Ашық сабақ

Ақ Орда
Жүргізуші: Календиров Темирхан
Нурмаганбетович
Тарих пәнінің мұғалімі.

Хромтау ауданы
Дөң орта мектебі
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ақ орда (ХІІІ-ХV ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан жеріндегі Ақ орда мемлекетінің құрылуы, оның саяси жағдайына, шаруашылығына, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына әсері туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Пәнаралық байланыстар арқылы алған білімдерін қажетіне пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Азаматтық, елжандылық, басқалардың ой-пікірін құрметтейтін азаматтық игіліктерді еселейтін және ұлтының тарихын дәріптейтін батыл да, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ойын, баяндау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест әдісі, тірек-сызба, іздендіру, топ жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе карталар, сөзжұмбақ, тірек-сызба, термин сөздер, І. Есенберлиннің «Алтын орда», Қ. Салғарұлының «Қазақтың қилы тағдыры» атты кітаптары.
Пәнаралық байланыс: География, математика, қазақ тілі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгелдеу.
2. Топқа бөлу: «Алтын Орда», «Ақ Орда», «Көк Орда»
Сабақ мақсатын түсіндіру.
3. Сабақты Омар Хайямның мынадай сөздерімен бастау:
- Ей, білімдар, түзу ұста жібіңді,
Кетпе ұмытып, ойлан тек пен түбіңді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
І. «Ой талқы» (Үш топқа ортақ сұрақ беріліп, жылдам жауап алынады).
1. Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды? Жошы ұлысының.
2. Алтын Орданың құрылуы, Шыңғыс хан ұрпақтары туралы жазылған
шежіре? «Шыңғыснама».
3. Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы? Жувейни.
4. Батыйдың Батысқа жорығы неше жылға созылды? 7 жылға.
5. Берке ханнан кейінгі Алтын Орданы билеген хан? Меңгу-Темір.
6. Қай хан кезінде мемлекеттік дін болып мұсылман діні жарияланды?
Өзбек хан.
7. Берке ханның кезінде Алтын Ордамен арадағы байланысты күшейткен
Египет сұлтаны? Бейбарыс.
ІІ. «Ізденіс – шығармашылық» (Топ берілген тапсырмаға тірек-сызбалар сызады).
«Алтын Орда» тобы. Алтын орданың ыдырауы сызбасы.
«Ақ Орда» тобы. Алтын Орда хандарының шежірелік сызбасы.
«Көк Орда» тобы. Алтын Орданың құрылуы сызбасы.
ІІІ. «Толықтыру тесті» (Тарихи сынақхат).
-
Алтын Орда саяси және экономикалық жағынан Берке мен Өзбек хандардың кезінде жақсы дамыған.
-
Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Беркеге көшірілген.
-
Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің (өсуіне) көтерілуіне зор үлес қосқан Тоқты хан болды.
-
Әсіресе Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан (1312-1342) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357) билік еткен тұстары болды.
-
Хандық билік үшін тартыста 1357-1380 жылдар арасында жиырмадан астам хан болып, тақ үшін таласта бірін-бірі өлтірген.
-
Билігін нығайту үшін Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді.
-
Соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 жылы өлгеннен кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды.
-
Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.
-
1235 жылғы бүкілмонғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауға шешім қабылданған кезден бастап Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастады.
ІV. Үй тапсырмасын пысықтау. «Сөз тізбек» (Шыңғысхан өсиеті).
1962 жылы Кендіртау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрдан ескерткіш орнатылған. Онда Шыңғыс ханның өсиеті жазылған.
«Құлаш денем құласа құласын, құрған елім, қолымдағы байрағым құламасын».
V. Жаңа сабақтың жоспары:
а) Кіріспе. 1. Ақ орданың құрылуы.
Ақ орда
![]()
Негізін қалаған Орда Ежен (1226-1268).
Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315)
Астанасы - Сығанақ
Халқы: қазақ, өзбек
![]()
Аумағы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер.
2. Ақ Орданың ішкі-сыртқы жағдайы:
Ерзен хан
(1315-1320)
Қала өсіп, қолөнер, сауда дамыды. Ислам діні нығайып, мешіт-медреселер ашты.
Мүбарақ Қожа
(1320-1344)
Орыс хан
(1364-1375)
Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуді ойлады. 1354-1364 жылдары билік тартысында 12 хан қаза тапты.
Ақ Орда Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып бөлінді. 1370 жылы Қажы-Тарханды, 1374-75 жылдары Сарай Беркені алды.
Баласы: Темір Мәлік (1376-1379)
Тоқтамыстан жеңілді.
Немересі Барақ (1423-1428) Ақ Ордада билік етті.
Тоқтамыс
1389-1391 жылдары Әмір Темірмен соғысты. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзені аңғарында шешуші шайқасты Әмір Темірден жеңілді.
1428 жылы Ақ Ордада билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.
2. Сабақты бекіту: а) 1. Ақ Орда қай ғасырда құрылды? 13 ғасыр.
2. Ақ Орданың негізгі халқы? Қазақтар.
3. Орданың негізін қалаған хан? Орда Ежен.
4. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған хан
кім? Орыс (Ұрыс).
5. 1379 жылы Тоқтамыстан жеңіліп Сығанақты биліктен айырған хан?
Темір-Мәлік.
6. Ақ Орданың билігі Барақтан кейін кімге ауысты? Әбілхайырға.
7. Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайын неше кезеңге бөліп қарауға
болады? Үш.
ә) «Есімдер» (Бүгінгі сабаққа байланысты есімдерді табу).
Ноғай, Мәңгу Темір, Ерзен, Бердібек, Тохты, Әмір Темір, Батый, Тоқтамыс, Мөңке, Ұрыс, Орда Ежен, Берке, Бейбарыс, Барақ, Тоғылық-Темір, Әбілхайыр, Ахмет, Жошы, Темір-Мәлік.
3. Қорытынды: а) Оқушыны, топты тірек-сигнал жүйесі арқылы бағалау.
ә) Үйге тапсырма. § 23. Оқып-меңгеру. Тірек-конспект жазу.
б) Мұғалім сөзімен аяқтау:
Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар, жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз