АҚМЕШІТ ҮҢГІРІНЕ СИПАТТАМА
Қазақтың кең даласында қасиетті, киелі жерлер өте көп. Күнделікті өмірде ересектерден киелі жерлер туралы сұрастырсақ та, әр адамның бір аңыз айта алары анық. Сондай киелі мекеннің бірі – Түркістан облысының Бәйдібек ауданының аумағында орналасқан Ақмешіт үңгірі. Ел арасында бұл үңгірді “Ақмешіт әулие үңгірі” деп атап кеткен. Өзінің киелі қасиетіне қарап “әулие” сөзін халықтың өзі қосқан болса керек. Бұл үңгір – Түркістан облысы бойынша “Қазақстанның сакралды географиясы” арнайы жобасына кіретін нысан. Ақмешіт әулие үңгірі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан, әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұзындығы – 254 метр, ені – 65 метр, биіктігі – 25 метрді құрайды. Бұл үңгір Шымкент қаласынан 90 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Үңгірдің сыртқы көрінісі адам көзіне елеусіздеу көрінеді. Сондықтан үңгір жанынан кездейсоқ өткен адам оның бар екенін байқамауы да мүмкін. Үңгірге кірер ауызы тар, кішкене ғана болғанымен, іші айтарлықтай кең. Үңгір көрінісіне тамсанбай, қызықпай қарау мүмкін емес. Көз алдымыздағы сұлу көрініс өте керемет. Үңгірдің іші қоңыр салқын райынан өзгермейді. Жазда даланы 40 градус аптап ыстық күйдірсе, үңгір ішінде 17-19 градус шамасында ғана жайлы леп тербеп тұрады. Мамандардың айтуынша, үңгірдің тастары Неолит дәуірінде қалыптасқаны белгілі болып отыр. “Кереметі аз емес. Бұрын мұнда екі бұлақ болған екен. Төменге түскенде оң жақ бөлігінде төрт аттылы адам кіріп шығатын қақпасы да болған. Кейін бітеліп қалған. Халық жиі келеді. Экскурсия жасайды. Бұл жер Жаратқанның тылсым бір әлемі әрі емдік қасиеті бар үңгір», – дейді үңгір шырақшысы.
Ел адамдары бұл жерді көнеден келе жатқан аңызға толы тарихи қастерлі де қасиетті мекен ретінде құрметтейді. Сондықтан да бұл нысан соңғы жылдары жалпыұлттық мәртебеге ие қасиетті орындар қатарына ілігіп отыр. Үңгірдің жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Мұны да халық өз пайымдауынша, “әулиенің көз жасы” деп киелі тамшыға балайды екен. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады. Үңгірге перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, шипа іздеген науқас адамдар түнеп, тілегін айтып, ниет етеді. Жақсы тілегін айтып, үңгірге келіп зиярат етсе, ниетім орындалады деп сенеді. «Осындағы мешітке сырттан кіретін құпия жолдар салынған. Екі ғасыр бұрын мешіт күмбезінің бір бөлігі опырылып құлап, үңгірге кіретін үлкен саңылау пайда болады да, жер қыртысының өзгеруіне байланысты бұрынғы құпия жолдар жабылып қалған», - дейді жергілікті өлкетанушылар.
Түркістан облысындағы Ақмешіт әулие үңгірінің ерекше сыры, жұмбақ қасиеті жайында соңғы кездерде көп айтылып та, жазылып та жүр, дегенмен, үңгір жайында арнайы ғылыми еңбек әлі күнге дейін жазылған жоқ. Ғылыми ізденіс жұмысын жүргізіп, деректерді зерделеген кезімізде жетекшім екеуміз бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бірнеше мақалаларды тауып, оқып талқыладық. Ғалым, академик Мырзатай Жолдасбеков Ақмешіт үңгірі туралы: «Мен дүниеде көп нәрсені көріп едім, мынау нағыз ғажайып екен ғой», - деп тамсанған екен. Егер түрлі ғылыми жаңалықтарды ашқан, өмірінде көпті көрген ізденімпаз тұлға осылай десе, онда Ақмешіт үңгірінің расында ұлы қасиеті, жұмбақ сыры бар деген қорытындыға келуге болады. Демек, осы тақырыпты өрбітіп, арнайы зерттеу жүргізу – жас ғалымдардың еншісіндегі кезек күттірмейтін дүние. Ақмешіт үңгірі туралы іргелі ғылыми еңбектер жазылмаса да, үңгірге экспедициялық саяхат жасап, оның қасиетін, жұмбақ сырларын тануға талпынған отандық және шетелдік ғалымдар баршылық. Ғаламтор көздерінен ақпараттар іздей отырып, бұған дейін шетелдік ғалымдардың Ақмешіт үңгіріне саяхат жасағанын білдім. Көптеген әлемдік деңгейдегі экспедицияларға қатысып, ғылыми жаңалықтарды ашқан Германиялық ғалым, Тюбинген университетінің докторы Раду Йовита Орта Азияда орналасқан үңгірлерге саяхат жасау барысында, Ақмешітке де келгенін айтады. Оның жазбасындағы: «Үңгірлерді зерттеу біз үшін өте маңызды. Үңгірлерде адам мен жан-жануар қалдықтары жақсы сақталады. Біз сол жерден алынған үлгілер арқылы ДНҚ-сараптама жасаймыз. Осылайша, онда қандай адамдар өмір сүргенін анықтаймыз. Қазақстандағы үңгірлер қаншама тарихи орындарды қойнауына жасырып жатыр. Бір ғана Қаратау жотасының әрбір тасы тұнған тарих», - деген тұжырымы осы сөзімізді айғақтайды.
Ақмешіт үңгірінің зерттелуіне отандық ғалымдар да көп үлес қосуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми-зерттеу орталығы киелі мекендерді зерттеу жұмысы бойынша табанды түрде еңбек етіп келеді. Нәтижесінде, көптеген ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, таңғажайып жаңалықтарды ғылымға енгізіп отыр. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-жапон халықаралық экспедициялары Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз болып келген палеолит дәуіріне тиесілі 85 үңгірді анықтаған. Бұл үңгір лердің бәрі де Ақмешіт үңгірі секілді ескі заман естеліктерінен толы тарихи мекендер. Сондықтан, еліміздегі үңгірлердің ерекшелігін анықтау отандық зерттеушілердің ғана емес, шетелдік ғалымдардың да назарын өзіне қаратып отыруы заңдылық деп білемін. Осы орайда, Ақмешіт үңгірі орналасқан Бәйдібек аудандық әкімдігінің басшылығы: «Ауданымыздағы Бәйдібек ата, Домалақ ана, Қос ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі сынды тарихи орындар елімізбен қатар алыс-жақын шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын тудыратыны жасырын емес”, - деген екен. Осыншама халықтың назарын аударып, сұлу табиғатымен, терең тарихымен әлем тамсанған Ақмешіт үңгірі туралы біз секілді ел жастары білуге тиіс. Біліп қана қоймай, оның мәні мен маңызын ұғып, ерекшелігін мақтан етуге толық негіз де бар. Сондықтан мен өзімнің зерттеу жобамда осы отандық ғалымдардың, шетел зерттеушілерінің және еліміздегі журналистік зерттеулердің нәтижелерін талдап, Ақмешіт үңгірі туралы толық ақпарат беруді, оның тарихын тануды және тылсым қасиеттерін бақылауды мақсат еттім. Ақмешіт үңгірі туралы журналистік зерттеу жүргізіп, көпшілікке кеңінен түсіндіріп, тереңнен қозғап жүрген журналистің бірі – Бақтияр Тайжан. Ол Ақмешіт туралы сөзінде: «Ақмешіт – био және экотуризм. Насихаты жақсы болса туристерді магниттей тартатын киелі мекен”, - деп баға береді. Сондай-ақ журналист ағамыздың: “Дүниежүзінің жұрты сәті түссе, Тибет тауына шығып, көкірек кере дем алып, шамбалалар қасиетін жүрегінен өткізуге құмбыл. Қолы жеткендер бойындағы кеселдерден арылдым, жан-дүнием тазарды деп келеді. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, аспанмен амандасқан сол Тибет тауларының қасиеті осы біздің Ақмешіт үңгірінде бар”, - деген пікірі бізге үңгір туралы өте құнды мәлімет береді. Тағы бір сөзінде ол Ақмешіт туралы ойын түйіндей келіп: “Ақмешіт – Алланың мейірімімен ерекше жаратылған жер. Туризм керек пе, ем керек пе, Ақмешіттен табасыз. Мұнда әлем жұртының көзқұрты Тибеттің қасиеті бар», - деген қорытындыға келеді. Ақмешіт үңгірі туралы сол жердің шырақшысы да қызықты мәлімет берген: «Кезінде, өткен ғасырдың 70-80 жылдары Байжансайдағы бір азамат үңгірді мал қораға айналдырып, сиыр ұстамақшы болыпты. Қыста жылы, жазда салқын, жайлы деп. Бірақ тасты бұзып-жаруға көлік-техниканың «тісі» өтпеген. Ол әрекетінен түк шықпағасын үңгірдің шеткері жағын арнайы жарылғыш затпен жарған. Қопару сәтінде екі жұмысшысы қаза тапқасын, әлгі кісі түпкі ойынан бас тартыпты», - дейді.
Ақпарат көздерінен оқығанымдай, археологиялық қазба жұмыстары халықаралық жоба болғандықтан, мұнда Ұлттық музей қызметкерлерімен қатар Испания, АҚШ, Грекия, Германия секілді елдердің зерттеушілері, ғылым докторлары жұмылдырылған. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері де белсене атсалысуда. Екі археолог ғалым палеолит дәуіріне қатысты докторлық диссертациясын шетелде қорғауға дайындалуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Тюбинген университетінің археолог мамандарынан жасақталған экспедиция Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру, зерттеу жұмыстарын Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырады екен. Мұндай зерттеу жұмысын жүргізу біздің зерттеу нысанымыз болып отырған Ақмешіт үңгірінің құпиясын одан әрі аша түсетініне сенімім мол.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ақмешіт үңгірі

шағым қалдыра аласыз