Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақбілек романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақбілек романы электронды кітабы
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

АҚБІЛЕК
Бірінші бөлім
АҚБІЛЕК
Өскеменніңар жағында, Бұқтырманыңоңжағындаәлемгеаян Алтайбар. Сол Алтайдың
күнгейіненқұбылажаққақұлай аққан,құлай ағып Ертіс түскен, күр-күреткен Күршім
бар.Алтай, Күршім-не заманнанқалыңнайман мекені.Сол Алтай мен сол Күршімнің
қысықыспақ,жазы самал.Күн жылт етсе, төрт түлік малқарағайлықарт Алтайдың,Алтай
сынды анасыныңкөкірегін аймаласып, тыраңдасып,мәйек басып, мамырласып жатқаны.
Қарт Алтайдың қақбасында, алақанныңаясында, бал татыған айна сулы,түріде аспан,
сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі.Марқакөлді алқалаған—ақауылды Алтай елі.
Алтай елі-Алтай жазы тау еркесі—киік болып,өзге елдерден биікболып, Марқакөлдің
самалында сайран етіп жатқаны.Марқакөлдіңсуы балдай. Марқакөлдіңсуын ішіп, отын
жеген сарықарын, тұтам емшек жануардыңбауырынансүт сорғалап, сүт емес-ау,құт
сорғалап, көнек-көнеклықылдайды;қара саба емізіктеп,қою, салқын, сарықымыз,
быжылдаған дәріқымыз шара-шара шыпылдайды.Бір шарасын ішкен адам дәлқорқызын
құшқандайбоп, беті шиқан дуылдайды, аузықобыз гуілдейді, масболады, жас болады:
жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудыңтасын күтірлетіп, көкпар,
жарыс,алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны.ӘлгіАлтайдыңаруларын айтуға тіл жетпейді.
Алтын,күміс—Алтай кені, алтын сырға алтықарыс алып түсіпқұлақтарын, жүзі
Алтайдыңайындай боп, көзіқұралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойыҚопа
талындай боп, былқ-сылқетіп бұраңдасып, күбірлесіп,көлеңдесіп, езу тартса-есіңкетіп,
сұңқылқақса—шым-шым етіп, бойыңбосап, ойыңбосап,қиялың қия кезеді.Кеп онда
емес-ау, жараңдар! Берқараңдар,құлағыңсал! Тыңдаушылар анталаса, кепқұрайын бір
тамаша.Ертегі емес, ертеде емес,ұзын да емес, келте де емес,қарапайымқара сөзбен бір
әңгімешертейін.Қысыр сөздіқысқартайын,әңгімеге жол тартайын.Өлеңсөзге олақедім,
күйлі емес депқомсынбаңдар.Сол Алтайдыңбөктерінде жам жолмененжандамайлап ала
ат мінген жалғызадамкеле жатыр бейсауат. Көтегейті-Күршім жақ,бет алысыҚараекем
шаты.Қараекем шатықамау жартас, дәл аясы—шұңқыркөгал, бірауызды, тар ауызды
шұңғылшатын; мейірімді Алтай түсіқашып, түнде жортқан жорықшыға соққанғой.Ажал
түрткен мал болмаса, мал алдырған жан болмаса, тереңшатқакім барған?
Ала ат мінген тереңшаттыңдәл аузына таянғанда алақ-жұлақ қаранды да, тоқтады. Тар
ауызда тас тасалап, сүршекпенді, бесатарлы біреу жатыр бас бағып.Әлгі шекпенала
аттыны көре сала, ақорамал көтерді, ала ат мінгеноны көріп ақтымағын көтерді. Сөйтті
дағы ала ат мінгенқаптағаймен ат жетелеп,асып кеттіәріқарай.Марқакөлде майға
бөккен мал мен ел, тау ызғарыжамбасынанөткен соң,етектегіқыстауына еңбектесіп түс-
кен шақ.Мамырбайдыңмалайларықора жамап, пешінқалап,үйінсылап болған еді.
Мамырбайдыңбәйбішесі маң-маңбасып, малайларға киізүйінқағып-сілкіп, жинатқызып
жүрген еді. МамырбайдыңАқбілегі, Ақбілегі—жас түлегі, айы-күні—сұлуқызы, алтын
сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақкөйлегін көлеңдетіп,қызыл-жасыл
көрпелерінқағыпүйгеәкелген еді.Қасындағықыздарынақабақшытып,қыңқыл етіп,
дауысы сыңқыл-сұңқылетіп:
-Көзім тартып тұрғаны несі?-деп, бір бұраңдапқойғанеді...
-Жай тартат та...қуанарсың... қай көзің?..
-Қуанар ем: сол көзім,-деді бітті, кім елеген ондайды?
Алымсағын, шөбін жинап, партияның қамын да ойлап, Мамаекеңде кешке жақын
жолдасымен келіп түсті.Тау бетінен аңдағайлап жатағына мал келді. Бала у-шу, малай
қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұң.Ауыл түтін,өзенкүріл.Сарғылт таңцақ.Жел деқоңыр,
қызыл іңір.Малын жайлап, шайықайнап, ел де орынғаотырды.Күн батпай-ақ,көз
барында манағы айтқан тереңшаттан іннен шыққанқасқырларша, шұбап шықты төрт
атты.Оныңбірі—манағы айтқан,өзіңкөрген ала атты. Ендіүшеуі:қалпағы бар,
мылтығы бар,қылышы бар, көкшекпенді,қоқандаған,қоқиланған жат адам. Сол төрт
аттышаттан шығып, ылдиға түсеөкшелерінқадады.Қадап еді,ат пысқырды, ауыздығын
қарш-қарш шайнап есілді. Есілдіде екпіндетіп,үңгірдегі бір ауылға жетіп келді
саусылдап.Келе тарс-түрс.Үріктірді, бөріктірді, елдіңапшысынқуырды:


Page 2

-Ах, сволочь! Тап атты!..
Мылтық қолда,қамшы жонда, ат таппасқаәдді не? Аттыда алды, шідерді алды, жүгенде
алды, кілем, көрпе,қоржын, шалбар...-бәрі кетті. ... «көр ішке».
-Төре... тақсыр...
-Ой,құдай-ай!
-Аясайшы, бейуаз екқой!-деуге келді тілдері.
Шайды алдына жаңақойып, «бісмілдәні» келтіргені соледі, Мамырбайдыңбір малайы
жетіп келді ентігіп:
-Келіпқалды!
-Кім, кім?
-Көкпең-көк...
-О кім?
-Өңшеңорыс!
Мамырбайдыңмұршасы:
-Жина,ұмтыл,қаш, тығыл!-деугеғана келді.
Дастарқанымен шайқалды жайрап, жиюсыз шыны-аяққалды күйреп. Мамырбай күрс-
күрс, бір есікке, бір төрге...жаушы-жалам, бәйбіше де,қыз да жоқ.Сыртқы есіккежетер-
жетпесте Мамырбайдыңкеудесіүңірейгенүш мылтықтыңаузына тірелді. Бай шалқалап,
мұрттайұшты.Мылтықдүмі,қылыштың қырымен айдап шығарылғанауылдыңеркек
біткені басынқорғалап, борсандап, желкеніжей-мей, Мамырбайдыңеттігіне отағасыны
басқылақамалды да, сыртынанқарақұлып салынды. Аузында күбір-күбір«сүбіқан»,
аяғы жыбыр-жыбыр еңкең қағып,қораны орағытыпбәйбіше келе жатыр еді, орыс
алдынан тап болды.
-Қайдан келесің?
-Мына... мына,-дей беріп еді.
-Мә,саған мына-мына!-деп білеуіт пен ащы айғайбасынақабат тигенде, көзініңоты
жарқетті. Жаулықкеттіжапырайып, ауыз кетті опырайып.
-Тап деген соң,тапқызды!
-Кімнің қызын, жасаған?!
-Сенікіқыз, сенікі.
-Қызым жоқ,ойбай!..
-Қыз бар! Табасың!
Орысқадалып, білеуітін зулатты. Бәйбіше бадалып,«қызым жоқ»деп бажылдап,өтірікті
саулатты.
-Өзім табам,-деп орыс жүгіріп ала жөнелді.
Үшорысқолдарына шырағдан алып,қораны,үйді,тезекті, шұқырды, жүкті, пішенді-
бірінқоймай найзаларымен піскілеп тінтіп жүр. Зым-зия, Ақбілек жоқ.«Орыстар келіп
қалды» дегенде бәйбіше теріскейдегікішкене есіктен ептеп шығып, жер бауырлап,
бүкеңдеп,Ақбілегін жетелеп, бір апанға апарып: «Тырп етпей жат!»деп кеткен.Қыз
табылмай, сандалып, долданыпқайтқанүш орысбәйбішені терезе алдына етпетінен басып
отырып, жиырма бесқамшы соқты.Үні шықса, Ақбілегініңжанықабатшығадығой,
құшырлана тістеніп, ышқына ыңқылдағаннан басқа дыбыс бермеді. Желге, күнге тигізбей,
аялапөсіргенжалғызын «кәпірге»қорлыққақиғаннанөлгеніартықемес пе?
Түнерген түнде абайсыз ауыл абалаған ит даусына айналды. Ауылдан бажылдаған,
балдырлаған жатүн шықты. Бір тайпа ауыл-үш мылтықтыңалбастысы басып,тұн-
шықты.
Үрейліауылды торып, екі ат жетелеп, ойқастап,құлағын түріп, түсі жаман, ойықараңғы
бір адам жүр.Ауылдан бажыл шыққандаәлгіадам бір тұрып, бір жүріп, ауылғатаман
ұмтылды.Ұмтылып еді, астындағы жануарқорс етіп,лоқыпқалды. Аяғынүзеңгіденептеп
сырғытып, сыбдырынұрлап, жүмсақшөпті жапыра басып, жерге түсті. Атынартқы
қасынақайқитақаңтарып,қыл шылбырмен тұқыртатасқылыпұстап,үш атты
матастырды да,қотанға кіретінептіқасқырша бүкеңдеп адымдады.Қарауытқан,қара
жамылған ауылдыңитіұлып тұр. Бес-алты адым аттадыма, жоқпа,әлде шөптің, әлде
шүберектіңсыбдырындайсудыр еткен бір дыбыстықұлағы шалыпқалды. Енді бірбасып


Page 3

еді-аяқастықарауытқан шұқырболды. Шұқыртүбінде бірдеңе ағараңдаған тәрізді,
қимыл етті.
-Ағатай-ай!-деді біреу ышқына сыбырлап.
-Ақбілекпісің?-дедіәлгі адам біліпқойғандай.
-Мен едім,құтқар, ағатай,-деп апанныңернеуінетаманөрмелеп еді.
-Құтқарам. Бұқ. Жата тұр,-деді де,қазақ қалбалаңдап жоқболды.
Екіқолы алдына созулы Ақбілекқалшиыпқалды.
Әлгіадамжүгіріп барып тоқтағандай,ат ышқынғандай,үзіңгіге аяқсалғандай, тебіңгі
тырс еткендей болды.Атына мініп келейін деген екенғой, енді ажалданқұтылдымғой.
Жасаған-ай! Тәубе дей беріп еді, дүбірлеген аттыңтықыры жақындамай, теріс айналып
кеткендей болды.Қолыәлі жәрдем тілеуде, жарылқаушы періште келетіндейдәмелене
күтсе де тықыр алыстап, дүбірлетіп шауып кетті.Қолдарысылқете түсті, аяғы тайғанап
кетті, сырғанап,түпсіз зынданға түсіп бара жатқандай көрінді...
Ауылжақтағы иттердіңманағы шабаланғаны жоқ,анда-санда сақ қаншықтыңбезілдеген,
жас күшіктіңшәуілдегенәлсіз дауысын тебеттердіңкүңіренгенұзын сарыны басып
тұрғандай. Сөйтіп тұрғандабірдеме ысқырғандай болды. Ауылдан иттерді шабаландырған
аттыңдүрсілі тауғақарайкетті.Ит дауысы алыстап барып,қайта жақындап,абалады.
Ажал да абалады. Дүрсіл ауылғақайтып келді.Күбір-күбір адам дауысы естілген
тәрізденді. Ақбілектіңжүрегі зырқете түсті. Зырқетпейқайтсін, тықыр шықты.
Жүрегімніңдүрсілі болғайеді деп,қолын кеудесіне басып еді. Тас, тас емес-ау-темір,
темір емес-ажал шықыреткендей,құйқа тамыры шымыр етті.Алан көр сияқтанды.
Өйткені тажалдай түсі суықсаудырағанүшАдамкеліпқалды. Ақбілек балақамаған лаққа
ұқсап, апандыайнала жүгіріп,өкпесін соққан торғайдай торға ілінді.Сонда да есінен
танбады.
-Апатай-ай!-деген жан даусы таудыңтасына барып шақеткендей болды. Мейірімсіз
темірқолдар алыпұрып аузын басып жатса да,қолды кейін сермеп, басынжұлқып,үзіліп,
өзеуреген ащы айғай апатайының құлағынасап етті. Жонына шойын тағалағандай апасы
сіресіпқалсада елемей,шыңғырған дауысқақарайүкідейұшыпкеледі.Қызын бүркітше
бүріп, илеп жатқан екі орыстыанасы екпінімен келіп итеріп тастап, балапанын басқанана
құстай, баласын бас салды. Олай сүйреп, бұлайжұлқып,қызды анасының құшағынан ала
алмаған соң,орыстар мылтықдүмінжұмсады. Жанына мылтықбатқанда, анасықызын
тастай беріп, алыса кетті. Алыр-топыр екі орысты екі алыпұрып, бірінің үстіне бірін
илектеп жатқанда,үшінші орыс тайқып шегіне берді.Босанысыменқашуға оңтайланған
Ақбілек апанныңернеуіне жете түсіп, анасының қалып бара жатқанынкөріп,қайтаапанға
түскенде, анасықызынақарсыұмтылды. Сол кезде босқалған орыс анасын жауырын
ортадан басып салды.
-Алла!-деп анақұлады.Үшорысқызды көтеріп,ойбайлатып алды да жөнелді.
«Апатайлаған» айғайы жерді-көкті жұлып, Ақбілек зарлап,аттардыңдүрсілі тауды
дүсірлетіп, абалап иттерқуып бара жатқанда:
-Қайдашы,қайдалап?-төтеден бір топ кісіқуып алажөнелді.
-Аттаншы! Аттан!
Жер де айғай, көкте айғай.Тау күңгірлеп, тас шықырлайды.
Қуғыншылардыңқарасын көріп,қызөңгергендіқояберіп, екі орыс аттарын тежей,
мылтықтарын кезей бастады. Екі атты есік пен төрдейжерге келіпқалды. Тау сатыр-
сұтыр етті.Қуғыншыныңбіреуіқиялай шауып, атыныңжалынқұша жығылуы-ақмұң
екен, арттағыларыазан-қазан,ұйқы-тұйқы түсеқалды.Манағы ала атты кім?Қыз алып
қашқан орыстар кім?Бұлардықуам деп оққаұшқан кім? Олардыңкім екенінбіз айтайық
па?Өздерін сөйлетейік пе?
Қане, осыны дауысқасаламын. Біз айтайықдегеніңқолдарыңды көтер. Біреу, екеу... жоқ,
өздері сөйлесіндегендерің қол көтер...Төртеу, бесеу...Өзіммен көпшілік.Сонымен сөз
өздеріне берілетін болды.
Әуелгісөз оққаұшқан жігіттікі.


Page 4

БЕКБОЛАТ
Қараторы, орта бойлы,қошқартұмсық,түлкі мұрт,шүңірек көз жігітпін.Жасым
жиырманыңжетеуіне шығыптұр.Атым-Бекболат. Басымда барқытпен тыстағанқара
елтірі жекей тымақ, қараала жапқан күміс белбеу, аяғымда көнелеуқисықтабаным бар.
Белбеуімдегі жарғақдалбағайым,шашақты сарықыңда мүйіз саптыөткір кездігім,
алдыңғықапталдағы дабыл байлайтынұзынқайыс шеттігім-менің өнерсіз жігіт
еместігіме айғақболар.Бұрын бір байдың,осы күні орта шарқыүйдіңортаншы
баласымын, бұрынқой бес жүзге, жылқы екі жүзге,сиыр алпысқа, түйежиырмаға
шарпыған еді, осы күні солмалдыңтөрттен бірі де жоқ.Әкемізнеше жылдай елу басы,
ауылнай, би болған.Бір ауылнай елдіңбасты адамыныңбірі.Ағам отау болып, енші алып
кетті. Інім Семейде оқуда. Шешемізжылқы жылықұрт ауруданқайтыс болған соң,әкеміз
бір кедейлеу адамныңақ құбаша, бауырсақмұрын жаңаөспірімқызын, беріпқойған
жерінен, он бесқараға батабұзып алып еді. Тоқалбұл күндеәкейдіңмойнына мініпалды.
Жылдағы зекет, пітір, садақасын беріп, бізді оқытуғаәкемізтаңқы мұрт, жылтырқара
қожаныұстап, сегізжылдай, жазүй артындағықоста,қысқонақ үйде теңселіп,қалғып-
шұлғып, сабақоқыдық.Тіл алмай, асқа, атқаөкпелеп, кісі боқтап, шалдуар боп,қожадан
таяқты талай жесем де, аяғында хат таныдым.Көршінің қатыны менқожаның өсегі
білінген соң, әкеміз шығарып жіберіп, соданкейін көзіміз ашылды.Оннан асқан соң-ақ
қыдырған,қолы бос жігіттердіңбоқауызын, былапытәңгімесін тыңдап, он беске келген
соң, қыз-келіншегі барүйдіңіргесін тырнап, жібінқиып,есігінқиратып, түн баласында
дамыл көрмедік.Жолдастарға еріп, ойын-сауық қуып жүріп,қылжақты,өлеңді,
домбыраныүйрендім, еті тірі, жақсы жігіттерге еліктеп,насыбай, мылтықатуды, ит
жүгіртіп,құс салудыүйрендім.Тұзды ет беріп, суғажығып,қашырып алып, талайқұстан
айрылсам да, аяғындақұстыңда тілін білдім, я шіркін!Астыңда жарау бедеу,қолыңда
қыран түйғын,үстіңдесымдай киім,өзек-өлкені сыпылдата кезіп, жарқ-жұрқеткізіп,қаз,
үйректісыпыртып, кешке таман сұлуқыздыауылдыңсыртынақонам деп, шіреніп келіп
тұрар ма ең!Жалғанның қызығы сол да!
Әкемөз маңындағы елдің ұрлығынқымтап, зорлығына болысып, дауын даулап, жесірін
жоқтап, шығынынреттеп, бірді бірге соғып жатады. Атқа мініп кетеді,үйдеболса келген
кісілермен оңашаланып, сыбырласып жатқаны.Сөйтпесе, ел билей алмайды-ау деп
ойлаймын. Бірақоған артықараласпаймын. Ағаммен екеуі тұрғанда, мағансөз не керек,
өз ермегімөзімде. Бірақолар меніәуейі бопкеттіңдеп, кейде жаратпайды, кейде менқұс
алдырып, аңатып келгенде мақтанып тақояды.Әйткенмен ағайын дауына, рунамысына
қызбай да жүрген жерім жоқ.Төбелесболса жасаққа шығысамын,қызқашқан,қатын
кеткентоптарданқалмаймын.Әкемайттырған Жаманбаланыңшотпақ қарақызын
менсінбей, МамырбайдыңАқбілегін елден таңдап айттырып едім.Малжанды соққан екен,
малымды түгел алмай, есіккөрсетпеймін деп, көнбейқойды.Бойжеткенқалыңдығым
тұрғанда,қарап жатайын ба, жасырын барам деп кісі жіберіп алып, «өзі біледі» деген соң,
бүгінжолыққалы келе жатыр едім.Дулыға тастыңбөктеріненжолымызды кесеқашқан ор
қояндыөткізбейміз депбірталай атқинап, алданыпқалғанымыз.Әйтпесеманнакелетін
кісіғой.Ауылға таяна бергенде, шулаған иттіңдаусын естіп тұрақалыпедік, бір мезетте
«апатайлаған» Ақбілектің,оданмылтықтыңдаусын, аттыңдүбірін есіткен соңдәтім
шыдамай, неде болсақолындаөлейін депқуып бердім.Қараңдаған екі аттыға жаңажете
бергенде, оңиығымнан оқсапете түскенде, көзімқарауытып, басым айналып кетті. Не
болғанымды білмедім.Әй,жолдас шіркін сондай жердекерекқой!Аттарын тежеп,
қорқып шаппадығой.Әйтпесетүсіріп алатын кісі едік. Есіл жарым, екі көзіңжаудырап,
орысқақор боп кеттің-ау! Жұртым-ау, менде не жазықбар? Ақбілекті жіберіп
қойғандарын ба? Кеудеде шыбынжандарыңболса, негеқимылдамайсыңдар?
ОФИЦЕР
Мал-мүлкімді талады, кісімдіөлтірді,қызымдыалыпкетті деп бізді бұзықадам көріп,
қазақтар жазғырады-ау.Дүниеде не боп жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жершығып
көрмеген, аңсықылды жайылғанқазақбіздіңнеғыпмұндай күйге түскеніміздіқайдан
білсін.


