Ақпаратты іздеу , жазу және оқу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпаратты іздеу , жазу және оқу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпаратты іздеу , жазу және оқу туралы қысқаша мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: Күні:


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты іздеу , жазу және оқу.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру.
Көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, қима қағазда жазылған тапсырмалар.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу;

- түгендеу;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын смайлик арқылы тексеру (ауызша, сұрақ-жауап)

1 - смайлик:
Компьютермен жұмыс істеу барысында нысандарға қандай амалдар қолдануға болады?
/Көшіру, орын алмастыру, жою, атын алмастыру/
2 - смайлик:
Шектес емес нысандарды ерекшелеу үшін қай пернені қолданамыз?
/Ctrl пернесін басамыз/
3 - смайлик:
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін қай пернелердің тіркесімдері қолданылады?
/Ctrl + A пернелерінің тіркесімдері қолданылады/
4 - смайлик:
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай екі бұйрық беріледі?
/Көшіру (Копировать) және Кірісітіру (Вставить)/
5 - смайлик:
Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін қандай пернелер тіркесімдерін қолданамыз?
/ctrl + Del пернелер іркесімдерін қолданамыз/
6 - смайлик:
Жойылған нысанды қалпына келтіру үшін қандай бұйрық орындаймыз?
/Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындаймыз/

III. Жаңа сабақ


Ақпаратты іздеу, жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.


Нысанды бумадан жылдам іздеу
Ізделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.

Ақпаратты жазу Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрықтарымен орындалады. Ақпаратты оқу Ашу бұйрығымен орындалады.

Ақпаратты тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт - дик. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады.

IV. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай мәлімет алдыңда? Бүгінгі сабақта нені білдік? Ақпарат деген не? Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз? Сақтау және қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?


V. Қорытынды. Бағалау.


VI. Үй тапсырмасы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2018
592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі