Материалдар / Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына қатысты ұйымдастырлыған шаралар мен жиындар. "Мұқағали" фильмі жайлы және "Мұқағалимен сырласы" атты поэтикалық кештер жайлы ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев, шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген, Албан тайпасы  Алжан руынан шыққан. Әдебиетке құштарлығының қайнар көзі Қарасаздан бастау алған Мұқағали орта мектепті Нарынқолдағы мектеп - интернатта бітіреді. Одан кейінгі жылдарда жоғары оқу орындарының бірнешеуіне еш қиындықсыз - ақ түсіп, әуелі ҚазМУ - дың филология факультетіне, одан кейін шет тілдер институтына, сосын қайтадан ҚазМУ - дың заң факультетіне қабылданды.



Мұқағали атамыздың өлеңдерін сүйім тыңдайтын, тебірене оқитын әр бір қазақ оның шығармашылығын ерекше құрметтейді деп ойлаймын. Ақиық ақынның өлеңдерінің сөзіне қазіргі кезде ән жазып, ескіні жаңғыртып жатқан дарынды композиторлар да баршылық. “Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді” деген халық мақалының мәні осы жерге тұспа-тұс келеді. 45 жыл уақытын ең кереметке арнаған қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы десем артық айтқаным емес. Себебі, ақиық ақын қазақ халқының тарихында өз есімін алтын әріптермен жазып, өшпестей із қалдыра білген.



Биыл мұзбалақ ақынның өмірге келгеніне 90 жыл, ал өмірден озғанына 45 жыл толуына орай театрларда оған арнап кештер ұйымдастырылуда. Мысалға айта кететін, Алматы қаласында күні кеше “Алатау” дәстүрлә өнер театры сахнасында Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай “Мұқағалимен сырласу” атты поэтикалық қойылымы сахналанған болатын.



Қойылымда Мұқағалидың бейнесі-ақынның өмірі мен шығармашылығы желісіндегі оқиғалармен, ақынның поэззиясы мен сөздеріне жазылған әндерімен әсерлі астасып, көрерменді баурап алғаны сөзсіз. Қазақ жырының Хан-Тәңірі атанған, мың жылда бір туатын алып, Мұқағали Мақатаев уақытында өз бағасын алмаса да, кейінгі ұрпақ үшін мәртебесі биік ақиық ақын.



Қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали бүгінде сол биігінен де өрлеп, әлемдік поэзия кеңістігін көркейтуде. Сонымен қатар оның жырлары оқырманның өмір салтының махаббатына айналған.Театр әртістері ақынның әндерін нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әр бір ән орындалған сайын, барша көрермендер қосыла ән шырқап отырғанын да байқауға болады.



Алатау” дәстүрлі өнер театры Instagram желісін белсінді жүргізіп отырады. “Мұқағалимен сырласу” атты поэтикалық қойылымға оқырмандарынан сұраныстар түсіп жатқанын да ескеріп, келесі айда осы қойылымды қайталап сахналау жоспарланып отыр екен.



Қазақфильм ұжымы “Мұқағали” атты фильм түсірген болатын. Ол осы жылдың 21ші қазанында барлық кинотеатрларда жарыққа шыққан еді. Тәуелсіздіктің, азаттықтың арқасында ақынның тұлғасы мен мол әдеби мұрасы «шаң басқан архивтерден» шығып, төрден орын алғаны баршаға мәлім. Ал, бүгін қазақтың  Мұқағалиы халқымен үлкен экран арқылы тағы бір рет қауышты. Шымкентте Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай түсірілген «Мұқағали» көркем фильмінің премьерасы өтті. 



Осы тұста Мұзбалақ ақын жайлы айтылған жылы лебізді сөздерге тоқталып өткім келеді. Мұқағали Мақатаев жайлы айтылған ойлардың ең үздік үштігін төменге келітрдім.

Ең алдымен Мұқаметжан Қаратаевтың мына сөзін алайық: “...Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді.

Аңғармаппыз...” Бұл астарлы сөзден автордың өшпес өкініші сезіледі. Оны соңғы “аңғармаппыз” деген сөзден байқауға болады.



Келес Әбіш Кекілбаев атамыздың:“М.Мақатаев — адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған,” – деген жылы лебізіне тоқталып өтейік. Ақиық ақынның шығармалары шын жүректен шыққандығына дәлел болатын сөз деп айтатын едім.



Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің,” – деп керемет теңеу арқылы Мұқағали жайлы Қадыр Мырзалиев атамыз ой қалдырған.



Қорытындылай келе, Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. Сондықтан да ақиық ақынның мерейтойы әлемдік деңгейде тойлануы керек деп ойлаймын. Кейінгі ұрпаққа ұмыт болып қалмас үшін поэтикалық кештерге, сахналық қойылымдарға жиі апарып, ақын жайлы көбірек мәлімет беруге ырысу керек.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!