Page 5

Ата-анадан, туысқаннан, туған жерден кім безейін депойлайды? Еркінқызықөмірді, жан
тыныштықты кім жақсы көрмейді?Сұлуәйелдіңотқұшағын, тәтті лебізін кімаңсамайды?
Адам тілегенін істеуге ерікті болса, тұрмысосындай болар ма еді?Біреу ырысты, біреу
сорлы боларма еді?Адамда ерік жоқ.Адамлажсыз елініңтілегіне бағынады. Дүниеде
тағдыр бар, лажсызөмірге көну бар: тағдыр деген сондай, бостандық,еркіндік деген жоқ.
Тағдыр айдамаса, осынауҚытай шегіндегі Алтай тауына,қазақарасына біз келер ме едік?
Мен Тамбов губерниясындағы бай алпауыттыңкіші баласы едім. БабамызАлександр
патшаның әскерінеқол басы болып, түрік соғысындамақтау алған кісі екен.Әкеміз соғыс
уәзіріндеүлкентөре болып, мосқал тартқанда, Тамбовтағы атақонысына келіп, егін
салдырып, шаруақұрды. Мол жер,бау-бақша, салтанатты сарай,қос-қос арғымақ,солқыл-
дақарба, жүйрік ат, жүйрік тазы... дегендер бізде болушы еді. Бір ағам университет бітіріп
адвокат болып, одансоңғыекеуімізәскеракадемиясын бітіріп, офицер болып едік.
Ағайынды төртеуіміздіңішінде ажарсызы менболсам да, ерлігіммен герман соғысында
қол бастап, біррет шен алдым.
Патшамыз соғыс ашқанда, ел-жұрт, отанымыздықорғауға, біз соғысқа бардық.Отанды біз
қорғамасақ,орыскүшті жұрт болмаса, осы наданқазақкүн көре алар маеді? Орыс сияқты
жері мол,қолтығыкеңжұрттың қол астынақарағанынақазақтәубеқылу керекқой.
Анығындақазақмемлекетке не пайда келтіріп отыр? Түндік басыжылына төрт сом алым
төлегені болмаса,әскерге ылау,азықбергені болмаса бұларда не шығын бар? Текқымы-
зын ішіп,қарнын сипап,қатынынақарап, борбайын тыртырқасығанды біледі. Патша
қазақтықара жұмысқа аламдегенде,қандайқорқып, абыржып,қиратылыпқалды.Қазақ
солдаттанөлгеншеқорқады. Баяғыда,қазақорысқақарағанда,қатын патшақазақтан
солдат алмаймын деп,қолхатберіпті-мыс депталшық қылады.Тегіндеқазақтыңсолдат
болуданқорыққаны бізге теріс те емес. Кімбіледі,қолынақару берсе, орыс жұртына жау
болыпкетпесіне кімніңкөзі жетеді? Ондаұлы Ресей кемиді, жері,елі азайыпқалады.
Қазақтыңмалы, елі, бұйымы басқаелдіңпайдасына кетіпқалуы мүмкін.Әйтеуірқазақ өз
алдына ел болып жатқан жоқ.Ендеше, орысқа бағынуыкерек. Орыстан жақынарқа күзеу
қыларлық қазаққа күштіжұрт жоқ. Қазақорысқа жерімді алдыңдепөкпелейтіншығар.
Жерқазынанікіғой. Орысөсіп жерге сыймай жатса, бос тұрған жерді алмайқайтеді?
Қазақта жер көп. Баяғыдайкөшіп-қонып, кеңдаланы шарлап жүре берем депойлайды.
Жер жүзінде жалғызқазақемес,өзге жұрт табарғой; оларға да тіршілік керек. Ендеше,
артықжеріңдіалғанғаөкпелеме. Сен де егін сал,қала бол. Сонда бәрімізгеде жер жетеді.
Мұнықазақұқпайды-ау.
Қазақзәбіріңтиеді деп бізді айыптайды. Зәуедеқазақәскерболып,қазақ әскері орыс
елініңішінде жатса, маңайыназәбірі тимес пе еді?Малын алмас, дүниесін таламас,қызын
қатын,қатынын жетімқылмас пе еді? КешегіЖетісу майданында мұжық қалаларын
алғанда,қазақәскеріқандайқылды? Бейуаз мұжықтықылыштыңжүзіненөткізбеді ме?
Мүлкінталап,әйелін рәсуә қылмады ма? Баяғыда орыстыүш жүз жылдай татар билеп
тұрғанда,қазақта соныңішінде,қандайқорлықкөрсетпеп еді?Ордаға барған
елшілерімізді тақтайға жаншып,үстіненбилетіп, езгілепөлтіріп еді.Қазакем, сеніңде
жайыңбелгілі.Қолдарыңа түссе, шамаларыңкелсе, сендер де біздіаямайсыңдар. Бірақ
шамаларыңкелмейді.
Әйтседе бізқазақтан кекалғалы жүргеніміз жоқ. Қазақжеріне келейік деп келгеніміз жоқ.
Ресейде төңкеріс болып, патшаны түсірген соң, өзара екі жарылып, ел билеуге таласқан
соң, үкіметтіқара жұмысшы менқара солдатты жақтаған большевиктер алып кеткен соң,
біздер, орыстыңшынұлдарықұл-құтанға бағынбаймыз деп, соғысып,жеңіліп,қашып
келіп отырмыз. Алдымызқашып,Қытайжерінеөтіп кетті. Біз оданқашқан, бұданқашқан,
жетпісшақты офицер, білеуіттер Алтайдыңбір тығырығынабекініп,қызылдардан
жансауғалап жатырмыз. Олардыңойы:оқ-дәрімізді, азығымызды түгесіп,қыстың
суығынакатырып, ашықтырып алмақ. Әйтпесе бір ауыздан жалғыздапкеліп, бізді ала
алмайды. Тауда жатып бізқарапөлейікпе?Қара таласқан соңмаңайдағықазаққа
шабуылдап, азыққа мал, баспанаға киіз, төсеніш, ыдыс-сайман алып тіршілікқып
жатырмыз.


Page 6

Елсіз тауда ерігіп жатқанөңшеңеркек іші пысқан соңермек,қызықкерекқылмай тұра
ма?Қашанғыөзді-өзімізбоқтасып, керісіп, төбелесе берейік. Біздіңдеқанымыздаот бар;
бізде де тілек, нәпсіқұмарлықбар. Біз де жаспыз.Әйелқұшуды біз де аңсаймыз.Әйелсіз
күн көре алмайтын, махаббаттың қадірін білетін, сезімі жетілген бізөнерлі,білімді
шаруаның ұлдарымыз.Әйелкімде бар?Қазақта.Қазақта адам баласы.Қазақтың қара
көздерініңсиқырлы күші Еуропаәйелдерінен кем емес.Әнтек тәрбиеленіп,қылымсуды,
еркекке жағынудыүйренбегені болмаса.Қазақнадан болған соңорыстан жатырқайды,
жиренеді,қазаққызы орыс жігітін сүймейді. Бізгеөз сүйгеніміз дежетеді, бізгеәйел
керек.Әйелдіңсүйгенін тілейтін біздіңөз еліміз бар ма?Қазақнадандығынан
жатырқайды, оқығанел жатырқамас еді,қазақтыңоқыған азаматы орысқызынсүймей,
орыстанқатын алмай жүр ме?
Қысылғанда, сасқандақарсылық қылған жерде болмаса, тегінненқазақты елтіргеніміз
жоқ.Адамныңтыпырлапөлгені бізгетауықтың өлгенімен бір есеп. Көңілімізгесолай
орнағаннан ба,өлімді көп көріп, етімізөліп кеткеннен бе, кім білсін.Шынында,өмір
деген,өлім дегеннемене?Адамөлмекүшін туған. Бүгінөлдік не, ертеңөлдікне?Өмір—
қабақтың қаққаны. Ендеше, аз күнтіршіліктеөмірденқандайқызық, қандай ләззат
болсын,алыпқалу керек.Өлген соңтүк те жоқ.
Алдымызда-қылышын сүйреткенқызыл шұнаққыс.Айналамыздағықала-қызыл жау.
Келешегіміз-аяз,аштық,соғыс,ажал. Бірінен болмаса біріненөлуіміз хақ.Бүгін болмаса
ертең өлуге көзіңжетіп отырса, елден-жұрттан, туған-туысқаннан күдердіүзсек, бізді жан
екендеп аяйтын адам баласы болмаса, бізқара таласпағанда, бізбой жасамағанда, біз кісі
өлтіріп,қыз алыпқашпағанда-кім бұлардықылмақ?Бізәзір тіріміз. Тіршілік деген-
арпалысып күнелту деген сөз. Ендеше, біз тіршілікқыпжүрміз. Біздіқазақайыптаса,
білмегеннен айыптайды.
МҰҚАШ
Мен таңқы мұрын, бадырақкөз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау,кірпі шаш,қырыс маңдай,
қара сұр жігітпін.Жасым 35-те.Әкем Тойбазар,өзім Мұқаш болғалы аузымасқа, ауым
атқа жарыған емес.Ес біле есікте жүрдім.Әдегендеқұны жоқ,былық,сараң,жаман
Төлеубайдегеннің қозысын бақтым. Ел жайлауда, көк шалғындақымызғақызып, гуілдеп,
мас боп жатқанда, мен босағада отырып, жырықсары тостағанменсаумал ішіп, дам-
балым борша-борша, шекпенімөрім-өрім болып, жалбаңдап,үйездегенқозыныауылдан
шығара алмай, дедектеп, кейіп, жыламсырап жүргенім. Балалар алтыбақантеуіп, ақсүйек
ойнап, шуылдасып, асыр салып,қойкүзетіпөлеңайтып, думанқып жатқанда«таңертең
оянбайсың,жат» деген байдыңзекуін естіген соң, қараінгеннің қолаңса сасыған жабуын
оранып,үй жанындабүк түсіп жатқаным.Әсіресе шыртұйқыда жатқанда:«Тұр,қозы
ағыт!» деп байдыңбүйірден теуіп оятқаны-ақжаныңа батады-ау. Амал жоқ,бүрсеңдеп
жүріпқозы ағытып, бір тостаған іркіт ішіп, көзіңді уқалап жөнелесің.Күнқызғанша
жүгіріп, ауылғақашқанқозымен арпалысып, айғайлап, тас жіберіп жүргенің.
Он беске келгенде Шаманбайдың қойын бақтым, о бірқұдайдыңатқаны!Өліп бара
жатырмын десең,қойғабіртайын мінгізбейді. Ат отынан калады дейді, алыпқалмайды,
қойөрерде жылқышы келеқоймайды.Жатарда байлапқояйын десең қоңырөгізшені сиыр
мүйіздеп, мұрнынжырады, таңертеңсиырөрмей тұрып, ол сасықтықамалапұстау тағы
бірқырсық.
Бір күні балалардыңойнағанына бүйірімқызып,лөнбекшіп,ұйқым келмей, не де болса
құдайдыңсалғанын көрермін деп, тұра сала ойынға мен де бардым. «Қаракұлақ»
ойнағанда, мен ит, Балабекқасқыр болып, РакымжанныңАйша дейтінқызынөзек жаққа
апарып тастады. Мен шабаланыпқуып барсам,қызды іздегенүлкенқарақұлақөзекте
бұғыпжатыр екен. Дүние-ай, мен декарақұлақболар ма едім деп зығырланам, ертеңінде
түстеқойды бұлақбасына жусатып,өгізімді тұсапқойып,жарлауытқа арқамды сүйеп
отырсам, көзім ілініп кетіпті.Бір мезетте бетімді күйдіріп жібергендей бірдеме басымнан
орай шым ете түсті.Шошып кеттім. Жынды кісішешыбын-шіркей боп, лағып барам.
Артымақарасам, көкайғырын апыраңдатып,қамшысын білеп, Шаманбайқуыпкеледі
екен.Қалай бұлтарсам дақоймады,қашағанғатөселіпқалған арамқатқыр,қойсын ба,


Page 7

аттыңбауырынаалып жүріп,ал борсылдат, ал сой. Бақсам,ұйықтапқалғанымболмаса,
қойқасқырдан аман екен.
Өшімдіқалай алам деп, аузымды басып жүр едім.Ақыметтің қойшысы да байына ызалы
екен. Екеуімізбірігіп, Шаманбайдан екі ісек, Ақыметтен бір марқа, біртұсақты сойып,
бұлаққа тығыпқойып, бір айдай азыққылдық. Суға салсаңеттедәм болмайды екен. Бірақ
ұрлығымызшығыпқалды.Оны айтып жүргенөзіміздің қойшылар. Естай деген бір
жарамсақтазқойшы бар еді, байына жағынам деп сол иттіңбүлдіргені. Шаманбай екіқой,
екі киім ақымды шығарда бермейқалды.
ҚалайБадығұлдыңжылқысын бақтым, солай көзімашыла бастады.Қашағанды жалғыз
ұстаймын. Асауды жалғызүйретемін.Күзетке жалғыз барамын. Боранда жылқыбағамын.
Аязбен, асаумен,қараңғыұзақтүнмен,ұрымен,қасқырмен,қауіп-қатермен алыспай, адам
адам болмайды екен. Желден жаралған желге мінбей, адамға желікбітпейді екен: жылқы
бақтым-күлкі бақтым. Алыс-жақын,қатер-ойыншықболды. Жылқы бақтым–кісі
болдым.
Енді меніәйел де менсінетін болды.Енді меніңатымда, киімім де түзелді. Кедей жақтың
келіншектеріне ет,май беріп, көңілқостым. Кейдеқасқыр жедіқылып, жабағы-тайлап
соғым да беріп жүрдім. Жылқы бағып жүріп,қалыңберіп,қатын алдым. Бұралқыжылқы
қағыстырып,ен-таңбасын бұзып, пайда-пақыршылық қылудыңтәсілінде білдім.Қатын
алғанда ораза ашарым да болды.
Жылқы жұттан кейін, енді есікте жүргім келмеді, не деболса, алыс жердіде бір көрейін
деп, пароходқа жұмысқылуғажалдандым. Ертіс ағып,Өскемен, Зайсан,Семейсияқты
қалаларды көрдім. Азын-аулақорыстыңтілін деүйрендім. Орыспен араласып, орыс тілін
үйренген соңкеудеме нан піскендей,өзімеөзімәлдеқандай көріндім.Өзімбір тұрған
заңмын. Орыспен де,қазақпен де сөйлесекетем. Елде жүрсем де,қалаға барсам да
өлмейтінтәріздімін. Адам болған, ел билегендердіңменен түк артықжеріжоқ.Олар
білгенөтірік,өсек,ұрлық-қарлық, қулық-сұмдықты мен де білемін. Олар сөйлеген сөзді
мен десөйлей аламын.Қайта мен «какой шорт, как жы, нежоли,неимешь праба...» деп
орысшаны араластыра соғыпжіберуге деәмірім келеді. Алыса кетсе, төбелесе кетсе бір
кісіден таяқжемеймін. Пароходта жүргенде ершікпен онпұтқа шейінкөтеріп жүрдік.
Араздаса кетсе-кісініңбірмалын жетелеп кетуге жараймын. Енді меніңел адамда-рынан
қорғалайтын нем бар?Мен неден тайсалам? Жалғызкемдігім:қағаз танымайтынымғой.
Мендейлер толыпжатырғой.Әттеңдүние!Қолым хат білсе, Күршімөзенінтеріс ағызар
ма едім,қайтер ем...
Елге келген соңатқа мініп, партияныңсөзіне араласып, жаңа бірқызметке ниетқып
жүргенімде соғыс болды да, оныңартынан төңкеріс килікті. Ақтарқашып,қызылдар
келіп,қала-қалаға орнады. Балшабай деген бар,кедейдіңпайдасын сөйлейді, балшабайға
жазылған кісініауылнайқылады, болысқояды,қолына мылтықбереді,«панимаешь»,
мылтықбереді, байдыңмалын, артықкатынын, жерін кедейге тартыпәпередідеген
лақаптар шықкан соң,жатсамұйқым, тұрсам күлкім келмейді.Мен дебалшабайға
жазылып, мылтықалсам деп ойладым дажүрдім. Ойға алғанын істемеген жігіт жігіт пе?
Біреуқазақжақсы деді, біреу орыс жақсы деді: «Шорт пыбрый депшоқындым да кеттім»
деп бір шоқыншақайтқан екен.Сол айтқандайын, не де болса тәуекел, мұны да бір бай-
қайын, кім біледі, мен де бірдемеге жарап кетермін депбардым да, яшейкеге жазылып,
бесатарды мойынға салыпшыға келдім.
Елге келе ылау мініп,қой сойғызып, жүрегін шайыпалуға кейде басынан асыра мылтық
атып,қызметке кірісебастадым.Қазынаныңмүлкін, ақтарданқалғанқару-жарақіздеп,
қырындаған кісілерімнің үйін тінтіп,қорқытып, көр-жерлерін алып,пайда-пақыршылық
істей бастадым. Ел мені «шоқынып кетті» деп кірпідей жиырылды.Әуеліөз ағайындарым
да маған осқырып,үрейленіпқарайтынболды.Менен жұрт сескенейін деді. Мен келе
жатқандақызыл көзді пәле келе жатқандай атын,дүниесін тыққыштап,өп-өтірік
жалпақтауды шығарды.Еліқұрғырдыңаузын бассаң,арты сөйлеп тұрадығой.Әсіресе
осы бір мұғалімібар болғырлар пәле болды. Меніелден пара алды, дүние тартыпәкетті,
пәлен-түгенқылдыдепқаладағы оқыған азаматтарға даттапқойыпты.Сайлау кезінде
болыс болайын деп тұрған кезімде меніңүстімненжазылғанқағаздарды жинап,


Page 8

Мамырбайдыңбаласы кеңсеге тапсырыпты.Мені бұзақы адам деп, сөйтіпболыстыққа
сайламайқойғаны.Әй, атаңныңаузын... Мамырбайдыңұлы!Әй, тірі болсам, бір
қылармын деп кетебардым. Мылтықтан айрылдым.
Елге келген соңауыл-ауылдан мал, киіз, төсек-орын,ыдыс-сайман алып жүрген ақтардың
адамына жолығып,іш пікірім ішімде, соларға кісі болдым.Олар маған жақсықыз тауып
бер деді. Ойыма МамырбайдыңАқбілегі сапете түсті. Ағасының қылғаныналдына
келтіретін маған дакүн туды.Өмірі байдан, күштіденқорлық-зорлықкөріпкелдім.Әліде
солардан көріп отырмын.Енді оларды меннесіне аяйын? Арманыма жетсем, жеттім,
жетпесем жаманадам атанып кеткенім дағы...
Алыс-жұлыс, ауыркүйік, аттыңсоққысымен Ақбілектіңсілесіқатып, аттан түсіргенде
өлген адамша сылқететүскен.
Ақбілек есі кіріп, көзін ашса, алты сырықтыңбасынбүріп киіз жапқан кішкенеқоста
өңшеңсерейген, бырқыраған, жат киімді, жат түрлі орыстардыңішінде жатыр.Оң қолын
Ақбілектің үстіне артып,қаққасында бетінентүгі шыққан, шашы дудыраған, істік мұрын
жирен орысжатыр. Оныңбейнеусіз аңқиғанжарықерінді, дүрдек аузынан шыққандемі
Ақбілектіңбетіне тамұқлебіндей тиіп,денесін тітіркендіреді.Өңі-түсіекенін біле алмай,
көзі алабұртып,қостыңішін сипай сүзіп шықты да, түндегі оқиғаесіне түскенде,қайнап
шыққан бұлақтыңкөзіндей жасымөлтілдеп, жылап ағыпқоя берді.Саңғал киізден
сығалағанаңғал шуақАқбілектіңбетіне түсіп, жайраңдаса да,телегей аққан жасын
құрғатуғасептігі болған жоқ;жанын жанышқанқараңғылық қараңғы дүниені аңсатты,
әйтседе жарықсәуледен көзін біржола жұмбайқұтылмасына көзі жеткен соң,тым
болмаса мынау саусылдағансарықолдыңішінен сытылып, даланы бір көргісі келді.
Ақбілекүстінде жатқан ашалы, ауырқолды ақырын сырғытыпқойды да, сыбдырсыз
басын көтеріп, жерқорқақболған ботадай, аяғынаңдап басып, сығалапқарап, жапсарды
ашып, тысқа шықты.
Мұныңшыққаныалдарына ер-тоқымүйіп, мылтықтардымосылапқойған,қатар тігілген
ұлылы, кішілі, бүтіні,жыртығыаралас жетіқостыңбірден соңғысы екен. Төрткұбыладан
бірдей ерейіп-серейіпүстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға да, тауға біткенүйірім-
үйірім сабалақжүнді орманға да, тау басындақалықтап жүрген бүркіткеде, тауға
тырмысажайылып жатқанқұмырсқадайжылқыға да,қостан аулағырақ өзекқуалай
шыққан шоқ-шоқбұтаға да Ақбілектіңкөзі тоқтап тұра алмай, сырғанапкеліп, жерошақ
басындағықазақтың қарақұманына,қараастауына, жырықшөмішіне тоқтады.Жаудың
қолына түскенәлдеқандай сорлыныңастауы, шөмішіекен? Сорлышөміш! Мен де сенің
сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды.
Талдыңтасасына түсейін деп шеткіқостыңартынанжаңа аса беріп еді,қос далдасында
мылтығына сүйеніп,кақиып тұрған бір орыс жалтқарап:
-Стой!-деп ақырыпқалды.
Дауыс жер астынан шыққандай, селк етіп, зәресізәндемге кетті, жығылып барып оңалды.
Сөйткенше болмады, артынан бір орыс жүгіріп келіп,құшақтай көтеріп,қосқа ала
жөнелді, Ақбілектіңкөзі шарасынан шықты.Құшақтаған орыс аймалапқосқа алып
кіргенде, тағыекіорыс бастарын көтеріп, керіліп-созылып, көздерін уқалап,Ақбілекке
қарап, күле сөйлеп, шылымдарын орай бастады. Алып келген манағықолын артып жатқан
жирен орысекен. Ақбілекті аш белінен жібермейқысып, бетіне аузыналаұмтылып еді,
Ақбілек терісқарап, бұлқынып сүйгізбеді.Өзгеорыстар жирен орысты мазақтағандай
қарқ–қарқкүлісті. Олар күліп, жаңылдап отырғанда, төрде жатқанұзынбойлы, ақкұба,
қара мұрт орыс оянып,қырынанжатып, Ақбілекке көз салды.Олөзгелеріндей сөйлескен
де, күлген де жоқ, құба шыңғақұлашұрған жезқанатбидайықтай, талмау көзін
талықсыта, терең қиялға шомылды.Көпкүліп жатқанда, біреу сазарып отырса, оныңжаны
жұмбаққой. Көп мұңайыпотырғанда біреу күліпотырса, оныңажары да көңілді бұрмақ
қой. Жұмбақнәрсеадамдықұштарқылмаққой.Қарқылдасқан,қайғысыз,қамсыз көп
орыс ортасындағықара мұрттыңлебі деАқбілекке жұмбақбоп көрінді.Әлдеөзіне бастас
қылғысы келді ме, немесе одан бір жылы сөз күтті ме, болмасаәйелгебіткен
жеңсікқойлықмұны да жеңді ме,әйтеуірқапастақапаланып, жалынарға жан таба алмай
отырғанАқбілектіңкөзі еріксізқара мұртқа түсті.


