Әнуарбек Шекербекұлының өлеңдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әнуарбек Шекербекұлының өлеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзі өлсе де, хаты өлмейді, - дегендей, ұлағатты ұстаз, ардақты жан, танымал тұлға, қоғам қайраткері, айтыскер ақын - Әнуарбек Шекербекұлының өлеідерін насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана туралы толғау


Соғыстың 44-ші жазы еді,

Жан беріп, жан алысқан нағыз кезі.

Нағашыдан Қарамұрт келді үйге,

Астында Қарагері жалғыз өзі.


Қарамұрт әңгімені бастады үйде,

Келген адам секілді жиі күнде.

«Құдағи, балаңыздан хабар жоқ па?

Маңдайына жазғанды көрер пенде».


«Әкесі келініңнің ауру, - деді,

Сағынып жүрген шығар көптен, - деді.

Балаңыз аман болса келер қайтып,

Барып қайтсын, әкесін көрсін» - деді.


Қарамұрт осыны айтып қарап қалды,

Жүзінде Қарамұрттың сұрақ қалды.

Есітіп мына жайды қапылыста,

Көз жасын әжем байғұс сығып алды.


Қарамұрт кетем деді ертеменен,

Асығыс жыл құсындай ерте келген.

Бұл жайды іші сезіп қапаланды,

Атам да есітті де кештеу келген.


Жас анам көзге елес кеткені де,

Мезгіл еді жайма-шуақ көкте күнде.

Жамылып қыжым- шапан иығына,

Көріп ем жыра-сайға жеткенінде.


Күтіп тұр мұртты кісі атқа мініп,

Анамды көтеріп ап, жерден іліп.

Сол кезде Қарагер де ойнақшыды,

Мұны ешкім ойында жоқ, жатқан біліп.


Анашым сол кеткеннен ұзап кетті,

Аңыратып мені артына тастап кетті.

Еңіредім жылай-жылай кешке дейін,

Жанары қара көздің құрғап кетті.


Үйге кірсем әжем де отыр боздап,

Қояды ошақтағы отты қозғап.

«Қимас келін өртеді өзегімді»- деп,

«Үш жетім» аңырадық отырып ап.


Еңіреді әжем менің күні бойы,

Егілді бордай болып тұла бойы.

Не себеп кеткеніне келінінің,

Жетпеді қанша ойланып ақыл-ойы.


Тағдырды осындай ғып салды басқа,

Әңгіме көбейді де, алыпқашпа.

Боздады қайран әжем тыным алмай,

«Келінім қадірлі ед деп кәрі жасқа».


Есітіп түгел келді ауыл-аймақ,

Кейбіреу отыр үйде я құдайлап.

Ағайын жылай берді қосылып ап,

Ешкім де миы жетпес мұны ойлап.


Күңіренді әжежаным кешке дейін,

Алады оқта-текте іштен демін.

Түннің бір уағында байқап қалдым,

Жарығы білте шамның өшті-ау деймін.




Әкені аңсау


Мен туғанда жоқ екен әкем менің,

Көргем жоқ тәтті конфет әкелгенін.

Құрсақта құндақтаулы жатқанымда,

Қорғауға аттаныпты туған елін.


Шоқ түсіп жүрегіне қарт ананың,

Соғыстың естігенде қатал үнін.

Желбіреп ақ жаулығы таңсәріде,

Сапарға шығарыпты асыл ұлын.


Заманның еске алсам өткендерін,

Тасқындай буырқанар көптен бергім.

Артыңда ұлың қалды ізбасарың,

Қан жұтып, қайғыланып сүйген жарың.

Аңырап анаң қалды баласы үшін,

Құрт-майын, ірімшікпен жиып бәрін.


Әкеңіз ақ сақалын «күміс» шалған,

Күңіренді «Не болды?»-деп мына жалған?

Қайыспас қара нардай қайран атам,

Көтерді тағдыр жүгін басқа салған.


Еңіреді, елжіреді әже, «байғұс»,

Білмеді күн шықты ма, болды ма түс,

Көл болып аққан тамшы көз жасынан,

Шер болып қатып қалды белде қайыс.


«Боздақтар Отан үшін жанын қиған,

Жан беріп жан алысқан болды майдан».

-Дейді де, аһ ұрады ата жаным,

Баласы ешуақытта кетпей ойдан.


Өмір-өзен өстім мен ескегімді,

Естімей өстім бірақ тосын үнді.

Қарт әже аялаған, аймалаған,

Жалбыр шаш қара бала осы күнгі.


Құласам сүйеді әжем, сүрінбедім,

Мінекей, енді бақыт төріндемін.

Сонда да мұңаямын өткен күнге,

Еш болмаса әкемді бір көрмедім.


Бұл күнде әкесімін бес баланың,

Жүзеге асқанменен басты арманым.

Әкемнің бір хабары шыға ма деп,

Шарқ ұрам күйін кешіп жас баланың.

Туган жер


Барма екен туған жердей жер бетінде,

Мен сенің ынтызармын келбетіңе.

Аңсаған мына өзіңді туған ұлын,

Басады топырағынды тербетіле.


Ой-сөзім қиялымда ұшталмаған,

Басталып бip өзіңнен ұшты арманым.

Бересің енді маған қай сыйыңды?

Сусындатып улыцнын, куштар жанын.


Оңтүстік айналайын атамекен,

Өзіңнен туғаным жоқ ала бөтен.

