Материалдар / Ақпаратты өлшеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпаратты өлшеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір символ бір байтпен кодталады деп есептеп, мына сөйлемдердің ақпараттық көлемін есептеңдер: Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2021
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамасы


Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып 8

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты өлшеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік тәсілін қолдана алу;


Көптеген оқушылар:

Ақпараттың өлшем бірліктерін салыстыра алу;

Кейбір оқушылар:

Ақпараттың көлемін анықтауда алфавиттік тәсілмен есеп шығарудың жолдарын қолдану


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Сыныпқа психологиялық жағымды ахуал орнату үшін

«…Жүректен-жүрекке….» тренингін ұйымдастыру.

Оқушылар өздерінің қасындағы оқушылардың жақсы

жақтарын айтады.

  • Жағымды ахуал қалыптастырады.

  • Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу

I топ Мегабайт

II топ Гегабайт

  • Сабақ жақсы өту үшін топ ережесін құрғызамын.

  • Мысалы: телефон пайдаланбау, шуламау, бір-біріне

  • кедергі келтірмеу, өзгенің пікірін тыңдау.


Өткен сабаққа шолу:

«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өткен материалды қайталау.

  1. Ақпарат дегеніміз не, ақпараттың қасиетттерін ата?

  2. Ақпаратты тасымалдау дегеніміз не?

  3. Компьютерде ақпарат қалай берілген?

  4. Ақпараттардың қандай түрлері компьютерде берілуі

мүмкін?

  1. Компьютерде ақпаратпен қандай іс-жосықтар

жүзеге асып жатады?


Дескриптор:

  • Ақпараттың қасиеттерін біледі;

  • Ақпарат тасымалдауын біліп қолдана алады;

  • Компбютерде берілген ақпарат түрлерін ажырата алады.

Бағалау:

  • оқушылардың өзара бағалауы;

  • мұғалімнің кері байланыс беруі.



1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.











Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ

Интербелсенді тақтада өлшем бірлік нысандары (сызғыш, сағат, салмақ, транспортир, км) көрсетіледі. Оқушылар бүгінгі сабағымыз не мен байланысты деп ойлайсыңдар?

  1. Алфавит дегеніміз не? Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

  2. Латын алфабитінде қанша әріп бар?

  3. Ақпарат өлшем бірліктерін ата? Олардың реттерін ата

  4. Алфавит дегеніміз не?

  5. Алфавиттің қуаттылығы дегенміз не?

  6. Алфавиттің қуаттылығын қалай анықтауға болады?

  7. І K* i формуласы бойына нені табуға болады?

  8. Компьютерлік алфавитте қанша символ бар?

Әрбір символ бір байтпен кодталады деп есептеп, мына сөйлемдердің ақпараттық көлемін есептеңдер: Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы!

Шешуі: Сөйлемдерде 67 символ (тыныс белгілер мен бос орынды есептегенде) болғандықтан, ақпараттың көлемі мына формула бойынша есептеледі:

І=67х1 байт =67х8 бит=536 бит

1-тапсырма Топтық, жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Екі топқа тапсырманы беремін. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, соңында топ болып өз жауаптарын айтады.

І топ: Алфавит қуаттылығы-84 символ, ақпарат көлемі 2,5Кбайт болса, мәтінде қанша символ бар?

ІІ топ: Хабарлама 3 беттен тұрады, әр бетте 25 жол бар. Әр жолда 60 символ жазылған. Хабарламадағы барлық ақпарат көлемі 1125 байт болса, қолданылған алфавитте қанша түрлі символ бар ?

Дескриптор:

  • Алфавитте қанша символ бар екенін анықтайды;

  • Алфавиттің қуаттылығын өлшей алады;

  • Берілген мәтіннің ақпараттық көлемін анықтай алады

Оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

2-тапсырма Топтық жұмыс. «Серпілген сауал» әдісі


I топ.

  1. А тайпасында 32 символдан тұратын алфавит бар. В тайпасының 64 символдан тұратын алфавиті бар. Аталған тайпалардың көсемдері хатпен алмасты. А тайпасының хаты 8 символдан, ал В тайпасының хаты 70 символдан тұрады. Хаттағы ақпарат көлемін салыстырыңдар.

II топ

  1. Салыстырыңдар (қарым – қатынас таңбасын қойыңыз)

а) 200 байт және 0,25 Кбайт.

b) 3 байт және 24 бит.

с) 1536 бит және 1,5 Кбайт.

d) 1000 бит және 1 Кбайт.

е) 8192 байт және 1 Кбайт.

Топтық өзара бағалау жасайды


Дескриптор

  • Берілген тапсырма бойынша оқушылар ақпарат көлемін салыстыра алады;

Бір ақпарат өлшем бірлігін басқа өлшем бірлігіне ауыстырып салыстыра алады

Оқушыларды смайлик арқылы бағалау

3-тапсырма

(Компьютерде MS Excel программасында орындау)

А). Компьютерде терілген мақала 30 беттен тұрады, әр бетте 40 жол бар, әр жолда 50 символ бар. Мақаланың ақпараттық көлемі қандай?

В). Компьютер арқылы терілген кітап 150 беттен тұрады. Әр бетте 40 жол бар, әр жолда 60 символ бар. Кітаптың ақпараттық көлемі қандай? Жауабы Кбайт және Мбайтпен есептеңдер.


Дескриптор

  • Ақпараттың көлемін формула арқылы есептей алады;

  • Ақпараттың көлемін есептей алады және бір өлшем бірлікті басқа өлшем бірлікке ауыстыра алады;

  • Есептің шығару жолдарын дұрыс қолдана біледі.


«Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау

ыларды смайлик арқылы бағалау



Информатика оқулығы 8 сынып. Арман-ПВ баспасы.

§1параграф 6-10 б.

Ресурс парақтары,

бағдар карталары.






Информатика оқулығы 8 сынып. Арман-ПВ баспасы.

§1параграф 8 бет


















































































Жұмыс дәптері























Информатика оқулығы 8 сынып. Арман-ПВ баспасы.

§1параграф 8 бет


Oқулық, дәптeр, кoмпьютeр, A4 қaғaздaр







Информатика оқулығы 8 сынып. Арман-ПВ баспасы.

§ 1параграф 10 бет

Сабақтың соңы


«Жүрекше ұсыну» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қоя отырып сабақты қорытындылау

(жүрекшенің бірнеше қалташасында сұрақтар болады. Ар оқушы сол сұрақтарға жауап беру арқылы жүрекшені келесі оқушыға ұсына алады)

  1. Алфавит дегеніміз не?

  2. Алфавиттің қуаттылығы дегенміз не?

  3. Алфавиттің қуаттылығын қалай анықтауға болады?

  4. І K* i формуласы бойына нені табуға болады?

  5. Компьютерлік алфавитте қанша символ бар?



Кері байланыс

Мен... білдім

Менің... білгім келеді

Маған...қызықты болды

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!