Page 9

Қарамұрт Ақбілектіңжан жарасынәлде көзінен оқыпбілді ме,әлде басқа бір сезім
кернеді ме, кім білсін, жиренсүйем деп тағы кезеніп, Ақбілек сырт беріп тыжырыныпеді,
ашуланған адамша анаған ажыраяқарап, бірдеме депшорт кесті. Жирен орыс тақыңбады,
ежірейіп, басынсілкіп, бірдеме деп тастады. Бірақендіқайта сүюгеқызғаұмтылмады.
Өзгелеріүндемей шылымдарын тартып болып, тысқа шығып кеткенде,қара мұрт
Ақбілекке жылықарап, бір күрсінді де,жирен орысқаәлгідей емес, жайраңдап сөйлей
бастады.Алғашқы кезде нәресте шақырғандайалақанынқармай, мойнын бұлғай, көзін
тұнжырата, ернін шошайта сөйлеп, жирен орыс басын шайқапболмаған соңиығын
қысып, көзін тікірейте, ернін кезерте, ызбарлана сөйледі. Арс-үрс еткен иттерше, бірін-
біріқауыпалғандай болды. Келте-келте жауаптасып, жұдырықтарын білесіп,қара мұрт
өңі сұрланып шығып кетті.Ол кеткен соңжирен орыс тақұшырланып, күңкілдеп,
боқтаған іспетті болды да тысқа шықты.
Өзгеқостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен сөздермолайып жаңылдай бастады.
Кейбір орыстар Ақбілек отырғанқосқа келіп: «Ә,кізімке...» деп, мойындарынқисайта,
шағыр, шегір көздерімен тесіп жібергендей, Ақбілеккеүңілеқарасып, ыржиысып, бірдеме
десіп кетіпқалды.Ақбілек олардыңбетінетурақарай алмады, кіріп келгендеғананемесе
түрткендеғана көзінің құйрығы түсті.
Аздан соң,шелеккеқайнатқан суды орталарынақойып,темір тостағандарды батырып,
кепкен нандарыменқытырлатып шай ішісті, шай ішіпотырып, мылжыңдап көпсөйлесті.
«Алдына асқойсаң,орыс ит мылжыңдайды даотырады» дегенәкесініңсөзі Ақбілектің
есіне түсті.Жирен орыс манағыдай емес, Ақбілеккеөліп-өшкенінқойып,бетінен түгі
шығып,әкесіөлгендей, бас терісі аузына түсіпкетіпті.Қасындағы біреуі Ақбілекке
қаңылтыр тостағанмен шайұсыныпеді-алмады.Әлгі айтысқан, жанжалдасқанқара мұрт
орысқайтып көрінбеді.
Шайларынішіп, шылымдарын тартысып болған соң,өзгелерітысқа шықты. Жирен орыс
беліндегі алтыатарын алып,құлағынқайырып,бірдемесін басып, бұрап,шыртылдатып,
айналдыра бастағанда, Ақбілекөзімді атыптастар ма екен деп жүрегі сескенейін деді.
Жан шіркінкөзге тағы бір елестепөтті. Бірақатқан жоқ,мылтығынқайтаданқабына
салыпқойды. Сөйткенше болмады,киімдері сымдай, белдерінқылмита буынған,
қылыштарын асынған екі орыс сып етіп кіріп келді де,қақиыптұрақалып, жирен орысқа
келте-келте бірдеме айтты.Жирен орыс бір-ақауыз жауапқайырды да,үн-түн жоқкиіне
бастады. Киінді де, Ақбілектіқолынан тартыптұрғызып,қостаналып шықты. Ақбілек
енді бірдемеқыладыекен депжүрегі дүрсілдеп барады. Шықса-көпорысқос маңында
топ-топ сөйлесіп тұр.Қыздыалыпбұларшыққанын көріп,өзгелері деқозғалып, лек-лек
болып, тал жаққақарай аяңдады.
«Енді ажалым жеттіғой,-деп Ақбілекте зәре жоқ.–Бәрі жиылып атып,қалайөлгенімді
тамашақылғалы жүрме?Әлде бұлардыңбасқа заңы бар ма? Басқа бірдеңеістегелі жүр
ме? Уа пірім-ай, мынаныңбәрі жабылып...нетсе, не жанымқалады?..»
Көпорыс талға таянған соң қатар тұрақалды.Үш орысшығып, анадай жазаңқайға барып
тұрысқан кезде, жиренорыс Ақбілекті бауырынақысып, аузынанқұшырланаүшсүйіп,
қасына екі орысты ертіп, анауүш орысқа таманбарды. Алтау болды. Алтаудыңбірі топқа
қарап, бірдеңеайтты. Топтанқысқағана жауап естілді. Содан кейін солорыс ақырып
қалып еді,әлгіөзініңжирен орысы мен манағықара мұрт біріне-бірітаянып бірдеңе десті
де, аяқтарын нығарлай басып, екеуі екі жаққақарай жөнелді;сүзісетінқошқарларша екеуі
біріне-біріқарама-қарсы тұрақалды. Сол кездеқалғантөрт орыс кейін шегініп, біреуі
қолын көтеріп: «раз, два, три!» депқалуы-ақмұңекен,алтыатарларынқолынаұстасып
тұрған екіқошқар басып-басып жіберді. Түтін бұрқетті. Орыстар тұраұмтылды.Ақбілек
ендіне болар екен деп, ар жағында тұрғанда, мынажағынанқара мұрт орыс жүгіріп келіп
құшақтай алды.
Өлгенжирен орысты көп солдат алып кетті. Ақбілектібеліненқұшақтап, сүйемелеп,қара
мұртқосқаәкелді.Өзіне таласып, екі орыс бірін-біріөлтіргенін Ақбілек сонда білді. Бірақ
төбелесіпөлтіріспей, алыстанатыпөлтіріскеніне түсіне алмады.
Қарамұрт шығып кетіп еді, бір уақыттақалпағыншекесіне салған сеңсеңбас, теке көз,
бұжыр сарыны алыпкелді.


Page 10

Теке көз келе Ақбілекке:
-Аман,қарындасым?-депқолынұсынды.
Қазақшасөйлегеніқұлағына жылы тиіп,қолынұсынатүсті де,қайта тартып алды, жеп
қоятындай, сүзеқарады.Теке көзқазақша білетін тілмәш екен.Ақбілекпен сөйлесуге
шақырыпәкепті.
-Мына төре сені жақсы көрген. Бұлөзіүлкен төре.Қорықпайтынкісі. Сені көргенде
(жүрегін түртіп), мынажері шыдамаған.Анау жігіттен сені маған бер деп сұраған.Ол
бермеген. Ол кішкене төреғой. Екеуі дауласқан,шатақшыққан. Содан дуэльге шығып,
атысқан.Өзіңкөрдің ғой. Бұл сенүшінөлем деген, сонда да шыдаған.Сен бұрын орысты
жақсы көрмеген даладағықазақтыңқызысың. Сенқорықпа. Саған ешкім тимейді. Мына
төресені ешкімге бермейді. Бұлсеніқатынқылады.Өзге төрелер сені бәрімізқатын
қыламыздеп еді, бұл кісі оған болмады: ол жарамайды, онда бәріміз хайуан боламыз деді.
Бұл көп білетін ақылды жігіт. Бұл даөзіңдей адамныңбаласы.Құдай біреу, жан біреу. Сен
бұданқорықпа, жақсы көр. Бұл кісі сені жақсы көреді. Сені күтеді. Сағантамақ,киім
әпереді; саған жұмысқылдырмайды.Қазақтікіқатыннемене?Малайғой. Байы рады,
соғады, жұмысқылдырады, бәрі кір болып, жаман болып жүреді. Біздікіорыс законы
жақсы:қатындыұрмайды, (қолтықтағандыкөрсетіп) былайұстап жүреді, театрға
апарады. Гуляйтқылады,—деп Ақбілектіүйірқылам деп, теке көз көпсөйледі. Анда-
сандақара мұрт оған сөзүйретіп тұрды.Ақбілек көнетоз жасылбиқасап шапанын көзіне
түсіребүркеніп, белі бәкіше бүктетіліп, бас-аяғы кірпіше жиырылып,құнысып, жасы
мөлдіреген,қара көзін жыпылықтатып,қара мұртқа анда-санда көзқұйрығын бір жіберіп,
таңданаүрейленетыңдады.
Орыс сөйлеп тұр. Оныңкөп сөзі миынақонбайды.Үлкен төре деп мақтайды. «Төре» болса
қайтсін? Мұныңіздегені орыстыңтөресі ме еді? Киім, тамақ әпереді дейді.Соларға зар
болып, осылардан сұрауға келіп отырғаны-ау! Шаруанықатын істемейді дейді. Енді кім
істемекші?Бекболатқа тисе, Ақбілек малай болар ма еді?Өзі де істереді, малшықатын да
алар еді, байыұрыспаса,ұрмаса,қатынқайда кетпейді?Қатын не істемекші?.. Мұныңбір
де біріқұлағына бармады. Жалғыз-ақАқбілекүшінқарамұрттыңжанынқиғаны рас.
Ендеше, жақсы көргені рас.Ендеше, жақсы көргендей, Ақбілек сұлу екен.Қазақтұрсын
орыстыңбоздақжігіті деқызығады екен; жанынқиядыекен.Әйелгебұдан артықкүн бола
ма? Сый бола ма?Оның үстіне Ақбілек енді көп орыстыңталқысынатүспейді, асыл
қазынасын бір-ақкісігеқияды.Қандайкісіге?Өзіүшінжанынқиған ер жігітке... Бірақ
ойбай-ау!Ер жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпірғой!Әлгі дәретсіз,сүндетсіз, түрегеп
сиетін, шошқа етін жейтін, арак ішетін,темекісасыған, елдіқыран жапқандайқылып,
қамшы-қылыш, мылтықойнататын, мейірімсіз,шадыр мінез орысосы емес пе?
Шынымен, сол орысты иіскегені ме? Шынымен, ақтөсіне арам денені ойнақтатып,
ашылмағанқауынын арам пышаққа жарғызғаны ма?
Соны ойлаған кезде ақторғын маңдайынан екі тіксызықкөрінеқалады.Апасы есіне
түседі де, көзінен екімоншақдомалап кетеді... Жан апасы бұлүшінөліп кетті-ау!Тым
болмаса бір ауыз тілқатуға да мұршасын келтірмеді-ау!Жан апасынан мәңгілік
айырылып, басықаралы, жүзіжаралы болып отырып, не бетімен бай іздегені? Апасын
өлтіріпкеткен,өзін тартыпәкелген, ауылын шапқан, талаған орыстыңтұқымынанеғып
өз еркімен көнгені?Елқайда?Бұлқайда?Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не
ойлап жатыр десейші?.. «Сорлықызымдыөлтіріптастады ма,әлде неқылды?»—деп
әкесі неғыпжаны шыдап отыр екен?.. Күйеу келмек еді, түндегіқуған,оққаұшқанәлде
сол емес пе екен? Тіріқалып,құдайжазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен
жолықпақ?..Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқараболғанқазақтаәйел бар
деймісің?Бұлқорлықты кім көрдідейсің?Осыныңбәріне шыдап, неғыпөлмей, тірі отыр?
Түндегіоқапасынатигенше, бұғантимегенінқарасайшы...Алды-арты тұйық,
қараңғылық,не болары белгісіз...Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты:
қазақтұрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алыпқашты... Орысбіткен бұғанбола
қырқысты. Кім біледі, тірі болса,үмітсізсайтан...Өзеркімен келіп отырған жоқ... Қара
күшке, тағдырғане шара?Жамандығынан мұндай болған жоқ.Ақбілектікім жазғыра
алады? Малына, жанына ие болып отырғанқайқазақбар? Азарболса, жазықсызқұрбан


Page 11

болып жатқан көпкорғансыздың,көп сорлыныңбірі шығар...Ойдан ой туып, басы даң
боп, шапаныныңетегіндегітамған майғақадалақарап отырғанында, тым-тырыс күте
қалғанқара мұрттыңыстық қолықолына келіп тиді.Ақбілекқабағынауырбірқағып,
«менде не ерік бар?..»дегендей, тереңқасіретпен оныңбетінеқарады.Қара мұрт
тілмәшіне иекқағып, шығарып жіберді де, Акбілектіңқолын ептепөзіне таман тартып,
мұртын ерніне апарды.Ақбілекқасарысқан жоқ...
* * *
Түндегі айқай-сүрен, аласапыранда Мұқаштыңқолындажетектеулі-екі ат, ойында-аман
құтылу, көзге түспеуғанабар еді. Аттарды, нәрсені,қызды аман-есен орыстарғаәкеліп
тапсырып, «Мукашке, молодец!» дегізіп,алакеуімде ауылынақайтып келе жатқанда,
ойынаәлденелер келді.
Мамырбайдыңбаласына егесіп,қарындасын орысқашығарып беріп, оп-оңай кек ала
қоймақеді.Қызды аламдеп жүргенде, бұл иттер шешесін атыпөлтіріпті. Мұныңарты
үлкен сүренге шаппасын кім біледі?Қуғыншыларданда кісіөлген болу керек. Бұл
шіркіндер жүрген жерінқызылжосынқылмай кетпейді. Кім біледі, түндегі оққаұшқан
әлдеөзағайындарының, өз тілеулестерініңбірі ме?Елді осыншақырғынғаұшыратқан
Мұқашнеткенқанішер?Япыр-ау,менқазақпын ба?Қазақболсам,өзқаныма неден мұнша
өшіктім?Өзгемөзгеғой, «ағатайлап» жалынып,қолын созып келе жаткан Ақбілектің
білегін кекке созғызып, жүйкесінқұртып, орыстарғаұстап бердім-ау! Ағасы болмаса, бұл
қыздане жазықбар еді?.. Тегі, менөлерімді білмейтін ақымақшығармын.Әйтпесе,елді
осынша шапқыншылыққаұшыратып, осыншақанқақсатып, зарлатып,қарғыс алып,
жексұрын болғанда,қайда сыям,қалай тіршілік етем деп ойладым екен. Осыныңбәрін
істетіп жүрген мен екенімді білсе,білмей тұра ма, ел менітіріқойғаны ма?..Қой, мен
жынданған екенмін. Мені сайтан азғырған екен... Бірақенді істітүзетуге бола ма?
Болмайды: шынымды айтсам, басымнанасып кетті. Елдіңменен жауыз дұшпаны, арам
сүт емген,арамзаұлы болуы мүмкін емес...
Енді бұл беттенқайтуғаөткел жоқ...Дауа жоқ...Осыкеткені кеткен... Шынында байларға
не обал бар? Оларелді жемей жүр ме? Бай неліктен бай болады? Малайдыңарқасы,елдің
арқасығой олардынқұтыратыны. Төрт түлікмалын малшы бақпасыншы, шөбін малай
шаппасыншы,отын жақпасыншы,құдығын аршымасыншы -көрейінбайдыңбай
болғанын. Асқанға тосқан деп, Советүкіметібайлардыңпейіліне бола келген бір тосуғой.
Кім біледі,мені де байларғақұдайжұмсап тұрған шығар... Мен болмасам да, осынауөз
етінөзі жегелі жатқан ақтыңбілеуіттеріелді тынышқояр ма еді?Мен болмасам да,
ағайынғаөкпелеген бірқазақкекалам деп, орысқа шаппас па еді? Сөзжоқ,ондай біреу
табыла кетер еді.Әрине, мұндай жұмысекініңбірі, егіздіңсыңары, жалпылама адамның
қолынанкелмес. Бірақмендей біреу табылуы хақ...Талайәскершауып кетті. Талай
қазақтар елге «ұлық»боп келіп, алыпта, жеп те жүр. Соларға ел неқыла алды? Түк
қылғанжок...Өзім коменес.Қолымда-мылтық.Он кісіге алдырмаймын. Мылтықату
әдісін орыстарданүйреніп, мерген боп алдым. Күндіз сақжүрермін. Түнде жұмысымды
бітірермін... Мен несінеқорқамын?Қорқарым бар,бұліскеәуелде кірмеуім керек еді.
Кісілік іздеу, яшейкегебару, мылтықалу керек емес еді. Жоқ, өлім біреу, не деболса,
құдайға тапсырдым. Енді меніңелге кішіреюім-өлім;жігіттігіме кемшілік... Мені жұрт
өткір,қайсар, ержігіт деп ойлап жүр. Сол аттан айрылмауым керек...
Осындайойлармен Мұқашауылына таянды. Ауыл-үлкентаудыңкүнгей бетіндегі,
ойпаңдағы төрт-бес тасқора. Олқораларөзімен немере, шөберелес ағайындарынікі, осы
ауылдыңбас көтерері-Мұқаш; ақсақалы-Тезекбай молда.
Молда дегенаты болмаса, Тезекбай кісі атын да жазаалмайды. Барлықоқуы «қырық
қадістен» есіндеқалған«қаланнабиғалайссалам-атты пайғамбарғалайссалам».Бар
білгенқұлшылығы-өлікке, шелпекке,үлі тигенмалға «жасын» оқу, тарауықоқығанда,
«алқамға»қосып«еннеқазелике» деген бірдеңені міңгірлету. Бар білетіндұғасы-«аятіл-
күрсі».Құрбанныңмалына немесе айғабатақылса даосыны оқиды, көзіне ақтүскен
әйелдергеде осыны айтыпүшкіреді.Өзағайындары болмаса, Тезекбайды сыртқазақ
молда деп те санамайды. Жегжатжердіңөлігіболмаса, жамағайынныңжаназасынан,
«жақсыларды жанаған»қожа-молдалардан асып, Тезекбайға несібетиіп көрген емес.


Page 12

Тезекбай елқыдырып, зекет, садақа дажинамаған; ет,қымыз іздеп, түтін аңдымаған кісі.
Ондай сұқым, сімтік шалдардықайта шенеп жаратпай: «Небар екен?Жатсайшы!» деп
отыратын. Тезекбай тысқашықса-ақтаяғын белінеқыстырып, сиырын, бұзауынкөздеп,
үйге келсе, кемпірініңкиім жамағанын, көжеқылғанынжаратпай: «Ісініңбәрі балшы,
ісініңбәрі балшы»деп дыбдырлаудан басқа, ауыл-үйгезияны жоқадам. Онысы да
қартайғанда ерлі-байлы адамныңбірінен-біріжиреніш тартатынәдеттенғой,әйтпесе
кемпірінен асып,өнертабатын Тезекбайда неқауқар бар дейсіз...Әйтседе осы молданы ез
ауылы сыйлайтын.Қыстауғақонса, бата оқу болса, малөлсе,құрмалдықберсе, баспен
жамбас молданыңалдына тартылатын, сүттіңуызын,қымыздыңтұнығын молдаға
татыратын, молда жоқболса, намазықаза болғандай, келіндер де «молданы шақыр»деп
отыратын.Мұқашқандай елден шыққан,құдайдан безген, содырлы болса дамолданы
сыйлайтын. Молда жолығыпқалсасәлем беретін, бірақбайыздап тұра алмайтын.
Мұқаштыңонысын сезіп,молда да сөзқатпай, дөңайбатпен жүретін. Сөйлесіп,тілін
шығарып, бетінен алғызғаннан да анадайдан ығысып жүргенді тәуір көретінүлкен
кісілердіңбірәдетіғой.Ауылға таяна бергенде Мұқаштыңбірқысылғаны: «Осы
молданыңкөзіне түсіпқаламба?» еді.Төмпейден шыға берістегі, күн шығыс жақтағы
қораМұқаштікіеді. Төмпейден оралып шыға бергендегі жапырайған тасқоралардың
күнгей беттері таңның қызғылсәулесіне шомылып, күлімсіреп тұр екен.Молданың қора
сы ергенегі шалжиып, аузы ашылып жатыр екен. Босағада жатқанқызыл ит тастақтағы
аттыңтықырын естіп,үребастады. Мұқашқаттырақаяңдап,қораныңдалдасынатүсуге
асықса да, шекпенін жамылып, аяғыныңбасынакебіс іліп, дәретке шыққанмолданыңбір
көзін жұмып,сығыраяқарауынанқұтыла алмады. Молда ойындағысынбіліпқоятындай,
Мұқаштурақарай алмай,қызарып,қырындапкетті. Тезіректебініп,қорасыныңтасасына
түскенде,қорадағы ак күшігі де шәуілдепқояберді. Күпісінжамылып,қара домалақ
келіншегі Алтынай тырпылдапкеліп есік ашты. Жаратпаған кісіше, бетініңбір жағын
тыржитып: «Сенбісің?»деді де, тысқа жөнелді.Мұқашақырын «мен» деді де, атынқораға
кіргізіп,қадағабайлап,үйіне кірді. Бір көзі соқыр, жалғызәйнекті,тапалтақ,кішкене
үйінің.дымыққан, күлімсілеу, терсымақиісі мұрнына жып-жылы тиді. Жаман текемет
үстіндегіқызыл шыт көрпеден монтиғанқолдары шығып, домаланып, томпиған,үш жасар
Медеудіңкөкшілтанауыделдиіп, аузы ашылып, езуіқожалақтанып, шотмаңдайы
тоқырайып, жылтырап жатқаны да жарастықтыкөрінді. Баласын иіскейін деп оқтанды да,
ойына бірдеметүсіп кеткендейтоқтайқалды.Күнәға батпаған періштедей сәбиге жаман
қолын, арам демін, арам ернін тигізугебатылы бармады. Молдадан да,ұйықтап жатқан
нәрестеден, нәресте емес,өзіненұялғаны күштірек тәрізденді.Аңдаусызда аяқастынан
әлдебір ит арс еткендей-ақ,Мұқаштыңтұлабойы шымыр ете түсті. Итті тұмсыққабір
теуіп, бетінқайыруға асығып, белін шешіп, келіншегініңбасындағықызылсаңжастықты
жұлып алып,әйнектүбіндегі бұрышқа тастай берді де,қолын ішінеалып, бүркеніп,
жантая кетті.Сабан төсеулі балшықсәкініңернеуінде жаулығыншалқайтыпқойып,
Алтынай көйлекшеңдәрет алып отырып, мұрнынқатты-қатты сіңбіре берді.Қызыл
алақандарықошқар мүйізденіп кестеленген,әлдеқашанғы жыртылған ақорамалына беті-
қолын сүртіп жатып:
-Бүктүсіп жатақалғаны несі! Атыңдықайтушіедің?-деп тоңқетті.
Мұқашбасын көтерместен:
-Түске таман жібере сал!-деді.
Алтынай байына оқты көзімен бірқарап:
-Тұрып, ыстықсуыңды ішпеуші ме ең?-деді.
Мұқаш:
-Жоқ,-деп басын бірқымтай түсті. Сонымен сөз бітті.
Түн баласында Мұқаштыңжойылып кетіп жүргені бірбүгін емес,үйреншіктіәдет
тәрізденіп, Алтынайдыңөршеленбейтінісол еді. Кішкене баласымен екеуден-екеубір
қорада жалғыз жату алғашқы кездеқорқыныштыкөрінсе де, жүре-жүре оған де еті
үйреніп кеткен. Кімгежалынсын, кімге сенсін?
Алтынай малын сауады,өргізеді, көздейді, байлайды;отынын тереді, отын жағады, суын
әкеледі, күлін шығарады, тамағыністейді, киімінөзі тігеді;үйін жияды, сыпырады,


Page 13

қорасынтазалайды.Мұныңбәрі оғанқұдайдыңбұйырған жұмысы тәрізді. «Жұмысым
ауыр болды-ау,жаныма батты-ау»-деполқабағын шытпайды. Көзін тырнап ашқаннан
ұйқығабарғанша күйбеңдеп, неқолында,не аяғында бір дамыл бола ма екен...Жо-жо-
жоқ.Жұмыстанқалт етіпқолы босаса, есік алдына шықса, ауылүйдіқыдырса, болмаса
абысын-ажындарыменәңгімелессе,қолынанұршығы түспейді. Алтынайға тамағы тоқ,
көйлегібүтін болса болғаны, онанөзгені іздемейді.Үй міндеті-әйелде, түз міндеті-
байында. Бұл-құдайдыңбұйрығы.Бұрынғыдай емес, Алтынай тұрмысына енді риза.
Ризаболмай неғыпты? Байы атқа мініп, кісі болды. Кісі болғалы,үйіүй болып келеді.
Өмірі бітпегенқара ала сырмақта, ақкиіз де төр алдында пайда болды. Бұрынғыдайемес,
Алтынай жымыңқағып, көк алаәбдіреніңаузын дакөбірек аша беретін күйгеұшырады.
Алтынайда ақбәтескөйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады. Алтынайабысындарына
мақтаныптақояды.Өйткені ол енді «ұлыктың» қатынығой.
Бұрынбұйығы, жаман Алтынайдыңенді тілі де шығуғаайналды.Қатындар: «Күйеуің
қайда кеткен?» десе,«Қызметпен болыс ауылына кетті» немесе «Ауылнай шақыртқан
екен» деп, тұмсығын көтеріңкіреп, ернін біржымырыпқоятынды шығарды.Әлдебіреу
кісідегі ала алмай жүрген ақысын, неқорлықкөріп жүрген,ұзатқанқызынсөзқылса,
Алтынай көлденеңненқыстырылып:«Оныңды біздің әлгіге неге айтпайсың?»депқоятын
болды. Алтынайдыңаузына енді «әлгі» көбірек түседі,өйткеніоның қолынан келмейтін іс
бар деп білмейді.
Байын сондай көріп жүрген Алтынайдыңбүгінгімінезініңтіпті дәмі жоққой. Бәсе деймін-
ау! Жоқ, Алтынайдың өзінше дәміәбден бар. Алтынайғақұдайдыңберген бір мінезі-
анда-санда кілтіңетіп, кегжиіпқалатын.Аржағында пәлендей зілдіөкпесі болмаса да,
күйеуінеіші риза болсада, бер жағы, сыртыөп-өтірікқыртыңдағаннаразы кісімсіп, сыр
бермейтін. Сонысы ма, немесеөзіАлтынайлығын, жан екендігін, Медеудіңанасы
екендігінкөрсеткісі келді ме, ойтпесе «әлгі» тысқа шығып келгенде,қанжығасының құр
қайтқанына көңілітолмады ма,әйелшіркіннің қай бұлтақ-сылтағы екенін кім біледі,
қалайдакүйеуіне бір торс ете түсудіөзінше дұрыс көрді.
Дәрет алғаны болмаса, Алтынай намаз оқыған жоқ.Байына еліктеді дейсіздер ме?Жоға...
оқымайтын бір реті келген де. Намаз оқығанда да, Алтынайлардыңаузын жыбырлатып,
жығылып, тұрып жатқанда, не айтып, неқоятынынбір кұдай білмесе, пенденіңкөзі неге
жетсін. Алтынайтөсегініңаяқжағына отырып, мәсісін киіп жатып, күндегіәдетінше
жұлығындағы тесікке сүкқолын тағы бір батырды. Осы түскірденқашанқұтылар екен?
Ұлықтың қатыныбасы мен бақайы жылтылдап жүргенініңнесі жақсы дейсің?Бірақ
«әлгі» тірі болса, бүтінделер деген ой келді де, тезірекорнынан тұрды.Өйткені сиырын
саууға асықты.
Тарғыл шолақсиырдыңбұзауы еміп жатқанға жүгіріпбарып, басын жұлып алыпқараса,
арамқатқыр,қақтаптұрыпеміпқойыпты. Бүйірге бір нұқып, ашаға таманжетектеп еді,
бас жібі шолтаңете түсті. Басын шайқап,таңдайын бірқақты да, жалғап байлап,қасқа
сиыр менөкіректі саууға кірісті.Алтынайдыңжарылғанкүсқолдары жып-жып етеді.
Емшекті суыра тартқанда, сиырдыңкөтеншегін солқылдатады. Сауған сайын сүт
молайып,шелегі күр-күр етіпән салады, шелектің әнін тыңдап отырып Алтынайқызыл
бұзауынамықты бас жіпқайдан табылар екен деген ойға батады.Қойы жоқүйгежіп-шу
деген нардыңпұлы емес пе? Одан-бұдан шымқынып сұрапалған уыс жүнқайбір
жарытады?Кіші ауылдағы Жамалдыңапасынан сұрамаса, бұл ауылда атымен жоқ қой.
Жап-жаңа, аттай бір бас жіпті жаңа таққаны сол еді, сыртқыауылдыңбалалары алақойып,
көзін ағартып кеткені?..Қолынақұлғана шыққыр?Қайсысығана алақойды екен?
Бір колын шошайтып,шу-шулеп, сиырларынқорадан аулағырақайдап салған соң
Алтынайүйге келіп,шелектегі екі сиырдыңсүтінқара табақпен ескі сарытегешке бөліп
құйды. Жұқалапжайпақыдысқақойса,қаймақкөп тұратынын Алтынайәлдеқашан білген
ғой.Не дегенмен Алтынайдың қолы берекеліқатын. Жылына тістейқатып, тырнақтап
жүріп,үш сиырдан 3-4қарынмай алады.Өліп бара жатсын, аузына бір салмайды.Қаймақ
былғап отырғанда Медеу жанныңалақанына дабояу сатқан бақалшығаұқсапшымшып
қана салады. Ондада зорын тапса. Аққақалай ауыз тиді, солай ірімшік,құртқайнатам деп
арпалысады. Оныңесесінеқыстыгүнісорпаға, көжеге сарқасқақылыпқұрт езіп, тойып


Page 14

алса,қораішіне кемзелшең,көйлекшеңшыққанда бойықыз-қызқайнап жүреді.Майының
артығын сатып, киім-кешек,үн-шайға жұмсайды. Ауылдағы кексеқатындаршаруаға
қырбай келіндерінеұрысқанда: «Жидіген, шіріккүң!Ана Алтынайды көрмеймісің,бит
терісін биялайқыпотырғанын!..Қазақтың қатыны сондай келеді»,-депұрсатын.
Мұқаштыңда көбінесе түзде жүріп, шалықтап, оған-бұғанұрына беретіні Алтынайдың
арқасығой.Қатыныүйінтапжылтпай, бар-жоғын білдірмей отырғандыкі де.БірақМұқаш
оның қадірін біледі деймісің?Алтынай ырысы бар кедейдіңмаңдайына бітетінқатынғой.
Дүниедебайыныңтауыпәкелгенінұқсатаалмай, ас-суында бірбереке болмай, байын
борышқаұрындырып, бірін-бірінеқоспай,қатыныңсалдыбалақтанып, ызыңдап отырар
ма,кәпір!Оданқырсықне бар дейсің?
Сүтін жайлап, ілегенін төгіп, күліншығарып, ыдыс-аяғын жуып болған соң, Алтынай
пештіңтүбіндегі шекпен жапқанқара аяққаүн салып алып, жүресінен отырып,
тоқыраңдап бауырсақиледі.Қолдарымашинаша жыпылдап, дереу есіп кесті де, шошалаға
барып от жақты.Молданыңүйінің үлкен бақырынәкеп, алқымына көсеутіреп,
қоңырсытып, бауырсақпісіріп отырғанда талтаңдап,қалталақтап, көзін ашып-жұмып,
манаурап, жалаңбұт Медеужаны да келді.
-Тұрдыңба, сәулем?-деп, Алтынай оң қолыменқолтығынақысып, маңдайынан сүйді.
Медеужан бақыраштағықызара бөртіпкеле жатқан, ортасы тесік жалпақайбауырсағына
қарап:
-Апа, жалпағым...-депұрты салбырап, маңқиып,ауызын ашты.
-Ие, күнім, сеніңжалпағың,-деп апасы шиөткізіп,жалпағынқолынаұстатты.
Томпиған, маубас Медеу отқа борбайынқақтай,шүметейісалбырап, жүресіненотырып,
шидіңекі басынанұстап, аузын ыржитып,бетін тыржитып, ыстықбауырсақтыңшетінен
тістей бастады.
От маздап жанып, май шыжылдап, бауырсақбыжылдап жатыр.Медеужаны жанында.
Ендігі Алтынайдыңойы:шайынқайнатып, күйеуін оятып,Медеужанын ортаға ала,
әкесініңтізесіне шынтақтатып,үшеуденүшеуі ыңсыз-шыңсыз отырып оразасын ашу.
Шайын баптапқайнатып,әбденұйқысықанды-ау дегенде «әлгіні» оятып, Алтынайбұл
арманына да жетті.
Медеужанғаұқсағанбет-аузықожалақтаукеншік самаурыныныңсол жағындақызыл
жиек шыны аяқты төрт саусағыныңбасымен шошайтыпұстап, Алтынай тершіп, ащы
шайынұрттап отыр. Күйеуі де бауырсақты жүдемелете аттандырып, аузына тас салғандай,
аяғын босатып жатыр.Әкесініңтізесіне сүйеніп,бауырсаққаұртын бұлтитып, малжандап,
көзін ашып-жұмып, Медеужан дақалысатын емес.Байғұстар шайларын ішіп, жайлансын.
Сұқымшалдарша,сұғанақбалаларша көзімізді сатып,қылқиып отырмайықшы,өз
үйімізде де шай барғой.Қазақтыңсондай телміргенәдетіқұрысын! Түндегіуақиғадан
кейін ел не жайлы болды екен?Мамырбай отағасы не күйде екен? Бекболат ше?Одан да
соларды барыл көрейік, оқушылар, бері жүріңіздер!
Әлденуақытта жатып-жатып есін жинаған еркектерептеп басын көтеріп, бірте-бірте
қыбырлап, індеріненшығып,өзгелерін дыбыстап шақырып,қатын-қалаш ышқынып,
шуласып, балаларенесіне табысқанқозыдай жамырасып,әкелерін, ерлерін, ағаларын
іздеуге кірісті.Самбырлап, дүрлігіп, ентелеп, жүгірісіп: «балта», «балта» деп,бірін-бірі
шошытып, Мамырбайдыңеттігін бұзып: «Неболды?Не бопқалды? Ойпырмай!
Амансыңдар ма?» депанталаған,үрейленген еркектерді шығарысып алысты.
-Бәйбішеқайда? Ақбілекқайда?-деп көзі шарасынан шығып, Мамырбай отағасы күрс
күрс етті.
-Ойбай-ау! Оларқайда? Көргеміз жоқ...-десіп таңданып, олай да, бұлай да жүгірісті.
Бір мезгілдеөкірген сиырдайқараңғы түнді күңірентіп,қатындардыңдауысыбаж ете
түсті. Жан шошырлықбажылға дір етпеген жүрекқалмады. Сөйтсе-апандатеңкиіп,
серейіп жатқан бәйбішенің үстінен шыққан екен.Ақбілекұшты-күйлі жоқ, алып кеттіғой.
Мамырбайөгіздейөкірді, сылқетіп отыра кетті. Ауылқойдаймаңырап,қозыдай шулап
жатқанда, дүрсілдеткенатты кісініңтықырын шеттегілердің құлағы шалыпқалды.


Page 15

-Атты-атты!-дегенде, су жүрек бопқалған жұрт ішінтартқан дауылдай кенет басыла
қалды да, сонша болмады,қайтадан дәуірлей, бажылдай, күңіреніп кетті. Ол келгенқазақ
екен.
-Немене?
-Бәйбішені атып кетті. Ақбілекті алып кетті.
-Ойбай! Бекболатты да атып кетті.
-Күйеуді ме?
-Е!
-Оқайдан жолығып?..
-Мына жақтанқұс салып келе жатқанымыземес пе?Ойбайлағанәйелдіңдауысы шыққан
соң, қуа жөнелгенімізде...
-Өлі ме, тірі ме?
-Әзір тірі, кім білсін...
Бекболатты жақын ауылға апарып, жарасын таңып,жолдастары жан-жаққа шапқан екен.
Сол шапқыншыныңбірі осы екен.
«Ажал шіркін, адамныңалдынан айқайлап келген бе?Аңсызда артыңнан бұғыпкеліп,
алыпұрғанын бір-ақбілесің.Ажал бірұрығой, ажалға не дауа бар?» десіп,ертеңінде
маңайдағы ел жиылып бәйбішені көмісті, «сабыр етіңіз, бұл да бір уақыт шығар...» десіп,
Мамырбайғатоқтау, көңілайтысқан болды. «Қаза, шығын...қайырынтілеңіз!» дегені
болмаса,Ақбілекті ауызға алуға бір адамныңтілі бармады.Өйткені ол жара-атын атауға
адамныңаузы жиренетін жара еді. Ол жалғыз Мамырбайға емес,бәріне де намыс,қорлық,
масқаралықеді.
Жаназағажиналған жұрт о жер, бұжерде топтанысыпотырғанда, бұл оқиға жайынан
неше түрлі бал ашып, аңызқылысты.Біреулер:
-Тегі, ақсақалға азуын басқан біреу басып бердіғой.Әйтпесе,қиядағы ауылға келетін реті
жоқ қой...-десіп,өзбасынан ақыл шықпайтынқошеметшілер:
-Рас айтасыз,әйел іздесе,Қарашат маңында да ел баремес пе? Бәрінқылатынқазақтың
өзіғой. Кімніңнесібарын орысқайдан білуші еді,-деп жүптесті.Өздерінің
берекесіздігіне, намыссыздығына, бірін-бірі аямайтындығынакөздері жеткендей болып,
біраз ежелесіп басылғанкезде:
-Бұл іс кімнен келді? Кімнің қолынан келер екен?-десіп, ойға жүгірісті.
-Ақсақалға ондайөшті-қасты кім бар екен?
-Шөп тақырыпты дау-шарыүзілмеуші еді, Жаманбайлар болмаса.
-Қой, оларда орысқа жауға шабақоятын кім бар? Жәнеолқашанғы дау? Бөтен біреу
шығар.
-Бір келсе, бұл жұмысҚұрбанқажылардан келеді,партия болған соңаяй ма?-деп, мына
жақтан бірқұлаауызқоя берді.
-Сенқайдағы жоқты айтады екенсің.Елдіңпартияболып жүргені бір бүгін бе? Бұлөзі
елдіңсалымында жоқнәрсеғой, біреудіңашылмағанқауынын, жарылмаған
жұмыртқасын... Мұсылманныңбаласын кәпірдіңнетуінеқиып,Құрбанқажы да оңбас.Өзі
де балаұстап отырғанадам,құдай жүзін көре ме?-деп, ақсақалды,қасқыркөзді кісі оны
тежеп тастады.
-Менбілсем, бұжұмысӘбеннен келді,-деп күптейболған көк тұмсық,тарғыл бет адам
сар шақшасын сермеп, бірқозғалыпқойды.-Ана жылықасқа атын орысқаәпергеннен
бері оныңішінеқанқатулы болатын. «Әй, бірқылсамба!» деп соныңкезенуі жаман еді,-
деді.
-Әй, оның қолынан келер ме екен? Оныңбір сенгенадамы Мақыштар еді. Олармен де
әнеугүні екі бие туралышайырғал болыпқалды десіпедіғой. Біреуге сенбей, ондай көті
былғаныш адамісқыла алмаса керек,—депқасқыр көзді көне адам тағы бастырмады.
Ақсақалдың өшті-қасты кісілерінқылға тізіп, он, он беске апарып, біреуүйдеп, біреу
бүйдеп жорығанмен байлаулытүйін шықпады.Өйткенібіреупартиялылықпен, біреу
жегжаттықпен, біреу алым-салығы, біреу берімсегіүшін, біреуұрланған малы тимегені
үшін, біреуқатыны кеткеніүшіннемесеқатынына,қызына барғаныүшін, еңболмаса тілі


Page 16

тигеніүшін біреуді айыптап, біреудіқорғағаннан басқа,әркімөзесебін ойлап, бүйрегі
бұрғаннан басқа, дәл жанашырлыққылыпәділқағушы,әділ тексеруші жоқболды. Біреу
іреді,біреу сойды. Осы жұмыстыңтұсында Мамырбай ақсақалғажаны ашыған кісімсіп
жағыныпқалғысы келгендер де табылды.Әлдебіреуден кек алуүшін сонан келді деп,
ұрындырғысы келгендер де болды. Ақсақалдың қайғысына шынпейілмен ортақтасатын
адам кем еді. Жалғыз-жарымқұдандалы, тілеулес адамдар болмаса, бәйбішеқымызды аяқ
толтыра беретін кедей көршілер болмаса, жалпылама достыңда,қастыңда пәлендей
күйзелеқойғаны жоқ.Сырты күйзелген тәрізденсе де, ішінен жаман ойы арылып кете
алмады.
Жұрт жаназадан тарап,ай-жай болған соңсол түні бейсауат жүріп, атқинаған кім екен
деп,әркім-ақсұрастырып,құлағын түре бастады.Өйткенібұл жолы да,одан бұрын да
жалаңМамырбай емес, талай ауыл шапқыншылыққаұшыраған. Мал-мүлкі талауға, адамы
дүреге жығылып, шығындалған, күйзелген, күйіндіболған. «Елқұлағы-елу»ғой,суық
жүрісті адам білінбей не тұрсын?Сұрастырып,қағыпкелгенде, осыныңбәрінқылып
жүрген Мұқашекенікешікпей-ақашылды.Қалайашылды десеңізші?
Былай: Сол күні кешке жақын МұқаштыңҚарашатқақарайжеле жортып баражатқанын
бірқойшы көреді. Бірдеңіз. Мұқаштыңқатыныбір абысынымен елеуіш береқоймадың
деп, шаңқылдасыпқалғаңда, абысыны: «Осы елдіңбар дүниесінүйіңе тығып
отырғанынды көрермін! Желікпе,құтырма!Қарала сырмақтыңиесін де білем, ақкиіздің,
бәтескөйлектің қайдан шыққанын да білем...» депті. Соны есіткенсоңСүлеймендікі
жансыз кісі жіберіп, Мұқаштікіндегісырмағын танып келіпті,-екі деңіз. Бәтес көйлектің
де, жасылжеңсіздіңде иесі шығыпты,-үш деңіз. Мұқаштыңторыала аты ертеңінде тер
қатып жүргенін сыртқы ауылдағы СуЫбырайым кәріпті. Су Ыбырайымныңсөзінде пәтуа
даболмаушы еді, сонда да... менімен-төрт деңіз.Түн баласында Мұқаштыңүйінде
тұрмайтынын бір сөздіңретіндеТезекбай молда да айтыпқалыпты.Аңқылдаған аңқау
адамғой.Мұнымен-бес деңіз. Мамырбайдын баласыүстімненматериал жинап, болыс
болайын деп тұрғанымда,қойғызбай жіберді деп Мұқаштыңөкпелеп жүргені тағы мәлім.
Мұқаш болмаған несіқалды? «Мұқаш, Мұқаш, содан басқаадам да емес» деп ел түгел ден
қойды.
Ел болып Мұқашқашұқшиды. Бұғаннеқылу керек?Қалайкек алу керек? Шауып ала ма?
Сотқа бере ме?Өлтіріпжібере ме?Өртеп жібере ме?Қалай да не бірін, небәрін істеуге
елдіңбеті түзелді.Әйтсе де Мұқашқатапбере алмады. Тап бермек түгіл, маңына да жолай
алмады.Оған себеп мынауеді. Бәйбіше менқызынан айрылғалыМамырбай отағасы
ертеңгі шайын ішкен соң,төбе басынашығып, жер шұқыпотыра беруші еді.Бір күні төбе
басында отырғанда Сүлеймен ауылы жағынан тымағыныңқұлағықалқандап, бір атты кісі
жортып келді де, байғасәлем беріп, аударыла түсеқалды.Амандықтан кейін:
-Бай,түндегі малағамды білдіңіз бе?-деді.
-Жоқ,-деді.
-Ойбай,үлкен оқиға бопқалды!
-Немене, жаным?
-Құдай оңдап елдіңкөзі бір ашылды...
-Не бопты, Мұқашпа?
-Жоқ,ойбай...
-Ал айтшы!
-Таудағы білеуіттердіқызылдар тып-типылұстапәкетіпті.
-Қалайша? Ақбілекқайдақалыпты?
-Ақбілектен хабар жоқ... Әйтеуір түгелқолға түсіпті.
-Оны сұрамадыңдар ма? Кім келді?
-Түрқұлақауылынан Телтайдың Қарақұлы келді.Қызылдарсол ауылда бекініп жатқанда,
Мұқаш ақтардыалдап,үстіне алып келсе,қызылдар тарпа бас салады.Сасқанынан
атысуға да мұршасы келмейқапты. Бұлиттеріңнің өзі бізге мықты боп жүргені болмаса,
қысылғанкезде түк емес екенғой.
-Мұқашолардықалай алдап жүр?
-Есебін тапқан дағы. ол иттіңөзі айлакер, жанкештінеме екен...


Page 17

-Қызылдарға тағы жағымды болды десейші.
-Жағымды болғандақандай! Енді бірүлкен орынғакіредіғой.
-Бұл сұмныңарам ойы осы екенғой.Япырым-ай,Ақбілек не болды екен,ә? Одан хабар
біле алмаған екенсің...-деп Мамырбай шатқаяқтап, орнынан тұрып, аяғынапыраңдай
басып, ентігіпүйінеқарай жөнелді. Ауылдыңкісілерін дереу жиғызып алып, Ақбілекті
іздетуге бес кісіаттандырды.
Бұлар шабуылдап, ауыл-ауылдан, кез келген кісіденсұрау салып жүре тұрсын, оған дейін
Ақбілектен хабарберейік.
Әуелгікезде Ақбілекқолға түскенқұралайдай, екі көзімөлдіреп, көп ит анталаған
бұралқы күшіктейқұнысып,маңайындағы жанныңбәрін жан алғыштай көріп,үркіп,
елегізіп жүрсе де, анасын, ауылын ойлап, аузына дәм салмай, аштанқатып, бүктүсіп
көрсе де,әрі-беріден соңшыбын жаны түскір шыдатпады, мезгілсізөле алмады.Өмір
шіркін неден сонша төтті болды екен! Адам дегеніңіз «басқатүссе баспақшыл»болады
екен, абақты екеш абақтыға да,зынданға да, соғысқа да жүре-жүре адамныңетіүйреніп,
көндігіп кетеді деседі.Өлім жазасына бұйырылғанынестіген адам да тамақжеп,ұйқы
ұйықтап,өмір сүруденбезе алмайды деседі. Дүниедеадамнан көнгіш мақұлықбар дейсіз
бе? Ақбілек бірте-бірте тұтқынға етіөлгендей,бойынүйреткендей болды.
Жан шіркінніңтәттілігі ме,қорыққандықпа,қорғансыздықпа немесе алғаш етегін ашқан
адам ыстықкөрінгендік пе,әйтеуірқара мұрт «сүй» десе, Ақбілек теоныңбетіне ернін
тигізіп,«күл» десе о да езу тартқан болып, «сөйле» десе, о да былдырақтап «люблю
тебені»қағыпнедесе де ырқына көне берді.
Қарамұрт Ақбілектіңқасынан екі елі айрылмайды.Қолтығынанұстап, беліненқұшақтап,
тауды, ормандықыдыртады, жеміс теріп береді, шашына, омырауына күздіңсолғынгүлін
қадап береді, көк шалғынға аунап,құшақтасыпжатады.Тауөлкесіндегі бұталы бұлаққа
апарып, Ақбілектіңмәсісін шешіп, аяғын суға малып, ақбалтырынақара мұртын
жыбырлатып сүйеді. Ақбілек шаршаса мойнынанқұшақтатып, тақылжынан бірқолын
салып, көлденеңкөтеріпжүреді.Шайдыөзқолымен ішкізеді, нанды, еттіөзқолымен
аузына апарады, екеуіне төсектіқағып-сілкіпқостыңірге жағынаөзі салып,өзініңсүр
шекпеніменқымтап, бауырына басып жатады, ерінін жепқоятындайқұшырланыпұзақ
сүйіп,қаттықысып, о жер-бұжерінұстап,қытықтандырғанда,Ақбілектіңжүрегі аузына
тығылып, тамырлары тұтанып,жанып кеткендей, тұла бойы шымырлап, көзін жұмып,
өзін-өзіұмытып,әлсіреп, керіліп жата кетеді...
Содан кейінгініөзі де білмейді... Басқа бір дүниегекіргендей болады...
Осыншаөліп-өшіп,өзеуреп, еркек басыменәйелгемұнша кішірейіп, ит сияқтанып аяғына
шейін жалағанынаАқбілек түсіне алмайды. Мені алдаймын, жұбатам деп істейме? Жоқ,
шынымен жақсы көргені ме? Болмаса, көптенәйелкөрмейқұмартқаны ма?Әйтеуір одан
арғысын болжай алмайды,қайткенменқара мұрттың қылығыныңбәріжат. Кейде Ақбілек
сонша бәйек болып отырғанына, еркек басынаұятқойдеп ішінен жиренеді,өзін-өзі
жұбатқанболады.Қалай да екеуініңарасы жер мен көк тәрізді, денежақындығы
болғанмен, жан жақындығы жоқтәрізді.
Бір күніқасқарайған кезде орыстар біржаққа баратындайқару-жарақтарынқамдап,
мылтықтарын сытырлатып, оқтап, ер-тұрмандарын салдырлатып, балдырлапсөйлеп,
аттарын ерттеп,әбігерленебастады.Қара мұртпенекеуі тоғай аралап келгені жаңа еді.
Ақбілекқосқа кіріп,солдаткөрпесінің үстінде шынтақтап, уһілеп, аулы есінетүсіп, босаға
жақтағықара астауға көзі түсіп жатыр еді.Даладағы олай-бұлай жүгірісіп, ат ерттесіп,әр
жердекүбірлескенкөп орыстарғақара мұрт барып, бірталайсөйлесті.Қабағытүсіп, түсі
сұрланып,қайтып келді де, ода мылтықтарын сүртіп, оқшантайларына оқтолтырып,киім,
ер-тоқымдарын жинап,қамдануға кірісті. Ақбілекбасын көтеріп алып, «қайда барасың?»
дегендейқарамұртқа таңдана,үрейленеқарады.Қарамұрт көрмегенкісі тәрізденіп, төмен
қарап, күйбеңдей берді. Бір мезгілдетысқа шығып кетіп, тілмәшін алып келді:
-Біз соғысқабарамыз, сенқайтесің?-деді Ақбілекке.Ақбілек көзі бажырайып, не дерін
білмей сасып калды.
-Қайда болғыңкеледі?-деп тағы сұрағанда, Ақбілекмойнынәнтекқисайтып, бұғағын
бұлтитып, жалынған,назданған дауыспен:


Page 18

-Аулымақайтармайсыз ба?..-деді.Қара мұрт басыншайқады. Ақбілек кірпігін
жыпылықтатып, жергеқарады.Тілмәш тағысұрағанда Ақбілек:
-Тым болмаса,жақын жердегі бір ауылға жеткіздірсеңіз,-деп көзіне жас мөлдіреп келіп
қалды.Қарамұрт басын тағы бір шайқады да:
-Бізбен бірге жүргіңкелмей ме?-деді.
-Соғысқа ма?-деді Ақбілек еңсесін бүкжитіп.
-Соғысқа,-дедіқара мұрт иегін бірқағып.
Ақбілек басын шайқап:
-Ендеше, мені осында-ақтастап кетіңіз,-деді.
-Түнде жалғызөзің қорықпайсыңба?
-Қорықсам дақалайын... сіздерқайтып келмейсіздер
ме?-деді жұлып алғандай.
-Мәлім емес,-депқара мұрт мұртын дірілдетті.Сол сөзді бітірген кезде тағыүш орыс
келді. Олардыңбасын сілкуінен,қол сермесінен Ақбілек: «Бір жаққа апарайық,жабылып
масқаралайық,атыпөлтірейік» деп тұрғойдеп түсінді.Қарамұрт оларға ашуланып, көзін
тікірейтіп, тістене ежірейіп сөйлеп еді, беттеріқайтқандай алақандарын жайып,
мойындарынқылқыңеткізді.«Сендердіңталқыңа бермеймін» деп тұр екен деп,Ақбілек
қара мұртқа жаутаңдапқарай берді.Әрі-берісөйлесті де, олар кетіпқалды.Қара мұрт
отырды, «жүребер» дегендей тілмәшқа бас изеді. Төменқарап маңдайтерісінүш
саусағымен уқалап біраз отырған соңоң қолынсілкіпқалып,ұшып түрегелді де,өз
кеудесінөзітүртіп-түртіп, Ақбілеккеқолынұсынды: «Жүр» дегені. Ақбілекжып-жылдам
түрегелді.Қарамұрт Ақбілектіқолтығынанұстап,қостан шықты да, оңжақтағы бұлақтың
бұтасынақарай алып жүрді.Ұйтқып соққан ызылдақжел.Ай жоқ. Қараңғылыққоюланып
келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқанқойдай
шоғырмақталып, тауғақақпақболатындай, тауды түншықтыратындай, аш тауықшаселдір
жұлдыз тарыларын бір-бірлепқылқып жатыр.
Жұлдыздармен біргеүміт сәулелері де бір-бірлеп батып баражатқандай.Ақбілектіңсұм
жүрегібірдеңені сезгендей болады. Екі көзі жалт-жұлт етіп,қара мұрттыңбетінеқарай
береді.Қарамұрттыңбеті сұрланған, көзіқанталап, танауларыжелбірепқозғалған
іспеттенді. Аяқбасуықатаң,Ақбілеккеұнамайды, жүрегіқысылып,өкпесі аузына
тығылып барады. Шеткі шоқталдан асып, көп тал мен арадағы алаңқайғабарғандақара
мұрт тоқтады. Ақбілектіңбетіне турақарапбіраз тұрды,құшақтап,қысып, аузынанүш
ретқұшырланасүйді.«Осылай тұр!» дегендей екі иығынан басыпқалды,бес-алты
адымдай жерге барып тұрақалды. Алтыатарыналып, Ақбілекке кезене бергенде Ақбілек
шаңқетіл, безілдепкезеулі мылтыққақарсы тұра жүгірді.Қарамұрттыңкезенгенқолы
сылқетті. Алтыатары жерге түсіп кетті.
-Мені неге атасың?Не жазығым бар еді? Ағатай-ай!Неқылдым?..-деп Ақбілек
зарланып, жылап,өне бойықалшылдап,қара мұрттыңмойнынанқұшып, аймалап
сүймесін бе?
Қарамұртқолын салмақпен көтеріп, керенауқұшақтап,арқағақақты, аяғандай болды.
Бетіне біразқарап тұрды да,мылтығынқабына салып, Ақбілектіқосқақайта алып жүрді.
Қосқакелген соңтілмәшін шақырып алып айтқаны:
-Мен сені сүйдім, сенүшін жанымдықидым,өзімненкейінөзгеніңсүйгенінқаламаймын,
-деді. Ақбілектіңіші мұздай боп кетті. «Ой, жасаған! Орысқа сенім жоқекенғой!
Әнеугіден бері ерлі-байлы кісідей жолдас боп жүріп,кетер күніөлтіріп кетем дегені
неткенөзімшілдік, неткентас бауырлық,неткенқанішерлік! Орыс шіркінөзімғана
өмірсүрсем екен дейді екен-ау!Өзгені жан екен десейші!Аяу деген болсайшы...» деген
ойлар дереу сап ете түсті де,дереу айла тапқысы келді:
-Меніөлтірме!Қасықтайқанымдықи! Мен саған тағыкерек болмасымдықайдан білесің?
Мен түсімде саған еріп,қалағабарып жүр едім. Сен бұл жолдан аман-есенқайтарсың,
еліңе аман барарсың...-деді.
«Жақсы лепес-жарым ырыс» деген мәтелөте-мөтеөлімгебара жатқанадамға жылы тисе
керек.Қара мұртАқбілектің әлгі сөзін ырым көріп сенді де, «айтқаныңкелсін» дегендей


Page 19

аузынан сүйді.Сам жамырап, ел орынға отырған кезде орыстар бастығыныңақырып
қалған даусыменқаздай шұбырып, асудыңтар аузынақарай арқандай созылды.
* * *
Ақбілектіңжанынжынныңойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау,өксікті күндер
орыс мінген аттардыңаяғымен бірге алыстап бара жатты. Тықырұзаған сайын«алла,
алла...» деген лебіз кеудені керіп, ауыздан еріксізағытылуда еді. Көшкен орыстың
жұртында бұралқы күшіктейқаңғырып Ақбілек жалғызқалса да, жалғыздығынаөкінген
жоқ.Орыстыңоғынанөлгеннен де,құлазығаниесіз тауда тентірепөлгенін артықкөрді.
Орыстардыңдыбысыөшкенше: «Құтқарғаныңшын ба, жасаған?» дегендей, арттарынан
топырақшашып,қарасыөшкен соң:«Уһ» деп демін бір алып, төңірегіне көз салды.
О кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалаққара бұлттан тон жамылған күздің
көзсізқара түні ақбасАлтайдың үстінеқара бурадай шөгіп, сай-салаға бауырынтөсеп,
дүниеқарауытып келе жатыр еді.Көк жүзінде жайылып жатқан жұлдыз-қойларын көздеп
тұратын шопанатасындай-жау көргендей, зым-зия жоғалыпты.
Сабалақ қара бұлттар-ау! Ақбілектіңжанын тұншықтырғанқара тұманаз болды дедіңдер
ме,үстіне мұншатөнгенше, анау асқар таулардыңбасына түнесеңдерші!
Күздіңсарғыш жапырақтары-ау! Кімдіәлдилеп, сыбдырлап тұрсыңдар?Қалыңбұтаның
қайғысыз,қамсыз бытбыл-дықтары-ау!Несінеқара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар?
Сұлудыңжүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтемдейсіңдер ме?Қанатынқаршыға
күйретіпқиқайғанқостыңалдында бірқолымен жер таянып, аспанғақарап отырған
сұқсырдыңналығанзарын тәңірісіне жеткізем дейсіңдер ме?!
Бұлттар-ау, серпілмейсіңдер ме?!
Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлісұлуға сая болсаңдаршы!
Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғызқалғанбаланың әкесіне хабар берсеңдерші!
Ой, мейірімсіз шіркіндер-ай! Сендердіңтілдеріңді Алтайдыңжаралы аруы білмейдіғой!
Сендердің қас-кабағынақараймын,сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндайкүйге
ұшырадығой!Жел мен бұлттыңалласына сенемдеп сенделіпқалдығой!..
Түн түнереді.Ақбілекүрейленеді. Төбесінен зу етіп біртоп шүрегейөтеді. Ақбілек дір
етеді. Шөпті сыбдырлатыпторғайұшса да, тоғай ішін тартып, уілдесе де, тауүкісі
таңдайынқақса да, Ақбілек жан-жағынан жауқамап кележатқандай елегізіп,қымтырыла
береді. Жатайын десе,көзінеұйқы келмейді. Отырайын десеқорқып барады.Жүрейін
десе,қараңғы түнде жол таба алмай адасамғой,әлденегеұрынамғой... депқорқады.Есі-
дерті: осы араданкету. Бірақтүн ішінде кете алатын емес.Қазақтың қосын,қазақтың
астауын, шөмішін ес көреді.Үңірейген иесізқосқакіруге тағы батылы бармайды.
Ақбілекқайтерін білмей алақтап,құнысып, бүрісіп көпотырды. Түнге түнұласқан
тәрізденеді.Қосалдында жатқанастау да көрінбейді. Жасаған-ай! Таңда атар ма екен!
Бір мезгілде орман жақтан бірүрейлі дауыс шыққансекілденді.Ақбілек елегізи бастады.
Манадан бері жалмауыздай көріп отырғанүңірейгенқосқа жалма-жан кіріпкетті. Ауылда
қой күзетіпжүргендеқасқырдыңұлығанынәлденеше естіген:әлгі дауыс соғанұқсайды.
Алырым-ай!Қасқыр келер ме?.. Ондақайтем?Қой, келмес,қоста кісі бар деп ойлар,
қорқар,қостыңайбыны барғой...Әлдеманағылардыңкетіпқалғанын олар да білді ме?
Оларбардақасқырдыңдауысы естілмеуші едіғой.
Қостыңесігінен ептеп сығалайды.Қараңғыдабірдеңеқараңеткендей болады.Бірақдыбыс
білінбейді. «Қорыққанғақос көрінген» шығардепжориды.Өзінеқайрат бергісікеледі,
оғанда болмайды.Ұлығандауысәнтектоластапбара жатады да, тағы да естіледі. Бара-
бараұлу молаяды.Тауды күңірентіпөзге дыбыстыңбәрін басып кетеді.Ақбілектіңқолы
өзінен-өзіқостыңбір сырығын суырыпалады.Құлаш төс жарардайқайыңсойылша,
сойылшанықосқолдап бауырына таманқысыпқояды, бірұшықостыңсыртында.Қасқыр
келсеқаруқылмақшы.Ұлыған дауыстар саябырлағантәрізденеді. Сойылшасын жерге
сұлатыпсалып, Ақбілек азырақбой тоқтатты, бірақонысыұзаққабармады. Бұлақжақтан
су сылдырлағандай болды...
Бұнемене?..Адам ба? Аңба?.. Кім болса дақатерлі.Ақбілек сойылына тағы жармасты.
Демін ішіне тартып,сілейіпқалды.


