ШҚО Семей
қаласы
«Шәкәрім атындағы үш
тілде оқытатын копбейінді гимназия»
Математика пәні мұғалімі
Калиева Манигаш Смагулбековна
«Ақ теңізбен арманға,
Жаңа өмір қадамға» атты соңғы сынып сағатына
сценарий
( Интерактивті тақтадан
кеменің суреті, шағаланың шуылы слайд), (Әуен ойнап
тұрады)
1-жүргізуші: -Армысыздар құрметті ұстаздар,
ата-аналар және аяулы мектеп бітіруші
түлектер! «Ақ теңізбен арманға, Жаңа
өмір қадамға» атты соңғы сынып
сағатынына қош
келдіңіздер! 2-жүргізуші: - Міне тағы бір оқу жылы
аяқталып, біздің сыныбымыздың 20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында
балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
1-жүргізуші:--Бұл күн – мектеп тарихында
, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін
күн. 2-жүргізуші:--Жас жүректің өмірлік құштары
–гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған
құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн
ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы
тұр.
1-жүргізуші: Түлектерімізді қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші: Сынып сағатымызды
түлектеріміздің орындауындағы Ю.Шатуновтың
«Детство» әнімен бастауға рұқсат
етіңіздер! Қол соғып, қошеметтеп қарсы
алыңыздар! 1-жүргізуші:Бүгін сіздер бізбен
бірге «Ақжелкен» атты кемеге отырып саяхатқа
шығасыздар.Бүгінгі саяхаттарыңыз ұмытылмастай болсын құрметті
кемеміздің саяхатшылары. 2-жүргізуші:Құрметті мектеп бітіруші
түлектер сіздер бүгін балалықпен қоштасып, қиын да қызықты жаңа
өмірге қадам басқалы отырсыздар.Осы сапарларыңыз сәтті
болсын! 1-жүргізуші:Ендеше,
бүгінгі біздің кемеміздің люкс
салонында орналасқан өздерінің ақ жол, ақ ниеттерін білдіруге
келген құрметті қонақтарымызды таныстырып өтейік. Кемеміздің
капитаны, мектебіміздің директоры: Капитан көмекшілері оқу ісінің
меңгерушілері: 2-жүргізуші: Бірінші класты салонда білім
нәрімен сусындатқан құрметті ұстаздарымыз және сынып
жетекшіміз. 1-жүргізуші: Ақ теңіздей арманы аппақ
нұрдай, Бар тілегі қашанда жақұттардай,
Кемеміздің кемелді
капитаны
Әрі басшы, әрі биік
қорғанындай.
Сөз кезегін кемеміздің
капитаны, мектебіміздің директорына
және
капитан көмекшілеріне
береміз.
2-жүргізуші: Тек қана әншілермен шектелмей,
КВН әзілқой жігіттеріміз де бар, қарсы
алыңыздар.
1-жүргізуші: Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның
алтындығы – дей келе , бізді білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға :
МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС! Сөз кезегін ұстаздарға береміз:
--------------------------- Ән :
«Үстазым» 2-жүргізуші: Бала десе ойламайды өз
қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын. 1-жүргізуші: Жетекші деген- ерекше тұлға,
дара шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Сарғайып кеткен
альбомын алып қолына, Шәкірттерін оңаша еске
алатын.
Сөз кезегі - жетекші
бапкермізде. 2-жүргізуші: Мен айтамын алғысымды, көңіл
толып тұрғандай.
Ұстаздарым ақ пейілді, шетінен олар кең маңдай.
Үлгі алып біз сіздерден, өмір жалғар боламыз.
Елге сыйлы сіз сияқты, біз қызметкер боламыз. Әрқашан
шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік
тілейміз!
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы. Сөз кезегі құрметті де қадірлі
ата-аналарымызға беріледі. Ән
«Анашым»
Барлық оқушылар ортаға
шығады
1) Ғұлама білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан Жазушыдан, ақыннан Ел қорғаған
батырдан
2) Мың бұралған бишіден Ой
тербетекен күйшіден Оқыған жас кәріден Оқушының бәрінен Түлектерден
мың сәлем!!!
3) Он бір жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған. Апалар мен ағалар! Орындалды ойымыз. Құтты
болсын тойымыз!
4) Талай сыннан
өтейік
Кәмелетке
жетейік
Қыран болып ұшып
ап,
ВУЗ-ға барып
түсейік.
5) Еңбекте көп
қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Кездесейік
бәріміз.
Ән: «Қош бол
мектебім»
1-жүргізуші: Адам қанша жыл өмір сүрсе де,
қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып
мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы
үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп
табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып,
таудай болып шығамыз.
2-жүргізуші: Енді біз алдымызға үлкен
мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елін мақтан тұтатын
азамат болайық. Бұл біздің мәпелеп өсірген әке-шешелеріміздің,
ақылшы ұстаздарымыздың, алтын ұям-мектебіміздің алдындағы
борышымыз!