Материалдар / «Ақ кимешек » әжелер байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ақ кимешек » әжелер байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ақ кимешек » әжелер байқауы 9 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2024
277
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақ кимешек » әжелер байқауының ережесі



45 жалпы білім беретін орта мекткп» КММ-сі жанынан өтетін әжелер байқауы



Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, қарттарымыздың өнегелі қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіріп, инабаттылық пен имандылыққа дәріптеу, отбасындағы әжелер тәрбиесін үлгі ету, олардың ақыл-кеңестері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау

«Ақ кимешек » әжелер байқауына 1-11 кл. әжелері қатыса алады.



Байқаудың шарты:

  1. «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» өзін таныстыру

  2. «Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының ұйытқысы» жас келіндерге ақыл-кеңес

  3. «Өнерлінің өрісі кең» өз өнері

  4. «Шебердің қолы ортақ» ұлттық қолөнер сайысы

  5. «Бармағынан бал тамған» ұлттық тағам дайындау бейнеүзік



Жеңімпаздарды марапаттау:

Жеңімпаздар марапатталады



Өтетін мерзімі: 26.04.24 ж.

Өтетін уақыты: 11.00

Өтетін орны: мәжіліс залы















«Ақ кимешек » әжелер байқауы

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар! Мектебімізде «Ата-аналарды қолдау» орталығының бұйрығына сәйкес мектебімізде «Әкелер мектебі» , «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі» және «Жеңгелер мектебі» құрылды. Бүгін осы «Әжелер мектебі» жұмысы аясында «Ақ кимешек » әжелер байқауы өткелі тұр. Байқауымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

1-жүргізуші:

Ақ сүт берген аналардың анасы – әже әрқашанда балалық балдәуреннің басы- қасында болатын ақылшы, тәрбиелеуші. Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі –бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы.

2-жүргізуші: «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, өмірден жиған барлық ғибратын бүлдіршінді тәрбиелеуге арнайды. Ата жолын қусын деп адал еңбекке, мейірімді болсын деп қайырымдылыққа баулиды. Әженің әңгімесі мен ертегісін тыңдау, өнегесін үйрену, ақылын жадында тоқу-ұрпақ міндеті. Ол киелі, қасиетті, ардақты жан.

1-жүргізуші: Ал енді, әжелеріміздің қадамы құтты болсын деген ниетпен әжелер мен немерелерін ду қол шапалақпен ортаға шақырайық! (музыка әуенімен әжелер мен қыз балалар ортаға шығады). Музыка әуені –күй «Еркесылқым»

2-жүргізуші:

Ана деген ыстық қой әрбір жанға

Теңеймін аналарды нұрлы жанға

Анадан артық адам бар ма, сірә!

Асылдай әжелерім қартаймашы

Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы

Өздеріңді мәңгілік аялаймыз

1-жүргізуші: Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.-дей отырып, бүгінгі сайысымызға қатысатын әжелерімізді ортаға шақырамыз.

  1. Аманғосова Мағрифа Ойлыбайқызы

  2. Байғазина Батима Копжановна

  3. Байдаулетова Айша

2-жүргізуші:

Кім жеңеді сайыста үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік барда.

Әділ- қазы алқасы атыңды ақта,

Жүректерге арман мен бақыт жолда-деп, әділ- қазы алқасымен таныстырамын.

1-жүргізуші:

Енді сайысымыздың шартымен танысайық.

  1. 1«Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» өзін таныстыру

  2. «Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының ұйытқысы» жас келіндерге ақыл-кеңес

  3. «Өнерлінің өрісі кең» өз өнері

  4. «Шебердің қолы ортақ» ұлттық қолөнер сайысы

  5. «Бармағынан бал тамған» ұлттық тағам дайындау бейнеүзік



2-жүргізуші:.«Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» атты бірінші сайысымызды бастайық.

«Өзіңді-өзің танысаң істің басы»-деп, енді сайыскерлермен таныстырудың уақыты да жеткен секілді. Сөз кезегі өзеріңізде.

Әжелер өздерін таныстырады.

Алдарыңызда 9 “А” класс оқушысы Шарип Д. «Асыл әжем» әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: "Мен үш нәрседен қорқамын. Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, өзінің немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын", - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, қазіргі кезде қоғамда ұлттық сананы жастардың бойына сіңіру үлкен міндет болып тұр.

2-жүргізуші:

Келесі кезең жас аналарға арналған. «Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының ұйытқысы» жас келіндерге ақыл-кеңес.

Әжелер ақыл-кеңестерін айтады

(Әжелер туралы өлеңдер Даниял, Ақторғын, Нұрайым, Мариям)

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тітті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүсең менше сүй- деп «Өнерлінің өрісі кең» өз өнері кезеңіне де келіп жеттік. Әжелерімізді өнерлерін ортаға салуды ұсынамыз. Екінші кезеңімізді бастайық әжелер.

Әжелер өз өнерлерін көрсетеді.

2-жүргізуші:

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет.

1-жүргізуші:

Қолөнер құрақ құрау, ою - өрнек,

Атты баптап, ер тұрман, қамшы өрмек,

Салт - дәстүрі ешкімге ұқсамаған,

Қазақта ғой байлаған жіпті күрмеп.

Қазақта қолөнердің кереметі,

Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.

Қандай шебер, қазақ қыздары, айтыңдаршы,

Құрақты, оюлауды дөңгелетті.

2-жүргізуші:

Ендеше келесі кезең «Шебердің қолы ортақ» атты ұлттық қолөнер сайысы. Әжелеріміздің қолөнерлерімен танысайық.

Әжелер қлттық қолөнерін көрсетеді.

1-жүргізуші:

Қазақтың ұлттық тағамдары - сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі ас мәзірі. Көшпенділердің күнделікті тағам мәзірі денсаулыққа өте пайдалы және қазаққа ғана тән қонақжайлылығымен, кеңдігімен ерекшеленеді.



2-жүргізуші:

Қазақтың қонақжайлылығымен танысқан адам дастарқандағы әрбір тағамның ежелден қалыптасқан, көшпенділердің өмір-салтына бейімделуіне септігін тигізгендігін түсінеді. Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбіреуі арнайы уақыттарда тартылады, арнайы қонаққа арналғандары да бар. Осыған байланысты қазақтың әрбір ас ішуі үлкен тәрбиеге, сыйластыққа негізделген. 1-жүргізуші:

Ендеше біздің әжелеріміз де осы дәстұрді жалғастырушы көпіршелер секілді. Өз жанұяларына осындай керемет астарын ұсынып отыр. Ендеше келесі сайысымызды бастайық. «Бармағынан бал тамған» атты ұлттық тағам дайындау бейнеүзік.

«Жақсы сөз, жарым ырыс»-бата беру рәсімі.

Жүргізуші:

«Батасыз құл жарымас, баталы құл арымас»-деп әжелеріміздің осындай тамаша рәсімі жалғасын таба берсін деген ниетпен үлкендерімізден бата сұрайық. Әжелердің үлкені бата береді.

ҚОРЫТЫНДЫ. МАРАПАТТАУ СӘТІ.

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын- деп, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берелік. Әжелерімізге сыйлар, номинациялар беріледі.

Номинациялар:1.«Білгір әже», 2. «Мейірбан әже», 3. «Алтын оймақты әже», 4. «Бұлбұл әнші әже», 5. «Сырлы әже», 6. «Өнерлі әже».

Жүргізуші: Сонымен, «Әжелер сөзі-тәрбие көзі» атты сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

қыздарымызға сырға толы әңгіме шертетін, тойға барса қасына ертетін, әжелеріміз аман болсын дейміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!