апталық циклограмма

Тақырып бойынша 11 материал табылды

апталық циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка жетекшісіне арналған апталық циклограмма. Жаңа өтпелі тақырып бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка жетекшісінің балаларды тәрбиелеу және оқу қызметі жоспарының циклограммасы.

2018-2019 оқу жылы

Айы: Қараша 4-ші апта

Тақырыбы «Менің отбасым»

Апталық тақырыбы: «Алтын күз»

08.00-08.10 Бөлме ауасын желдету. Таңғы жаттығуға дайындық.

08.20-08.45 Таңғы жаттығуға музыкалық сүйемелдеумен жүргізу.

09.00-09.10 Бөлмені желдету. Музыка оқу қызметіне дайындық.

Дүйсенбі

Сейсенбі

Бейсенбі

Жұма

09.15-09.35

1-ші кіші тобы «Айналайын»

Мақсаты: Балаларға барабанда ойнауға үйрету. Әуенді тыңдауға есту ,есте сақтау қабілетін дамытуды,

ырғақты ажыратуды жалғастыру,

1 Көңілді музыкамен залға кіреді. Музыка әуеніне сай шеңбер бойымен жүгіріп қимылдар жасайды.Балаларға ойыншық мысықты көрсетіп

-«Тікірейіп құлағы,

менен бұрын тұрады,

Бойын жазып керіліп,

беті,қолын жуады» деп әндете мысықтың қимылын көрсетіп қайталату.

2. Музыка тыңдау Ал енді сендер ән тыңдаңдар.

«Балапан» әні. Сөзі: Ж.Смақов.Балалар бізге қазір «Мысық пен мысықай» ойыны : Мысық пен мысықай дауыстарын салған балаларды мадақтау. «Көңілді ырғақ» биін таныс би қимылдарымен билету.

09.35-09.50 2-ші кіші тобы: «Айгөлек»

Мақсаты белгілі әуенге қимылдар жасауға үйрету, тез, ойнақы музыкалар мен жай орындалатын музыкаларды ажыратуға қалыптастыру.

1. Балалар музыка залына қолдарына жалауша алып көңілді маршпен кіреді.Атша шабуға үйрету, оң аяқ алда, сол аяқ оң аяқты қуатынын түсіндіру.Қимылмен көрсету.Аттың шабысын салып жүгірту.

.

2. Музыка тыңдау узыка тыңдау: Музыка тыңдау: «Құлыншақ» муз. Қ Шілдебаев. Сөзі. И Сапарбай

3. Ән айту . «Мерекелік ән мен би» Әннің мәтінін үйрету. Әнде мереке жайлы айтылып отыр. Көк аспандай көкпеңбек жалаушаларды әнге қосып айту. Мерекеде көңіл күй қандай болады? Жалауларды қалай бұлғаймыз?

4. Музыкалық-ырғақты қимыл: Яғни оңға, солға бұлғауға болады. Әннің шумағын үйреніп болған соң жалаушалармен жаттығу жасату. Жалаушалармен жаттығу.

1.Қолды екі жаққа жайып жоғары көтеру, қайта түсіру.

2.Қолды жоғары көтеріп денені оңға , солға иілту.

3.жалаушаны жоғары көтеріп орындарында тұрып айналу.

4.Жалаушаны ұстап жүру.

10.55-11.20 м.д тобы «Балдырған»

Мақсаты: Музыка тыңдау арқылы ой-сезіміне әсер етіп, эстетикаға тәрбиелеу.

1.Балаларды музыка залына кіргізу, сәлемдесу, музыка ырғағына сай би қимылдарын жасату.

«Жұптасу биі.» Балалар жұппен қимыл жасап,әуенді тыңдай отырып, әуенге ілесе қимылдар жасайды.

2. Музыка тыңдау «Қосалқа»(Дәулеткерей»

3. Ән айту Е.Брусиловский «Би».М.Глинка «Полька»

Қаз.хал.әні «Қамажай».

4. Музыкалық-ырғақты қимыл «Музыка бояулары»

Балаларды музыка тембрі, ырғағы, мажор, минор ладтарымен ойын арқылы музыка бояуларын білуге баулимыз. Интерактивті тақта арқылы би түрлерін көрсетеді. Жоғары, төмен дыбыстар,көтеріңкі және баяу қимылдарды сипаттайды.

09.15-09.35 2-ші кіші тобы: «Бүлдіршін»

Мақсаты: музыкалық есту қабілеттерін арттыру,ойыншықты ұқыпты ұстауға,оларды әнге қосып айтуға үйрету.

1. Балаларды көңілді музыкамен қарсы алу.

Шеңбер бойымен жүру, жүгіру, жеңіл секіру. т.б.

Доп.

Шаршамайсың,шалдықпайсың доп қалай?

Секіресің,секеңдейсің тоқтамай.

Асыққанда арықтан да аттайсың,

Бірақ суға түссең дағы батпайсың.

-Балалар сендер доппен ойнап көрдіңдер ме? Допты жерге ұрсаң, өзіңе қайтып келеді.Допты теуіп ойнауға болады,бір-біріне лақтырып, қағып алып ойнауға да болады.

2. Музыка тыңдау: «Доп». Т.Ломова.

3. Ән айту: «Күз» Әннің мәтінін қайталатып, тыңдата отырып балаларға әнін үйрету.

4. Музыкалық-ырғақты қимыл: «Қуыршақтар биі»

5. Ойын: «Допқа кім тез жетеді» Музыка ойналғанда допты лақтырып балаларға қуып жетуін сұрау кім допқа тез жетсе жеңімпаз атанады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Қимылды-ырғақты қозғалыс: «Аяқпенен топ-топ» Ырғақты сезіне аяқтарын топылдатуға ,алға,артқа жүруге оңға,солға бұрылуға үйрету.

09.35-09.55 Ортаңғы тобы: «Күншуақ»

Мақсаты: Ән айта отырып ,сол әннің мәтініне сай би қимылдарын жасауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Ұлттық көйлекпен билеп жүрген қыздың сурет.

1 Марш музыкасымен аяқты ырғақпен баса отырып музыка залына келген балаларды көңілді қарсы алу. Шаттық шеңберіне тұрғызып бір-біріне ыстық ықыласын беруін қадағалау.

Армысың ,асыл күн!

Армысың, асыл жан !

Армысың көк аспан!

Армысың жер ана!

Армысың жан досым!

Жылуыңа жылу қос.

Міне менің қолым бос.2. Музыка тыңдау«Би» (Е.Андосов)

3. Ән айту««Кел билейік» Б.Байқадамов,М.Әлімбаев. –Бүгінгі үйренетін әніміз де биге байланысты. Бұл әнде баланың билемей отырған досын биге шақыратыны жайлы айтылады.

) 4. Музыкалық-ырғақты қимыл: Әуенді – ырғақты қимыл: Өткен сабақтағы қимылдарды қайталау. «Қосарланып билеу» Балаларды екі-екіден қол ұстастырып , ұлдар оң қолы белде,қыздар сол қолмен етектерін ұстай шеңбер айнала жүреді. Музыка ырғағына сай бір-біріне қарап тұрып аяқтарын топылдатады, қолдарын шапалақтайды.

Балалардың әуенді ести алуларын,соған сай қимыл жасай білулерін қадағалау.

10.15-10-45 ересек тобы: «Балауса»

Мақсаты: әнді бірқалыпты табиғи дауыспен мәнерлеп айтуға үйрету. Лирикалық шығарманы қабылдап сезіну,сипаттай білуге баулу. 1. Балаларды көңілді музыкамен қарсы алып, амандасу. Күзгі суретті бейнелейтін суреттер ,жапырақтармен зал ішін безендіру.

Ай жапырақ,сары алтын,

Айналамның бәрі алтын,

Қуандырып біздерді

Сары алтын күз келді.

-Балалар , күз мезгілі сендерге ұнай ма? Бәріміз күзгі баққа серуенге барайық. «Марш» ойналып ,балаларды шеңбер бойымен жүргізу. 2. Музыка тыңдау«Ақсақ құлан»

3. Ән айту«Мен алманы жақсы көрем»

4. Музыкалық-ырғақты қимыл қимыл - Сендер бір-біріңмен доссыңдар ма? Ендеше «Досыңды тап» деген ойын ойнайық. Музыка ойналғанда балалар еркін тұрғыда би қимылдарын жасайды, Музыка тоқтағанда жұптарын тауып қол ұстасып тұрып келесі музыкаға жұппен билейді. Ойын 2-3 рет қайталанады.

09.15-09.35 Ортаңғы тобы: «Күншуақ» әуенді соңына дейін Мақсаты: Ән айта отырып ,сол әннің мәтініне сай би қимылдарын жасауға үйрету.

10.55-11.20 «Балдырған»

Мақсаты: Музыка тыңдау арқылы ой-сезіміне әсер етіп, эстетикаға тәрбиелеу.

1.Балаларды музыка залына кіргізу, сәлемдесу, музыка ырғағына сай би қимылдарын жасату.

«Жұптасу биі.» Балалар жұппен қимыл жасап,әуенді тыңдай отырып, әуенге ілесе қимылдар жасайды.

2. Музыка тыңдау «Қосалқа»(Дәулеткерей»

3. Ән айту Е.Брусиловский «Би».М.Глинка «Полька»

Қаз.хал.әні «Қамажай».

4. Музыкалық-ырғақты қимыл «Музыка бояулары»

Балаларды музыка тембрі, ырғағы, мажор, минор ладтарымен ойын арқылы музыка бояуларын білуге баулимыз. Интерактивті тақта арқылы би түрлерін көрсетеді. Жоғары, төмен дыбыстар,көтеріңкі және баяу қимылдарды сипаттайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі