Материалдар / "Ақ мамам!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ақ мамам!"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақ мамам»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды  мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


Көрнекіліктер: гүлдер, шарлар,суреттер.


Балалар қолдарына ашық хат ұстап топқа музыка әуенімен кіреді.

1.Қолдарына ашықхат ұстаған балалар екі қолдарын жоғары көтеріп екі жаққа тербеліп кіреді.

2.Шеңберге тұрып қозғалу, отырып ашықхатты қозғалту.

3.Орындарында тұрып айналу, жартылай шеңбер жасап, иілу.


Тәрбиеші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
                      Аналардан туған небір даналар.
                      Ана деген тіршіліктің тірегі,
                      Армысыздар,қасиетті аналар!


Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Ата-аналар, әжелер,

бүгін көктемнің алғашқы 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!


Тәрбиеші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейрамыңмен, 
Құрметті абзал аналар, - дей келе балаларымыздың  сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.
(Балалардың тақпағы)


Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!



Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған 
Мейрамыңмен құттықтаймын
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі 
Маған айтып береді.


Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын


Сауле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз 
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз


Той пердесін ашайық 
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.


Ән: «Ақ мамам»

Орындайтындар: барлық ұлдар.

1.Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін.


Қ-сы:

Ақ мамам, ақ мамам

Құлыншағым күнім дейтін.


2.Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен сол жақын маған

Ол жанымда жүрсе менде

Батырларша батылданам.


3.Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.


(Әуенмен Көктем  кіреді)

Көктем: Сәлеметсіңдер ме , балалар! 
Міне келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер! 

Тәрбиеші: Салеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.

Көктем: Сендер қандай мерекені  тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.

Көктем: Көктем мезгіліндекүн мен түн теңеседі. Күн ұзарып, түн қысқарады.

Тәрбиеші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.


Би: «Джентельмендер» улдар биі.

Орындайтындар: барлық ұлдар.

Қимылдары:

  1. Бір орында тұрып оңға және басын изейді.

  2. Алдыға, артқа, оңға және солға адым жасайды.

  3. Бір орында тұрып шляпаларын жоғары көтерып отырып тұрады.

  4. Шеңбермен жүреді

  5. Шеңберде тұрып шапалақтайды.

  6. Орындарына оралады.


Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсем де сағынамын.
Аялаған алақаның,
Мандайымнан сипағаның
Мен бақытты баламын.
Өскен соң, бағамын,
Алғысыңды аламын!


Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

Әр сөзімді жаттаған, 
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, 
Айналайын ақ анам!


Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 
Құрметті аналар!


Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.


(Әуенмен Қызыл телпек кіреді)

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?

Қызыл телпек: Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатырмын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім. 

Тәрбиеші: Балалар, Қызыл телпек өтіп бара жатып, біздің яғни сендердің дауыстарыңды естіп келген екен. Ендеше Қызыл телпек сен мұқият тыңда балалар қазір әжелеріне тақпақ айтады.


Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем менің өйткені

Өте жақсы көреді.


Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.


Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.



Мамамыздың анасы

Ақ жаулықты ақ әжем

Айналайын құлыным

Деп айтатын дана әжем

Еркелетіп өсірген

Айналайын дана әжем


Ән: «Анашым»

Орындайтындар: барлық қыздар.

1.Анашым анажаным, аялы алақаның

Есейіп кетсемдағы, мен сенің балапаның.

Анашым анажаным, мейірбан балажаным

Бақытым емес пе еді, өмірді сыйлағаның.


Қ-сы:

Көңілді күндей, өмірің гүлдей

Жадыра гүлдей жан анашым,

Осы әнді сізгей, арнаймыз біздей

Келіңіз жүзгей жан анашым.


2.Бойың мен сүйетін, көп сенің қасиетің

Аяулы перзентіңмін, алдыңда бас иетін.

Балаймыз бағымызға арайлы таңымызға,

Аман боп жүре бергін, анашым жанымызда.


Көктем: Балалар , сендер қандай өнерлісіңдер! Әже,Ана туралы тақпақ та, ән де біледі екенсіңдер Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер , мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!
(Әуенмен Көктем кетеді, Қасқыр келеді)

Қасқыр: Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен  сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?

Қызыл телпек: Құтқарыңдар мені!

Қасқыр: А, міне , өзіңе жеттім бе? Менің қарным ашып тұр, мен сені жеймін!

Қызыл телпек: Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық! Олар аналарына арнап ән, тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек.


Би: «Коляска» биі.

Орындайтындар: барлық қыздар.

Қимылдары:

1.Бір орында билеп колсканы тербетеді.

2.Колясканы айналып, қуыршақты ойнатады.

3.Отырып боянады.

4.Орнынан тұрып басын ұстап колясканы айналады.

5.Колясканы тербетіп маңдайын сипайды.

6.Шаршап отырады.


Ана десем шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар ажары

Ана деген тіршілікке пана боп

Әр бір үйде шуақ болып жанады. 


Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет


Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің,жан құрбым.


Ұлым ұлым дейсің де 
Ұрысумен ұстайсың
Күнім, күнім дейсің де 
Үйде отыр деп қыстайсың
Жаным, жаным дейсің де 
Шапалақтан аласың
Өкпелер ем өзіңе
Әттең тәтті мамамсың.


Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай. 
Оқытушы боламын.


Ана пана,
Ана дана.
Өмірге әкелетін,
Ана ғана!!!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!