«Адал азамат» – басты бағдарымыз біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу туралы
Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасымен тәрбие жұмысы іске асырылады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.
Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады.
Мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын:
тәуелсіздік және отаншылдық бірлік және ынтымақ әділдік және жауапкершілік заң және тәртіп еңбекқорлық және кәсіби біліктілік жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарға негізделген.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.
Бағдарламаның мақсаты: құндылықтары негізінде азаматтық
жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етеді.
Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:
ұлттық мүддені ілгерілету; тиімді қарым-қатынас және басқалармен ынтымақтастық орнату; қоғамға қызмет ету; этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау; инновациялық ойлау;
идеялар мен проблемаларды шешуде стандартты емес тиімді әдістер
қолдану
АЙ САЙЫН:
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы; Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы; Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Құндылықтарды қалыптастырудағы күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:
КҮНДЕЛІКТІ:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
«Өнегелі 15 минут»
«Үнемді тұтыну»
«Күй күмбірі»
АПТА САЙЫН:
«Менің Қазақстаным»
Аптаның дәйексөздері
«Қауіпсіздік сабағы»
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
Буллингтен қорған!
Ойынға салауатты көзқарас;
Өмірге салауатты қадам;
Қоғамдық мүлікті қорға!
Қауіпсіз қоғам.
Қауіпсіз орта – басты міндет
Оқушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі – ең маңызды басымдық. Осы орайда:
-
«ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасы арқылы буллингтің алдын алу,
-
Мектеп медицина қызметкерінің жаңа рөлі – тек алғашқы көмек көрсетуші емес, сонымен бірге сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік процестің белсенді қатысушысы,
-
Санитарлық нормаларды сақтау, бейнебақылауды күшейту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектеп ұжымының тұрақты назарында болады.
Заманауи білім беру және жасанды интеллект
2025–2026 оқу жылы – жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізудің алғашқы кезеңі.
-
Барлық оқушылар «Day of AI» курстарынан өтеді,
-
Мұғалімдер үшін ЮНЕСКО мен «Өрлеу» орталығы әзірлеген онлайн курстар қолжетімді,
-
Әрбір педагог ЖИ-ді сабақтарында тиімді пайдалануды меңгеруі тиіс.
Бұл – мұғалімді алмастыру емес, керісінше оның уақытын үнемдеуге, әдістерін жаңартуға арналған көмекші құрал.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүргізілетін жобалар туралы
Мектебімізде өткен оқу жылында «Адал азамат» бағдарламасы аясында
-
«Қамқор» жобасы бойынша
«Жақсылық жасауға асығайық», «Қайырымды істер апталығы» өткізіліп, Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы біздің мектепте оқитын балаларға арналған шара, және ауылдағы жалғыз басты қарияларға волонтерлық көмек көрсетілді. -
«Шабыт» жобасы
Жоба шеңберінде оқушылар арасында шығармашылық байқаулар, қолөнер көрмелері, поэзия кештері ұйымдастырылды. -
«Smart Bala» жобасы
Бұл бағытта ақпараттық технологиялар сабақтарында жобалық жұмыстар жасалып, 5,6 сынып оқушылары арасында Start upбайқауы, «Цифрлық әдеп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. -
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында мектепішілік дебат турнирлері, интеллектуалдық ойындар және эссе байқаулары өткізілді.
Аталған жобалардың нәтижесінде оқушылардың әлеуметтік белсенділігі, азаматтық жауапкершілігі мен парасаттылық мәдениеті артып, мектеп ортасында адалдық пен өзара құрметке негізделген орта қалыптасуына ықпал етуде.
2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасымен тәрбие жұмысының жүргізілу барысында осы аталған жобалар жалғасын табады. Бұл жобалар бойынша жауапты адамдар бекітіліп, бағдарламаға сәйкес жоспарлары талқыланып, бекітілуге ұсынылды.
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы – Кәсіби бағдар беру мамандары Рзалиева А.С. Сағынғали А.Б.
Балалар кітапханасы жобасы - Кітапханашы Бисекенова Е.С.
Қамқор жобасы - Тәлімгер Нұрсейтов Д.Б. биология пәні мұғалімі -Муканова Э.З. әлеуметтік педагог Кумарова А.М.
Ұшқыр ой алаңы – Стабаева Г.С., Гайнеденова Г.К.
Smart bala жобасы – информатика пәні мұғалімі Умирова А.М.
«Қамқор», «Шабыт», «Smart Bala», «Ұшқыр ой алаңы» сияқты жобаларын іске асыру мақсатында оқушылардың тұлғалық дамуы мен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында бірнеше жобалар енгізіліп, жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы
2025–2026 жаңа оқу жылында
тәрбие жұмысы «Адал азамат» Біртұтас
тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
Бағдарламаның мақсаты – ұлттық құндылықтарға адал, білімді,
отансүйгіш және жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.
Әр ай белгілі бір құндылыққа
арналады:
-
Қыркүйек – еңбекқорлық пен кәсібилік,
-
Қазан – тәуелсіздік пен патриотизм,
-
Қараша – әділдік пен жауапкершілік,
-
Желтоқсан – бірлік пен ынтымақ,
-
Қаңтар – заң мен тәртіп,
-
Ақпан – жасампаздық пен жаңашылдық.
Барлық құндылықтар сынып сағаттарында толықтай қамтылды. Күнделікті «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне тапсырма берілді, «Өнегелі 15 минут» әр сыныптан ата аналардың балаларымен әңгімелескен сәттерін жариялау, «Күй күмбірі» үлкен қоңырау сәттерінде күй қосып қою музыка пәні мұғаліміне тапсырылды. Апта сайын өткізілу керек шаралар негізінде «Менің Қазақстаным» әнұран әр дүйсенбі сынып сағаттарында және саптүзу жиынында орындалады, ал Апта дәйексөздері жазылып, әр сынып жетекшілер апталарға бөлініп белгіленген график бойынша насихаттап отыру тапсырылды.
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Оқушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі – ең маңызды басымдық. Осы орайда: «Қауіпсіздік сабағы» сынып сағаттарына қосылды сонымен қоса
«ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасы арқылы буллингтің алдын алу, Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам; Буллингтен қорған! Ойынға салауатты көзқарас; Өмірге салауатты қадам; Қоғамдық мүлікті қорға! Қауіпсіз қоғам. тақырыптары қамтылды.
Бұл жүйелілік арқылы тәрбие ісі күнделікті, апталық және айлық іс-шаралармен толықтырылып, нақты нәтижеге бағытталады. «Қамқор», «Шабыт», «Smart Bala», «Ұшқыр ой алаңы» сияқты жобалар оқушылардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
Биылғы оқу жылында аталған жобалар бойынша жауапты мамандар бекітіліп, жоспарлары талқыланды. Атап айтар болсақ: «Еңбегі адал жас өрен» жобасы – Кәсіби бағдар беру мамандары Рзалиева А.С. Сағынғали А.Б.
«Балалар кітапханасы» жобасы - Кітапханашы Бисекенова Е.С.
«Қамқор жобасы» - Тәлімгер Нұрсейтов Д.Б. биология пәні мұғалімі -Муканова Э.З. әлеуметтік педагог Кумарова А.М.
«Ұшқыр ой алаңы» – Стабаева Г.С., Гайнеденова Г.К.
«Smart bala» жобасы – информатика пәні мұғалімі Умирова А.М.
«Шабыт» жобасы – Трифонова О.И., Назмутдинова Н.В.
Сонымен қатар, «Даналық мектебін жүргізу бойынша «Аналар мектебі» - Сағынғалиева А.К., «Әкелер мектебі»-Демеу Э.Ө., Батыков А.Е., «Әжелер мектебі»- Ұ.Е., «Аталар мектебі»- Мерген М. «Қыздар клубы» - Чеснокова Д.О., «Ұлдар клубы» - Рзалиев Р.Н. Тапсырылып, жылдық жұмыс жоспарлары бекітілді.
Биылғы оқу жылының тағы бір маңызды жаңалығы – «Республикалық ата-аналар комитетінің» құрылуы. Бұл бастама ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына, «Мектеп – ата-ана – қоғам» қағидаты бойынша шынайы серіктестік орнатуға бағытталған. Енді ата-аналар сыныптан бастап республика деңгейіне дейін біртұтас құрылым арқылы жұмыс жүргізеді. Ата аналармен ашық және жағымды қарым-қатынасты дамыту, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту, оларды мектеп өміріне тарту үшін «Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жылдық жоспары құрылды.
Биылғы оқу жылы бізден тың серпін, жаңаша көзқарас, табанды еңбекті талап етеді. Біздің мақсатымыз – әрбір баланың қауіпсіз ортада сапалы білім алып, адал, еңбекқор, елжанды азамат болып қалыптасуына жағдай жасау.

Ата-аналар серіктестігі – жаңа деңгейде
Биылғы оқу жылының тағы бір маңызды жаңалығы – «Республикалық ата-аналар комитетінің» құрылуы. Бұл бастама ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына, «Мектеп – ата-ана – қоғам» қағидаты бойынша шынайы серіктестік орнатуға бағытталған. Енді ата-аналар сыныптан бастап республика деңгейіне дейін біртұтас құрылым арқылы жұмыс жүргізеді.

Ұйымдастырушылық-шаруашылық қызмет
Жаңа оқу жылының табысты өтуі тек оқу сапасына ғана емес, мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық жағдайына да байланысты.
-
Санитарлық талаптардың сақталуы,
-
Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру,
-
Инклюзивті орта қалыптастыру,
-
Жұмыс кестесін нақты сақтау – ұжым алдындағы ортақ міндет.
Құрметті ұстаздар қауымы!
Биылғы оқу жылы бізден тың серпін, жаңаша көзқарас, табанды еңбекті
талап етеді. Біздің мақсатымыз – әрбір баланың қауіпсіз
ортада сапалы білім алып, адал, еңбекқор, елжанды азамат болып
қалыптасуына жағдай жасау.
Алдымыздағы педагогикалық кеңес – осы жауапты істердің бастауы. Бірлігіміз мықты болса, еңбегіміз жемісті болмақ!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
анықтама

шағым қалдыра аласыз