Мақсаты: Ақиқатты іздеудің адам
өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларды өз –
өзіне адал болуға үйрету.
-
Дамытушылық: Оқушылардың
бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту
-
Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың,
сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
5 Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың
тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып,
тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы
нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана
бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.
Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан -
жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...
Нұр менің ішім де... Мен
Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
|
|
-
Сабақтың
дәйексөзі.
Тек ақиқат білім ғана күдік
туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға
үйретеді.
Шоқан
Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов (шын
есімі Мұхаммед
Қанафия; 1835, Қостанай
облысы Сарыкөл
ауданы Құсмұрын жері
— 10
сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу)
— қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың
екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық
мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,
ағартушы.
Сұрақтар:
-
Адамды қандай қасиеттер
ақиқатқа жетелейді?
-
Өз өміріңізден қандай мысал
келтірер едіңіз?
-
Дәйексөзден қандай ой
түйдіңіздер?
|
|
3. Оқиға айту (Мұғалім
сыйы)
Адал
бағбан Ертеде бір қаланың пәк әрі
әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады.
Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға
қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады.
Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып,
қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала
жерге түкіріп тастайды да:
— Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? — деп сұрайды. Сонда
бағбан:
— Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы
тәтті екенін білмеймін.
Қазы таңғалып:
— Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі
күнге ажырата алмай жүрмісің?
— Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін
татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір
жүзімді де ауызыма салып көрген емеспін, — депті
Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып:
— Біз іздеп жүрген күйебала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың
астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік — деп, қыздарын адал
бағбанға тұрмысқа береді.
Сұрақтар:
-
Әңгіме қай құндылық туралы
айтылған?
-
Ақиқат дегенді қалай
түсінесің?
-
Ақиқатты қалай танып білуге
болады? Өз пікіріңді білдір.
-
Әңгімеден қандай ой қорытуға
болады?
|
|
4. Шығармашылық жұмыс,
топпен жұмыс.
Тапсырма:Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін
пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін»
адамға мінездеме беріп, оның портретін
жасаңдар.
Тиісті сөздер мен сөз
тіркестері: ізгілік, беделді, зеректік, адам тағдыры,
адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін – өзі
жетілдіру, мәнді өмір, адам болып
қалу.
|
|
5. Топпен ән
айту.
Сөзі:Мұғалімдер
шығармашылығы
Әні: «Ертегілер әні»
сазымен
-
Ақиқаттың
әнін,
Айтамынмын күнде мен.
Бөбек әлемінің сырларын
түсініп,
Нұрына шомылдым күннің.
Тыныштық жан - көркем,
Керемет ол неткен,
Ар-
ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп.
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер.
2.
Дұрыс әрекеттер
Сүйіспеншілік береді,
Тыныштық орнайды,
Қиянат болмайды,
Адамзатқа әлемдегі.
Керемет ол неткен,
Ар-
ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп
Қайырмасы:
|
|
-
Үй
тапсырмасы.
1.
№1 –
сабақ.
Ақиқат туралы мақал – мәтелдер
жазып келу.
2. Келесі сабақ. №2, «Ақиқат
айнасы» мәтінін оқып келу.
|
|
-
Сабақтың қорытынды
сәті.
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2
[3].
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
|