Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
(AP 2301) «Арнайы педагогика»» пәні
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ф. 7.03-13
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Гуманитарлы- педагогикалық факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
А.Купешева ____________
«_____»_______2022ж.
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
(SYLLABUS)
(AP 2301) «Арнайы педагогика»» пәні
Шифр және мамандық / БББ атауы: |
6В01910- «Дефектология» |
Курс: 2, Семестр: 4 |
тобы: GB191-20 |
Кредит саны |
|
Жалпы сағат саны |
150 сағат |
- лекция - Практикалық сабақтар(семинар)/ Зертханалық сабақтар - ОБСӨЖ : |
30 сағат 15 сағат - 22,5 сағат |
- СӨЖ: - ағымдағы: - аралық: |
82,5 сағат 70 сағат 12,5 сағат |
Аралық бақылау: |
8 және 15 апта |
Емтихан /диф.сынақ* |
4 семестр |
Оқытушы туралы мәліметтер:
Керимбекова Ж.У.Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар
Достығы университеті ,қызметі-магистр, аға оқытушы,педагогикалық өтілі 32жыл
Мекен-жайы: Төлеби 32, Кабинет: 306 (Б)
Коммуникативті: Е-mail: guljan6868@bkl.ru
WhatsApp, 87079459454, ZOOM 7936686728 пароль Sultan1610
ОБСӨЖ тапсыру кестесі: сейсенбі 12: 00-13: 00 (сабақтан тыс уақытта)
Аудитория: 411. Корпус «Б»
Шымкент, 2022ж
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (Syllabus) ОӘК бекіткен таңдау компоненті пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) кафедра отырысында қаралды
Хаттама № « » 01 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ Е.Омар
(қолы)
БББ әдістемелікпен қамтамасыз ету
бөлімінің меңгерушісі: _________________М.Ережепова
(қолы)
Кіріспе:
Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus — жетімсіздік және грек. logos — сөйлеу, оқу) деп те аталады. Ол төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика — саңырау, мылқау балаларға, тифлопедагогика — соқыр балаларға, олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия — тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.Табиғи кемтар балалар мемл. есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады.
Арнайы педагогика саласы мамандарын даярлау бағдарламасын іске асыру маңыздылығы бірқатар факторлармен шартталып отыр, оның ішінде ең бастылары мыналар: мектептердің осы саладағы жоғары білікті мамандарға сұранысы; даму ауытқұлары бар балаларды қалпына келтірудің және біріктірудің әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; арнайы білім берудің өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдай мен нақты аймақтың қажеттіліктеріне икемделе алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, арнайы білім берудің қолданыстағы мазмұнының шеңберінде оқытуды ұйымдастырудың инновациялық және вариативті формаларын, әдістері мен құралдарын пысықтау және енгізу; даму ауытқулары бар балаларға әр түрлі жастық шақ кезеңдерінде көмек көрсету жүйесін жасау; жалпы тұрпаттағы мекемелерде даму кемістігі бар балаларды топтастырып біріктіру үшін көрсеткіштерді анықтау тәрізді міндеттерді теориялық-әдіснамалық деңгейде шешуге қабілетті мамандарға деген сұраныс артуда.
Дамуында әртүрлі мәселелері бар балаларға кешенді көмек көрсетудің бір жағы жалпы және арнайы білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқулар мен кемістіктер кездесетін балалардың санының өсуі, әлеуметтік депривацияға және мектептік дезадаптацияға ұшыраған жасөспірімдердің көбеюі, Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы педагог-психологтарды даярлау жүйесіне «Арнайы психология және педагогика» оқу пәнін енгізу қажеттілігіне әкеліп соқты.
Арнайы педагогика курсы дефектологтын ой-өрісін кеңейтеді, оны орнын толтыру және түзету-дамыту сыныптарында ғана емес, сонымен қатар жалпы мектептің жалпы білім беру сыныптарында да оқитын ми қызметтерінің жеңіл тұрпаттағы ауытқуларымен, жеке психикалық процестердің толық дамымағандығымен, сөйлеу кемістіктерімен, эмоциялық-еріктік аясының жетілмегендігімен, соматикалық әлсіздігімен, қозғалыстық тежелудің шегіндірілуімен, қоршаған орта туралы елестер корларының шектелгендігімен, жұмыс қабілеттілігінің төмендігімен, оқу-танымдық іс-әрекетінің операциялық компоненттерінің қалыптаспағандығымен, сондай-ақ педагогикалық қараудан тыс қалуымен сипатталатын балалармен жұмыс істеуге даярлайды.
