400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анықталмаған коэффициенттер әдісі. ҚМЖ 10 сынып ЖМБ алгебра 3 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
10.2.1.13 - анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Алгебра ЖМБ

Тақырыбы: Анықталмаған коэффициенттер әдісі

Бөлім:

10.3А Көпмүшелер

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

19.01.2024ж

Сынып: 10 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Анықталмаған коэффициенттер әдісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.1.13 - анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • анықталмаған коэффициенттер әдісін қолданып көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.


Жинақтала

ды, сабаққа ынталанады.






Оқулық.

Сабақтың ортасы

Өткен сабақты пысықтау.

Анықталмаған коэффициенттер әдісі – математикада түрі алдын ала белгілі өрнектердің коэффициенттерін табуда қолданылатын әдіс.

Анықталмаған коэффициенттер әдісінің қолданылуы келесі екі теоремаға негізделеді:

1-теорема. (нөлге тең көпмүшеге тепе-тең көпмүше туралы).

Егер стандарт түрде берілген P(x) = a0xn + a1xn – 1 + … + akxn – k + … + an - 1x + an көпмүшесі x аргументінің кез келген мәнінде нөлге тең болса, онда оның барлық коэффициенті a0, a1, …, an нөлге тең болады. Бұл теорема нөлдік көпмүшеден басқа ешқандайы нөлге тең көпмүшеге тепе-тең бола алмайтынын көрсетеді.

2-теорема.

P(x) = a0xn + a1xn – 1 + … + akxn – k + … + an – 1x + an және S(x) = b0xn + b1xn – 1 + … + bkxn – k + … + bn – 1x + bn берілген болсын. P(x) = S(x) болу үшін a0 = b0, a1 = b1, …, an = bn болуы қажетті және жеткілікті.

Екі көпмүше тең деп есептеледі, егер:

  1. олардың дәрежелері бірдей;

  2. x айнымалысының бірдей дәрежелеріндегі коэффициенттер өзара тең болса.

Тапсырмалар орындау. Топтық жұмыс

№1. Түбірлері 2, –3 және –1 сандары болатын үшінші дәрежелі P(x) көпмүшесін стандарт түрде жаз.

№2. Түбірлері –3, –2, –1, 1 сандары болатын бас коэффициенті 2-ге тең ең кіші дәрежелі P(x) көпмүшесін стандарт түрде жаз.

№3. x3 + 2x2 – 2x – 3 = 0 теңдеуінің түбірлерінің қосындысын тап.

№4. x3 – 5x2 – 2x + 6 = 0 теңдеуінің түбірлерінің көбейтіндісін тап.

№5. 2x3 – 4x2 – 14x + p = 0 теңдеуінің екі әртүрлі түбірі болатындай p-ның барлық мәнін тап.

№6. x4 – 4x3 – 2x2 + 12x + p = 0 теңдеуінің екі еселі екі түбірі болатындай p-ның барлық мәнін тап.

№7. 1 + саны x4 + ax3 + bx2 + 6x + 2 = 0 теңдеуінің түбірі. a және b рационал сандар екендігі белгілі болса, онда оның барлық түбірінің қосындысын тап.


Алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіреді







Мысалдарды жазады















Тапсырманы топтасып орындайды





































Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл.

bilimland.kz





























Сабақтың соңы

Үй жұмысы: №

Рефлексия.

Оқушылар өз ойларын карточкаға жазады:

  • Бүгін мен білдім …

  • Қызық болды …

  • Мен мынаны түсіндім …

  • Маған не түсініксіз болып қалды …

  • Мен тағы білгім келеді …

Үй жұмысын алады.

Рефлексияны орындайды





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі