Материалдар / Ақкөңілділік туралы

Ақкөңілділік туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақкөңілділік туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2020
355
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

_____________

Өзін – өзі тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі :

11 сабақ

Тақырыбы : Ақкөңілділік туралы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ақкөңілділік, қайырымдылық, ілтипаттылық

Мұғалiм:

Сынып:

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі ақкөңілділік туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- « ақкөңілділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

- оқушыларды қайырымдылық жасауға үйрету;

-ақкөңіл, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


Ресурстар:


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

5 Т ережесін еске салу

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

1.Жағымды көңіл күйге келу

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқанү Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көздеріңізді ашуға болады.

Сабақ барысын талдау:


Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 50-52 беттеріндегі Серік Үсенұлының «Достар» мәтінін оқу

Сұрақтар:

  1. Жандос пен оның анасының ізгі әрекетінен қандай әсер алдыңдар?

  2. Адамға жақсылық жасау үшін онымен жақын туыс немесе дос болу міндетті ме? Неліктен?

  3. Достық қарым-қатынас қалай сақталды?

  4. Ақкөңіл адамдар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

  5. Өзгелерге көмек қолдарыңды соза білгенде қандай сезімде боласыңдар? Айтып бер



3. Дәйексөз:

«Кісіге екі дүниеде пайдалы «нәрсе» - Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі- ұят,үшіншісі- әділдік Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Ж.Баласағұн


Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәйексөзді оқушылар дауыстап оқиды. Ұл балалар 2 рет, қыз балалар 2 рет оқиды.

Әңгімелеу


Ақылды егінші

Аңыз

Бір күні патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:

Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін, – дейді.

– Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:

– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім, бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң білімді, ақылды азаматтар болып, халқына қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп, егіншінің үмітін ақтапты.

Сұрақтар:

  1. Егінші ақшасын қалай жұмсайды?

  2. Патша не үшін риза болды?

  3. Егіншінің балалары үмітін ақтады ма?

  4. Егіншінің бойынан қандай адамгершілік қасиеттер бар?

  5. Ақкөңілділікті адам бойындағы тағы қандай қасиеттермен салыстыруға болады?

  6. Үнемі жақсылық жасап жүретін, ақкөңіл адамды кездестіріп көрдің бе? Мысал келтір.



Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс

Баяу музыка қосылады. Тапсырма шарты түсіндіріледі. 7 минут уақыт беріледі.

Бір түсті қағазға жазылған ақкөңілділік, қайырымдылық, кеңпейілділік сөздері арқылы 3 топқа топтастырылады.

3 топқа бірдей тапсырма беріледі. «Ақкөңілділік – адам мінезінің көрсеткіші» тақырыбында постер қорғау.


Топпен ән айту


Әдемі

Әні :З.Көпболсынұлы

Сөзі өзгертілген

Жақсылықты жасау қандай әдемі

Күлімсіреп күлгендерің әдемі

Әлемдегі бар адамға риясыз

Сүйіспеншілік көрсетуде әдемі

Сабырлықпен өмір сүрген әдемі

Кішіпейіл бола білу әдемі

Бір біріне бәрі бәрі жаны ашып

Бұл әдептілік әлемі

Қайырмасы

Нұр шуағын төккен күнде әдемі

Табиғаттың сұлулығы әдемі

Адал болып бір біріне адамдар

Жарасымды болған қандай әдемі



Үй тапсырмасы

Оқулықтың 53-54 беттеріндегі Мәдіхат Төрежановтың «Ғазизаның балалары» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру, талдау

5 тапсырманы дәптерге орындау


Сабақтың қорытынды сәті

Балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