Пәннің мақсаты: болашақ дефектологтарды арнайы педагогика саласында кәсіби іс-әрекет жүргізуге даярлау.
Пәннің тапсырмалары:
-
арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы білім саясатының теориялық негіздерін зерделеу;
-
даму ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу;
-
даму ауытқулары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау;
-
арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінің іс-әрекетінде тұлғалық келіс идеясын іске асыру шарттарын зерделеу;
-
студенттердің даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық, психокоррекциялық, психореабилитациялық жұмыс жүргізу бағыттары туралы білімдерін қалыптастыру;
-
тұтас педагогикалық процесте даму ауытқулары бар балаларға айрықша қөзқараспен қарау түсінігін қалыптастыру;
осындай балаларды түзетушілік-дамытушылық оқытудың тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеру.
Курстың міндеттері:
- интеллектісінде бұзылысы бар балалар дамуына, әрбір мектеп алды оқушының өзін іс жүзінде көрсетуіне, ерекшелігін сақтау мен оның әлеуетті қабілеттерін сақтау үшін жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
-түзетушілік - педагогикалық процесті толық менғеру;
-мектеп алды оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасын,толеранттылығын, өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.
- ата-аналарды серіктестікке тарту.
Пререквизиттері: Болашақ дефектологтарға ғылыми –психологиялық зерттеу әдістемесін игеру үшін қажетті әдебиеттерді пайдалануды,оқытудың жаңа технологияларын қолдануды меңгеру керек. Олигофренопсихология, Ақыл-есі кем балаларда когнитивті процестерді дамыту және т.б ғылымдардың өзара байланысына негізделеді..
Постреквизиттер: Пәнді оқыту барысында алынған және меңгерген білім,іскерлік пен дағдыны студент келесі пәндерді меңгеруде пайдалана алады. Мектепке дейінгі олигофренопедагогика, педагогикалық практика.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Студенттер жаңартылған білім беру
бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу
ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін
педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
— Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін
түсінеді және қолдана біледі;
— Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті
біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
—Қатынас технологияларын игеруге, педагогикалық шешендік дағдысын, икемділік стратегиясын дамыту;
—Интеллектуалдық, моральдық-адамгершілік, мәдениеттілік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық
1.Курстың тақырыптық жоспары
Апта |
Тақырыптар атауы, олардың негізгі мазмұны |
Пайдаланылған әдебиеттер |
|||
Сабақты өту әдіс-тәсілдері |
Негізгі және қосымша әдебиеттер |
||||
Модуль 1. Арнайы педагогиканың заңдылықтары мен теориялық негіздері |
|||||
1 апта 14-18 ақпан |
Тақырып 1. Арнайы педагогика теориясы 1.Лекция. Арнайы педагогика ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде 2.Лекция. Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен ұғымдары. |
Кіріспе шолу ,онлайн-форматта |
Н.Ә:3, 4 Қ.Ә: 1 |
||
Тақырып 1. Практикалық ( семинарлық) сабақ: Арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратының дамуы, гуманистикалық бағдары. |
семинар сұқбат |
Н.Ә:1,2 Қ.Ә: 1 |
|||
2 апта 21–25 ақпан |
Тақырып 2. Арнайы педагогика және арнайы білім беру. 3.Лекция. Арнайы педагогиканың объектісі, пәні, міндеттері. 4.Лекция Арнайы білім берудің мақсат- міндеттері. |
онлайн-форматта пікірталас
|
Н.Ә:2,3 Қ.Ә: 1 |
||
Тақырып 2. Практикалық (семинарлық) сабақ: Арнайы білім берудің статистикасы. |
дискуссия |
Н.Ә:3, Қ.Ә: 1 |
|||
3 апта 28-4наурыз |
Тақырып 3 Арнайы педагогиканың сыныптамалары. 5.Лекция. Арнайы педагогиканың сыныптамалары. 6.Лекция. Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары. |
онлайн-форматта
ақпараттық |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |