Сәлемдесу. Оқушыларды
түгендеу.
«Сен маған Мен
саған » әдісі
арқылы психологиялық ахуал орнату. Оқушылар бір біріне
сәттілік тілеу арқылы.
Сыныпты түгелдеу. Үй
тапсырмасын ой қазғау арқылы сұрақ жауап ретінде
сұрау
Мына сайттағы
тапсырмалар арқылы сұрау
https://learningapps.org/display?v=p0grums4c20
Сабақты
түсіндіру.
Криптология» термині «cryptos» –
«құпия» және «logos» – «хабар» деген ұғымдарды
білдіретін грек сөзінен шыққан. Криптология екі бөлімге
бөлінеді: криптография (шифрлау) және криптоталдау.
Қосымша
ақпарат
«Криптография» бөгде адамдардың
(қарсыластың) хабарламаны ұрлауы, өшіруі, көруі, т.б. өзгертулерден
қорғау үшін хабарламаның түрленуін қарастырады.
Криптограф – криптографиямен
айналысатын адам. Криптограф хабарды құпиялылығы мен нақтылығы
сақталатын әдістермен қамтамасыз етеді
(1-сурет).
Криптоталдау – ақпарат кілтін
ашу, керішифрлау мәселесімен айналысады. Криптожүйеге сәтті
жүргізілген криптоталдау негізінде хабардың бастапқы ашық мәтінімен
қатар оның кілтін де ашуға болады.
Криптоталдау шифрланған
хабарды немесе кілтті, не екеуін де оқуға мүмкіндік беретін
криптожүйенің осал жерлерін іздеумен шұғылданады. Шифрлау
алгоритмі, сондай-ақ алуан түрлі кілттердің, ашық және шифрланған
мәтіндердің жиынтығы криптожүйе деп
аталады.
Қазіргі криптография
4 ірі бөлімнен тұрады:
1. Симметриялық
криптожүйе.
2. Ашық кілтті криптожүйе.
3. Электрондық қолтаңба жүйесі.
4. Кілт арқылы басқару
Криптографтың ашық мәтінге қолданған амалынан
кейінгі нәтижені шифрланған мәтін немесе криптограмма деп атаймыз.
Шифрлау
– ашық
мәтінді өзара келісілген әдіспен бастапқы қалыпқа келтіретіндей
басқа түрге алмастыру. Ашық мәтінді шифрлау үшін криптограф әрқашан
құпия кілтті қолданады. Шифрдың бұзып ашуға қарсы тұра алатын
қабілетін шифрдың мықтылығы
(беріктігі) деп атайды.
Ең қарапайм шифрлеу
түрі
Қайта өрлеу заманындағы
кеңінен тараған шифрлау әдісі – кестелік
шифрлау. Кестелік шифрлауда кілт
ретінде кесте өлшемі алынады. Бұл шифрлау
әдісі сцитала
шифрына ұқсас. Мысалы, мына
хабарды шифрлайық.
4 мм 9 мм өлшемді кестеге
мәтінді баған бойынша жазайық
(1-кесте).
Шифрлы
мәтінді алу үшін кестедегі мәтінді жол бойынша оқимыз. Егер шифрлы
мәтінді қатар саны бойынша көлденеңінен 4 әріптен топтап жазсақ,
онда мынадай шифрланған мәтін пайда
болады.
ҚЯНН ДЕНІ
ҰАТК ЕРОР ПГПЕ СТНД ИЕЕЗ УЕБЕ
Жауабы: ҚҰПИЯ
АГЕНТПЕН КЕЗДЕСУ ЕРТЕҢ ОН БІРДЕ
Практикалық жеке
жұмыс 1.
Оқушы өзінің атын
шифрлап көршілес досына ұсынады, ал ол шифрланған мәтінді кері
шифрлау керек.
Мыс, Асан-
11,43,11,34
Жауабы:
Асан
Практикалық жұптық
жұмыс 2.
2-суреттегі қазақ
алфавитін пайдаланып, «Сағат онда кітапханада кездесеміз» сөйлемін
шифрла.
Практикалық жұмыс
3.
Досыңның шифрлаған
мәнін кері шифрла.
Практикалық жұмыс
4
Цезарь шифрінің
көмегімен келесі фразаларды
шешіңіз
а) Лмбттоьк шбт
б) Вёмпё тпмочё рфтуьой
Практикалық жұмыс
5
Компьютеріңіздің
пернетақтасындағы әріптердің орнын кілт ретінде пайдаланып,
хабарламаны шешіңіз
D ktce hjlbkfcm `kjxrf?
D ktce jyf hjckf?
Практикалық жұмыс
6
Компьютердің пернетақтасындағы
әріптердің орнын кілт ретінде пайдаланып, хабарламаны
кодтаңыз:Астана Қазақстанның
астанасы.
Дескриптор.
|
Орындалатын
әрекеттер
|
Белгі(+,-)
|
1
|
Практикалық жұмыс
1
|
|
2
|
Практикалық
жұмыс2
|
|
3
|
Практикалық
жұмыс3
|
|
4
|
Практикалық
жұмыс4
|
|
5
|
Практикалық
жұмыс5
|
|
6
|
Практикалық
жұмыс6
|
|
Бағалау
Бағалау оқушы өз –өзіне
жүргізеді. Ең көп + белгісі бар оқушы керемет деген
бағаланады.
|