Page 20

Кешікпей-ақ қара түндеқазқатар, дөп-дөнгелек екі көзпайда бола кетті.Екеуі деқып-
қызыл, жайнаған от. Ақбілекатып түрегеліп,қостыңтүкпіріне бұғыпотырақалды.Әйтсе
де байыз таба алмады,сойылықостыңаузындақалыпқойыпты. Ақырын еңбектеп,қостың
аузынанқолын созып,жерді сипалап жатып сығалап еді, екі от төртеу болды.Сөйткенше
болмады, олардыңартын ала көлденеңнен екіқызылкөз тағыөте шықты. Алты от
Ақбілекке алпыс оттайкөрінді.Қараңғы түнқаптағанқызыл көз болды да кетті.
Оттар бір жылт етіп, бір сеніп, елбелектеп, таянып кележатқан тәрізді.
Ойлағаны келді ме?.. Мінеки, шөпті сыбдырлатып келіпқалды.
Әне,қараңете түсті.
Ойбай-ай! Бір топқасқыр!
-Ендіқай жаққа барайын?..
Ал, міне,қостыңтөңірегін сыбдырлатып, жер тіміскілепжүр...
Ой, жасаған-ай! Тауып алар ма екен?..
Ойпырым-ай!Әнебіреуі от басында сүйектіқытырлатып кемірді.
Мынаны көріп, Ақбілектіңне жаны шықпай отырдесейші!..
Ақбілекүнін шығаруға мұршасы келмей,өлген кісідейотырған жерінде сіресіпқалды.
Әлденуақытта арсалаңдап бір ашқасқыр Ақбілек отырғанқостыңаузына келіпқалды.
Ақбілектіңжан даусытүңді тіліп жібергендей шыр ете түсті,қасқыр біткен жарықберіп,
көздері жалтетіп, тістері сақетіп, оқшырайып тұрақалды.Қасқырлар ырылдасып,
күрілдесіп, бураша шабынып тұрып алды. Ақбілекқасқырлардың қарсы шабатынын
білгендей жалма-жан жанұшырып,қостан атыпшығып «қараңғыда көзім жоқ...»деген
балаша айналадөңгеленіп, айғайды салып ағашын сермей берді...
Анда-санда арс-ұрс еткен дауыс шығады.Қасқырға тидіме,қосқа тиді ме,әйтеуір ағашы
кейде бірдемеге тигендейқолы сүйсініпқалады.Қасқыр одан жаманөршеленеді.Ақбілек
жанұшыра сермейді.Қасқырқамалайды. Ақбілексабалайды,қасқыр абалайды, Ақбілек
сабалайды,қасқырқамалайды. Ақбілек «аллалайды»,қасқыр долданады,Ақбілек
дөңгелейді...Қасқыр күрілдейді... Ақбілек шырылдайды,қасқырқырқырайды, Ақбілек
шырқырайды...Сөйтіп, Ақбілек көпқасқырмен көп соғысты...
Ақбілекәбден алқынды, аласұрды, жұлқынды,әліқұруға таянды. «Енді жығылдымғой,
енді талайдығой, ендіауызды салдығой, енді жедіғой...» деген кезде, Ақбілектіңаяғы
астынан бірдеңе жылт ете түсті.Қасқырлар жалт берді.Манағы, іңірде шайқайнатқан
оттың қозыәлісөнеқоймаған екен. Ақбілек аласұрып жүргенде аяғымен шашыпжіберген
екен.Қасқырлар отты көріп жалт берген екен.Қасқырдыңоттанқорқатыны Ақбілектің
есіне сап ете түсті.Ауылдақой күзеткендеқотанныңшетіне от жағатыны кәне.
Ақбілек от басындағы тезекті,қураған шөпшекті дереутұтатыпүрлеп жіберді. «Менің
керегім жаңа болған жоқпа?» дегендей жел деқошаметке иеленіп, жалынды лапете
түсірді. Жалынқалай шықты, солайқасқырлардыңқарасыөше берді. «Өлмегенгеөлі
балық»деген осы да.Отсөніпқалса, Ақбілектіңөмірі сөнетін еді. Отты тапқанадамның
атасынан айналсаңболмас па?
«Заула, отым, заула! Мазда, отым, мазда!Қорқақаңдар, тілсіз жаулар!Қаш, маңыма
жолама! Күйдіремін,өртеймін!»-дегендей Ақбілек от тәңіріге сыйынып, таңатқанша
маздатып, жаныаманқалды.
Қызылкөз,қасқыржүз,қабылан азу,қара түнді Алтай аңғарынанүркіткелі,қорғасын
аспанға алтын айдайКүнікей сұлуынөрмелеткелі, күншығысұжымағықызылқақпасын
ашқанда, Ақбілек артына алақ-алақетіп жолғашықты.Белінде-түндіктіңбауы, етегі-
ышқырында,қолында-түндегі сойылша. Кімдіұрып жығатынын кімбілсін,әйтеуір ала
шықты.
Аспанныңкүн жақтуырлығы ақшыл тартып, тау бастары алтын жалатқандай күлімдеп
келеді. Таңата жел детынды, бұлттар да ыдырады.Өлкеденұшқан бозторғайтау ығының
деңгейіндеқанаттарынқалшитып, Күнікей сұлудымадақтап, тау-тастан беташар сұрады.
Бозторғай-ау, көрімдікті Ақбілектен сұрасайшы. Ақбілек алтын сақинасынатып тастағалы
келедіғой.Оныңжүзінде нұрбарғой. Ол көретін жарықкүн барғой!Ұзақтүнгі топты
қасқырменарпалысқанын заматтаұмытып, шоңқаймакебісініңжез нәлі тастан тасқа
шықылдап,қашқан киіктейқаздаңдапбарадығой!


Page 21

Ақбілекәдегеннен асуға тартты. Асумен асып елге баражатқан, елден мал, азық-түлік
алып келе шатқан орыстарды талай көрген.Осы тар асудан басқа бұл шаттан шығатын
жолдыңжоғын білген. Арты-елсіз тау, тау толғанжау: аю,қасқыр,қабан. Алды-тар асу,
асу асты тағы жау:кешегілер алдынанқарсы шьгғыпқалмасына кім кепіл. ЕндіАқбілек
қаздаңдамай кімқаздаңдасын. «Енді есен-аманындаел шетін көрсем-ау» депұйқы,
тамақты, шаршағанды ойына алмай, көңілі алып-ұшып, ентелей басып ентігіп келеді.
Асуға шыға бергенде, артына бірқарады. Аяқастындатомардай томпиыпқостар тұр.
Анау тау жылғасындағыағаш, анау көгал, анаусай-сала, анау орқаш-орқаш тас-
Ақбілектіңадамгершілігін аяққа таптаған, абыройынтөккен жер. Оларға көзітүскенде
күйінген,өкінген, жиренген,әйтеуірөзегінөртеген бір жаман сезім пайда болды. Төрдегі
таза төсенішті былғап кеткен күшікті желкесіненұстап,өз тезегінеөзініңтұмсығын
тигізсең, қандай жеріп,қыңсылап, кейін шегінеді. АртынақарағандаАқбілек те сол күшік
тәрізді болды.Қарағысы келмеді,теріс айналды. Асуға шықса да, алды-артын ораған
тауданарыла алмады, бұраңдағанқия тас, кедір-бұдыр соқпақбетіашықдаланы
көрсетпеді.
Күн таудан найза бойы көтерілгенде Ақбілек алқыныпбір кезеңге шығып еді.Алды
бұдырмақдала екен. Ауылынакелгендейқуанып кетті.Қанаты болсаұшып кетер еді,
әттеңшіркін! Балтырлары солқ-солқетіп, жіліншігі сырқырайбастады.Оған дақараған
жоқ, қыбырлай берді.
Бір мезетте Ақбілекекіқолынқұлаштай сермеп ылдиғатүсті.Аяғыныңсырқырағаны
әнтек басылайын деді.Шаршаған жоқекем деп көңіліне медеуқып еді, сөйтсеылдиға
қарай жүргеннен жеңілденген екен, тағы бірөргешыққанда аяғықорғасынқұйғандай,
ауырланып кеткендей тәрізденді,сүйектері сынып бара жатқандай болды.Ақсүйек
ойнағанда орқояндай орғып бірқажымайтынаяғы түскірге не болды?Әбілет басып,әлде
бір пәлегебастап келе ме? Апырым-ай, тымқұрыса, бір ауыл, ауылемес-ау,бірқазақ,
қазақемес-ау, бір мал көрінсейші.Бірмал көрінсе де, Ақбілекқатерденқұтылғандай көріп
келеді. Бірақадырлар бірте-бірте бұдырланып, белес тартқаныболмаса,қарайған еш нәрсе
көзіне түспеді.
Бірқырдан асқанда көлденеңсозылған сай килікті...Құдай жарылқады!Өзен,өзен! Арғы
қабақта жол жатыр. Елжақынғой! Ақбілек ақтықкүшін салып, аяғын тезірек басты.
Ағыны тас домалатқан тасты сайдыңтарөзені екен.Жадағайлау бір жеріне келіп,
шапанын,қамзолын шешіп,көйлекшеңденіп, білегін түрініп,жуынды, су ішті.Әбден
шаңырқап, шаршапқалған екен, сусынықанып, бір кенелді.
Ақбілек су жиегінде бірталай отырды. «Су ағады дажатады, ағадыда жатады, бір
таусылуы жоқ,қатерді,өлімдібілмейді. Еш нәрсені сезбейді. Мен ішсем де, итішсе де
бұғанбәрібір-жақсыға да, жаманға да сусын болады.Құдайдыңбұл да бірқұдіреті-ау!
Мейірімі-ау! Оныбіз білмейміз-ау!» деген ойлар келді.Өмірі су көріп жүріпмұндайды
ойлаған емес. Бұл ойдықалайша ойлағанынаөзіде таң қалды. Аяғыныңастындағы суға
қарап еді,өзініңтүрін көрді. Шашыұйпаланыпқалған екен, сумен сылапшашын
жатқызды. Тарағысы келді. «Бірақкімүшін түзелем?» деген ой келді де, тараған жоқ.Осы
судыңбойындабірқалтарыс жер болса, азырақотырып дем алайын деп,жан-жағына
қарап түрегелді. Аяғыұйыпқалған екен,жіліншігінүш ретқарыстырып жіберді.Ұйығаны
басылғаніспетті болды.
Солжағында бір жарлауыт көрінді. Ақбілек көп ойланбай-ақ,камзолын киіп, шапанын
жамылып, түндіктіңбауымен сойылшасын сүйретіп, солайқарай жүрді.
Адам көрмейтін жер осығой деп, бір мүйістеу жерінекеліп тоқтады. Арты-жар, алды-су,
оңжағы-мүйіс,сол жағы-құлаған жардыңтопаны. Кішкенеқуыста суғақарап, екі
тізесінқұшақтап, бүгжиіп отырды. Күнқызыпшекесі жылынып келеді.
Мынау-өзен.Өзен бойындағы елқайда?Күздігүнібұлөзенде ел отырмаушы ма еді?
Жиегінде жол жатырғой... Ойбай-ау, жақын жердегі ел шаттағы орыстардан
босып кеткен екенғой! Маңайды жынұрғандайқылдығой! Мал-жаныңда билікқалды
ма?.. Талайқыз мен сияқтысорықайнадығой!..Бірақтап мендей болғаны жоқшығар.
Қостарынаәкелгенәйел көрінбедіғой.Әлдеөлтіріптастап жүрді ме?.. Орыс шіркін
адамды аямайды екен-ау!Құрғырдыңатын атамайыншы, тағы келіпқалар! Оларнеғып


Page 22

қайтпады?Әлде бірдеңегеұшырады ма?Олар кімменсоғысып жүр екен?Әлде төңіректегі
қазақтармен?Қой,қазақбұлармен неғып соғыса алсын? Неқауқары бар?Әлдеқазақ
біткендіқырып тастап, малдарын,қыз-келіншектерін тартып алғалы жүр ме?Онда бәрі
бірдейнеге кетті? Бес-алтауы барса да, мылтықтарымен бір тайпа елді жусатпай ма?..
Өздеріқорыққан кісіше асығып-үсігіп, алды-артынақарамадығой.Әлде бір күшті жауы
келіпқалды ма? Олардыңжауы кім? Ойбай-ау!Әлгіәкемдер «ақтар,қызылдар» деп
отырушы еді. Сонысы маәлде?Қызылда орыс па екен? Олар дақыз алыпқаша ма екен?
Орыс болса...Қара мұрттай-ақболар. О да меніөлтіріпкетем дедіғой. Апырым-ай,
апырым-ай! Жасаған-ай! Ендіқайтейін!.. деп, тамсанып, тамсаныпқойды.
Сылдыр-сылдыр су ағады. Суғақараса, Ақбілектібұлдыр-бұлдыр ой тербетеді. Тербеткен
сайын көздерікішірейе түседі.Ұйықтапқап, масқара боп жүрмейін депсығырайып бара
жатқанкөзін ашып алады. Сонда да болмайды: бір жағынан күннің қызуы маужыратып,
бір жағынанағын су ойын тербетіп, түні бойыұйқы көрмей сілесіқұрып, жаяу жүріп
шаршап келген сорлықалғып кетеді...
Ақбілек ояна келгенде селк етіп, басын оқшита жұлыпалды. Бөтен жерде,өзен бойында,
жар түбінде жападанжалғыз шошайыпқалғанынаөзінен-өзіқорқып кетті.Қарашаттан
қашып келе жатканы лезде есіне түсеқалды.Ұшыптүрегелді. Күн еңкейіп, түсқаңғып
кетіпті.Өзенніңо жақбұжағына бойлап-бойлапқарады да,өткел іздеп, кебісітырпылдап
тағы жағалады.Әлі жүріп келеді,әлі жүріпкеледі.Өткел жоқ.Сойылшасын суға
бойлатып,әр жердібір көреді, бәрі де тереңтәрізді.
Әлденуақытта бір жадағайлау жерге жетті. Екі жағыдомалақ-домалақ қиыршықтас.
Ағыны бұжырланып жатыр. Балағын тізеден асыра түріп, етегін жиыра көтеріп,кебіс-
мәсісінқолтықтап, мамықтабанынқия тасқабұлтылдатып, суданөтті.
Жарты шақырымдай жерде бір дөңес көрінеді. Соғаншығып ел көздемек.
Ол белеске шығып еді, ар жағы одан да биіктеу адырсымақекен. Ақбілек жан-жағына
барлап, жер болжады.Алғы беті-ашық,арты-кенере тау. Ақбілектіңауылыосынау
кенере таудыңтүбінде.Шығыста емес,құбылажақта,өйткені артындағы тауларөз
тауларынаұқсамайды,сонау бір көлденеңтаулармен тұтасып кетіпті.Ендеше, таудан
онша алыстамай,құбыла жаққақарай тауменжарыса жүру керек.Ақбілек соны ойлады
да, белестенасып, жадағайлау, ылдимен аяндай берді.
Адыр-адыр елсіз дала. Бозғыл көде, кербетеге, тобылғы беткей, төбешік, обашық, қызыл
құмайт, шөптесіншүңейт.Қоңыр тышқан, ала сауысқан, орқоян, бозторғай-осыдан
басқа көзге түсерқара-құра жоқ.Даланыңкөркі ел екен-ау! Елсіз дала емсіз жарадай
көрінеді. Малшы байғұстар неғыпіші пыспай жүреді екен?..Ай,қудала!Қу далада
жалғыз жаяу-бір мұңдық.
Сар далада сары уайым жамылып, Ақбілек келеді толарсағы бұлтылдап. Тышқан аулап
күйкентай жүрқыранымсып шыңқылдап.Әне, алыста безекқағып, бір бозторғай тұр
шырылдап, бейнеәуеге шегелеулі түрғандай,бірорнынан тапжылмайдықанаттары
дірілдеп. Сол торғайдыңшырылдағаны ащы тидіқұлаққа,өзгелерденүніөзгеше, не
болды екен бейбаққа? Сол торғайдыңмаңайында жаны ашыған арашашы жандарша, төрт-
бес торғайайналаұшып, таяу-таяу бара түсіп, ап кетуге тасқорғанды бұза алмаған
ерлерше тиіп-қашыпөтіп жатыр о жаққабір, бұл жаққа.
Бір мезгілдеәлгі торғай жансыз тастай ағып түсті топетіп. Ақбілек те оқбойы жер кеп
еді. Ол торғайдыңтүскен жеріқалыңшөп. Көз айырмайқарап келеді Ақбілек.Әлгіторғай
қалыңшөпкетүсті де,қалбалаңдап, далбалаңдап, шөпке таман айналаңдап, шыр-шыр етіп,
безекқағып, олай-бұлай шоршиды.Бұл байғұсқа не болды?-деп жетіп келсеқасына–қа
лыңшөпте жатыр екенбілектей бір сұр жылан.Сұр жыланныңнайза басықақшиған,
бейнеажал, алмаскөзі бозторғайға шұқшиған, айыртілін жалаң-жалаңеткізіп,
ысқырғанда,өңменіңненөткізіп, арбап, буып, уытын жиып, торғай сорлыны топылдатып,
қылқеткелі түр екен.Сұр жыланныңатыпшыққан оқкөзіненкөз айырар бозторғайда
дәрмен жоқ,қарбаландап, далбаландап, ыршып түсіп, тұмсығына тиер-тимес елбелектеп
жүр екен. Бір «ап!» десе біткеніғойжұмысы. Торғайқашан аузына кеп түскенше, оқты
көзінқадапқойып, айыртілін жалақтатып жатады екен сұмжылан.


Page 23

Бозторғайды аяп кетті Акбілек. Сұр жыланды сойылшамен салды келіпқақбастан. Жауыз
басы астына кеп,солаңете дүрс етті. Торғай сорлы есеңгірепқалған екен:жылжып тұрып,
жер бауырлап,қырындап-қырындап барып жөндікті, шыр етіп, шыбын-шіркей боп
аспанға бірақұшты. Тулап жатқан жыланды Ақбілек табандатып тағыекіұрды да, жөніне
жүре берді.
«Жылан торғайды арбап жейді» дегенді Ақбілек балакезіндеестіген. Мынаны көрген соң,
«құлақестігенді көзкөреді» деген осы-ау деп ойлады. «Бұл жауыздыңкөзіндене сиқыр
бар?» деп ішінен таң қалды. Манадан бері уайым басып,жабығып келе жатқан кісі жүрегі
қаттырақсоғып,тамырлары желпініп, шаршағанынұмытып кетті.Торғайды ажалдан аман
алыпқалғанынақуанды. Жыландыөлтіргенінеерленді.Әрі ырым көрді. Торғай бір
бейбаққой, о байғұста не зиян бар?
«Торғай,торғай атым бар,
Бір жапырақетім бар.
Маған тиген балалар,
Ата-анаңөліп, жетімқал!»-
депқарғайтын торғай емес пе? Ешкімге жазығы жоққой.
Соны ойлағанда Ақбілек: «Менін кімге жазығым бареді» деп тағы да ойлады.Өзін
торғайға,өзінеқастық қылғандардыжыланға теңеді.Торғайдыңжауын менөлтірдім,
меніңжауымды да біреуөлтіреді екен деп, бұл оқиғаныөзінше жақсылыққа жорыды.
Соны ойлап келе жатқанда, бір дөңестіңастынан ағараңдаған бір шошақай нәрсеқылт ете
түсті. Ақбілек сасыпқалды, бұғыпотырақойды. Отырып еді,көрінбейкетті. Түрегелуге
орыс болар ма депқорқып, отыруға тағыдәті шыдамай, не екенін білгісі кеп барады.
«Орыс болсабәрібірқұтыла алмаспын, жан-жағым жалтаң,неде болсакөрейін» деп,әнтек
отырғансоңептеп көтеріліп, сығалады. Шошақайдың үкі секілді бірдеңесі бұлғаңдап,өзі
қимыл-қимыл етіп дөңастымен Ақбілекпен жарыса кетіпбарады. Орыста мұндай нәрсе
жоқедіғой деп ойлауы-ақмұңекен-шошақай жуандады: бас болды, кәдімгі дуананың
басы.Әнеки,қолындағы асасы да шошаңетті.
-Әй, дуана!-дегенсөз аузынанқалай шығып,қалайқойғанынАқбілекөзі де білмей
қалды.
Дуана аяқастынанүріккен жылқыша жалт беріп, лоқып,әнтек тұрақалды да, бұрылып
Ақбілеккеқарай жүрді.Тани кетті Ақбілек: етегін кірмен зерлеген, төбесінүкісөндеген
басыңда найза ақтақия,қолында шәңгіш асасы,асасының өн бойы шығыршық,кепшік,
сылдырмақ, ұшықозыжауырын, мойнында жұмыр тасбысы, танауы таңқиған, омырауы
аңқиған, кеңірдегі сорайған, жіліншігі сидиған, саусақтары сыпсиған,үркек малша
оқшиған, бес талсақалы шоқшиған,шынжау етті, шыңбетті, жағына пышақжанитын, бір
көргеннен танитын Іскендір екен кәдімгі.
Іскендіріңкім? Ақбілекке зияны тимес пе? Ендеше, олаяңдап Ақбілекке жеткенше,
Іскендірдің қандайадамекенін айтып көрейін.
Бұл Іскендір дуананыңбармаған жері, баспаған тауыжоқ.БұлӨскеменіңіз, Бурабайыңыз,
бұл Семейіңіз, бұлҚарқаралыңыз-бәрін де Іскендір жалаңаяқшарлаған.Ол отарбаны да,
пароходты да көрген. «По-о-рахот-ау, по-о-рахот!..» деп, оғанөлеңде шығарған.
Іскендірдеүй жоқ.Кез келгенүй-оғанүй. Тау-тас,сай-сала, ескі мола-бәрі де оғанүй.
Онда ел де жоқ.Оныңелі-дүйімқазақ. Онда мал да жоқ.Тұрған күйіәлгіөзіңізкөрген.
Ол дүниежинамайды. Ақша берсең,кез келген ауылдыңбалаларын жарыстырады да,
бәйгеүлестіреді.Іскендір дорба салмайды, ірімшік,құртыңды алмайды, оғанқолма-қол
ішетін тамақберсеңболғаны. Төрдіңалдынашарт жүгініпотырады да: «Алла хақ!»деп
бір ақырып,қылқеткізіпқағып салып, асасын бір тіреп, тұрып кетеді. Танамоншағын,
үкісін сұрасаң,Іскендір бере салады. Бірақ қыз,келіншектерденөзі де сұрап алады.
Іскендірөтірік айтуды, кісі алдауды білмейді, адам баласына жамандықойламайды.
Үлкенді «әке», «аға»дептұрады. Мейліжаңа түскен келіншек болсын,қатынбіткенді«ше
ше» дейді.Еркекәйел деп айырмайды, бала біткенді«балақайым» дейді, кісігеөміріқатты
сөз айтпайды.Өзінренжіткен адамға да түк демейді, тек басын шайқайды.
-Дуана, мына бірқияңқыбаланықорқытыңызшы!-десе:
-Қой, балақайым жақсы,қорқытпа,қорқытпа!–депбасынан сипайды.


Page 24

Іскендірәсіресе балаларды жақсы көреді. Іскендір келсе, бала біткен шұбырып соның
соңында болады. Ит біткеншулап артында жүреді. Іскендір асасын жайқап аяңдайбереді,
асасынан тістеп жатса да иттіұрмайды. Балалар оқуоқып жатса,Іскендір жетіп барып
молдасынақол береді,балалар дақуанып дуанағақол береді. Іскендір балаларды
молдадан жалынып сұрап алып, азатқылады. Кейдеқонғанауылда кешке таманІскендір
үй жанында жүгініп отырып, оң қолыныңбілезігінен бір балағаұстатады, олай-бұлай
сілкіп, баланы жығады. Ол күрескені. Балаларқызықкөріп, кезек-кезек күреседі. Бала
жығылыпқалса: «Ә,балуаным, жығылыпқалдың»депқолынқоя береді, жығаалмаса: «Ә,
балуаным, сен жықтың»деп басын сипайды.
Іскендір не десең,соған нанады. «Пәленше сені шақырыпты,қаладан көмірәкеп берсін»
депті десе: «Ә,солайма?»деп салып жүріп кетеді.Қыстыңқызыл шұнак аяздарында
Іскендір елу шақырым жердегіқаладан Исақайешенге бірқап көмірәкеп берген күндері
болған. Сондақардыбұрқыратып, жалаңаяқжүреді, олөмір бойы аяғына лыпа ілген жан
емес.
Іскендір мақтағанды сүйеді. «Дуана-еке, пароходпен жарыстыңыз ба?» десе: «Е,әке,
жарыстыққой» дейді. Олжүйрікпен де, жорғамен де, от арбамен де жарысқан болады.
Біріненқалдымдеп айтпайды. Бар мақтанатыны-жүйріктігі, кейбір көргенадамдар бәйге
атынанқалыпқойғандеседі. Ауыл маңындаерегістіріп, тай, байталмен жарыстырғанда,
екі-үш шақырымға дейін оздырмайды. «Дуана, неғып шаршамайсың?»десең: «Е,құдай
қуат бередіде» дейді.
Іскендір бір жерде байыз тауып отыра алмайды. Бірүйгекірсе, «хақ!»деп ақырып, бетін
бір сипап, шығып жүре береді.
Олқұмалақсалмайды, бал ашпайды. «Обал» деп, басынбір-ақшайқайды. Ол намазға да
оншақұнтақты кісі емес.Кейде жұрт намаз оқып жатса, дәрет алмастан жалаңаяқбарып,
қатарға отыра кетеді. Көбінесе оқымайды, бірақаузыжыбырлап, ішінен ыңылдап бірдеңе
айтып жүреді. Анда-санда «хақ»!деп, күңіреніп-ышқына бір ақырыпқояды.
Іскендір көп сөйлемейді, жауаптықысқа-қысқақайырады.Сөйлесе, кейде тақпақтап
кетеді. «Дуана, союғақойымыз жоқеді» десе:
«Ә,қойыңызболмаса, ойыңыз болды,
Ойыңыз болса, тойыңыз болды...»-
деп жыбырлатыпәкетеді.
Іскендірдің қабақшытқанын жан көрген емес,қашанкөрсеңде жайраңдап, жымиып
отырғаны. Іскендірдіңнеғыпмұндай боп жаралғанын, оныңкеудесінде неқылғанжүрек,
тамырындақандайқан, бойында неткенқайратбарлығын ойлайтын бір адам жоқ.Ел тек
оны: «дуана,дуана» дейді, «бір алуан адам» дейді. Іскендірдің өмірі
жұмбақ. Қалайда Іскендір-адам. Бұл неткен адам?..
ӘлгіАқбілекке кез келген Іскендіріңіздіңжайы осыеді. Дуана Ақбілекке жетіп келіп:
-А, балақайым, алақайым, шырақайым...Қайданкелесің?-деп басын сипады.
Ақбілек не дерін білмей күмілжіп, міңгірлепқалды.
-Дуана-еке, мен...мен... Мамырбай ақсақалдың...-дей беріп еді. Орыстардыңалып
кеткенін айтудыұят көрді,үндемеудіңтағы жөні жоқ,қалайда бірдеңе айту керек болды.
Маңдайын сипап, көзін жыпылықтатып, төменқарап:
-Мен Мамырбай ақсақалдыңбаласы едім... ауылымнан адасып...ауылымды таба алмай
жүрмін...-деді.
Дуанақалай, неғып адасып жүргенін сұрамады:
-Е, балақайым, адасыпқалдыңба?.. Мамырбай, Мамырбай, Тәуірбай, Сауырбай... білем,
білем... алып барайын,бағыпқарайын, жолға салайын,-депқолынан жетелей бастады.
Қайдан неғып келе жатқанын сұрамағанына Ақбілекқуаныперіп жүре берді. Дуана сол
қолыменАқбілекті жетелеп, оң қолындағы асасын жыбырлататіреп,қара ағаштайқатқан
аяқтарықаздаңдапқатты аяңғабасты. Анда-санда: «Ә,балақайым,әбалақайым! Көзі
мөлдіреп, табаныүлбіреп,қарны ашып,қанықашыпқалғанекенғой...» деп жыбырлатып,
тақпақтапқояды.Ақбілек не дерін білмей біресе дуананыңшошаңдаған бестал сақалына,
біресе күнге күйгенқошқыл омырауынақарапқояды. Түрпідей сүйел саусақтары
Ақбілектіңбілезігінен мықтапұстап алыпты.Үйінеқазір алып барақоятындай-ақ


Page 25

емпеңдей басып келеді.Ақбілекөзі шаршап,қолтаулап,әреңжүріп келе жатқан сорлы
жетелеген жағына ере алмай, шешесіқолынан сүйреген жас балашақырындай береді.Бір
мезгілде Ақбілек сүрініп кетті:
-Дуана-еке, кішкене жайырақжүрсеңіз...-деді.
-Ә,шаршадыңба, балақайым?-депқолынқоя беріп,жайырақаяңдады.Әйтседе сау
аяңға дағдыланған дуанаәупілдегенкешкі бұқаша кеудесі гуілдеп,әудем жерге
бармай-ақАқбілекті тағы артына тастап кетті. Дуананысөзбен тежегелі Ақбілек:
-Дуана-еке, ауыл алыс па?-деп сұрады. Дуана:
-А,-деп тоқтайқап,-жетеміз, жетеміз,-деді.
Дуана тағы озып кетті. Ақбілек шаршауға айналды,бірақшаршадым деугеұялады. Тағы
да сөзден бөгейін деп:
-Дуана!-деп бір дауыстады.
Бұл жолы Ақбілек бұл маңайдаәскер бар-жоғын сұрады. Дуана:
-Ә, әскер ме?Нән жауғырлар, барғой, барғой,-депжыбырлатып жөнді жауап айтпады.
Жауабына жарымай,Ақбілекөз ауылының қай тұста екенін сұрады. Дуана:
-Анау көрінген тұмсықтыңастында болады,-депкөгерген тауды нұсқады. Ақбілек
аулына бүгін жете алмасына көзі жетті. Жақын арадағы елгеқонағаәреңдепжетсе сол.
Дуана желпілдеткенмен, Ақбілекке бәрі де алыссияқты,өйткені аяғы жүруге жарамай
мүлде салдырапқалыпеді. Бірталай жер жүрді. Сонда да жете алар емес.Алыста, көз
ұшында адырдыңбөктеріндегіәлдеқарауытқанмал,әлдеқарауытқан томар секілді
бірдеңелеркөрінеді.Күн еңкейіп, намаздігер болды. Ақбілектіңқарныашты,қажыды.
Аягын кебіс соғыпқажап тастады.Әлденуақытта жүруте мұршасы келмей, дымықұрып
отыра кетті.Дуана жарты шақырымдай озып кеткен еді, дауыстағансоңжылдам аяңдап
жетіп келді.Ақбілек жүруге жарамайтынын білдірді.
-Ә, балақайым, көзіңмөлдіреп, табаның үлдіреп...шаршапқалдыңба?А, балақайымды
арқалап алайын. Кел,мінеғой!-деп, алдына келіп арқасын тосты.
Ақбілек мінерін де, мінбесін де білмей, именіп аз отырды.Үлкен еркектіңмойнына
дардай басымен мінудіұяткөрді.Қарамұртқақатын болғаны, оның құшақтағаны,
сүйгені... балаша көтеріп жүргені дереу есіне түсті. Дінсізорыс еркелеткен арамденесін
қасиетті дуананыңарқасына артудыобал көрді.Бірақдуана «мінеғой, мінеғой»деп күтіп
отыр. Ел алыс, жүругеәл жоқ.Амалсыздан орнынан тұрып, бір тамсанып, күрсінді де, екі
қолын ептепдуананыңмойнына апарды. Денесін тигізугеөзінен-өзіжиіркенді. Мойнына
қолы баруы-ақмұңекен, шолкесаттай адуын дуана: «Уа, пірім!» деп котеріп түрегелді.
Ақбілектіңсалбырап түрғанекі аяғын екіқолымен икемдеп,қысып алып, асасын
Ақбілеккеұстатып, бір лықытыпқалды да,әлуетті дуана адымдай жөнелді.
Ақбілек дуанаға аттай мініп келе жатқанына күлерінде,жыларын да білмеді.Әйтседе
көңіліжайланайын деді.Өйткеніол орыстыңөңгеріпалыпқашқанын да көрдіғой.Онда
оныңалды да, арты дақараңғы көр едіғой. Ондаадамболам дегенүміт жоқ,қорлыққа да,
зорлыққа да,өлімге де,ұятқа да басын байлаған еді.Енді оныңмініп келе жатқаны-адам
баласынақиянаты жоқ, әулие дуана.Оныңкеле жатқан беті-аулы,әкесі.Әкесін көреді,
құшақтап көріседі,апасынақұран оқытады,әкесін апасындай болып күтеді.Бірақөзін-өзі
қалай жұбатса да, жүрегініңбасында түйіртпектеліп бір зілді нәрсе жатыр, ол түйіртпек
арқандаған аттай,қуаныштың құлашын жаздырмайды, бер жағы бұғандашүкіршілік
еткісі келсе де, ар жағы бұлтқұрсаған күндейжадырамайды, езуіғана жымиғандай
болады.Бет-аузы, көзікүлмейді, ілгешектеніп жібермейді.
Дәл мінер кезде тайсалғаны болмаса, жүре-жүре Ақбілекбала кездегі апасыныңмойнына
мініп келе жатқандай, астындағы дуана екенін деұмытып бала күні есіне түсті. Онда
теңбіл ақшыт көйлегі бар, балағыныңаузынқара ала батсайымен көмкергенқызыл сан
дамбалы бар, айдары селтиген, жалаңаяқжүгіріп жүретін сүйкімдіқыз еді. Ақ қара
басылақайынақызыл шашақтағып,үкілеп, атқып мініп,өзіқұрбы балаларымен жарысар
еді.Жатқан сар атанның үстінебала біткен жабылғанда, атанұшып түрегеліп, балалар
өркешіне, мойнағына жабысып, «жығылдым, жығылдым!»деп шуласар еді... Түйенің,
жардың,томардың, тастыңарасына жасырынбақойнар еді...Үйдіңсыртына мосыдан күр-
ке істеп, ішіне киім төсеп, шиден істегенқуыршақтарынотырғызып, күйеу келтіріп, келін


Page 26

түсіріп, шәлісалындырып, көрімдік сұрап,үлкенқатындарша тамсанысып, сынықсып
сөйлесер еді...Апасыныңкөйлек пішіпқойған шабуынқуыршағына киімқыламын деп
қиып тастап апасынантаяқжер еді.Сонда да апасы жақсы көрер еді: «Ақшұнаққыздан
айналдым!» деп бауырынақысып, бетінен шөпілдетіпсүйер еді...Сол апажанықайда?
Жасаған-ау, оның үңірейіпқалғанорны немен толады?Үйіне барғанда мандайынан кім
иіскейді? Кіммен көрісіп, жылап, мауқын басады? Ақбілектіңкөңілі бұзылып, көзіне жас
кепқалды. Енді болмаса жылайтынеді, аяқастынан бір дүр етіпұшқан бозторғай көңілін
бөліп, жасын тоқтатуға себеп болды.Ол кезде күн де батып,сам жамырай бастап еді.
Манағыдай емес, дуананыңаяңықоюланайын депті. Бір-екіөрге келгенде дуана Ақбілекті
арқасынан түсіріп, дем алды,құрысқан белінқайқайып жазып,қунақжылқыша сілкінді.
Ақбілекөзі жүрейін десе де, дуана болмай, тағы арқалап алды.
Ымырт жабыла ит дауысы естілді. Ақбілекқуанып кетті.
-Ауылға жақындадық қой!-деді.
-Жақындадық,балақайым, жақындадық!-деп, дуанаАқбілекті тағы бір лықытып
жауырнына таман шығарды.
Сүт пісіріп болған соң,тезек иісі жұпар иісіндейАқбілектіңмұрнын жарған кезде:
-Келдік, дуана-еке! Ендіөзім жүрейін,-деді.
-Ә,балақайым,әлі бірталай жер бар,-деп дуанатүсірмеді.Ақбілектіңмұрнықоңырсыған
сүттіңиісін сезгенде,дуана тоқтады.
-Осы төмпейдіңастында ауыл бар,-деді.
Ақбілек түсті. Дуананыңсүйекқолыезіп,құрысыпқалғантақылжырынуқалап жазып,
шапанын сілкіп жамылып, дуанаға еріпқолтаулап тағы аяндады.
Төмпейдіңиығынан асқанда, адырдыңбауырында ауылкөрінді. Не дөңгеленген алқа
қотан емес, немесеқатартізілген жалғас емес, о жерде, бұжерде тырқырапқарауытқан
бес-алтықыстау.Байқаған кісіге «бізді мекендеген иелеріміздіңмінезі де тап біз тәрізді
тырқыраған,берекесіз,ұйымсыз» деп тұрған тәрізді.Кейбірқоралардың қасында
қарауытқан мал көрінеді. Малқоралап,адамаяғы басылайын депті.Анау адырдың
түбіндегіқомақтырақ қорадан түтін бұрқырап жатыр. Оныңоңжағындағы кішірек
қорадан бір көлеңкеқараңдап солүйге таман кетіп барады. Адырдыңсол жағына таман,
төмпейгетірей салынған бірұзынқораныңмаңындақара-құракөбірек тәрізді.
Ақбілекқайүйге барарын білмей, дағдарып келе жатыр еді, дуана:
-Анауүйге барайық!-деп адырдыңбауырындағыүлкенқораны нұсқады.
Ақбілек:
-Ол кімдікі?
Дуана:
-Мұса байдікі.
Ақбілек:
-Мына жақынүйге барсақ қайтеді?-деді.ӨйткеніМұсабай ауқаттырақадам екенін
білетін. Ақбілек тәуірлеуүйгебарғысы келмеді. Тәуірлеуүйдің қатын-қалашы да
таңырқайды,әркім көр-жерді сұрап мазасын алады,тәуірлеуүй сарылтып жуырда тамақ
та бермейді, ондайүйдесыпайы отыру керек. Кім біледі,тәуірлеуүйдің қылжақбастары
да болар, тәлкек етер... Одан да барысыменсусын ішіп, жантая кететін кедейдікі жақсы
болар депойлады. Және осы күйсізқалпында тәуірүйге бас сұғуғақорланды. «Не
бетіммен барам» деген ой келді. Ақбілек:
-Жақынүйге барсақ қайтеді?-дегенде дуана тұрып:
-Бұлүйлер жарлығой,қонақасыға зарлығой,қарныңашыпқалдығой...-деп
жыбырлатты.
-Жарлы боп неғысын... Бір сусын жұтып, жантая кеткендей жер табылса болады да,-деп
Ақбілек тағы айтты.Әйелкөңіліне бірдеңе алса,қарысып бола ма? Ақбілектіңбетін
білген соңдуана да таласқан жоқ:
-Ә,балақайым? Мейлің,мейлің,-деп жақынүйгебұрылды.
Дуана бұрылған кезде Ақбілек етегінен тартып:
-Сіз бұлүйге меніңкім екенімді айтпай-ақ қойыңыз.Тезек теріп жүріп адасып кеткен
екен, тауып алдым дейсалыңыз,-деді.Дуана Ақбілекке оқшияқарап:


Page 27

-Әй, балақайым!Өтірік айтқан жарай ма?Өтірікшіалланыңдұшпанығой,-деп аяңдай
берді.
Сүмелек сары ит дуананыңсылдыраған асасын естіп,одан барыпқоқиған тақиясын
көрген соң, «енді жатудыңжөні болмас» дегендей, дауысықарлығып, алды бір бөлек,
арты бір бөлекқиралаңдапүрді. О кездеқара сиырдыңастынан сауыс жыртықтері
шалбары тылтиғанқатыншелегіменқабат түрегеліп,қисайған кір кимешегініңмилығына
сұққолын жүгіртіп, көзін сығырайтып, бір аяғынілгері салып:
-Кет былай, кет былай!-деді.
Дуана асасымен артын жайқап, таяна беріп:
-Ә,шеше,құдайы мейман боламыз,-деді.
Қатынжауап бермей жатып, дуананыңартын ала тоқтаған Ақбілеккеқарай мойнын
созып, бір тамсанды да:
-Мынау неғылған бала?-деп сұрады.
Дуана байыз тауып тұра алмай:
-Жата-жастана естірсіз. Рұқсатпа?-деді.
-Ойбай-ау! Ана байдікі тұрғанда... Біздің қонақкүткендей не жайымыз бар...-дей
бергенде, Ақбілек те ілгерітаман бір аттап:
-Жеңгей, шалап берсеңіз де ырзамыз. Сіздікінқалапкелдік,-деді.
-Ойбай,қарағым-ау!Қалап келсеңіздер енді... амалымбар ма... айран-шалапты бөліп
ұрттарсыңдар,-депқатынАқбілектіңнәуетек даусын естіген соң, әрі іші жылып,әрі
таңырқанып, «қонамыз» дегенгеәлдеқандай бопқалды.
-Ендеше,үйге кіріңіздер!-деп, көң-күлімсі сасығантапалқорасынақарайбастады.
«Қадаға бастарынды соғыпалмаңдар. Бері, бері!» деген дыбысымен екіқонағысоңынан
еріп, шалжиған тапал есіктіңорқаш табалдырығынанаттап,үйге кірді. Есіктіңжіп
тұтқасын Ақбілек бір-екі тартып еді, мұрны жырықтартыншақтүйеше кекжиіпкелмеген
соң, қоя берді.
Үйіші тастайқараңғы.Қатын: «Былайырақ, әр таман»-деп, дуананы итбектеп бір жерге
таман апарды. Дуананыңетегіненұстап Ақбілек те барды. «Бұкім, апа, бұкім?»деген жас
баланыңдауысы шықты. Ақбілектіңаяғына шөпсыбдырлайды.Үйдіңіші сасық.
Әйнексымақбір күңгірттесік көрінеді. Жерде жатқан бір шоқпытқа сүріне-мүріне
Ақбілек дуананың қасына таман келіп отырды. Отырабергенде дуананың «хақ!»деген
дауысы саңқете түсті.Ақбілек шошыпқалды.Қатын: «көтек!»—деді. Бір балашыр етіп
жылапқоя берді, ересектеуі «апалап» апасынаұмтылды. Аласы жылаған баласына:
-Шығарма даусыңды! Ал, дуана!Құлақкеседі!-деген соң,баласықояқойды.
-Ә,балақайым, жылама! Кеспеймін, кеспеймін,-депдуана да уатты.
-Шырағданы түскірқайда кетті жоғалып?-деп,қатынсипалап, күңкілдеп жүріп тыска
шығып кетті. Аздан кейінқарақұманның қақпағына істеген білте шырағданын
пештіңернеуінеқисайтыпқойып, тұмсығына сұққолымен май тигізіп кағып-қағып
уқалады. Сөйтті деқолынкөлеңкелеп, төр жаққа Ақбілеккеқарады.Қатын бірдеңесұрап
қала ма дегендей, Ақбілек жалма-жан:
-Жеңеше, суыңыз бар ма?-деді.
-Су жүрегіңді алар, салқын айран бар еді,-деді.
-Ендеше, айранға суқосып беріңіз, шөлдегенімәлей еді.
-Берейін,қарағым, берейін,-деп,қатын күйбеңдеп,қазандықжақтағы аяқ-табағын
салдырлата бастады. Солкезде пештіңбұрышынан ертегінің қызындай кішкенеқара
қыздыңдудыраған басықылтиды.
Дуана асасын арт жағына сүйепқойып, шарт жүгініп,ыңылдап отыр.Қарақыздыңкөзі
бажырайып тұр.
Ернеуі кетік-кетік,жайпақ қоңыр зеренменқатын сусынәкеп беріпжатып, Ақбілектің
бетінеүңілеқарап, біртамсаныпқойды. Ақбілек сусын ішіп болғанша,қатынкөйлегінің
жыртықжерінен ышқырын тыр-тырқасып,қарсықарап тұрды.Қатын аяғын алып
кетісімен Ақбілекарт жағын сипалап, бұрышта жатқан шекпен бе, шалбарма, кім білсін,
әйтеуірбірүйіндіге басынқойып, шапанын жамылып, жантая бастады. Ақбілек жантайған
кездедуана сырылып, орын беріп,қозғала-қозғала тысқа шығыпкетті. Ақбілектіңжатып


Page 28

қалғанынкөрген соң, қатындақораға шықты.Содан арғысын Ақбілек білген жоқ,әбден
талығып келген сорлы сусын жұтып, басы жергетиген соң,дамыл алыпқатақапты.
Қатындаладағы дуананы айналдырып, «Мамырбайдыңқызы» деген соң: «Ә!»деп іші сезе
қойды.Дығырдай Мамырбайдың қызын бір жұтым шалаппен жатқызуды жөнкөрмей,
«Саулы бозінгеннен» бірқылымұн сұрап алғалыжәнеүйіне Мамырбайдың қызықонып
отырғанын айтқалы, дереу солүй жаққа жөнелді.
«Саулы бозінген» дегенге түйе екен депқалмаңыз. Түйеден кісіұн сұрай ма? Бұқазақтың
да жыны барғой,әжептәуіркісіні Бозінген деп шығарып. «Бұт жимас»демегеніне де
шүкіршілік! «Саулы бозінгеннің»кім екенінайта кетеміз бе? Неміз кетіп барады? Бос
сөзге жанымызқұмарғой, айтсақайта кетейік.
Қулардыңнеліктен «Саулы бозінген» шығарып жүргенінит біле ме? Бұлөзі Мұсабайдың
қатыны еді. Аузы даладайбопқартайыпқалса да,Бозінген жаулығына кір жуытпайтын,
мақтаншақ,ұры кеппелеу кісі болатын. Тықпа сақал,бір мойын, жаман Мұсабай Бозінген
бірдеңе айтса-«ыңға»дей алмайтын. О түгілі, Саулы бозінгенніңбір ауылға би болудан
да дәмесі болатын,өзгеқатындарға талай мойын салып, айғырлық қылам десе де,
Бірмағанныңтымырсыққызылқатыныәлденеше жерде аптығын басып, ауызын
аштырмайжүретін.Әйел шіркінұрысқандақайдағы-жайдағынықазатынәдеті емес пе...
Қойшы, не болса о болсын!Әлгі кедейдіңқатынысонымен Бозінгенге жөнелді дедікқой.
Олөзі туысы бір табан жақынқызылқатынға неге бармады екен? Жоқ,қызылқатынға
бармай, Бозінгенге жөнелуі деқулықеді.Қызылқатын екеуініңараздығымен пайдаланып,
Бозінгендітағы бір сауып алмақеді.(Бұрын да талай сауғанғой.) «Жаман иттіңатын
Бөрібасарқояды» демекші, Бозінгенәлгі бір«Шатасының»атынӘнуарбекқойған еді
(Қызылқатынғойоны «Шата» деп жүрген.Бозінгенқұлағы түрік кісіғой,түріктің
Әнуарбегін естіп, баласын сондайқылмақ қой!)
Көрші катынүйге кірген кезде, Бозінген ауызынқайыстай созып:
-Қойшы енді,Әнуаржан!Ұйықташы,қалқам!-деп,бірқолыменӘнуаржандықағып,
келіншегімсіп,қыпшасынқылмитып, бөксесін бүлтитып,өз денесінеөзі сүйсінгендей
қылымсыпжатыр еді. Көршіқатын сипандап босаға жақтатұрғанын көріп, Бозінген
маңызданып,қасын бір керіп:
-Күмсінай, жай жүрсіңбе?-деді.
-Жай емес... Бір жұмыспен...-деп, Күмсінай бір жамбастап сырғып, Бозінгеннің қасына
келді. Бозінгенәлдебірқызықөсек айтады екен деп, кимешегін желкесінеқарай
біртартып, жампаңдап,құлағын таяй берді.Күмсінайсыбыр етті. Бозінген:
-Ә, қойшы!-деп басын көтеріп алып:-Жалғыз отырма?—деп мылтықататын кісіше
бұғып, тағы күбірлесті.Сөйткенше болмады, «күйеу келді» дегеннен жаманБозінген
апырандап түрегеліп, жалма-жан ауызүйгебарып,Күмсінайғақайталатып бір аяқ ұн
салып берді.Беріпжатып:
-Өзім де барам,-деді.
Күмсінай:
-Барғанмен көре алмассыз,ұйықтапқалды,-деп еді,ол сөз Бозінгеннің құлағына бит
шаққанқұрлы кіргенжоқ, қол-аяғы жерге тимей, шошалада сүт пісіріп жатқанқара
кемпірге барып, көзін ашып-жұмып, естіген хабарынайтты.Қара кемпір бір тамсанып,
отын көсей берді. Оғанжарымаған кісідей, Бозінген шудасы желкілдеп, байыніздеді.
Байы тысқарыдадәрет сүртіп, бірқолы шалбарыныңауында, бірқолы ішінде тұр екен.
Бозінген келіп:
-Ой, сен естідіңбе?-деп жұлкып, шалбардағықолынсуырып алды.
Өзүйіне түгел естірген соң,бұл хабарды ішіне сыйғыза алмай, Бозінген бошалаған
түйеше тайраңдай басып,екіқолын алды-артынақұлаштай сермеп, Бірқұлақтікінеқарай
жөнелді. Ауылдықыдырып жүріп, бірталай жандықұлақтандырған соң, қасына екіқыз,
бірқатын ертіп, ендіБозінген Күмсінайдікіне тартты. Неге десеңіз, Бозінген отбасының
әйелі емес, бірболыс елдегіәңгіменіүйде отырып біліп отыратын, еркектердің
партиясына да,дау-шарына да кірісіп кететін, саққұлақ,еті тірі, көшелі кісіғой.
Елдіңигі жақсылары да Бозінгеннің үйінен талай дәм татқан. Және біздіңБозінген
еркектермен дойбы, карта, асықойнайтын, насыбай ататын,қонаққаөлеңайтқызбай


Page 29

жібермейтін,қызып кетсе,өзі де айтып салатын, бозбалакелсе, екі езуі жиылмайтын сері
кісіғой. Тек Бозінгенніңқарабойында титтейғана міні бар еді,өз басыныңкиім-кешегі
болмаса,өзге шаруағаәнтекқыры жоқеді. Тазакөрпелері салтақ-салтақбоп, төсек орны
жуырда жиылмай,қоқып, ыбырсып жатар еді.Қызылқатыны түскірБозінгенді «көк инені
...тіне түртпейді» депөсектеуші еді.
Бозінгеннің өзіне тартқан бір керімсалқызы бар еді.ӘлгіАйтжанғой? Е, сол. Айтжанын
мақтап, домбыра тартқызып,ән салғызып, бозбаламенәзілдессе,өзініңдежаныкіріп
отырушы еді,қалжыңға боғауызсымақсөз араласыпбара жатса Бозінгенөзіқимелеп,
Айтжанға жол бермеушіеді. Сол Айтжанынқұтты жерінеқондырып, жалғызөзііші
пысып,ұрынарғақара таба алмай жүргенде, мына хабар Бозінгенгеқұдайдың үйге айдап
өкепБергендәулетіндей көрінді.
-Құдай-ау, мына тұрған біздікіне келместен, есіненайрылған сорлы Күмсінайдікіне не
алғалықонып жүрекен?!-деп саңқылдап келеді. Оләншейін сөзғой.Бозінгенніңесі-
дерті: орыстарқызыққанқызқандай екен.Айтжаннаннесі артықекен?Киіміқандай екен?
Орыстыңталқысына түскен соң,қандай бопқалды екен?Сонныбілуғой. Орыстарөз
аулына да келген,қыз-қатындар тау-тасқа тығылған,өзі деүш солдаттың қолына түсіп
қап,бұйырғанын көрген, кішіүйдің қызы содан бері жіңішкеауруға шалдығып, от
басында сұлап жататын болған. Сондадақатын шіркінніңтаңсыққойлығы басылған ба?
Бозінгендер Күмсінайдікіне кірсе, бұрышта домаланыпбіреу жатыр. Диуана далада болса
керек. Сары итқораныңсыртындақыңқылдапқояды. Бозінген шырағданды
бірқызғаұстатып, Ақбілектіңқасына келіп, шапанынашыпқарады. Ақбілек аузыәнтек
ашылып, сілекейі ағып,қорылдапұйықтап жатыр еді.
-Е, байғұс-ай?-деді.
Күмсінай арт жағынан келіп:
-Неқыласыз?Ұйықтасын,-деді.
Бозінген шапанының өңірінқайырып,әдібін көрді,көйлегініңсүйегін байқады, жеңсіз
қамзолыныңжиегін,қалтасыныңқақпағын,кебіс, мәсісін-бәрін шұқылапкөріп болған
соң,маңдайына шашырай салбырап түрғаншашын ақырын сырғытып:
-Өзі деқыз десе-қыз екен?-депқорытынды шығарды.
Шапаны биқасап,әдібі батсайы, жеңсізі дүрия, көйлегібәтес екенін айтысып, біреуі:
«Айтжанныңкөйлегі тәріздіекен»-деп, енді біреу: «Айтжандікі бұдан гөріқаттылау»-
деп тұрғанда, Бозінген Ақбілекті былайқойып, көйлек жайынанқыздармен айтысып кетті.
Оныңайтуынша,қыздардым білмейтін боп шықты. Айтжандікі бес есе артықбопкетті.
Айтжанқарағыұзатылмағанда, орыстар «қырылысып»қалатынекен, масқаралықтан
құдай бір сақтапты,өйткенібас аманында бергенін «өзі»қалапты '(екіқабат бопқалғаны
есінде жоқ).
Қатындар,қыздар біраз дауласып,қарқындары басылғансоң үйді-үйіне тарады.
Бозінгенүйіне келгенде, Мұсабай бірталай ой ойлапуысына еш нәрсе түсіре алмай, дал
бопқисайып жатыреді. Кеп былай: Мұсабай жаңада байыған малжанды,қалтырауықадам
болатын,(бұрынқаланыңжатағығой,қатыны да жатақтың қызығой).Үйіндегі бас
көтерерадам-қатыны, соныңарқасымен кісі болып жүретін. Ана жылыжоғалғанбір-екі
биесі Мамырбай төңірегіненшығып, соғанқолы жете алмай жүрген.Өйткені Мамырбайға
да елкерекқой: төңірегініңұрлық қарлығына ара түспесе, адамдығықайсы? Мынақызы
қолға түсіп тұрғанда, соныңқаруынқайыруға болмас па екен деп, Мұсабай жаман ойға
жүгіртіп еді.Қызды тығыпқояйын десе, ауылықұрғыртүгел есітіпқойды.Өзге
айтпағанмен Бірмаған барыпжеткізедіғой. Бірмағанмен оныңмалайын азғырып алғаны
туралы жаздай араз болып,қатындарыныңшайырғалекені есінде.Қызды біреуге беріп
жіберуге кім даяр тұр?Ол тағыбілінбейқалмайды. Акбілекке сұрау салып жүргенімәлім.
Әлдебір епті жігітке масқаралатсақайтер еді? Бірақонымен де не кегі бітеді?
Мамырбайды шығындатқандайбірдеңе табу керекқой.Қалай шығындату керек? Міне,
бұл мәселе-мәселеніңқиыны болды.Қатыны келіп,қыздыңсұлулығын мақтағанда,
өзініңжаман делебесі деқозды. БірақБозінгеннен асарқауқаркайда?
-Қайтейін, сұлу болса!-деп кейіді.
-Қайт дедім саған?-депқатыны да тежеп тастады.


Page 30

Сонымен Мұсабай күшеніп, төңбекшіп жатып калды.«Әрі жат!» депқатыны да
шынтағымен бір түртіп, терісқарап,өткен дәуренін есіне алып, есінеп: «Осы жаманға
қайдантидім?» деп тағы даөкінді.
* * *
Түнде шайға оятқанда, Ақбілек түрмай, жатып калған.
ТаңертеңАқбілек көзін ашса-үй толған кісі. Он жағынақараса, немере ағасыӘмір отыр.
-Қарағым-ай!-депӘмір кемсеңдеп,құшағын жайды.
-Ағажан-ай!-дегеннен басқа аузына соз түспей, ағасын бас салып, солқылдап ағыл-тегіл
жылады. Ауылынанкелген екі жігіт бірінен соңбірі көрісіп, кеңкілдеп,Күмсінайдың
жаманүйін басына көтерді.
Көріскен кісіні айырғанды парыз көріп алғанқатындар тоқтау айтып, айқасқанқолдарын
жазып, салиқалыБозінген де пешке сүйеніп тұрып:
-Ендіқайтсін!-деп есіркеген болды.
Алайдақатындардыңкөңілібұл көріске жарымады,өйткені Ақбілек суырылып сөйлей
алмады. Жайшылықта,қыз затқанда, кісіөлгенде айтылатын жырлардыңбірде-бірін
айтпады, тұтқиылда тығылыпқалған жүрекқызылтілгеқұшырын төге алмады, ішке
толғанқалыңшер кернеп келген бұлақтайқатты ышқынған жас болып, ыршып-ыршып
кетті. Ақбілек жыр жаттап та көргенжоқеді,қыз болыпұзатылуғаәлі талай заман барғой
деп, балалығыарылмай жүрген, 15 жасар балағой. Шешесіөлгенненбері дауысқып
жоқтағандай болғанжоқ,өз басына күн туып кетті.Қатындар онысын есепқыла ма,
сөйлемей көріскенін жас баланыңжылағанындай көріп,айыздарықанбады.
Жыласып, көрісіп,үндемей төменқарап, біраз отырысты.Әлден уақыттаӘмір ағасы
отырып:
-Түнде осы ауылдан хабаршы барған соң,жата алмайқолғатүскен атпен жүріп жеттік,-
деп,қалай келіпқалғанынбілдірді.
Мұсабай жаман ойдыңұшығына шыға алмай жатқанда, Бірмаған жақсы атты кісі бола
қалайындеп, түндешапқызғанекен. Бірмағанның қызылқатыныөзгеден гөріомыраусып,
Ақбілектің қолынұстап айырып жүрген солекен.Қызылқатынқарап тұрмай:
-Естігендеөз баламыздан жаман аядық... Қайтейік,не амал бар?-деді.
Әмірдіңбір жолдасы:
-Ағайынныңағайындығыосындайда көрінеді де,-деп, Бозінгенге көзінің құйрығын
жіберді.«Жайда көсемсіпжүруші ең,бүгінқайдақалдың?»дегендейқылды.Өйткені
МұсабайдыңМамырбайғақиғаштығын білуші еді. ЖәнеМұсабайдыңбиесінұрлаған
кісімен бұл жігіт жегжат еді.Жігіт оны айтқанда,қызылқатын мардамсып, иығын бір
көтеріп:
-Е, о не дегенің...Біз анау-мынауқазақтай боқтанөзгеніқылға тізбейміз,-деп келе жатыр
еді, Бірмағанотырып:
-Керегі не сондай сөздің!-депқатынын тоқтатты.Бұл сөздіңбәрі Бозінгенге жарадай
тиді.Ләм деуге айтары болмай, тымырайып, жапалақернін жымыра берді.Түндеәлгі
қорсылдаған шошқа бір аттықинағанда, бүгінБозінген бұл сөзді естір ме еді?Шірік ит!
Талай жердеөлтірді-ау!
Күмсінай шай даяр екенін білдірді. Ауыл кісілері тысқашықты.Қызылқатын Ақбілекті
үйінеқонаққа шақырыпеді,Әмір тәңір жарылқасын айтып, ауылға жеткенін мақұлдады.
Бірмаған да жабысып көріп еді,қонақтар асыға берді.
-Ендеше, Ақбілекке кер жорғамды ерттеп,өзім апарып салыпқайтайын,—деп Бірмаған
тысқа жөнелді.
Бозінгенге бұл жұмысы дақатты тиді.Үйіне келіп:
-Өміріәбүйір байлаған, сұқым! Отыр енді албастыбасып!—деп, байын тағы бір
мұжыды.
Мұсабайүндемеді.Қатын шіркін бір жеңіп алған соң,таңатыра ма?Өзінен шығарөнері
болмаған соң,Мұсабайқатынғақол тапсырып пірқылғанғой.Қатыны болмаса,бұл
Бірмағанның құлы емес пе? Бірмағанның әнтекқолыкеміп бара жатқаны,әйтпесе мұның
қасында анағұрлымадамғой. Бірмағанның қолы кемігенненғой—ана жылғысайлауда
ауылнай болып, кісіқатарына ілінгені. Оданбұрын бұл кісі ме еді? Бір безер ит еді.Сол


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
30.11.2024
127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12