған соң,

Ащы дәрі ішесің.

***

Күні жоқта гүл – жетім,

Гүлі жоқта жер – жетім.

Сөзі жоқта тіл – жетім,

Елі жоқта ер – жетім.

(М.Әлімбай)

Мәтіннен антоним сөздерді тауып, олар автордың ойын беруде қандай рөл атқарып тұрғанын аңғарыңдар.

Мәтіндегі ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.

Осы рубаиларды үлгі ете отырып, бір – екі шумақ өлең құрастырып көріңдер.


91 – жаттығу. Мәтінді оқып, ненің суреттелгелгенін баяндаңдар.


Күн шағырмақтанып көтеріле бастады. Айналмаға аттар жегіліп, ұзын шыбыртқы шарт ете түсті. Анадай жердегі жалғыз дөңгелек зырқырай жөнелді. Әжемнің ұршығындай емес, көз ілестірмейді.Тынып жатқан шаң аспанға будақтады. Машина гүр- гүр етті. Таудан құлаған судай гүрілдейді. Алтын бауларды қылғып жұтып, қызыл маржанды қап – қап ағытылдырды. Еңбек күйі, еңбек буы жеті қырға жетті. Қара жер солқылдап биге басты. Аспан қосыла гүрілдеді.

Бір жағынан тасылып жатыр. Бір жағынан соғылып жатыр. Қырман басы – ұлы дүбір той... Буы бұрқыраған еңбек күйі аспанға өрлейді. Жер мен аспан қосыла билейді...

(Ғ.Мүсірепов)

Мәтінге ат қойыңдар.

Оқиғаның дамуы қандай сөздер арқылы беріліп тұрғанын анықтаңдар.

Жансыз нәрселерге жан бітіріп тұрған сөздерді тауып, оларды өзі байланысып тұрған сөздерімен тіркестіріп жазыңдар. Ауыспалы мағынадағы сөздердің ойды берудегі мәніне назар аударыңдар.


V. Үй тапсырмасын беру:

1. Антонимдер

2. 92-жаттығу

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VII. Сабақтың аяқталуы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
1241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі