Материалдар / Ақпан айына арналған тәрбие сағаттар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпан айына арналған тәрбие сағаттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде бір айға берілген сынып сағаттар мен ,тәрбие сағаттардың разроботкасы берліген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
2958
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.
Әдісі: Пікірталас, сұрақ - жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

I кезең: Сынып сағат

ІІ. Кезең Адамгершілік жайлы түсінігі
III кезең: Саяхатқа шығу ойыны
IV кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)
V кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.
Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?
1 - оқушы. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2 - оқушы. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3 - оқушы. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
 
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Мұғалім. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:
Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т. б.
Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
– Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
– Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
– Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
– Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
– Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.



























Тұщыбек негізгі орта мектебі ММ







Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу


Picture 4

Сыныбы: 5-сынып

Күні: 24.02.2017ж.

Өткізген: Надирова Сәния











2016/2017 оқу жылы





Қазақстан - туған өлкем, табиғатың қандай көркем!

Тақырыбы: Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем!

Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, табиғат көріністері, сазды сурет, гүлдер, шарлар.
Барысы:
Қазақстан Республикасының Гимні айтылады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар Тұщыбек негізгі орта мектеп оқушылары дайындаған «Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге
өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі тәрбие сағатындағы мақсатымыз:
табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру.

Оқушы: 1. Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.

2. Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

3. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.
4. Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.
1 - оқушы: Армысың, алтын күн!
2 - оқушы: Көгілдір көк аспан!
3 - оқушы: Бармысың, құстарым!
4 - оқушы: Қанатты достарым!
5 - оқушы: Суларым таза ма?
6 - оқушы: Талдарым аман ба?
7 - оқушы: Бас ием тауларға
8 - оқушы: Жамылған қарларға,
9 - оқушы: Жайқалған даланы,
10 - оқушы: Табиғат - Ананы
11 - оқушы: Көруге сағынып
Бәрі: Келген біз балаңыз!

Оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Оқушы: Кең дала көркемсің сонау жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

Оқушы: Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғатты өлі деңіз.

Мұғалім: Пай, Пай, Пай! Қазақстан ардағым - ай!
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, ардағым - ай.
Туған елім - сен қандай ыстық едің!

- Өз елім деп, өз жерім деп тебіренбейтін адам барма сірә! Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен «Туған жер» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың.
ХОР: «Туған жер» Б. Бейсенова.

Оқушы: Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл - ару
Күзетейік көз ілмей.

Оқушы: Нәзік гүлдер - әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.

Оқушы: Гүлдер деген жыр – аңыз
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.

Оқушы: Кілемденіп құлпырып,
Жүздерінен нұр тұнып.
Өсе берсін, гүл - қыздар,
Биге қостық нұр қылып.

БИ: «Гүлдер»

КӨРІНІС:
Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
Күн: Оу, Раушан, түрегел! Әлемге жарық жайылды, құстар да оянды.
Раушан гүл: Қазір күн көке,.... қазір ақ сәуле.
Күн: Жауқазын, аш көк аспандай көгілдір көзіңді! Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Жауқазын: Қазір ашайын көзімді қазір...
Күн: Қызғалдақ көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалын жұрт.
Қызғалдақ: Жарайды, қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын.
Күн: Қырмызы шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
Қырмызы: Қазір, алтын Күн!
Гүлдер:
5 Күніміз ашық болсын!
6 Жеріміз кең болсын!
7 Ауамыз таза болсын!
8 Суымыз тұнық болсын!
Бәрі: - Гүліміз жақсы өссін!

Мұғалім: Жердің көркі жасыл саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Оқушы: Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген
Көкті жұлма, болады обал деген.
Ата - анамыз жыланға үйге келген,
Ақ сүт құйып басына жоғал деген...

Оқушы: «Ұя бұзба!» деймін мен балама,
Өсиетті қандай ғажап жан ана!
Тал - теректі тамырынан қиятын,
Тас жүректер әлі де көп арада

Оқушы: Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, «Жер - ырыстың кіндігі, Жер - байлықтың көзі» деп жерді өте жоғары бағалаған.
Мұғалім: Адамдар еңбектен нәр алған,
Үйреніп әр құстан, әр аңнан.
Жүруге, жүзуге, жүйткуге,
Және де самғауға жаралған.
Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.

Ән: « Өз елім» Хор
Оқушы: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Оқушы: Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,
Қойнауың тұрған байлық қазыналы.
Оқушы: Сен неткен Отан – Анам ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отан – Ұлы Отан – Қазақ елім!
Хор: Жаса мәңгі, Қазақстан!
Қорытынды.
Мұғалім: Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!
1. Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
2. Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
3. Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
4. Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
5. Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
6. Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
7. Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер.
8. Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстандай туған ел!
9. Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
10. Сенен бақыт тарайды,
Баршамызға Ұлы Отан.
11. Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
12. Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан.
13. Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы.
14. Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.
15. Ризамыз саған біз
Ұлы Отан анамыз.
Хор: « Атамекен»





























Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу

Жоспар:
І.Кіріспе
Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу

ІІ.Негізгі бөлім

Жастар салауатты өмір салтын қолдайды
Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы
Адам экологиясы туралы білім және тәрбие беру

ІІІ.Қорытынды
Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу

І.Кіріспе
Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу
«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы ғұлама, Әбу Насыр әл-Фараби. Қазақ – текті халық. Ұлттық тәрбие деген тіркестің өзі – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Өйткені нағыз қазақ ол – тек қазақтың салт-дәстүрімен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азамат. Қазақ халқының бойында Жер жүзінде теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер бар.
«Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді. Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын ортағасырлық бабамыз ғұлама әл-Фараби анықтап айтып кеткен. 
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр.
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты.
Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. 
Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі...» – депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді. 
Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі , азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы – осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз.
Мектепте сыныптан тыс жұмыс 12 бағыт бойынша жүргізіледі. Өткізілетін ашық тәрбие сағаттар сол бағыттардың аясында өтеді. Мен өзімнің шығармашылық тақырыбым ретінде «Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбын алдым, ондағы мақсатым: «Салауаттылық ұғымы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету» болды.
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей
байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық
адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Бала тәрбиесі алдымен отбасынан басталады деп есептеймін, оған қоса біз балаға рухани тәрбие және стихиялық тәрбие береміз. Отбасы тәрбиесі ол ата-анасы. туыстары, отбасындағы дәстүрлер. Рухани тәрбие – ол балабақшадан басталады, мектеп, ақпараттық құралдар. Стихиялық тәрбие - адамдармен қарым-қатынасы, қоршаған орта, жұ мыс орны. 
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
- Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.

ІІ.Негізгі бөлім
Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы
Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.
Рухани бай адам дегеніміз - өз тілін, өз тарихын,салт-дәстүрін жоғары бағалап,жан-жақты,өзін-өзі басқаратын,өмірдің ағымына дұрыс көзқараспен қарай алатын,мейірімді,әділ,қанағатшыл адам. Егер біз саналы, мінез - құлқымыз жетілген азамат болғымыз келсе,алдымен өзімізді - өзіміз білуіміз қажет. Өзін тану арқылы өзгені танитын артықшылыққа ие боламыз. «Дүниедегі ең оңай нәрсе - кісіге ақыл айту , ең қиыны - өзіңді-өзің түсіну» -деген екен ғұлама ғалым Әл-Фараби. Осы рухани байлықты жастардың бойына сіңіріп, сана сезімін жеткізу - біздің міндетіміз. Мектептегі қазіргі оқытып жатқан имандылық бағыттағы тәрбие сағаттар басым. Адамның материалдық қажеттілігінің бірі - дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе - салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы.салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі – адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты өмір сүру сапасы - үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу . 
Адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
• психикалық күй үшін — мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.
Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың әсеріне байланысты.Мысалы: ата-ананың денсаулығы, үйдегі жалпы жағдай, білім алу мүмкіншілігі, әлеуметтік жағдай,т.б.
Сынып сағатында оқушылардан «Адам өзінің дені сау, бақытты сезіну үшін не істеу керек?» деген сұрақты негізге ала отырып, өз ойларын эссе түрінде жаздырдым.
Топқа бөліп, топ жұмысын жүргіздім. Төмендегідей сұрақтар бойынша жауаптарын қорғаттым.

1- топ: Денсаулықты нығайту жолдары. 
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. 
«Жоғалған әріптер» ойынын ойнаттым.
1- топ: 
1. Д...... і (дәрі) 
2. в...та...н (витамин) 
3. ....ны.....у (шынығу) 
4. с....ау......т (салауат) 
2- топ:
1. Г...и...на (гигиена) 
2.ту...ку....ез (туберкулез) 
3. тұ......у (тұмау) 
4. д... ау.... қ (денсаулық) 
«Тәрбие көзі – халықта». 

Шығармашылық тапсырма орындаттым 
................................................баламыз, 
.................................................аламыз. 
..................................................... 
.................................................санамыз. 

................................................күлеміз, 
.................................................жүреміз, 
....................................................... 
...................................................сүреміз.
«Қолшатыр...» тренингін жүргіздім
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? 
Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі. 
«Денің сау болсын десең...» тренингін өткіздім
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. 
Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

Сынып сағатында оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті естіп, «СПИД - деректер мен дәйектер»деген тақырыпта баяндама оқып, слайд көрсеттім. Ондағы мақсатым адам экологиясына кері әсерін тигізетін жазылмас дерттен сақтану, өзін-өзі лас жолға бейімдемеу жолдары туралы толық мағлұматтар беру. Оқушылар интернеттен, теледидардан, газет-журналдардан көріп, оқығандарын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.
Салауатты өмір салты – ол адам экологиясының таза болуы. Осы мақсатта наркомания ,СПИД, арақ ішу,шылым шегу.т.б қоғамға үлкен кеселін тигізіп отырған бұл дерттің алдын - алу шаралары мен таныстыру, үйрету мақсатында «Сәнге берілу ме,әдет пе, әлде ауру ма?», «Дені саудың - жаны сау», «Нашаға жол жоқ» деген тақырыптарда мектепте жоғары сынып оқушыларымен пікірлесу кештері ұйымдастырылып, кештің қонақтары мектеп медбикесі, салауаттану пән мұғалімдері оқушыларға дәрігер тілімен сындарлы, саналы етіп жеткізе білді. 

ІІІ.Қорытынды
«Сіздердің табыстарыңыз - ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы».
( «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты)
«Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.

























«Адам болам десеңіз…»

Мақсаты: Абай жас ұрпаққа өмір сүруді үйретіп, оның болашақ өсу, даму жолодарын байқатар басты нәрсе – ғылым деп көрсетеді. Әдепті болуға үйрету жақсылыққа тәрбиелеу болып табылады. Үйрету, үлгі көрсету, жақсыға жанастыру, дағдыландыру, жақсы салтты дәстүрге айналдыру, яғни игілікті іс-әрекетті қалыптастыру. Саналы азамат болып сапалы өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек. Азбайтын, тозбайтын басты байлығымыз – білім мен ғылымды жастардың санасына сіңіру.

Тақырыбы: «Адам болам десеңіз…»

Көрнекілігі: 1) Абай Құнанбаевтың портреті. 2) Қанатты сөздер: Абай Құнанбайұлы адамгершілік, ғылым, білім жайында. 3) Буклет. Абайдың өлеңдері, өсиеттері қара сөздері. 4) Оқушылар шығармашылығы, жазған өлеңдері, жасаған қолөнері көрмеге қойылды.

Өтілу формасы: «Дөңгелек стол».

Тақырыбы бойынша оқушылар өз ойын еркін айта білді. Ұстаздың басшылығымен жүргізуші күні бұрын нақты жоспар жасады.

Бағдарлама:

  1. Бес нәрсеге асық бол.

  2. Бес нәрседен қашық бол.

  3. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

  4. Ескірмейтін ескі сөз (Абайдың, т.б. ғұламалардың нақыл, қасиетті сөздері).

1-жүргізуші.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңменен

Мұра ғып кейінге қалдырған кім?

2-жүргізуші.

Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, қүбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тарбеткен кім?

Абай суреті ілінген. Абай оқушы (жасырынып тұрып) болашаққа өсиет айтып тұрғандай…

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!»

1-жүргізуші.

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны болғанымен Абай біреу-ақ, Абайы бар елдің мейірі үстем. Абай қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

2-жүргізуші.

Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бармек. Сол шыңнан көз жазбау – біздің парызымыз да қарызымыз.

Жүргізушілер Абай суретінің алдына келіп тағзым етеді.

Абай Ата! Өзіңнің үміт еткен шөберелерің сіз туралы толғап, сыр шертпек.

Тәрбиеші.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы классик ақын Абай Құнанбаев (1845-1904) ағартушылық жұмысында өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде оқу, өнер білім үйрену, оны халық қажетіне жұмсау, жастарды адамгершілік қасиеттерге, өнегелі мінез-құлыққа тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Абай жас ұрпаққа өмір сүруді үйретіп, оның болашақ өсу, даму жолдарын байқатар басты нәрсе – ғылым деп көрсетеді.

1-оқушы.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз-

деп өсйет айтады. Саналы азамат болып, саналы өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек дейді ғұлама. «Оқу инемен құдық қазғандай» дейді халық. Данышпан ақын ғылымды үйреніп, білімді болу үшін жалықпай, ерінбей еңбек ету қажеттігін айтады.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүмше де өзі, молда да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз – деп ғылым үйренудің қиындығы мен бағыт-бағдарын шебер түсіндіреді.

Жүргізуші.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек дейді 38-сөзінде – әуелі – надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық деп білемін», – деп, бұл үшеуімен аяусыз күресті де, оларды жоюдың емі – ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өзінің шығармашылығында осы үшеуін дәріптеп, өсиет етті және бұл үшеуінің жасампаздық күшіне сенді. Абайдың ағартушылық идеясы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтылған. «Адам болу» қағидасымен ұштасып жатыр. Абайда «ғылым табу мен адам болу» бір-бірімен ұштасып:

Ғылым таппай мақтанба…

Адам болам десеңіз – деп келеді де ғылым тауып, адам болу үшін не істеу керек дегенде, Абай «Адам болу» қағидасын ұсынады.

«Бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын «Дос жылатып айтады» дегендей жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «бес асыл ісін» өсиет етеді.

1-жүргізуші.

«Бес асыл іс» – адамгершілік – Абай ұсынған этикалық әдеп нормалары. Адамзат қоғамы тарихында – жеке адамның ақылы мен мінезі, адамгершілігі жағынан өсіп-жетіліп, толық адам болып қалыптасуы – күрделі мәселелердің бірі.

«Ғылым таппай мақтанба…» өлеңінде:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз…» деп айқындап берді. «Адам болу, оған тезірек жетуге асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай:

«Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз…» – деп, тұжырымды жауап берді.

2-оқушы.

Талап. Абай 44-сөзін «Адам баласының ең жаманы – талапсыз»-деп бастайды да, талаптың түрлері көп болатынын баяндайды. Абайдың түсінуінше талапсыздық түрлері – ынтасыздық. Ықылассыздық, жігерсіздік.

Еңбек – бұл дүниедегі құдіретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш – еңбек.

Терең ой – адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі – ақыл-ой, екіншісі – сөз.

Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «Қанағат ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсінуінше қанағат – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу.

Рақым. Рақым дегеніміз ұғымдық философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі.

Жүргізуші.

Абай «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанда»:

«Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпанын білсеңіз…»

деп адамның бойындағы жағымсыз қсиетті сынға алады.

3-оқушы.

Өсек. Абай заманында ел арасына көп тараған, адамгершілікке жат, жаман қылықтардың бірі – өсек айту, өсекшілдік. Өсектің қазақ ортасын кең тараған бір түрі – жалақорлық, арызқойлық, өсек, өтірік, домалақ арыздар Абайдың өз атына да талай тжауған болатын.

Өтірік. Ақын өсекшілдікті опасыздықтың, арамзалықтың, екіжүзділіктің ең жексұрын көрінісі ретінде айыптайды, өсек-аяңға үйір, желбуаз жандарды өлтіре сынап, адамдар бойындағы өтірік айту секілді кеселдерді уытты тілмен әшкерелейді.

Мақтаншақ. Абай өмір сүрген заманда ел адамдарының, әсіресе үстем тап өкілдерінің бойында жиі кездесетін жаман қылықтардың бірі – мақтаншақтық, даңғойлық.

Еріншектік – адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ішінде ең жағымсызы. Абайдың түсіндіруінше: – еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Бекер мал шашу. Абай шығармаларында қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды өлтіре сынға алған.

1-жүргізуші.

«Бес асыл іс» пен «Бес дұшпан» жөніндегі тұжырымдарында өз заманындағы қазақ өмірінің диалектикалық тұжырымдарына нақтылы мысалдармен, болмыстық деректермен терең талдау жасайды.

2-жүргізуші.

Абай адамның адам болу қағидасымен шектелмей, адамтану туралы ойын әрі дамытып, тереңдете берді. Ойшыл ақынды көп толғандырған ендігі бір мәселе – адамның барлық жағынан жан-жақты жетіліп, «толық адам» болу мәселесі. Толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер – қайрат, ақыл, жүрек тең болуы қажет деп тоқтамға келеді.

Көрініс.

Әдемі киінген қыз бала кеуде тұсына қызыл түстен жүрек бейнесін ілген.

Жүрек:

Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады. Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді:

Ей, ақыл! … Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің – соның жаман.

Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді. Басына шалма ораған, ойлы, қолында кітап.

Білім:

Сенің үшеуіңнің басыңда қоспақ – менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуінің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

1-жүргізуші: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық жүрек, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

2-жүргізуші.

Өз халқының тағдыры тебірентіп, қолына қалам алған Абай заманының бет пердесін ашып, заман адамының бейнесін жасап, әне заманың, міне адамың, заманың тозып, адамың азып барады. «Сәуле болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» деп, адам болар жолды да, жөнді де айтып берді. Жиған мол білімі, өзіндік терең танымы, адамды сүйген жылы жүрегі Абайды өз халқының деңгейінде қалдырмады. Баршаға ортақ гуманистік ой-қазынасын ұсынып, адамзаттың Абайы бола білді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!