Материалдар / Ақпаратты –коммуникациялық технологияларды бастауыш сыныпта қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпаратты –коммуникациялық технологияларды бастауыш сыныпта қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
АКТ -ның пайдасы
Авторы:
08 Ақпан 2024
120
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақпаратты коммуникациялық технологияларды бастауыш сыныпта қолдану

 «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ,

ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу,

игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...

Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»


(Н. Ә. Назарбаев )


    Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағын мектепте енгізу – қоғамда ақпараттандырудың  негізгі шарты.

Академик Александр Петрович Семеновтың пікірінше “Заманауи мектептің басты мақсаты - адамдарды ақпараттық әлемде өмір сүруге үйрету”.  Бұл әрбір мұғалімнің жадында болуы тиіс. Болашақта бастауыш сынып оқушысы сапалы білім алуы тиіс десек, онда оқу процесінде оқытудың заманауи технологиялар және техникалық құралдарын тиісінше қолдану қажет екендігі белгілі. Дегенмен  мектептің білім сапасы білікті мұғалімге де тәуелді. Бұл тәуелділік бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік талап етіледі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің мақсаты – балаларға оқу мен жазуды үйрету ғана емес қазіргі өзгермелі ақпаратқа толы заманда баланың рухани дамуы мен жақсы қасиеттерін болашақта оқу іс-әрекетіне үйрету болып табылады.

Қазіргі уақытта жаңа заманауи технологиялардың бірі ақпаратты – комуникациялық технологиясы болып табылады (АКТ). Бүгінгі күндерде балалар кішкентай кезінен әр түрлі цифрлық құралдардың арасында өсіп келе жатыр. Бірінші класқа келгенде-ақ компьютермен жұмыс істей алатындарын мақтанышпен айтады. Әрине баланың жұмыс істеп отырғаны – ойындар. Балаларға бірінші сыныптан оқу, жазу, санаумен қатар  цифрлық техниканы оқыту дұрыс деп ойлаймын. Себебі ол күнделікті өмірінде кездесіп жатқан дүние. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және  автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне әсер етеді. Теледидардың тілін түсінбесе де суреттен көп нәрсені ұға біледі. Сондай-ақ, мектептің интерактивті тақтамен қамтамасыз етілуі, оны орынды пайдалана білу, сабақ мақсатына сәйкес сабақты түрлендіріп, мазмұнын ашып, қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді. Бұл әрине мектептің бормен сызып жазатын грифельді тақтасын сырып тастау деген сөз емес. 

         Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға көмектеседі, жаңалап түрлендіріп сабақты қызығырақ етіп өтуге ықпал етеді.

Сабақты жаңалап түрлендіріп өту:

-   білім беру нәтижесін күшейтеді;

-   материалды меңгеру сапасын жоғарлатады.

«Қазіргі заманда жас ұрпаққа ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру, өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудің бір шарты деп түсінген жөн. Ақпаратты технологияны оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа түрдегі құрал белсенді экран – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы.

Интерактивті тақта – бұл болашақ ұрпақтың жан – жақты білім алып, сауаттылыққа жол ашатын бірден – бір құрал.Бұл құралдың сырын ашатын ActivInspire бағдарламасы құрылған. Тақтаны қолдану барысында мұғалім бұрынғыдай көрнекі құралдар дайындау кезінде қиыншылықтарға кездеспейді, оның орнына алдын – ала дайындалған сабағын ұсынады және уақыт үнемдей алады.

ActivInspire бағдарламасы сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқытуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда интерактивті тақтада жұмыс жасау үшін қолданып жүрген бағдарламалардың бірі – ActivInspire бағдарламасы. Бұл бағдарламаның көптеген мүмкіндіктері оқытушының оқу – тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдетеді.

Осы бағдарлама арқылы сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD және Интернет ресурстарын қолдана алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

Алған білімді жүйелеу;

Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Сан алуан арнайы әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасау және оқуды бағалау тапсырмаларын жеке оқушылармен, топтармен және барлық оқушылармен қолдануға мүмкіндік береді.

ActivInspire – жақсы, толық түрде біріктірілген интерактивті технология. Осы бағдарламадағы тақтамен жұмыс істеуді үйретуді де өзі жүзеге асырады.

Тақтамен жұмыс істеуде негізінен екі сұрақ туындайды:

  1. біріншісі тақтаны не үшін пайдалануға болады?

  2. екіншісі қалай пайдалануға болады?

Не үшін пайдаланылады дегенде:

үйреншікті тақтадағы жұмыстың бәрін де орындауға болады, тек сабақтың темпі, оқушыларға әсері өзгереді;

жазуға, сызуға, өшіруге, сызбалар жасауға болады;

жазба, сызбаларды сақтап қойып, келесі сабақтарға, басқа топтарда пайдалануға болады;

сабақ жазылған флипчартқа фильм, суреттер және дыбыстар қосуға болады;

қажеттілікке қарай флипчартты дереу өзгертуге болады;

қарапайым құрал – жабдықтарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады дейміз.

Екінші сұраққа көшетін болсақ, алдымен тақтаға калибровка жасап тұру керектігін айту керек, қаламның қызметі  компьютердегі тінтуірдің қызметімен бірдей.

Менің бүгінгі баяндамамда осы интерактивті тақтамен жұмыс жасауға арналған ActivInspire бағдарламалық қамсыздандыруының мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, түрлі флипчарттар дайындауға нұсқау болатын және флипчартты дайындау әдістемесі баяндалған қосымшадан тұрады. Флипчарт – қажетті беттер санынан тұратын негізгі жұмыс аумағы болып табылады.

Осы аталған бағдарлама бойынша «Тұңғиық сандықша», «Сиқырлы сия», «Сиқырлы айна», «Флипчарттардағы контейнерлерді пайдалану» үлгелерін көрсеткім келеді. Олар қосымшада беріледі.

  1. Математика пәні бойынша «Кестелік қосу» тақырыбы «Тұңғиық сандықша»

  2. Ана тілі пәні бойынша «Дауысты және дауыссыз дыбыстар» «Тұңғиық сандықша», «Үйшік» ертегісіне «Сиқырлы айна» қолдану

  3. Дүниетану пәні бойынша «Жабайы және үй жануарлары» «Флипчарттардағы контейнерлерді пайдалану»

Сонымен қатар АКТ оқу процесінде жөнімен қолдану қажет. Төмендегідей олқылықтардың болдырмауына жол берілмеуі тиіс. 

 АКТ қолдану кезіндегі кездесетін олқылықтар 

  • Интербелсенді тақтада жасалған материал жақсы көріну үшін қараңғылықты қолдану қажет (толықтай немесе жартылай)

  • Мәліметпен жұмыс жасу үшін көзге едәуір күш салу қажет. Презентация көлемі ұлғайған сайын  көзге де ауырлық түсе бастайды. Медициналық көзқарас тұрғысынан алғанда бұл нәрсенің дұрыс болуы екіталай.

  • Техника жұмыс жасамай, жарық өшіп қалуы да бек мүмкін сондықтан мұғалім ескіше тақтамен жұмыс жасауға жүгінуі мүмкін.

  • Мультимедиялық құрал жабдықтардың құны қымбат болады. Мектептер өздеріне қымбат құрылғыларды сатып ала алмайды.

  • Интернеттен алынған, ешқандай тексерістен өтпеген мәліметтерде қателіктер болуы мүмкін.

  • Берілген уақыт көлемі тым аз (Бірінші сыныпта тақтамен жұмыс жасау уақыты 7-10 мин)

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» демекші, оқушы білімді, адамгершілігі мол, мәдениетті етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болу керек. Жолда кездесетін қиыншылықтардан қорқпау керек, қиыншылықтар бар жерде шешуші жолдар болады, ал шешуші жолдардың бірі нәтижеге әкеледі деп ойлаймын.


























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Зарина Е. С. Учебный фильм о загадке свойства Перетащить копию программы ActivInspire. Элементы сложной презентационной техники ActivInspir.

2.  Бирюкова Ю. В.  « Использование ИКТ на уроках в начальной школе по» http://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/okruzhayushchii-mir

3.  « Использование информационных технологий на уроках в начальной школе»  http://firsschool.ucoz.ru/load/1-1-0-2





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!