Жүрсем де шет қиянда саған деген,

Ыстық сезім басылмай жатады екен.


Кең өлке, гүлзар өлке, байтақ елім,

Талайлар жырға қосып айтар әнін.

Жер жетпес туған жерге дүниеде,

Мен енді келмейді оны қайталағым.


Туған жер неткен ыстық атамекен,

Өзінде әpбip таңым атады екен.

Тіршілік гумырында жалғасатын,

Барша адам бақыт тауып жатады екен.


Арысыма

(Арыс каласының 50 жылдығына)


Шөл едің бұрын елсіз қуан дала,

Токтаусыз кезіп өткен құлаң ғана.

Алыстан «айдаһар құйын» көрінетін,

Ұшырып әкетердей бұлаңдана.


Таңдайды кептірердей аптап ыстық,

Орнына гүлдестенің «жалын» құштық,

Кезерген ернімізді жібітуге,

Арыстың жағасына «құстай» ұштық.


Сонда да үміттендік келешектен,

Жауынды нөсер дедік бүркіп өткен.

Арайлы таң нұрындай сезінуші ек,

Бip бұлт төгіп өтсе, ығып шеттен.


Бұл күнде қала орнады абаттанып,

Еңбекте ерлерімнің бағы жанып.

Сәнді үйлер, түзу кеше бой түзеді,

Көрген жан қалатындай таңдай қағып.


Электр шамдары тұр желі тартып,

Түніміз күндізгідей болды жарық.

Асфальт көше жаркырап сән береді,

Сәулеті каламыздың келеді артып.


Көрініп әрбір істен даралығым,

Жаңарып жаңғыруда қала бүгін.

Батырлар аллеясы сап түзеді,

Ұрпаққа ұғындырып «даналығын»


Қарасам көз тоймайды Арысыма,

Ерлердің қол соғамыз табысына.

Арысым гүлденуде біз сенеміз,

Айналар «Тәуелсіздік Барысына».


Еске алсам өмірді кешегі өткен,

Рухы ер бабамның дүрілдеткен.

Солардың арқасы ғой мына заман,

Бақ қонып, басымызға келіп жеткен.

Жұбайыма


Ұйқыдан тұрсам сені іздеп,

Алаңдайды көңілім.

Көрінбесең сол бір кез,

Қызықсыз, мәнсіз өмірім.


«Өмір қайық келеміз,

Ескегін есіп тынбастан».

Өткен өмір біз үшін,

Жазылмаған жыр-дастан.


Жоқ болсаң үйде бір мезет,

Жалғызсырап қаламын.

Сүйеніш бірі бола алмас,

Мынау тұрған ғаламның.


Желеп-жебеп жүретін,

Сыйынам әркез «Тәңірге»

Бағаң жетпес өмірде,

Қымбатсың маған әрине.


Сағыныш «оты лаулайды»,

Кетпеші ұзап сен үйден.

Қорқады жаным түршігіп,

Жалғыздық деген «үрейен».


Достарға


О,достар, өздеріңнен жүрмін алыс,

Сонда да көңілімде бар зор қуаныш.

Шаттыққа бөлейсіңдер кейде менің,

Жанымды жабырқаулы жатқан тыныш.


Өтті ғой бipre болған бала күнім,

Терген ек біздер талай дала гүлін.

Сыр ашып, сыр алысқан ол күндерді,

Қалайша ұмытып мен қалам бүгін.


Жас шағым жадыма алсам, есімде әлі,

Достарым емеспіз ғой еш кінәлі.

Қателік бала күннен өткен болса,

Достықпен сол бip кездей кеш күнәмді.


Тәуелсіз Қазақстан

(20 жылдық мерей тойына арналған)


Кең байтақ Қазақстан берекелі,

Мен үшін әрбір күнің мерекелі.

Көрсеткен замананың кереметін,

Басшымыз Елбасыға бәрекелді.

Жиырма жыл қырқасынан күлімдедің,

Көремін биіктерден сені бүгін.

Қуаныш шаттанатын кезім келді,

Болып тұр бұлжымастан көңілдегім.

Жырлаған Жамбыл ата «қазақ емес»,

Енді ол хан мырзаға мазақ емес.

Күрішші, егіншімнің тың көтерген,

Бұл маған бақыт енді «азап емес».

Мал жайын жақсы білген бақташымын,

Өciprген ақ алтынды мақташымын.

Ырысқа толтырдық қой қарашы әні!

Көтерген «Қыдыр ата ақ қапшыгын».

Тау тесер аңыз болған бұрғышымын,

Жаңалық жаршысындай әрбір ісім,

«Жете алмас жеті ата жел аяғын»

Ерімді Тоқтардай көкке ұшырдым.

Көрсетіп бұл ғасырдың ғаламатын,

Көтеріп көкке биік қазақ атын.

Желбіретіп көк байрақты көк төсіне,

Талғаттай шын каһарман азаматым.

Тұнығындай көк аспанның мөлдіреп,

Тәуелсіздік туы көкке желбіреп.

Ұлылықты бейнелейтін байрағым,

Мақтанатын, шаттанатын келді рет.

Желтоқсанның ызғарынан басталған,

Орындалды көкейдегі басты арман.

Көк байрағым Тәуелсіздік тұрғанда,

Мен мыктымын, мен ешкімнен жасқанбан.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі