коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
2023-2024 оқу жылы бойынша «Каникул кезіндегі
іс-шаралардың ұйымдастырылуын» бақылау нәтижесі
туралы
АНЫҚТАМА
Бақылау
тақырыбы: Каникул кезіндегі
іс-шаралардың ұйымдастырылуы
Бақылау
мақсаты:
- мектеп
оқушыларының бос уақытының тиімді ұйымдастырылуының жоспарлануы
және қадағалануы;
- ұйымдастырылған
шараларға мектеп оқушыларының
тартылуы.
Бақылау
объектісі: жоспарланған
Бақылау
субъектісі: анықтама
Бақылау
түрі:
ағымдық
бақылау
Бақылау
нысаны: мектеп
оқушылары
Бақылау
әдістері: жоспарлау,
өткізу
Жауаптылар: класс жетекшілер,
ұйымдастырушы- педагог, үйірме, секция, клуб
жетекшілері
Орындау
мерзімі: қараша
айы
Қорытындысы: Дәстүрлі каникул уақытындағы
балалар демалысының, бос уақытының және жұмыспен қамтылуының
ұйымдастырылуы бойынша «Қазақстан балалары – күзгі интерактив»
тақырыбымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
бекіткен жоспар негізінде мектепішілік жоспар құрылып, үйірме,
секция және мектепішілік клуб жетекшілеріне таныстырылды. Аталмыш
жоспар негізінде төмендегідей іс-шаралар
атқарылды:
-
мектепішілік «Қоғамдық қызмет»
клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Асар» челленджі ұйымдастырылып,
мектебіміздің еріктілері ауданымыздағы жалғызбасты қарт әжейге
көмек қолын созып, ауласы мен бау-бақшасын қоқыстан
тазартты;
-
ұйымдастыруымен мектепішілік
«Жас қаламгер» үйірмесінің оқушылары айтыскер жас ақын кездесіп,
айтыс өнеріндегі қызықты сәттерімен және өлең жолын құрастыру
туралы ойын тыңдады;
-
9-11 кластардың оқушылары үшін
«Мамандық таңдау – жауаптылық» тақырыбында кәсіби бағдар беру
сағаттары өткізіліп, оқушылар Қазақстан университеттеріне виртуалды
саяхат жасады;
-
мектепішілік есепте тұрған
оқушылар «Менің каникулдағы бір күнім» тақырыбында бейне ролик
түсіріп, бос уақытын тиімді пайдалануымен
бөлісті;
-
бастауыш класс оқушылары үшін
«Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында қашықтықтан балалар
суретінің көрмесі
ұйымдастырылды;
-
мектепішілік «Жас өлкетанушы»
үйірмесінің оқушылары азаматтық-патриоттық бағыт бойынша тама Есет
Көкіұлының мемориалды кесенесіне топ саяхатқа
барды;
-
мектепішілік гір спорты, қол
добы, волейбол, футбол секциялары және «Әсем саз» вокал және хор
үйірмелері жұмыс жасады;
-
«Денсаулық» клубы мүшелерінің
ұйымдастыруымен мектеп оқушылары жеңіл атлетика саласының үздігі
Н.Б.
-
ғылыми-техникалық бағыт
бойынша мектепішілік «STEM» лабораториясы үйірмесінің оқушылары бас
қосып, «ГЕРОБОЙ роботын қозғалысқа келтіру» тақырыбында сабаққа
қатысты;
-
сәндік-қолданбалы өнер бағыты
бойынша «Ата өнері – балаға мұра» атты көрмесі ұйымдастырылып, қыз
балалары мен олардың аналарына арналып су моншақтан бұйым тоқу
бойынша шебер кластар
өткізілді;
Күзгі каникул
уақытындағы «Қазақстан балалары – күзгі
интерактив» тақырыбымен жоспарланған шаралар толық
өткізіліп, барлығы мектептің әлеуметтік парақшасына жарияланды.
Ұйымдастырылған шараларға мектеп оқушыларының 78 % тартылды. Класс
жетекшілер класс оқушыларына әлеуметтік желі арқылы мектеп
психологтарының кеңестері мен бейне роликтерін жіберіп, берілген
қосымша ақпараттармен
таныстырды.
Қорытынды
ұсыныс:
1.«Қазақстан балалары – күзгі
интерактив» тақырыбындағы іс-шараларға белсене
қатысқан оқушылар марапаттауға
ұсынылсын.
Мектеп
директорының тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары