Педагогикалық кеңес
05.01.2024ж
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023 -2024 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстірінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен 2023-2024 оқу жылына арналған КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ негізінде жасалған тәрбиенің жылдық жоспары жасалып, бекітілді.
Тәрбие жұмысының тақырыбы: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
-
Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
-
Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
-
Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
-
Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
-
Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
-
Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
-
Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
-
Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
-
Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.
2023-2024 оқу жылы тамыз айында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Оқу жылына байланысты барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқу жылының тәрбие жоспарын талқылау мақсатында сынып жетекшілермен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарланды. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
1 қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында
2023-2024 оқу жылына арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты білім күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынның алғы сөзін мектеп басшысы Жапарова Ұлжан Тельманқызы алып, барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды, оқушыларды мерекемен құттықтады. «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық патриотизм » тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді. Сонымен қатар, шарада 2023-2024 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі ұйымдастырылып, алғашқы сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды.
«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы Әлеуметтік санаттағы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтілді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
5-қыркүйек Қазақстан Халқының Тілдер мерекесімен тұспа-тұс келген Ұлы Ұстаздың туған күні құрметіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ұлтын сүйген ұлы жүрек" атты әдеби кеш өтілді.
8 кыркүйек күні сағат 12:00 - де "Тоғыз ай 9 іс - шара" тұжырымдамасы негізінде "Сергіту сәті" республикалық челленджі 1-11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты - балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. Талап: физикалық белсенді болу.
Талап: салауатты өмір салтын ұстану. Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану. Мектеп алаңында денсаулық күнінде жаппай жаттығу жасау және бастауыш сыныптарда отбасымен үйде дене шынықтырумен айналысу челленджі өтті. Барлық бейне роликтер әлеуметтік желіге жарияланып отырды. «Денсаулық және дұрыс тамақтану» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы) Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу.
Отбасы күніне арналған іс-шаралар. Ар-ұят: өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну. «Отбасылық дәстүрлер» сынып жетекшілер оқушылардың ата-анамен бірлесіп әрекеттену мақсатында осындай тәрбиелік мәні бар іс-шара өткізеді. Челлендж барысында оқушылар қызығушылықпен белсенді қатысты.
Арнайы мамандармен профилактикалық жұмыс (ата –аналар, қыздар және ұлдар жиналысы)
Алдын алу түсіндірме жұмыстары. Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану.
Құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары. «Зорлық -зомбылықсыз өмір»
Ұлттық мүдде: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу
Ар-ұят: халқына адал қызмет
ету. Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған
жасөспірімдер инспекторының қатысуымен үнемі профилактика
Кеңесінің отырыстары өткізіледі. Кеңесте тәртіп бұзған, немесе
құқық бұзушылыққа жол берген оқушылардың жеке істері
қарастырылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары барысында аз қамтылған
отбасы категориясындағы балалардың үй жағдайы тексеріледі,
ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулер өткізіледі. Жайсыз
отбасылардан шыққан оқушыларға үнемі бақылау
жасалады. Әлеуметтік педагогтер мектепшілік бақылауда
тұрған оқушыларға тәлімгерлік көрсетеді. Олардың сабаққа қатысуын
қадағалап, бос уақыттарын ұйымдастырады.
14.09.2023ж "ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы","АИТВ - инфекциясының алдын алу" тақырыбында мектеп медбикелері Г.Ашимханова мен Г. Беглерова 8-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез - құлық дағдысына үйретіп, АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсету туралы айтып өтті. Жастарды АИТВ- ның алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, психикалық денсаулығын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, түрлі сұрақтарға жауап алынып, ұсыныс пікірлер тыңдалды. Тыңдаушыларға 167 дана буклет таратылды.
15.09.2023ж күні қала прокуратурасы кәмелет жасына толмаған тұлғалармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қала аумағында орналасқан мектептерде жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында мектеп ата - аналары мен 8-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмысы жүргізілді. Байзақ АПБ ЖҚТБ ЮПИ полиция капитаны Рахметильдаев Елдос өзінің «Жалпы құқықтық білім беру» баяндамасын оқу барысында ауылда немесе мектеп ішінде құқық бұзушылық жасаған балалар есепке қойылғаннан кейін АПБ қызметкерлерінің бақылауында болатынын айта келіп, қалада бүгінгі таңға дейін қанша тіркелген әкімшілік пен қылмыстық істер туралы мәлімет айтып, осы бойынша қандай жұмыстар жүргізілгені мен қандай шаралар берілгені туралы мәлімдеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жалпы есепте тұрған қылмыстық іс және әкімшілік жазаға тартылған балалармен жұмыстар жүргізу, сабақтан тыс уақыттағы ата - аналардың міндеттері туралы да түсіндірді. Қалада жүйелі түрде түнгі рейдтер жүргізіліп, өтілген рейд бойынша мерзімді түрде есеп жинақталып, түнде көшеде оқушылар ұсталған жағдайда балалар есепке алынып, ата – анасымен тікелей байланыс жасап, ата – ана айыппұл төлейтіні туралы түсіндірді. Бейнеролик ұсынып, соңында оқушыларды жақсы оқып, үйдегі ата – аналарының балаларынан үлкен үміт артып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар кәзіргі таңдағы ең көп орын алып жүрген қылмыстың бірі буллинг пен кибербуллинг туралы оқушыларға түсіндіріп өтті. Жас өспірімдер арасында өз - өзіне қол жұмсау осы кибербуллингтің ықпалынан орын алуда. Тергеу барысында барлық қылмысқа қатысы адамдар анықталып, қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді. Балаларды жақсы оқуға, спорттық үйірмелеріне қатысуға, кітап оқып сауатты да, ақылды азамат болып өсуге шақырды.
05 қазан күні мектебімізде ""Ұстаз - ұлы тұлға" тақырыбында өткізілген мерекелік іс - шаралар. Іс-шаралар өткізу мақсаты: «Мұғалімдер күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар мерекесіне байланысты 1 – 11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді.Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға тәрбиеледі. Сонымен қатар ""Дублер күні" өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтілді. Іс - шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, мақсатына жетті.
Республика күні «Көк тудың желбірегені» 25 – қазан Республика күні Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу. Ар-ұят: әдеп нормаларын ұстану
Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу. Талап: дұрыс қарым-қатынас орната білу.
23 қазан күні «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында қазан айындағы жоспар бойынша бірыңғай Әнұран орындау челенджі өткізілді. Сонымен қатар
24 қазан күні, 25 қазан —Республика күніне орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.
Республика күніне орай оқушылар арасында волейболдан ойын өткізілді.
ҚР Рәміздерін бағалауға «Мемлекеттік Рәміздер - біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі» тақырыбы аясында мектепішілік жиын, «Рәміздерім-мақтанышым», «Егемен елдің Рәміздері-Заңмен қорғалады», «Көк байрағы желбіреп, тәуелсіздіктің таңы атты», «Мен Рәміздерді қастерлеймін», «Менің Рәміздерім- ұлт мақтанышы» әдеби-монтаж шаралары болса, «Отанымның көк Туы», «Елбасы таңдаған Гимн», «Елтаңба туралы білейік» тақырыбы аясында 2-5 сыныптар арасында танымдық сағаттары «Мен Отанымның ұланымын» сияқты тәрбие сағаттары 6-8 сыныптарда, «Ата Заңым - ардағым», «Конституция сенің кепілің», атты тәрбие сағаттары 9-10-11 сыныптарында өткізілді.
13-17 қараша аралығында АСЫҚ АТУ» челленджі 1-4 сынып («Тоғыз айға тоғыз шара» жобасы), сонымен қатар 20 қарашада «Алтын сақа» балалар күніне арналған олимпиада (төрт тоқсан-төрт өнер жобасы бойынша), 20-25 қараша аралығында «Күзгі балл» кеші ұйымдастырылды.
16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай апталық іс-шаралар жоспары жасалды. 25-28 қараша аралығында «Қош келдің Жаңа 2024 жыл!» тақырыбында жаңа жыл мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Ұсыныс:
1.Тәрбие жұмысын жетілдіру мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруды бағдарламалық-әдістемелік қолдауды ұйымдастырылсын.
2.Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың тәрбиелігін жоғары деңгейде жеткізу мақсатында мектеп және отбасының қарым-қатынасы жандандырылсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Анықтама пед кеңес біртұтас тәрбие 2024 жыл

шағым қалдыра аласыз